Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................4
1-БӨЛІМ.ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҚ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕСІ
2-БӨЛІМ.ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.........
2.1 Зерттеудің мақсаты,болжамы мен міндеттері.....................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы
2.4 Эксперименттік тарау бойынша тұжырым.............................
Қорытынды...............................................................................
Әдебиеттер тізімі........................................................................
Қосымшалар................................................................................
Кіріспе
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.
Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).
Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.
Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.
Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.
Тәжірибелік маңыздылығы: Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер қылмысқа барған жасөспірімдер мәселесімен айналысушы барлық мамандардың табысты жұмыстары үшін, әсіресе түзету мекемелеріндегі жасөспірімдердің болашақ өміріне деген жағымды көзқарасты қалыптастыруда өте маңызды болуы мүмкін.
Зерттеудің болжамы: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуы оның тұлғалық құндылық бағдарының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Зерттеу міндеттері:
1. Қылмысқа барған жасөспірімдерді зерттеуге арналған әдебиеттерді талдау.
2. Әдістемелер мен таңдауларды жасау.
3. Әдістемелерді эксперименттік топтарға және бақылау тобына жүргізу.
4. Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау жасау.
5. Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
1.1. Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық псиологиясының ерекшелігін анықтау
Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады.Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын жүріс-тұрысы ретінде қарастырылады..
Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті жүріс-тұрысы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына жүріс-тұрыстың бұзылуы мен антиқоғамдық жүріс-тұрыстар кіреді. Жүріс-тұрыстың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын жүріс-тұрыстық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға : ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады.
Осы қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:
1. ата-аналары тарапынан бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;
2. жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмаған жасөспірімдер;
3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.
Бұл жердегі қылмысқа барған жасөспірімдердің А.Я.Колодная бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған (егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П.Бельский болатын.Ол өз кезегінде қылмыс жасаған жасөспірімдердің – анти қоғамдық жүріс-тұрыс мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол қылмысқа барған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген:
1) қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушы жасөспірімдер;
2) ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер;
3) арманшыл жасөспірімдер;
4) истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер;
5) моральдық және ақыл-ойлық дефектілері бар жасөспірімдер.
Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер».Автордың бұл жіктеуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді.
Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыс жасаған жасөспірімдерді төрт топқа бөлген болатын, олар үшін жасағандары: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы болып табылатындар; б) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау жағдайы тұрғысынан жағдайлық болып табылатындар; в) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып табылатындар; г) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі (асоциалды бағалаулар мен қатынастар жүйесі) болып табылатындар.
Жасөспірімнің қылмысқа алып баратын жолы әдетте бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады, ол тәртіпті қылық – кішігірім қылмыстық әрекет – қылмыс деп бөлінеді. Қылмыс, айтылып өткеніндей, - объективті және субъективті факторлардың күрделі байланысының нәтижесі. Біздің пікіріміз бойынша, олардың мәнін ашу үшін мыналар біршама маңызды болып табылады:
1)анти қоғамдық жүріс-тұрыстардың мотивтерін туғызатын жас өспірімнің әлеуметтенуі және оның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі процесстеріндегі ауытқуларды талдау;
2)қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыратын тұлға аралық байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттеу;
3)жиі жағдайларда жасөспірімге шешуші әсер ететін және тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қирауын, қылмыскер тұлғасының қалыптасу процессін аяқтайтын топтық қылмыстық жүріс-тұрыстың мазмұнын ашу.
Жасөсіпірімнің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмысқа барған жасөспірімдердің дамудағы ауытқулары ең алдымен өнегелі сананың деформациясында көрінеді. Қылмысқа барған жасөспірімдер мен заңды ұстанушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап алғанда бірдей болғанымен, қылмысқа барған жасөспірімдерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табылатындығын зерттеулер көрсеткен. Олар сонымен қатар өздерінің және қоршаған адамдардың өнегелік, моральдық қасиеттерін мәнді шамада примитивті бағалайды. Құқық бұзушылар әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түпнегіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шектеледі. Тұлғаның жағымсыз қасиеттерін бағалауда да, оларға танымал адамдарды констатациялауда да қылмысқа барған жас- өспірімдерге – әдетте белгілі-бір «үлкендікті» көрсете отырып, біршама реалисттік позицияны ұстану тән. Бұл жерде тікелей әсерінен олардың тұрмыстық саналары қалыптасқан анти қоғамдық жүріс-тұрыстың белгілі-бір тәжірибесі мен микро ортаның жағымсыз әсері білінеді деп болжам жасауға болады. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің жеке жүріс-тұрыстарын – «барлығы осылай жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. деп – біржақты және примитивті бағалап отырады.
Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататындығы сөзсіз. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың жүріс-тұрыстарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбінесе бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қызығушылықтар бірінші орынға шығады. Бұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары интеллектуалды және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.
Қылмысты топпен жасау кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдерге ниеттердің жүзеге асуына сенімділік береді және өздігінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай позиция ұсталып қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен қорқудан және шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қылмыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы жасөспірімнің арнайы ортадағы жеткілікті күрделі жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалаудан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. Егер жас өспірімде өмірлік жобалар болмаса және ол қайтадан нашар жағдайларда көрінсе, арнайы шаралармен бұзылған жасөспірімнің қылмыстық байланыстары тез арада қайтадан қалпына келуі мүмкін.
Антиқоғамдық бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ болмайды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қалыптасуларымен дайындалынады.
Қазіргі кезде әсіресе қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25 %-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады.Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өзбетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің жүріс-тұрыстары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке адамуалды және әлеуметтік жүріс-тұрыс ысымызды қалыптастырамыз, дейді».
Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады.Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Жас өспірімнің тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол анти қоғамдықпен алмасуы мүмкін.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар:...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық құқық жобалар курстық жұмыстар