География | Каспий маңы ойпаты

 География | Каспий маңы ойпаты

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................... 2
1. Каспймаңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
1.1 Каспи маңы ойпатының географиялық орыны.
Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері ………………………….............4
1.2 Каспймаңы ойпатының геологиялық тұрғыдан зерттелуі..........8
1.3 Каспймаңы ойпатының геотектоникалық құрылысы....................

2. Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалары
2.1 Каспймаңы ойпатының пайдалы қазбалардың түзілу жолдаоры.......
2.2 Каспймаңы ойпатының жанғыш пайдалы қазбалары.......................
2.3 Каспймаңы ойпатының химиялық шикізаттары.................................

Қорытынды.......................................................................................................

Пайдаланылған әдебйеттер тізімі...............................................................


1. Каспймаңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
1.1 Каспи маңы ойпатының геомарфологиялық- геологиялық тұрғыдан
зерттелуі

Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орны.Каспи маңы ойпаты шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді. Каспи маңы ойпаты Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке 450, батыстан шығысқа 730 шақырымға созылып жатыр. Аймақ солтүстік-шығысында Мұғалжар таының етегіндегі Орал алды немесе Ембі үстіртімен, солтүстігінде Жалпы сыртпен батысында Еділ өзенімен оңтүстік-батысында Каспи теңізімен , оңтүстігінде Маңғыстау мен Үстіртпен, шығысында Шағырай ұстіртімен шектеседі. Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Аттырау облыстарының аумағын қамтиды. Оңтүстік шеткі нүктесі 470421 с.е. Солтүстік шеткі нүктесі 49036’ с.е. Батыс шеткі нүктесі 460 ш.б. пен530 ш.б. Аймақтың аумағында Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақсай, Қандыағаш, Доссор сыяқты ірі және орташа өнеркәсіпті қалалар мен кенттер бар Олардың көбі Жайық Елек , Ембі өзендерінің жағалаулары мен кен орындарында, теміржолдың бойында орналасқан. Каспи маңы ойпатының ойпаты теңіз деңгейінен орташа биіктігі 100-150 метрден аспайды. / 1 /
Ойпаттың әр бөлігінде үстірттер көтеріліп жатады. Дүниежүзілік мұхиттардан алыс жатқандықтан климаты шұғыл континенттілігімен күшті желді күндердің көп болуымен ерекшеленеді.Географиялық орнының ерекшелігіне сай шөл және шөлейт зоналарына тән аумақтың табиғат кешендері таралған.Каспи, Басқұншақ, Индер тағыда басқа көлдері бар. Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Каспи маңы ойпатының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
• Материктің ішкі бөлігіндегі 470421 - і 490361 с.е. аралығындағы орынының;
• дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
• мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
• Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воеиков білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
• транзитті Жайық , Жем ,Үлкен және Кіші өзендерден басқа өзен торларының болмауы;
• құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Каспи маңы ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді./2/
Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) Тұтастай алғанда табиғатына аридтілік тән. Осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін эрозиялық әрекеттер басым болады. Жерүсті суларының тапшылығы мен табиғатының қолайсыздығы табиғат байлықтарын игеруге қолайсыздық тудырады. Қазіргі кезеңде игеріліп жатқан мұнай кен орындарын тұщы сумен қамтамасызету өзекті мәселелердің бірі болып табылатындықтан гидрогиологиялық зерттеулер жүргізуді әліде жалғастыру мәселелері туындап отыр.
Каспи маңы ойпатының геологиялық тұрғыдан зерттелуі. Каспи маңы ойпатының жер бедерін жүйелі түрде зерттеу өткен ғасырдың ортасынан басталады. ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы жиһангездер өз усуптерінде сипаттаған. 1733-1771 жылдар аралығында Ресей ғылым академиасы ұйымдастырған экспедициалар Қазақстанның батыс өңіріндегі Каспи маңы ойпатының зерттеді. Оларды сол кезде танымал болған атақты ғалымдар И.Г. Гмелин, П.С.Паллас, И.Ф.Фальк т.б. басқарған. 1755-1771 жылдарда Каспи маңы ойпатындан әскери топографтар экспедициясы зерттеді. Бұл экспедициясы Батыс Қазақстан жерін Ұлытау өңіріне дейін шолып өтіп көптеген геологиялық, этнографиялық мәліметтер жинаған. Жергілікті тұрғындардың көмегі мен сол кездегі табылған кен орын-дарын картаға түсірген. Экспедиция өзі жинаған деректерге сүйене отырып, Каспи маңы ойпатының табиғатының ерекшеліктері туралы алғашқы мәліметтер келтіреді.. Оған қатынасқандар Каспи маңы ойпаты мен Мұғалжарды зерттеген Эвересмаңының Үстірт бойындағы Л.С.Берегтің Н.А.Северцев пен И.А.Борщев басқарған экспедиция (1857) Доссордан мұнай кен орнын ашады, олар Алатау мен Қаратау өңірінен бірнеше қор- ғасын, мыс, күміс кен орындарын тауып, көптеген геологиялық деректер жинайды.1865-1879 жылдар аралығында патша әскерінің полковнигі, А.С.Татаринов қазақ жерінің батысы мен оңтүстігінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргіді./3/
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысын зерттеудегі жаңа бетбұрыс 1916-1920 жылдар аралығында басталған. ХІХ ғасырдың 90-жылдары Сібір темір жолын салу жоспарына байланысты Қазақстанның Каспи маңы ойпатының көптеген зерттеу Экспедициялары шыға бастайды. Бұл экспедициялардың кей біреулерін белгілі геологтар: А.А.Краснопольский, А.К.Мейстер, А.Б.Высоцкий, т.б. Көптеген кен орындарын ашады.Бұл аймақта мұнайдың бар екені жөнінде 1857 жэылы Н.Северцов пен –И.А.Борщев жазған. Олардың деректерін 1874 жылы Кирпичников, 1886 жылы С.Н. Никитин дәлелдеді.Тек С.Н. Никитиннің дәлелді қорытындысынан кейін ғана 1894 жылы геологиялық барлау жұмыстары басталды. Барлау жұмыстарын сол кезеңдегі ең көрнекті геологтар К.И.Борщев пен С.Н.Никитин жүргізді. 1894-1908 жылдар аралығында Каспи маңы ойпатының мұнайын зерттеу құқығы жеткілікеі мөлшерде қаржысы бар Леманның консессиялық компаниясының ғана құқығы болды.1911 жылы Доссор кен орынындың 3- скважинасында 225-226 метр тереңдіктегі юра қабатынан алғашқы мұнай өндірілу басталды. 1913-1915 жылдар аралығында Мақат кен орынында юра бор қабаттарынан мұнай өндіріле бастады.
1912 жылы патшалық Ресейдің геология комитеті Ембі мұнайлы – газды алабында А.Н Зямятин мен Н.И.Тихонович зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аймақтың геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады.
1913 жылы олар Мәртөк тұз күмбезіндегі Құмсай кеішінен құмға сіңіп, жер бетіне шығып жатқан мұнай кенін анықтады. Каспи маңы ойпатының геологиясы жайлы ғылыми көз қарастар, И.В.Мушкетовтың зерттеулерінде қамтылған.
ХХ ғасырдың басында Л.С.Берг пен Н.А.Тихонович өздерінің ғылыми зерттеулері негізінде Каспи маңы ойпатының түзілуі жайлы тұғырнама қалыптастырып , жер бедерін түзілу жолдарына қарай топтастырды. Алғашқы геомарфологиялық аудандастыруды Л.С.Берг жүргізді Ол 500 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан Орал-Ембі мұнайлы-газды алабындағы бұлақ, төмпешік түріндегі мұнай көздері мен басқада белгілерін дәлелдеді. /4/
1918 жылдан бастап республика аумағының жаппай геологиялық картасын жасау ісі қолға алынды. Осыған орай 1921 жылы Қазақстан жерінде 8-геологиялық барлау тобы жұмыс істеді, ал 1927 жылы ондай геоло-гиялық топтардың саны жиырмаға жетті. Қазір Қазақстан территориясында Қазақ ССР геология минстірлігіне қарасты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін жүздеген экспедициялар мен топтар бар.Сонымен қатар геологиялық ғалымдар иниститутының жүздеген топтары қазақ жерінің мол қазынасын ашуға өз үлестерін қосуда өздерінің кен іздеу сапарларын қазақ жерінен бастаған, есімдері елімізге танымал геологтар да аз емес.
Кеңес үкіметі тұсында бұл аудандардағы мұнайды кең түрде игеру міндетін алға қойды. Осыған орай мұнай тасу үшін Александров-Гай— Ембі темір жолы салынды. Осы темір жол бойымен мұнай ағызатын құбыр салу мәселесін де көтерді. Міне, осы міндеттерге сәйкес Орал — Ембі мұнайлы аудандарын зерттеуге академик И. М. Губкин бастаған көрнекті ғалымдары мен геологтар белсене қатысты.
Мұнай шаруашылығын реттеуде 1920 жылы ұйымдастырылған «Ембімұнай» тресі үлкен роль атқарды. 1925 жылы сол кездегі алдыңғы қатардағы бұрғы салу әдістері қолданылды, ал 1927 жылы Гурьев—Доссор темір жолы салынып бітті.
Мұнай іздестіру саласында жаңадан ашылған геофизикалық тәсілдер: гравиметрия (жыныстардың салмақ күшін өлшеу), сейсмика (толқынының таужыныстары қабаттарынан өту жылдамдығын өлшеу), магнитометрия (жыныстардың магниттік күшін өлшеу), каротаж (жыныстардың радиоактивтілігін өлшеу) және электрлік барлау кең түрде пайдаланылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бұрыннан белгілі кен орындарына Байжүніс (1931), Ескене (1934), Қосшағыл (1935), Сағыз (1938), Құлсары (1939) сияқты жаңа кен орындары ашылып, іске қосылды. /5 /
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Каспи маңы ойпатындағы мұнай іздестіру жұмысы қауырт қолға алынды. Геофизикалық тәсілдерге негізделген күрделі жұмыстарды «Қазақстанмұнай» бірлестігі, «Ақтөбемұнай» және «Қазақмұнай» трестері жүргізді.
Мұндай барлау жұмыстары мұнай кен орындарының санын молайта түсті. Қошқар (1944), Тентексор (1943), Мұнайлы (1948), Төлес (1947), Қаратон (1949), Тереңөзек (1956), Тәжіғали (1957), Қарсақ (1958) кен орындары ашылып, пайдалануға берілді. Таңатар және Прорва, Қаратон кен орындары іске қосылды. Ембінің терістік жағынан Кеңқияқ, Көкжиде, Құмсай, Қопа, Ақжар, Мартыши және Камышитов кендері мұнай бере бастады.
Каспи маңы ойпатының жер қойнауын зерттеуге академик И. М. Губкин, И.П.Герасимов, Б.А.Петрушевский, С.Ю.Геллер, В.Н.Кунин, Л.Г.Гаель, М.П.Петров, Д.С. Коржинский, үлкен территориялық және әдістемелік маңызы бар (1937,1943,1946, 1947). Олар нақты бір аймақтың материалдары негізінде алғаш рет Каспи маңы ойпатының бедерінің морфоқұрылымдық және морфомүсіндікер екшеліктерін ескере отырып жіктеді.
Каспи маңы ойпатының көп қабаттылығының қалыптасуы оның мезозойлық пенеплен және эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы тұғырнаманы 1940 жылдары Г.Ц.Медоевтың өзінің еңбектерінде көрсетті.
Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965 жж.) Е.Е.Милановский (1961, 1967 жж) К.В.Никифорова (1960 ж), В.И.Бабак (1964, 1968 жж), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жинақталған маңызды геоморфологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар «Орта Азия мен Қазақстанның жазықтары мен таулары» атты монография шықты.
Қазақ КССР ғалым академиясының геология ғылымдары инситутының геоморфология бөлімі Г.Ц.Медоевтың жетекшілігімен 20-жыл көлемінде геологиялық-геоморфологиялық түсірілімдер жасады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының алғашқы масштаюы 1:1000000. 500000 геоморфологиялық картасы жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды ғылыми және бибилографиялық деректер бар./6/
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысынле зерттеулер жеке ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды
Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларын кеңестік кезеңде Қазақ КСР Ғылым Акадамиясының президентінің басшылығымен Қ.И. Сатпаев атындағы геология ғылымдары институтының ғалымдарыУ.М.Ахметсафин, В.А.Бочкарева,








1.2 Каспи маңы ойпатының геотектоникалық құрылысы.Жер бедері
Каспи маңы ойпатының геологиялық даму тарихы

Каспи маңы ойпатының геологиялық құрылысы өте күрделі. Бұл оның жеке аудандарының ежелгі және жаңа кезендегі геологиялық даму тарихымен тығыз байланысты. Аймақтың жеке бөліктеріндегі геосинклинальдық даму жағдайы әртүрлі тау түзілу кезендерінде аяқталады.
Кембриге дейінгі қатпарлық Қазақстанның батысында Каспий маңы ойпатында өтті. Бұл ауданда ежелгі Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіретін Каспий маңы синиклизасының қатпарлы негізі пайда болған. Осымен бірге протерозойда кейінгі каледон қатпарлығына жататын облыстардың ежелгі ядросы қалыптасқан.
Палеозойдың басында Қазақстан аумағындағы Каспий маңы синеклизасынан басқа көпшілік бөлігі Орал-Монғол геосинклинальдық белдеуінің құрамына енген. Оны геологтар екінші сөзбен Орал-Тянь-Шань геосинклинальдық белдеуі деп те атайды. Орал-Монғол белдеуі Альпі-Гималай және Тынық мұхит белдеулері сияқты жер шарындағы аса зор геоқұрылымдардың қатарына жатады. Ол Шығыс Еуропа, Сібір Солтүстік Қытай және Тарим платформаларының аралығын түгелдей алып жатыр. /7/
Палеозой эрасының кембрий мен силур дәуірлерінің аралығында Каспи маңы ойпатының аумағын саяз теңіздер алып жатқан геосинклинальді зона болды. Саяз теңіздердің арасынан жанар таулардың түзілген аралдар су бетіне шығып тұрады.Тау жыныстарының көпшілігі жанартаулар атқылау нәтйжесіндегі магманың жер бетінде қатуынан түзілді (эффузивті магматизм) құрлықтың ұлғаюына байланысты Каспи маңы ойпатының аумағы біршама көтеріліп саяз теңізге айналды.өсімдіктер құрлықа шығып, климат аридтеніп алғашқы шөлдер түзеді. Тау түзілу үрдісі аяқталғаннан кейін тас көмір, перм дәуірлерінде каледон қатпарлығында түзілген. Каспи маңы ойпатының толығы мен Саяз теңіздер алып жатқан геосинклинальдық режим сақталды..
Қорыта айтқанда полезой эрасының бірінші жартысында каледон, екінші жартысында герцин қатпарлығында Қазақстанның ірі тау жүйелерінің түзіліп еліміздің аумағының көп бөлігі құрлыққа айналды. Мезозойдың басында каледон, герцин қатпарлығындағы тау жүйелері бұзыла бастағаны мен теңіз табанына батқан жоқ.
Мезозой эрасының Триас дәуірінде геосинклинальдар (саяз теңіздер) еліміздің батыс бөлігінде Каспий маңы ойпаты, Орал алды (Ембі) үстірті мен Маңғыстау түбегінде сақталады. Қалған бөлігін құрлық алып жатқандықтан, құрғақ ариді климат қалыптасып тау жыныстар ының үгілуін күшейтті. Жерқыртысының баяу көтерілуінен Каспи маңы ойпатының оңтүстігінде Маңғыстау таулары пайда болды. Әктасты жыныстардың түзілуі. Оны таудың мезазой эрасынан әктасты жыныстардың түзілуі дәлелдейді.
Бор дәуірінде теңіз трансгрессиясы артып, батыс Каспи маңы ойпатының оңтүстігінде мен Тұран жазығын толығымен теңіз суы басты. Құрлықтың көлемінің кішірейуіне байланысты юра дәуірінде ылғалды климат қалыптасты. Ылғалды климат өсімдіктердің кеңінен таралып. Жер қыртысына шөгуін күшейтуінің нәтижесінде қазіргі Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпатында мұнай газ алаптарының түзілуіне әсер етті./8/
Юра кезеңінде континетальдық режим Каспи маңы ойпатының басым бөлігінде сақталған жоқ.. Аймақты тұтас алып жатқан теңіз орта және жоғарғы юра кезеңінде жойылды. Төменгі юра қалдықтары Орал Ембі аймағы мен Маңғыстау (платосында) үстіртінде өзен және көл түрінде таралған. Бұдан орта юра кезеңінде солтүстік батыс теңіз суы қаптады. юралық жел әсерінен жалаңаштанған жыныстарына ақ түсті бор, юра кезеңінде жанартаулық үрдістер аз болды. Алайда сол кездегі магматизм көрінісі қазіргі кунде Алакөл, Кетмен, Обаған жерлерінде орналасқан.
Бор дәуірінің соңына қарай тектоникалық қозғалыстардың біршама жандануына байланысты құрылықтын көтерілуі Каспи маңы ойпатының бөлігін алып жатқан теңіздің шегінуіне себеп болған. Теңіз тек Каспий төңірегінде ғана сақталған. Кайназой эрасында Каспи маңы ойпатының полеогеографиялық жағдайы күрт өзгерді.
Палеогеннің ортасында (эоценде) аса зор теңіз трансгрессиясы өтті. Теңіз суы солтүстік-батыста Оралдан оңтүстікте Орта Азия тауларына дейінгі алқапты түгелдей қамтыған. Батысқа Мұғалжар теңізге суғына кірген түбек сипатын алған.
Дегенмен Жайық-Жем алабының кей жерлері теңіз қысқа мерзімге ғана жауып, көп ұзамай шегініп кеткен. Қазақстанның геологиялық даму тарихының соңғы кезенінде палеогеннен бастап қазіргі кезге дейін климатын салқындап, құрғай түскені, континенттігі арта бергені айқын көрінеді.
Каспи маңы ойпатының геологиялық даму тарихының ұзаққа созылуы және жеке аудандарда әр түрлі сипатта жүруі оның геологиялық құрылысының күрделігін тудырады. Қазақстан аумағы төмендегідей облыстардан тұрады.
Ең ежелгі геологиялық құрылымы- Кембриге дейінгі орыс платформасы. Қазақстанға оның оңтүстік-шығыс шеті Каспий маңы синеклизасы кіреді. Бұл ауданда Кембриге қатпарлы ірге тасы өте тереңде жатыр. Геофизикалық деректер бойынша оның үстіндегі шөгінді тау жыныстары қабаттарының қалыңдығы 20-км-ден асады. Беткі қабат тау жыныстарының ең үстінде Каспий теңізінің плиоцен төрттік трангрессияларының теңіз шөгінділері тараған. / 9/
Төменгі полеозойдың (Кембрий мен Силурдың басы) тау жыныстарына теңіз табанында шөккен құмдар мен әктастар, сазды тақта тастар жатады. Себебі төменгі Силурда Қазақстан аумағы Саяз теңіздің табаны болған, төменгі полеозой жыныстары Орталық Қазақстанда көп кездеседі. Олар геологияляқ картада Силур мен девон төменгі тас көмір түзілген жыныстарыда Каспи маңы ойпатында кең тараған.
Каспий маңы ойпатында тұз төңпешіктер түрінде шоғырланған.
Кайнозой эрасында Каспи маңы ойпатындағы леогеографиялық жағдай толығы мен өзгерді. Палеоген дәуірінде құрлықтың біртіндеп көтеріл-іп теңіздердің регрессиясының нәтижесінде теңіздік жағдай тек Каспий маңы ойпаты мен үстіртте сақталады.
Неоген төрттік дәуірде жер қыртысында жарылыстар пайда болып Альпі орогенезінің жүруіне болған неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде құрлықтың көтерілуінің байланысты Каспи маңы ойпатының аумағындағы теңіздер таратылып, қазіргі жер бедері қалыптасты. Төрттік дәуірдегі тік бағыттағы қозғалыстардан соң құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты.
Каспймаңы ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері
Каспи маңы ойпатының аумағының ірі болуына мен геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай жер бедері жатық оңтүстік-батысқа Каспи теңізіне қарай еңіс болуымен ерекшеленеді. . Ол Каспи маңы ойпатының геотектоникалық құрылысымен аумақтың геологиялық даму тарихымен түсіндіруге болады. Негізі алуан түрлігі ірі тегіс ойпаттар мен жазықтардың кезектесіп келуімен ерекшеленіледі. Оңтүстік-батысында Каспи теңізінің деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен -26 метр төменжатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысында жер бедері біртіндеп 250-300 метрге дейін көтеріледі. Аймақтың жер бедерінің ерекшелігі мен табиғи ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру