Экономика | Девиантты мінез құлықтың алдын алу

 Экономика | Девиантты мінез құлықтың алдын алу

Мазмұны
Кіріспе

I.
Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері…………………………………….
1.1. Девиантты мінез –құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде зерттелуі....................................................….
1.2. Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі..........................
1.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының әлеуметтік-тұрмыстық себептері......................................

II.
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, жүргізілу жолдары...........................................................

2.1.
Девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп тәжірибесі........................................................
2.2. Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары.........……………………………………

Қорытынды...................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................


I. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
1.1. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде
зерттелуі
Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға бағышталған қызмет айырықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай болса баланың шәлкім – шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін өзі –ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік , оның ертеңгі күнін ойламаушылық демеске лаж жоқ.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды [5]. .
Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті [6].
Жасөспірімдік кезең - ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады [7].
Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [8].
Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс -әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады [9].
Сонымен адамның дамуындағы биологиялық басымдылықты жақтаушылар жыныстық жетілуді ескере отырып жасөспірімдік жасты ұл балалар үшін 13 – 16 жас және қыз балалар үшін олардың жыныстық жетілуіне байланысты 12 –15 жас деп анықтайды.
Жасөспірімдік жас – тұлғалық қалыптасудың кризисті этапы болып табылады. Ол өзіндік ерекшеліктер қатарымен мінезделеді. Бұл этап адамның тез өсуімен, жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Жаңа психологиялық және тұлғалық сапалардың қалыптасу негізін қарым – қатынастың әртүрлі оқу, өндірістік, шығармашылық, сабақтық тағы басқа кезеңдерінде құрастырады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкүндіктері мен қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [10].
Г. Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі кризистің болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Менінің” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік - этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды[12].
Бірдей көзқарастың болмауына қарамастан, бүгінгі күнгі ғалымдар жасөспірімдік шақты 10 –11 және 14 –15 жас аралығы деп қарастырады. 15 –17 жасты әдебиеттерде ерте балалық шақ деп атайды. Бірақ та көптеген зерттеушілер ерте балалық шақты баланың даму кезеңіндегі жасөспірімдік кезеңге қосады. Оның өзіне де толық толық негіз бар, себебі өзіндік психологиялық мазмұнда бұл кезең – 15 пен 18 жас аралығы – жасөспірімдік кезең мен өзіндік жастық шақтың арасындағы “аралық жас” болып табылады.
Жасөспірімдік кезең алғашқы әлеуметтенуде маңызды кезең болып табылады. Жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай тұлға мынадай мінездемеде сипатталатын әлеуметтік рольдер мен функцияларды орындауға дайын болады, олар:
1. биологиялық кемелдену бүкіл биологиялық рольді орындауға қабілеттілік және адам функциясы мен қалыпты жыныстық қатынасқа физиологиялық дайындық;
2. психологиялық кемелденудің аяқталуы және адам негізінің қалыптасуы;
3. негізінен өзінің дүниетанымының қалыптасуы;
4. парасаттылық кемеліне жету;
5. қоғамда және әлеуметтік топтарда бар құндылықтар мен нормаларды қабылдау;
6. деңгейіне және рольдер мен функцияларды игеруіне байланысты шығатын қарым-қатынас шарттары мен әрекетін орындау қабілеті;
7. қажетті жағдайда арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін еңбек ролі мен функцияларын орындауға дайын болу.
Жасөспірімдік кезең (11 –15 жас) негізінен биологиялық жағынан өтпелі болып табылады, яғни бұл кезең жыныстық жетілу сонымен қатар басқа да биологиялық ағза жүйелерінің жетілуі болып табылады. Әлеуметтік жағынан қарастырғанда жасөспірімдік шақ –бұл бірінші әлеуметтендіудің жалғасы. Сәйкесінше олардың әлеуметтік дәрежесі балалардан ерекшеленбейді. Психологиялық жағынан бұл жас өте қайшылықты кезең.
Жасөспірімдік кезеңдегі қайшылықтар себептер қатарымен ерекшеленеді; жыныстық жетілу, жасөспірім өзін үлкен санап, ал үлкендердің оны әлі кішкентай деп қарауынан, жасөспірімдік кезеңде нақты бойының өсуі және физиологиялық өзгерісі бақыланады және осы өзгерістердің негізінде жоғары мазасыздық, депрессия, қозушылық, өзіне деген адекватты емес көзқарас, өзі үшін қорқу пайда болады.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады . Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау ” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді.
Балалалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімдердің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп жататын, не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе мұндай көңіл –күй психологтардың көрсетуінше ер балаларда 11 –13 жаста, қыз балаларда 13 –15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер жасөспірім кезіндегі еліктеуі орынсыз болса қалмаушылық және “мен” бейнесі мына өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез –құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез –құлықты девиантты мінез –құлық деп атайды [13].
Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарыстан жеңіл өтеді. Ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата –аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата –аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден- бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата –аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате көзқарас қалыптасады, артық талап қойады. Ал, бұдан түсінбеушілік пен пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық қарым –қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын–алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата–аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек. Атап айтқанда :
-жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;
-жасөспірімнің “мен ” концепциясының құрылуы;
-Жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың ерекшелігі;
-жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;
-еліктеу және оның маңызы.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, қала берді ата –ананың және тәрбиешінің міндеті.
Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру –психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру компоненттерін қамтитын белсенді процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қаиеттерді сіңіруге бағытталған, тәрбиелік іс-әрекеттер барысында , олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді .
Девиантты мінез- құлық бұл “балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы , оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы [14].
Демек жасөспірімдердің бойында ауытқымалы мінез-құлық нышандарынан арылу арқылы , олардың бойына қоғамымызда қабылданып , орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды соның ішінде, әсіресе , ең алдымен , ұлтжандылықты , азаматтылықты , жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Себебі қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып отырған әлеуметтік дағдарыс күнкөріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық , құмар ойынмен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік етек алуда.
Девиантты мінез – құлық негізінде жалпы қоғамда қабылданған нормалар мен тәртіпті бұзу жатыр.
Жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
1.отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін отбасының ішкі қарым –қатынасының қалыптасуы);
2.мінез –құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
3.жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, қоғамдағы жат іс -әрекетке ұмтылу , қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо –физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы тағы басқа.
4.қарым –қатынастағы қолайсыздық (қарым – қатынас аясындағы бұзылу, құрдастарымен, мұғалімдермен, үлкендермен қарым –қатынасындағы дөрекілік , жан –жалдылық , фромальды емес топпен қарым –қатынас жасауға деген ұмтылыс тағы басқа).
Девиантты мінез –құлық ұғымы шетел әлеуметтанушыларындағы Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең етек алды , онда ол девиантты мінез –құлықты жалпы қоғамда қабылданған нормалармен келіспейтін мінез –құлықты түсіндіреді.
Д.Уолш “әлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген дәреже , яғни бұл обьективті көрініс емес, тек субьективті белгі” деп көрсетті. Дж.Смелзер девиантты мінез –құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты” деп атады.
Айта кететін жайт , шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге жеткізетін әлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске әкелмейтін болмашы іс - әрекеттер.
Девиантты мінез – құлыққа сай келетін мәденй релятивизм: болып жатқан іс - әрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде әлеуметтік патология ретінде қарастырылады. Оған отбасылық дәстүрден, басқа елдердің салттарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер Голландия , Швеция ,Норвегия сияқты мемлекеттерде гомосексуалды некеге рұқсат беріп, мемлекет тарапынан осындай жұптардың бала асырап алу құқықтарын қамтамасыз ететін болса, Қазақстандық қоғамда және басқа да көптеген мемлекеттерде мұндай жағдайда қоғамдық моральдық көзқарас бойынша мүмкүн емес болып табылады. Мәдени релятивизм әртүрлі екі қоғамның салыстырмалы мінездемесі болсп қана қоймай, сонымен қатар бір қоғамның ішіндегі бір немесе үлкен әлеуметтік топтардың арасында да болады. Мысалы, осындай топтардың қатарына - саяси париялар, әлеуметтік кластар, дінге табынушылар , жастар және жасөспірімдер, әйелдер жатады. Әлеуметтік анықтамаларға сүйенсек жасөспірімдердің көбісі ерте жыныстық қатынасты девианттық мінез –құлық деп есептемейді, ал олардың ата –аналарының, мұғалімдерінің көзқарастары бойынша некеге дейінгі жыныстық қатынас жасөспірімдік ортада жарамсыз қылық деп саналады [16].
Сонымен девиантты мінез –құлық категориясының мазмұнын үш аспектке бөліп қарастыруға болады: біріншіден кең мағынада девиантты мінез –құлық деп әрбір ауытқу –соның ішінде нромадан прогрессивті ауытқу да жатады. Екіншіден, дәстүр бойынша мінез –қлықты әлеуметтік ашудың көрінісі ретінде жанама іс -әрекет түсініледі. Үшіншіден тар мағынада девиантты мінез –құлықты құқықтық жазалауға әкелмейтін іс -әрекет деп түсіндіреді.
Ал , шетелдің әлеуметтік –психологиялық әдебиеттерінде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды көптеген авторлар төмендегідей бөліп көрсетеді :
- агрессивтілік;
- өзін-өзі басқарудың төменділігі;
- әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
- ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
- ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
- физикалық жазалау; жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
- отбасының құлдырауы;
- ерте ішімдікке салыну , таксикомания , нашақорлық ;
- әлеуметтік қанағатсыздану;
- асоциальды топтарға қосылу.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық –ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді , адамгершілік ардан аластатып, бара –бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.
Балалықтан жасөспірімдік жасқа дейінгі аралық баланың бүкіл физиологиялық , психологиялық даму процесіне тікелей байланысты.
Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді.
Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың жасына, мінезіне қарай жүргіеу педагогтан, ата-анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті талап етеді. Оқу жылының барысында да , жазғы демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп , олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.
Әрбір девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімнің өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-аналардан қол өнерінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлықты қолданатын , жан-жақты білімдар ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп отырса, шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.
Кейде тентектің ыза келтірер қиын қылығына болмашы жылы сөз де әсер етеді. Оның қайсарлығына, қиқарлығына күшпен қару жасамай , әдейі селсоқ қарап, болымсыз жұбату да баланы бері қаратады. Ұрысып, ерегістірудің орнына әдейі мақтау, мадақтау да орынсыз емес. Қандай қиыншылыққа ұшырамасын, қиынға істер лаж, қалыптан қатып қалған қағида емес, баланы .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру