Құқық | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТАРАПТАРЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ ............................................................................................... 4
1 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТАРАПТАРДЫҢ ОРНЫ................................... 7
1.1 Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі және белгілері......7
1.2 Азаматтық процестегі құқық қабілеттілік және әрекет
қабілеттілік.................................................................................. 11
1.3 Азаматтық процестегі тараптардың құқықтары мен
міңдеттері...................................................................................... 15
2 ІСКЕ ТЕҢ ҚАТЫСУ...................................................................... 26
2.1 Іске тең қатысу түсінігі, түрлері................................................ 26
2.2 Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.............................................. 31
3 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚ
МИРАСҚОРЛЫҚ..........................................................................38
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................... 47
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... 49
1 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ КАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТАРАПТАРДЫҢ ОРНЫ
1.1 Азаматтық процесстегі тараптардың түсінігі және белгілері
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар — олардың атынан процесс жүзеге асырылатын және олардың материалдық - құқықтық дауын реттеу сотқа жүктелген тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу заңдамасы іске қатысушы тұлғалардың құрамын нақты атап көрсетеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 44-бабына сәйкес, тараптар; дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін 3-тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; ұйымдар немесе Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 56 және 57 баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
Процессте қатысушылар болып табылатын жоғарыдағы тұлғалардың арасында тараптардың орны ерекше. Себебі, тараптарсыз талап өндірісінің қозғалуы мүмкін емес. Ал талап өндірісі тәртібінде азаматтық істердің басым көпшілігі қаралатыны даусыз жайт.
Кез-келген азаматтық-құқықтіық дауда кем дегенде екі тарап болады, олар даудың пәніне қатысты қарама-қайшы бағытқа ие болады[1,73]
Тараптардың бірі болып талапкер табылады, ол — сотқа өзінің субъективтік құқығы немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жалданған тұлға. Бүл жерде басты көңіл бөлетін жайт -талапкердің субъективтік құқығы немесе заңды мүддесінің бұзылғандығы іс жүзінде болуы да, болмауы да мүмкін, ол тек талапкердің көзқарасы бойынша ғана бұзылған деп саналады. Талапкердің сотқа жолдануына негіз болып, оның көзқарасы бойынша, оның құқықтарын басқа біреудің бұзуы немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін біреудің заңсыз даулауы болып табылады[2,72]
Екінші жақ болып жауапкер табылады, ол болжамды түрде сотқа жолданған тұлғаның құқықтары мен заңды мүддесін бұзған тұлға ретінде көрсетіледі.
Талапкер де, жауапкер де даулы материалдық—құқықтық қатынастың субъектілері болып табылады. Бірақ, жауапкерде даулы құқықтың бар-жоқтығы және ол құқықтың жауапкермен бұзылғандығы жөніндегі қорытынды жауапты тек сот қана бере алады. Талап — арыз берілген, азаматтық іс қозғалған кезде талапкердің заңмен қозғалатын мүдденің немесе даулы құқықтың субъектісі екендігі және жауапкердің даулы міндеттеменің субъектісі екендігі — тек мүмкін нәрсе ғана, болжам.
Яғни, талапкер де, жауапкер де - даулы материалдық-құқықтың қатынастың мүмкін субъектілері болып табылады.
ТАЛАПКЕР - бұл даулы құқық немесе заңды мүдденің иесі және өз құқығын жауапкер негізсіз бұзды немесе даулады деп есептеп сотқа қорғану үшін жүгінетін мүмкін тұлға.
ЖАУАПКЕР- талап қоюшының арызы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін бұзушы немесе негізсіз оның құқығын даулайтын және соның салдарынан талап қоюшыға жауапқа тартылған және оған қарсы азаматтық іс қозғалған тұлға.
Азаматтық іс жүргізудің теориясындағы тараптардың даулы материалдық-қүқықтық қатынастың мүмкін субъектісі жөніндегі көзқарасты Н.А.Чечина, Д.М.Чечот, М.Н.Треушников сияқты, процессуалист - ғалымдар жақтайды. Бірақ, осы жайтқа байланысты басқа да көзқарас бар, Оны жекелеп атағанда А.А,Мельников жақтайды. Оның айтуынша, басында тараптарды даулы құқықтық қатынастың субъектісі деп санауға болмайды. А.А.Мельников бойынша, тараптар құқық туралы даудың субъектісі. Яғни, ол мына жайтқа сүйенеді-азаматтық істе тараптар болып әрқашанда құқықтық қатынастағы тұлғалардың бола бермеуі.
Ал шын мәнінде шындыққа сәйкесірек болып, бірінші көзқарас табылады. Себебі, құқық туралы дау болатын болса, "дауласушы" субъектілердің арасында қатынастар болады. Бұл қатынастар апелляция, заңға сүйену, құқыққа негізделу жолдарымен реттелуі мүмкін, яғни, қатынастар осылай құқықтық қатынасқа айналады[3,55]
Жоғарыда айтылғандай, талап өндірісінің әрқашанда екі тарабы болады. Талапкер "қорғауды талап ету" түсінігінен шыққан.
Жауапкер үшін де, талапкерге де тең болып сот шешуге бағытталған құқық туралы дау табылады[4,124]
Тараптардың негізгі ерекше белгісі болып олардың істің ақырына мүдделілігі. Бұл мүдделілік міндетті түрде құқықтық сипатқа ие болуы керек. Тараптардың ерекшелігі - олардың іске мүдделілігі материалдардық - құқықтық, әрі процессуалдың құқықтық сипатқа ие.
Тараптар процерске өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Процесс, тәртіп бойынша, өз құқығы бұзылды деп есептеп сотқа жүгінген тұлғаның арызы негізінде басталады. Сондықтан, осы бұзылған немесе дауланған құқықты қорғау қажеттілігінен сол тұлғаның мүдделілігі пайда болады. Бұл жерде атап өтетін бір мәселе - бұзылған немесе дауланған құқық туралы талап-арызды құқық туралы даудың субъектісі болып табылатын субъект қана бермейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 8-бабына сәйкес, сот істі тек мүдделі тұлғаның арызы бойынша ғана емес, прокурор, мемлекеттік билік органдарының талап-арыздары бойынша да қозғай алады, егер олар сотқа басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде жүгінсе.
Алайда, кімнің талап-арызды беріп, істі қозғанына қарамастан, талапкердің мәртебесін тек даулы құқықтың мүмкін субъектісі болып табылатын тұлға ғана иеленеді.
Заңға сәйкес, оның мүддесіне қатысты прокурор немесе басқа тұлғалардың арызы бойынша іс қозғалған тұлға процесстің басталғандығы туралы хабарландырылады және іске талапкер ретінде қатысады.
Даулы материалдардық-құқықтық қатынас - нақты іс бойынша процесс объектісі, ал тараптар оның субъектілері болып табылады[5,127]
Ал осы құқықтық қатынастың шын мәнінде бұзылған -бұзылмағандығы және оның дәрежесі және ол үшін жауапкер жауап беруі тиіс пе, бұл жағдайлар тек соттың істі мәні бойынша қарауының нәтижесінде ғана, сот өзі шешеді. Іс қозғалған сәтте тараптардың мынандай елеулі белгілері болады:
1. Іс тараптардың атынан жүргізеді, олар азаматтық істің негізгі
субъектілері. Бұл ереженің практикалық мәні зор, себебі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу
Кодексінің 153- бабының 1-тармағына сәйкес дәл сол тараптар
арасында, сол пән және сол негіз бойынша шешілген талапты
алудан және қараудан бас тартылады.
2. Тараптар арасындағы қатынас талап-арызды беру нәтежесінде
ресми даулы сипатқа ие болады. Ал соттың мақсаты — мұндай
қатынастарды реттеу.
3. Тараптар — даулы материалдық-құқықтық қатынастың
субъектілері, сондықтан олар істің ақырына материалдық —
құқықтық мүддеге ие болады. Сот шешімі олардың
материалдық құқығына әсерін тигізеді, сондықтан олар сол
шешімнің нәтижесінде белгіл бір материалдық игіліктерді
иеленеді немесе олардын айырылады.
4. Сотпен процессуалдық—құқықтық қатынасқа түсе отырып,
тараптар іске процессуалдық түрде де мүдделі болады. Ол
дегеніміз өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін иелену, өздеріне
қатысты ыңғайлы, тиімді шешім шығаруға бар күшін, ынтасын
салу.
5. Процестің- басты қатысушылары бола тұрып, тараптар сот шығындарын өтейді.
Жалпылай қосып алғанда жоғарыдағы белгілер тек тараптарға тән және нақты осы белгілердің жиынтығының болуы тараптарды іске қатысушы басқа да тұлғалардан ажырату мүмкіндігін береді.
Бұл жерде ескеріп өтетін бір мәселе — тараптар түсінігі тек талап өндірісіне тән. Ал ерекше талап өндірісі мен ерекше өндірісте өтініш беруші, арыз беруші және мүдделі тұлғалар болады. Міне, осы тұлғалар, заңға сәйкес, кейбір шектеулерімен тараптардың құқықтарын иеленеді.
1.2 Азаматтық іс жүргізушілік құқық кабілеттілік және азаматтық іс жүргізушілік әрекет қабілеттілік
Азаматтық Істер Жүргізу құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттіліктің түсінігін Азаматтық істер жүргізу , әкімшілік, конституциялық, отбасылық, азаматтық құқықтардың материалдық құқықпен тығыз диалектикаяық өзара байланыстылығын есепке алу арқылы ғана анықтауға болады. Азаматтық істер жүргізу құқығының субъектілері материалдық — құқықтық қатынастың қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін қорғау қажеттілігінен Азаматтық істер жүргізу құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке иеленеді. Себебі, кей жағдайларда мынадай қиын жағдайлар болады, материалдық құқықтың субъектісі азаматтық процеске қатыса алмайды.
Азаматтық процесске барлық іске қатысушылардың қатысуына жалпы негіз болып, азаматтық Іс жүргізушілік құқық қабилеттіліктің, яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер жүргізу Кодексінің 45-бабына сәйкес, Азаматтық істер жүргізу құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеттілігінің болуы табылады. Азаматтық істер жүргізу құқығының субъектілері Азаматтық істер жүргізу құқық қабілеттілігін әртүрлі және ұқсас емес жағдайларда иеленеді.
Азаматтық істер жүргізушілік құқық қабілеттілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарында олардың өмірге келу, туу фактісі бойынша пайда болады, ал коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар үшін оларда заңды тұлғаның құқықтарының пайда болуы фактісі негізінде пайда болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 413, 414-баптарының негізінде айтып өтетін бір жайт, Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар Азаматтық істер жүргізушілік құқық қабілетілікті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иелене алады.
Азаматтар олардың жасына, жынысына, нәсіліне, психикалық жағдайы мен басқа да ерекшелік белгілеріне қарамастан, құқық қабілеттілігін иеленеді.
Сондықтан, іс жүзінде іс жүргізушілік құқық қабілеттіліктің балуы тек коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар үшін мәні бар. Оны анықтау үшін ұйымның жарғысын немесе ережесін және оның заңмен көрсетілген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өту фактісін тексеру қажет. Соған сәйкес, мысалы, іске тарап ретінде жай серіктестіктің қатысушылары қатыса алмайды. Себебі, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Жай серіктестіктің қатысушылары өз қызметтеріне байланысты дауларға тең талапкер және тең жауапкер ретінде қатысады. Дербес түрінде азаматтық процесіке филиалдар мен өкілдіктер де қатыса алмайды, олар іске өздерінің ережесін бекіткен органның көрсеткен өкілеттіктері шегінде ғана қатысады.
Кейбір ғылыми әдебиеттердегі, мемлекеттік билік органдарының басқа түлғалардың мүдделерін қорғау үшін азаматтық процеске қатысуына негіз болып тікелей олардың құзыреттілігі табылады деген пікір күмәнді[6,79]
Азаматтардың туылу фактісі, ұйымдарда заңды тұлғаның құқықтарының болуы бұл көрсетілген тұлғаларда құқық қабілеттіліктің пайда болуына бірден-бір негіз болып табылады.
Азаматтық істер жүргізу құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебесі азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігінің болуымен сипатталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 46 бабына сәйкес Азаматтық Істер Жүргізу әрекет қабілеттіліктілігі дегеніміз - сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттіліктілігі. Бұл әрекет қабілеттілік 18-жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда азматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі оларда заңды тұлғаның құқықтары пайда болған сәттен бастап қалыптасса, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқаратын органдар үшін олар құрылған сәттен пайда болады. Бұл жерден айқын көрінетін бір мәселе, ұйымдар мен органдар үшін азаматтық іс жүргізушілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір сәтте пайда болады, сондықтан олардың іске қатысуының негізі ретінде азаматтық іс жүргізушілік құқық субъектілікті атауға болады.
Жоғарыда жазылғандар әрекет қабілеттілік және құқық қабілеттілік категорияларының материалдық және процессуалдық құқықтағы тығыз байланыстылығын дәлелдейді.
Іс жүргізу құқық иелену де, іс жүргізу әрекет қабілеттілігін анықтау да мүдделі тұлғалардың сотта қорғануына мүмкіндік беру үшін жұмсақ болуы қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі іске қатысушы тұлғалардың процессуалдық әрекетерінің нәтижесінде жүзеге асырылады. Азаматтар өздерінің іс жүргізу құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары іс жүргізу құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін алқалық немесе жеке органдары және өз өкілдері арқылы жүзеге асыра алады. Іс жүзінде азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігін анықтаудың мәні азаматтардың әрекет қабілеттілігімен тығыз байланысты.
Іс жүргізу әрекет қабілеттілігінің пайда болуының бірнеше дәрежесі мен кезеңі бар:
• Толық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни, 18 жасқа толғанда пайда болады. Бұл жасқа жеткенге дейін іс
жүргізу әрекет қабілеттілігі кәмелетке толмаған адам некеге
отырған кезде жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен пайда
болады.
• Жартылай азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 46-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдер қорғайды.
14-18 жастың арасындағы кәмелетке толмағандар жартылай әрекет қабілеттілігі бар деп саналатындықтан, олар өздері жүзеге асыра алатын азаматтық құқықтарына қатысты сотқа өздері жолдана алады. Мысалы, өздерін жалақысына қатысты, стипендияға қатысты, авторлық құқықты жүзеге асыруына байланысты және тағы басқа мәселелер.
Міне, осы азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік азаматтық процесстегі тараптың құқық субъектілігін құрайды, ал онсыз кімнің де болмасын процеске қатыса алмайтыны белгілі.
1.3 Азаматтық процесстегі тараптардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық сот ісін жүргізудегі тараптардың процессуалдық жағдайы әрқашанда тең болады. Бұл жай ғана ереже емес, азаматтық іс жүргізудегі бастамашылық қағидалардың бірі.
Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 13-бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүздеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Тараптардың да құқықтары мен міндеттеріне тоқтамастан бұрын, тараптардың тең құқықтылығы азаматтық іс жүргізудің бастамашылық ережелерінің бірі екенін айтып өткен жөн болар.
Азаматтық істер жүргізуде тең құқылықты екі мағынада түсінуге болады:
1. Сотқа талапкер немесе жауапкер ретінде қатысушы
тұлғалар бірдей құқықтарға иеленуі тиіс, олардың қандай
да болмасын жағдайына қарамастан, жеңілдіктерге немесе
кемсітуге жол берілмейді.
2. Талапкердің де, жауапкердің де мүдделері теңестірілуі
тиіс.
Сонымен, тараптар бірдей іс жіргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іс жүргізу шешімін тараптардың әрқайсына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.1
Сот тараптарға бірдей және құрметпең қарайды. Жалпы айтқанда, тараптардың барлығының процессуалдық құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында көзделген сотта қорғану құқығынан пайда болады.
Тараптардың құқықтарын шартты түрде жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы құқықтарды іске қатысушы басқа түлғалар да иеленеді, ал арнайы құқықтар тек тараптарға ғана тән.
Жалпы құқықтар Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 47- бабында атап көрсетілген :
• Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге және оларды зерттеуге қатысуға;
• Іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшыларға және мамандарға қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға, сотқа ауызша мен жазбаша түсініктемелер беруге;
• Сот процессі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
• Іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге;
• Соттың шешімімен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге;
• Соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға;
• Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.
Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Тарптардың арнайы құқықтары .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТАРАПТАРЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыстар, АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТАРАПТАРЫ