География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫ

 География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері
3) Аса ірі көл су қоймаларына сипаттама
4) Каспий теңізі .
5) Арал теңізі .
6) Балқаш көлі .
7) Көкшетау немесе Бурабай көлдер тобы
8) Құсмұрын тобындағы көлдер
9) Батыс-Сібір көлдері
10) Ащы көлдер тобы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.
Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді .Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен байланысты .Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.
Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына жеткен.Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды.Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.
Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиасына жеткен.
Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.
Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.
Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды. Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені анықталды.
Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады:
1.Риликт, немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері болып есептеледі.
2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы аймақтарға тән.Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын, Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға болады.Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді.Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.
3.Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б
ә) Қар көлдері- өте көп, бірақ көлемі кіші;
б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.
4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.
5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.
6.Аңғар – арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:
а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;
ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;
7. Карст көлдері- көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.
АСА ІРІ КӨЛ СУ ҚОЙМАЛАРЫНА СИПАТТАМА
Каспий теңізі- жер шарының ең үлкен көлі. Ол депрессияда орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің ұзындығы 1 200км ең жалпақ жерінде ені 550км, ең жіңішке ені 210км, ауданы 456 3402км. Жағалау сызығының ұзындығы 6 380км, су массасының көлемі 79 319км3.Қазақстанға Каспий акваториясын 270 мың кв км-і, жағалау сызығының 2340км кіреді. Теңіз деңгейінің шұғыл өзгеріп тұруына байланысты келтірілген деректер, орташа алынғын шама болып есептелінеді.
Каспий теңізі, әдетте үшке бөлінеде:
1. Солтүстік бөлік
2. Орта бөлік
3. Оңтүстік бөлік
Солтүстік бөліктің оңтүстік шекарасы- Шешен аралымен Түпқараған мүйісін қосып тұратын сызықтың бойымен өтеді.
Орта бөліктің осы сызықпен Лебяжий-аралын ,Қулы мүйісімен қосатын сызықтың аралығында жатыр.
Оңтістік бөлігі - Лебяжий- Қулы сызығының оңтүстікке қарай орналасқан
Қазақстанға Каспийдің солтүстік бөлігінің, Солтүстік шығысымен орта бөліктің көбі жатады.
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің Маңғыстау түбегінен басқа жағалауы ойпатты. Уралдың сағасында көптеген аралдары бар.
Қазақстанға жататын Солтүстік және Орталық каспий анағұрлым тайыз болып келеді.Бұл жерде тереңдік жағалаудан ішке қарай бірнеше метрге немесе бірнеше ондаған метрлерге, тек теңіздің ортасында ғана болып ол 200 метрге дейін жетеді.
Каспий теңізінің су балансы ауданының көлеміне су жинайтын бассейінің климаттық және гидрологиялық жағдайларына байланысты .
Теңіздің су жинайтын бассейнінің ауданы 3 млн.кв.км-ден артығырақ. Онық 40% артығырағы Волга бассейіне жатады.Теңіздің су балансының кіріс бөлігінде беткі ағыс 80,8%, атмосфералық жауын-шашын 17,7%, жер асты ағысы 0,14% құрайды. Беткі ағыстың 78% - ін Волга береді, ол жылына теңізге 252куб км су әкеледі. Су шығынынан булануға 95% (1 000 мм немесе 400куб км су ) теңізден Қара – Бұғаз Гол шығанағына ағысқа - 5% тиеді.
Каспий тңізінің деңгейі шұғыл ауытқып отырады. Бакуде 1830 жылдан бері үздіксіз жүргізілген байқаулар бойынша, өткен ғасырдың алғашқы жартысында бірнеше жылдар бойы су деңгейінің көтерілуі анықталдған. Өткен ғасырдың екінші жартысының басында деңгейі төмен түскен, ол 15 жылға созылған. Онан кейін қайтадан деңгейдің төмен түсуі байқалған, деңгейдің төмен түсуі әсіресе біздің ғасырымыздың 30-40 жылдарда өте үлкен мөлшерге жеткен. Қазіргі кезде теңіз деңгейі төмен түсуде, оның көпжылдық ауытқуы кезеңдері әлі де анықталған жоқ.
Теңіздің маусымдық ауытқуыда айқын байқалады. Деңгейдің неғұрлым төмен кезі қысқа тура келеді.Апрельден бастап Июльге дейін су деңгейі көтеріледі. Бұл кезде судың кірісі шығысынан көп болады. Одан кейін буланудың күшті жүруіне байланысты деңгей төмендейді.Деңгейдің маусымдық ауытқуы 30-35см шамасында.
Желдің суды айдап бір жағына қарай ығыстыруына байланысты теңіз деңгейінің ауытқуы Каспийдің солтүстігіндегі тайыз бөлігінде анық байқалады. Осындай ауытқу кейде бірнеше метрге жетеді.
Каспий теңізі, атап айтқанда оның солтүстік және орталық бөлігінде, Волганың сағасынан басталатын ағыс өтеді. Бұл ағыс батыс жағалауды бойлап оңтүстікке қарай жүреді, одан Апшерон түбегі ауданында шығысқа бұрылып , шығыс жағалауға жетеді, бұл жерден солтүстікке бағытталып Волганың сағасына келеді. Сөйтіп сағат тілінің айналу бағытына қарсы айналма ағыс байда болады
Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты және термиалық жағдайлары өз алдына ерекше сипатта болады. Каспийдің бұл бөлігінің климаты континеттік, температураның аплитудасы үлкен және атмосфералық жауын-шашын аз түседі. Мұнда ауаның қаңтардағы орташа температурасы -5-60С шамасында , аяз -380С градусқа жетеді. Июльдегі орташа температура +23-240С Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм,
Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып қалады, орталық бөлігінде судың температурасы бетінде 00С –тан жоғары болады да, теңізді мұз жаппайды. Дегенмен мұнда қалқыма мұздар өтеді . жазда судың бетінде температура бірсыпыра жоғары болады солтүстігінде ол 300С –қа дейін көтерілуі мүмкін және түн жағында 23-240С –қа дейін жетеді. Судың температурасының маусымдық өзгеруі 50м тереңдікке дейін анық сезіледі. Онан әрі температураның өзгеруі баяулайды. Температураның максимум және минимум жағдайы да болатын кездері теңіздің бетінен түбіне қарай кешіге береді.
Каспий теңізінің суы оншалықты тұзды емес, мұхит суынан айырмасы мұнда күкірт қышқыл тұзы, сульфатты карбонат қосындылары көп, ал хлорлы натрий аз. Солтүстігінде Волга мен Уралдан мол тұщы су келетін бөлігінде, оның тұздылығы өте мардымсыз, оңтүстікке қарай барған сайыне тұздылық арта береді де, орталық бөлігінде 1,3 % шамасында жүреді.
Теңіздің Қазақстандық бөлігінің суында оттегі мол, ал оңтүстікке қарай барған сайын оның мөлшері азая береді. Каспий органикалық дүниеге бай. Оның фаунасының 6-10%-і эндемиттер. Оларға каспий тюлені және солтүстік түрлерге жақын кейбір шаян тәрізділер жатады, түр жағынан Каспийдің фаунасы мұхиттардан кедеулеу, бірақ сан жағынан бай. Мұнда балықтың 80-н түрі бар. Оның 40-тан аса түрінің кәсіптік маңы зор, әсіресе бағалы балықтарға жататындар:
Бекіре тұқымдастар (бекіре, қызыл балық, шип)
Тұқы балық тұқымдастар (торта, табан, сазан, аққайран )
Селт тұқымдастар – 20 түрден астам
Кейінгі кездерде Каспийге кефаль және криветка экеліп жіберілді.
Каспий теңізінің шаруашылық маңызы аса үлкен. Совет одағындағы ауланатын балықтардың 30 %-і Каспий теңізінің үлесінде болатын
Орташа және кіші көлемді көлдер Каспий бойы ойпатында өте көп олардың неғұрлым ірілері: индер, аралсөр, шалқар, қамыссамар көлдері.
Индер көлінің ауданы 752 км, индер қыратындағы таяздау ойыста жатыр, оның суы өте күшті минералданған.
Аралсөр көлі каспий бойы ойпатындағы кермек тұзды көлдердің ішіндегі ірілердің бірі оның ауданы 2002 км. Көлге суы кермек тұзды ащыөзек өзені келіп құяды. Солтүстік жағынан оған көптеген тұзды батьпақтар іргелес жатады. Көлден тұз өндіреді.
Шалхар көлі сантаз қыратындағы теңіз аймақта, тайыздау қазан шұңқырда жатыр.Оның ауданы шамамен 2000 кв км. Көлге Анқаты өзені келіп құяды, Уралға дейін жетеді. Шалхардың суы ашылау жағалауын қамыс басып кеткен.Көл балыққа бай: шортан, жайын, тұқы балық т.б
Қамыссамар көлі –үлкен және кіші өзендердің суынан пайдан болған әрі солардан қоректенеді. Олар шөлейттегі ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру