Экономика | Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі

 Экономика | Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі

Мазмұны

1. Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі мен қайнар көздері.
2. Дипломатиялық және консулдық құқықтың тарихы
3. Сыртқы қатынас органдары
4. Дипломатиялық өкілдіктердің артықшылықтары мен иммунитеттері
5. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
6. Шетелдердегі Қазақстанның консулдық қызметі
7. Халықаралық ұйымдардың дипломатиялық құқығы


Дипломатиялық және консулдық құқық пәні

Дипломатиялық және консулдық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі мен қайнар көздері.

Дипломатиялық құқық – дипломатия аясында атқаратын, сондай-ақ дипломатиялық құқық пәнін түсіну үшін дипломатия терминінің мағынасыншып алған жөн. Дипломатия – бұл мемлекеттердің сыртқы сыртқы саясатты жүргізуде атқаылатын қызмет. Сыртқы саясатты жүзеге асырудың ең бір әділ, бейбіт құралы. Дипломатияны жүзеге асырудың негізгі әдісі – келліссөздер.
Сыртқы саясат дегеніміз - өз халқының ішкі қажеттілігі мен үйлесімін тапқан, халықаралық аренада мемлекет қызметінің негізгі бағыты. Сыртқы саясат мемлекеттердің мақсат, міндеттерін халықаралқ қатынастардағы мемлекет бағыттарының, сонымен қатар осы қызметтің жүргізу нысандары мен тәсілдерін айқындайтын әмбебап құрал. Әр елдің сыртқы саясаты сол елдің көрнекті халықаралық құқықтанушы мамандарының, ғалымдарының, саясаткерлерінің атсалысуыменанықталады. Сыртқы саясаттың маңызын түсініп, оның жобсын әзірлеп қою жеткіліксіз сонымен қатар, онң іс жүзінде жүзеге асырылуын амтамасыз етіуі керек. Міне, осы мақсатта мемлекеттер арнайы уәкілеттілік берілгенадамдрын мемлекет мүдесін білдіре отырып, оның сыртқы саясатын жүргізу үшін өзге мемлекеттерге жібереді. Олар өз мемлекеттерінің ұсыныстарын өзге мүделі мемлекеттің мемлекет басшысына табыстап отырады. Ежелгі Грецияда мұндай ұсыныстар арнайы тақтайлрға жазылып жіерілген. Оларды диплмдар деп атап, оны табыстаушы уәкілді тұлғаларды дипломаттар днп атады. Дипломаттардың негізгі міндеттері - өз мемлекеттерінің сыртқы саястын қолда бар барлық әдіс құралдармен жүзеге асырады. Осы түрғыдан алғанда дипломатия дегеніміз – халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асыруға арналған арнайы әдіс құралдар жйынтығы.
Дипломатиялық құқық дегеніміз – дипломатия аясы мен дипломатиялық қатынастарға түсуші субъектілердің құқықтары мен міндеттерін айқындаушы құқықтқ нормалардың жиынтығы.
Уақыт өте дипломатиялық қатынастарды реттеуші жазбаша нысандағы арнайы келісім-шарттар қажет бола бастады. Бірқатар мемлекеттерде дипломаттарды өлтіру, оларды ұрып-соғу, кепілге алу сияқты жағдайлар жиілеп кетті. Осы тұрғыда дипломаттарды, олардың қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі туындады. Дипломаттар мен консулдардың жеке бас қауіпсіздігін, қалыпты қызмет етуіне бағытталған арнайы нормалар қалыптастырыла бастады. Бұл нормалар кейін келе өзара топтастырылып, жинақталып халықаралық құқықтың жеке бір институты ретінде бекітілді. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзі болып: 1) 1961 ж. Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы. 2)Мемлекеттер арасындағы екі жақты келісімдер (дипломатиялық қатынасты орнатуға байланысты). 3) Халықаралық қатынастың осы бір саласын реттеуде негізге алынатын әдет-ғрыптар танылады. Біршама батыс елдерінде бұл қайнар көздермен қатар: дипломатиялық және консулдық қатынастарды реттеуде соттық прецеденттер танылады.
Дипломатиялық қатынастарды реттеуші көп жақты қатынастарға мыналар жатады:
1. 1875 ж. 14 наурызда қабылданған мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға қатысты өкілдіктер туралы Вена конвенциясы.
2. 1946 ж. 13 ақанда қабылданған БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция.
3. 1947 ж. 21 қарашада қабылданған БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтар мен иммунитеттері туралы конвенция.
4. 1961 ж. 18 сәуірде қабылданған қатынастар туралы Вена конвенциясы.
5. 1969 ж. 8 желтоқсанда қабылданған арнайы миссиялар туралы конвенция.
6. 1977 ж. қабылданған қылмысты тоқтату және халқаралық қорғаудағы топтарға, тұлғаларға, оған қоса дипломатиялық агенттерге қары қылмыс ұшін жаза туралы конвенция.
Конституциялық құқық дегеніміз – мемлекеттер арасындағы олардың заңды және жеке тұлғалары арасындағы іскерлік және өзгеде қатынастарды қорғау мақсатында хлықаралық құқық субъектілерінің жалпы консулдық мәселелер, оның ішінде консулдық өкілдердің құқықтық мәртебесін анықтау, оның қызметін, консулдық артықшылықтар мен имунитеттер мәселесін анықтауға арналған нормалар мен қағидалар жиынтығы.
Консулдық құқықтың қайнар көзі халықаралық әдет-ғұрыптар мен хлықаралық шарттар болып табылады. Халықаралық шарттардың ішінде екі жақты консулдық конвенциялар мен келіссөздер маңызы зор. Консулдық конвенцияларға мыналар жатады:
1. 1911 ж. Консулдық міндеттер туралы Каракас конвенциясы.
2. 1928 ж. Консулдық шенеуніктер туралы Гавана конвенциясы.
3. 1963 ж. Консулдық қатнастар туралы Вена конвенциясы.
Алдынғы екеуі – аумақтық сипатты иеленсе, соңғысы - әмбебап құқықтық акт болып табылады.
Қазақстан Республикасы өз басы Вена конвенциясына 1993ж. 31наурызда қосылды.

Дипломатиялық және консулдық құқықтың тарихы


Б.э.д. I мыңжылдықтың құқықтық ескерткіші болып табылатын Ману заңдарынан өзгеде өзекті мәселелермен қатар, дипломатия мәселесінде қамтыған. Осыған орай, олар сол кездің өзінде, дипломатия өнері соғыстың алдыналу мен ейбітшілікті қамтамасызетуге бағытталуы қажет деп ұққан, елшілерді және олар мекендеген ғимараттарды мемлекет өз қамқорлығына алып отырған. Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша ежелгі Римдегі халықаралық құқық нормалары елшілер мекендеуші ғимараттарға имунитет берілмеген. Онда сыртқықатынас мәселелерімен айналысушы арнайы құзырлы органдар құрылған. Олардың бірі: Фециал деп аталады. Римдегі дипломатиялық тәжірбе елшілер мен шешендерді, хабаршыларды ажырата білді. Ежелі Грецияның сыртқы қатынастарының дамуы сыртқы қатынастардың жүзеге асырылуына жауапты арнайы уәкілетті тлғалардың пайда болуына алып келді. Ларды Плессбейс дп атады. Грейиядағы елшілер жке басқа тиіспеушілік имуниттін иемденді. Сыртқы қатынас мәселесіне қатысты орта ғасырдың жеткізген жетістігі тұрақты елшіліктердің пайда болуы. Елшілердің мүдесінде мемлекет игілігіндегі бар мәселелер қарастырылды.
Жалпы адамзат өміріндегі барлық кезендерін елшілік құқығының қалыптасу кезеңдері деп айтуға болады. Тек, XX ғ. Басынан бері қарай сыртқы қатынастарға барлық мемлекеттердің ресми араласуы елшілік құқығының орынына дипломатиялық құқықтың қалыптасуына әкелді.
Қазақ хандығы өзге мемлекеттермен қарым-қатынас барысында дипломатиялық құқық нормаларын белсенді түрде қолданды. Сыртқы саясатты тиімді жүргізудің нәтижесінде бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналып отырған осынау ұлан-байтақ жерді жау шапқыншылытарынан аман алып қалған. Егеменді мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақстан Республикасы БҰҰ тәріздес ірі халықаралық ұйымдардың мүшелігін қабылдады. Артыншаоның алдында өзіндік сыртқы саясатты қалыптастыру, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету тәрізді күрделі мәселелер пайда болды. Осы тұста Қазақстан үшін өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуда дипломатиялық құқықтың маңызы өсті. Тәуелсіздік алған осы бір уақыт аралығында Қазақстан дипломатия мәселесіне қатысты көптеген екі жақты халықаралық шарттарға отырды. Дипломатия саласының жалпы сипатын иеленуші халықаралық кенлісімдерге қосылды, сол арқылы өзіндік құқықтық база қалыптастыру арқылы дипломатиялық қатынастың дамуына үлес қосты.
Қазақстандағы дипломатиялық қызмет сыртқы қатынас органдарының жүйесі арқылы жүзеге асырылады.


Сыртқы қатынас органдары

Сыртқы қатынас органдары мемлекеттің шетелдегі өкілдігі ретінде болады және олардың құзреті шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің шетелдегі өкілдігінің әрекеті ретінде қарастырады және оған халықаралық нормаларын орай жауапкершілік жүктейді. Кез-келген мемлекеттің сыртқы қатынас органдары: ішкі мемлекеттік және шетелдік болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік органдарына мыналар жатады: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Үкімет басшысы және Үкімет, сыртқы істер министірлігі – мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын орган.
Мемлекеттің шетелдік сыртқы қатынас органдары, өз кезегінде тұрақты жәнеуақытша болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы тұрақты сыртқы қатынас органдарына Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері (елшіліктер мен миссиялар); консулдық мекемелер, тұрақты өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы топқа сауда өкілдіктер де жатқызылады. Қазақстан Республикасының шетелдегі уақытша органдарына түрлі миссиялар, халықаралық конференциялардағы делегациялар мен бақылау топтары, халықаралық органдар сессияларының жұмысына қатысушы делегациялар және олардың ұйымдары және т.б. жатқызылады.
Сыртқы істер министірлігі – Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүеге асыруды және сыртқы қатнастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады. Министерлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөніндегі минстірліктің қызметіне ҚР Премьер-министірі басшылық жасайды. Өз қызметінде Министерлік ҚР Конституциясын, заңдарын, Сыртқы істер министірлігі туралы ережені, дипломатиялық қызмет туралы 2002 жылғы заңды, басқада нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Министірлік жүйесіне Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, Министірліктің Қазақстан Респуликасы аумағындағы өкілдіктер мен өзінің ведомствалық бағыныстағы ұйымдары кіреді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істрер министірлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстарды табыстау.
• Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру.
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясын жасау.
• Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасындағы және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды дипломатиялық құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету.
• Шетелдерде ҚР азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүделерін қорғау.
• ҚР шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық жіне консулдық қатынастарын, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
Сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хаттама басқармасы арқылы елшілер және өзгеде шетелдік өкілдеркелген елдермен алғашқы байланысын жасайтын бөлімше болып табылады.
Дипломатиялық өкілдік орналасқан елге келген елші сыртқы істер министірлігінің мемлекеттік хаттама басқармасының меңгерушісіне сенім грамотасын табыстайды.
Елші өз елі дипломатиялық қатынас орнатқан мемлекеттердің елшілерінің бәріне арнайы ресми кіріп шығады, оны дипломатиялық корпустың жоғары дәрежесінен (дуайен) бастайды.
Мемлекет басшылары халықаралық қатынастарға қатысты барлық мәселелерді әрдайым өзара тікелей талқылай алмайды. Соған орай, олар өз аттарынан келіссөз жүргізетін өкілдерді ұстайды, мұндай өкілдер дипломатиялық агенттер деп аталады. Олардың міндеттері, ең алдымен өзін жіберген мемлекеттің саясатын түсіндіру және өздері келген мемлекетте соны мақұлдатуға қол жеткізуден тұрады.
Дипломатиялық сыныптар халықаралық құқық нормаларымен айқындалады және дипломатиялық өкілдік басшыларына ғана қатысты болады. Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена конвенциясына сәйкес өкілдік басшылары үш сыныпқа бөлінеді:
1. Мемлекет басшылары жанында тіркелетін елшілер мен нунцилер және тең дәрежедегі өкілдіктердің басқа басшыларының сыныптары;
2. Сыртқы істер министрлері жанында тіркелетін елшілер мен интернунцилер сыныптары.
3. Сыртқы істер министрлері жанында тіркелетін сенімді өкілдер сыныптары.
Дипломатиялық дәрежелер әрбір мемлекеттің ішкі құқығымен енгізіледі және сыртқы істер министірлігі аясында шетел .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру