Экономика | Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде

 Экономика | Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде

Мазмұны

I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-4

II. Негізгі бөлім
1.1. Девиантты мінез – құлық жайында түсінік және оның жіктелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . 5-6
1.2. Девианттылық - әлеуметтік проблема ретінде және оның факторлары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7-8
2. Алкоголизм - әлеуметтік ауру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9-12
2.1. Нашақорлық – ғасыр дерті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.2. Суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17-19
2.3. Қараусыздар мен қаңғыбастар – девиантты мінез-құлықтың бір көрінісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20-23.
3. Алкоголизм және девиация мәселелеріне байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелері. . .24-25

III. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26-27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28

Девиантты мінез – құлық жайында түсінік және оның жіктелуі.

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайларында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез – құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен - өзі түсінікті.
Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асоциальдық, антисоциальдық, девиантты, делинквентті, адиктивті мінез – құлықтар. Оның әрқайсысы жас адамның белгілі – бір мінез – құлық «кесіндісін», қоғамға тән мінез – құлық нормаларынан белгілі – бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез – құлық», себебі барлық әлеуметтік мінез – құлықты қалыпты және девиантты (лат. – жалтару, ауытқу) деп екіге бөлуге болады.
Девиантты мінез- құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс - әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Әлеуметтік норма қоғамда тарихи қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік ұйымдар мінез – құлқының, әрекетінің шегі, шарасы, мүмкіндік аралығымен анықталады.
Нормадан ауытқу жағымды (қоғамдық жүйенің дамуына бағытталған, мінез – құлықтың ескірген, консервативті немесе реакциялық стандарттарын жеңу) және жағымсыз болуы мүмкін. Соңғы түрі әлеуметтік қызметкер және әлеуметтік педагог үшін кәсіби қызығушылық туғызатын объект болуы керек.
Негативті девиантты мінез – құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды – қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, делинквентті – қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық – қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.
Девиацияны екі негізгі бағытта қарастыруға болады:
1. бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – делинквенттілік , үйден қашып кету, қаңғыру, ерте маскүнемдік, сексуальдық девиациялар, суицидтік мінез – құлық.
2. биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, фактролар, дәлелдерге қатысты, сондай-ақ әлеуметтік – психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық ерекшеліктері.
Девианттық мінез – құлық факторлары күрделі жүйені құрады, оның түрлерін әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады, мысалы, барлық асрциальдық нысандарға ортақ макросоциалдық және микросоциалдық және әрбір жеке «қауіпті топтарға» арналған арнаулы; ішкі, психологиялық, сыртқы, орташа және т.б.
1.2. Девианттылық - әлеуметтік проблема ретінде және оның факторлары.
Қазіргі уақытта кең таралған бәріне ортақ, макросоциалдық девиантты мінез-құлықтың себебі қоғамның әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістер, ол «маргинализация» түсінігімен байланысты, яғни оның тұрақсыздығы, «аралықтығы», «өтпелілігі». Жалпы экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, бұрынғы өмір салтының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар жүйесінен бас тарту әлеуметтік девиацияға әкеп соғады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез – құлықтың екінші себебіне әлеуметтік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағаттандырудың шынайы мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке бастың және қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына, олардың қоғамдық құрылымдағы орнына байланысты. Қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы айырмашылық витальдық себепке ғана байланысты емес, біздің жағдайда беделге, мәртебеге, өзін көрсетуге және т.б. деген әлеуметтік қажеттіліктердің аса маңыздылығы қарсы реакцияны тудыруға, соған сәйкес девиантты мінез-құлық танытуға әбден себеп болады. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, девиантты мінез-құлықтың негізгі себебіне материалдық және рухани қанағаттану деңгейі емес, оларды қанағаттандырудағы мүмкіндіктердің дәрежесі, айырмашылық аумағы жатады.
Девиантты мінез – құлықтың таралуына моральдық – этикалық факторлар да әсер етеді.
Девиантты мінез – құлықтың күшеюінің маңызды факторларының біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне селқос қарау жатады.
Білім жүйесінің жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің азаюы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтық «вакуумға» әкеліп соққан заң шығару ісіндегі «тоқтаулар», құқық қорғау органдарының жұмысының тиімсіздігі – осының барлығы жастарда өздерінің өмірлік проблемаларын заңды «айналып», соның ішінде қылмыстық жолмен шешуге мүмкіндік алуының қалыптасуына әкеп соқты.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін девиантты мінез – құлықтың пайда болуына әсер ететін микросоциалдық факторларды білу де маңызды. Микросоциалдық фактроларға жасөспірімдер мен жастардың үш негізгі өмірлік әрекеттерінің салаларын жатқызады: мектеп және құрдастарының референттік тобы, отбасы, жұмыс орны.
Девианттық мінез – құлықтың негізгі факторларын сөз еткенде жеке дара деңгейде девиацияның шығу тегі туралы айта кеткен жөн. Бұл деңгейде девианттық мінез – құлықтың жалпы себебіне жеке тұлғанаң объективтік қасиеттерінің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ұстанған айқындама талаптарына сәйкес келмеудің нәтижесінде пайда болатын «әлеуметтік жағдайсыздық» жатады.
Жеке дара деңгейде көрінетін девиациялық мінез – құлықтар факторларының ішіне ішкі психологиялық процестерді жатқызуға болады:
• беделге, өзін құрметтеуге қажеттілік (кейбір мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің арасында осы қажеттіліктер 12-13 жасында-ақ дамығаны байқалады және заңды бұзбайтын құрдастарына қарағанда оларда күштірек дамығандығы байқалады);
• тәуекелге бару қажеттілігі;
• жасанда қажеттіліктердің болуы (алкогольге, есірткілерге);
• эмоционалды тұрақсыздық;
• агрессивті;
• акцентуациялық мінездің болуы;
• психикалық дамудағы тежелу, ауытқу;
• өз - өзіне адекватсыз баға беру және т.б.
Девианттық мінез – құлық проблемаларын нақты нысандар деңгейінде қарастырмас бұрын жоғарыда аталған негізгі факторларға қосымша ерекше факторлардың да бар екендігін айта кеткен жөн. Девианттық мінез – құлықтың нақты нысандар деңгейіндегі ерекше факторлары бір – бірімен өзара әрекеттеседі, өйткені шығу тегі отрақ бола отырып, девианттық мінез – құлықтың әртүрлі нысандары белгілі – бір жағдайларда өзара байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, шартты түрде тұрақты корреляция бар екен, ол тура және кері болады, бұл зорлау немесе қасақана жасалған қылмыс арасында, маскүнемдік пен нашақорлық арасында, әйелдер қылмысы мен жезөкшелік арасында байқалады.
Барлық осы жағдайларды девианттық мінез – құлықты жастардың нақты санаттарымен - қараусыздармен, маскүнемдермен, нашақорлармен, жезөкшелермен, құқық бұзушылармен және т.б. әлеуметтік жұмыс ұйымдастыруда ескерген дұрыс.
2. Алкоголизм - әлеуметтік ауру.
Маскүнемдік – шамадан тыс алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, ол жас адамның денсаулығына зиян келтірумен қатар, оның әлеуметтік бейімделуіне әкеп соғады. Алкоголизм – спирттік ішімдіктерді үнемі қолданудан болатын интоксикация табиғатының психиатриялық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша алкоголизм спирттік ішімдіктерді мәжбүрлі түрде қабылдаумен сипатталады да, үздіксіз немесе мерзімді қолданудан алкогольді көтерудің өзгеруіне әкеп соғады (ең алғашқыда ол көтеріледі, кейіннен ол төмендейді), ал спирттік ішімдікті пайдаланбаған кезде соматикалық вегеактивтік, неврологиялық бұзылулар болады.
Алкоголизм – бірнеше кезеңдерден тұратын ауру: ол тұрмыстық маскүнемдіктен басталады, клиникамен аяқталады. Организмде қайтарымсыз процесс болады: спирт айналым қызметі үшін қажеттілік болып табылады, спиртке деген құштарлық патологиялық сипатқа ие болады. Спирт өмірлік жүйесінде негізгі болады.
Маскүнемдік пен алкоголизм өзара байланысты, біріншісі алкоголизмнің алғышарты болып қаралады.
Маскүнемдік пен алкоголизм проблемалары соңғы жылдары жастардың проблемасына айналып барады. Осы мәселемен арнайы айналысатын мамандар мынадай қорытындыларға келіп отыр:
• ішетіндер контингентінің жасаруы байқалып келеді, ол жасөспірімдердің өте жас кезінен бастап спирттік ішімдіктерді қабылдай бастауымен байланыста;
• әр бір келесі ұрпақ алкогольдік ішімдіктерді қабылдауды алдыңғы ұрпақтан да ерте бастайды;
• жастар бұл құбылысқа үлкен төзімділік пен түсіністік танытып отыр.
Маскүнемдік пен алкоголизм проблемасын қарастырғанда, алкоголизмнің әлеуметтік ауруға жататынын міндетті түрде еске сақтау керек, өйткені ол қоғамдық санада, қоғамда әлеуметтік, экономикалық қайшылықтардың болуына байланысты. Осы қайшылықтардың арасында спиртке деген қол жетерлік жағдайдың жоғарғы дәрежесін атауға болады, оған кейбір мемлекеттерде ол псивдокоммерциялық пайда үшін ұлғайтылуы (бірақ, мамандардың есептеуінше, мысалы, спиртті сатуға жіберілген бір теңгеден қоғам 3-6 теңге тура пайда тапса, ал табатын жанама шығыны – денсаулықты жоғалту, өлім, қылмыс және т.б.), қоғамның спиртті пайдалануға деген жайбарақат – бейғам қатынасы; ішімдікпен байланысты мәдени – тарихи қалыптасқан әдет – ғұрыптардың болуы себепкер болады.
Жастар ортасында маскүнемдік пен алкоголизмді болдырмау ісімен айналысатын әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар белгілі – бір, нақты істер атқарады. Әлеуметтік педагогтың негізгі осындай қызметіне:
1. Әлеуметтік – педагогикалық, ол бала мен отбасына әлеуметтіу әсер ету процесінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды жақсартуда, баланың дамуы үшін қолайлы әлеуметтік орта құру, балаға бақылау жасауды жүзеге асыру барысында көмек көрсетуден тұрады.
2. Әлеуметтік – оқыту, баланы маскүнемдік пен алкоголизм проблемасы туралы білім беруге, сондай – ақ алкоголизация процесінде еліктіруге қарсы келе алатын қажетті әлеуметтік іскерліктер мен дағдыларды үйретуге бағытталған.
3. Құқық қорғаушылық, ол алкоголизмге бейім баланың құқығын қорғау және сақтауды қарастырады.
Ішімдікке салыну проблемасының маңыздылығы мемлекеттің келесі қағидаларға сүйене отырып, арнаулы алкогольдікке қарсы саясатты жүзеге асыруын қажет етеді:
 Халықтың негізгі массасының өмірінен алкогольді толықтай алып тастаудың болашақта еш мүмкіндігі жоқ екенін мойындау, мемлекет пен қоғам тарапынан маскүнемдік пен алкоголизммен күресу бағдарламасын жасау мен оны жүзеге асырғанда алкогольді қолданудың ұстамды қағидасы мен одан бас тарту қағидаларын негізгі деп ұстану керек;
 Маскүнемдік пен алкоголизмді құбылыс ретінде қабылдау басқа көптеген әлеуметтік құбылыстарсыз мүмкін емес, сондықтан бұл мәселе бойынша құрылатын мемлекеттік саясат мемлекеттің шынайы жағдайлары мен мүмкіндіктерін, соның ішінде экономикалық, мәдени-тәрбиелік, міндетті түрде халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, халықтың алкогольге деген қатысының сипаттарын есепке ала отырып және оған объективті талдау жасау негізінде құрылуы керек;
 Профилактикалық, мәдени, тәрбиелік және білім беру сипатындағы шараларға, сондай-ақ, алкогольді қолдануды саналы түрде шектеу шараларына көбірек мән берілгені дұрыс, себебі әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, қатал тыйым салу мен шектеулер маскүнемдікпен күрестің табысты болуын қамтамасыз етпейді және қосымша қиындықтар туғызып, проблемаларды шешуді күрделендіре түседі;
 Мемлекеттің алкогольге қарсы саясатын халық тарапынан қолдау, маскүнемдік пен алкоголизмді алдын алу шараларына қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, қорлардың қатысуы, мемлекеттік органдардың қоғамдық пікірді және мемлекеттің саясатына халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін есепке ала отырып зерттеу;
 Елімізде маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын-алудың ауқымды жүйесін құру, оларды әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жігі мен кәсіби топтарына әсер ету тиімділігін ескере отырып, халыққа алкогольге қарсы білім беру мен тәрбиелеуді жүргізудің мазмұны мен әдісінің ғылымилығын қамтамасыз ету;
 Алкогольді қолданудың алдын-алудың тиімді құралы ретінде профилактикалық тәрбиелік әсер етудің арнаулы жүйесін құру және дамыту;
 Мемлекеттің алкогольге қарсы саясатын басқарудың және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және басқа да әлеуметтік институттардың әртүрлі алкогольге қарсы күштерін бағдарлаудың тиімді механизмін құру.
Бұл қазіргі уақыттағы алкоголизмге қарсы қолданылып отырған шаралар болып табылады.
Ал енді сәл тарихқа бет бұрсақ, яғни ішімдіктің қандай кесапатқа әкеп соққаны жайында бірер әңгіме қозғасам деп едім. Құранда ішімдікке тыйым салынғаны белгілі. Өкінішке орай, Ресей тарихында Киев князі Владимирдің қай дінді таңдасам екен деп едәуір қиналған сәті болғанын білеміз. Сонда ол Византиялық христиан діні мен ислам дінінің бірін таңдауға тиіс болған еді. Жылнамаға сүйенсек, ақтық таңдау жасауға оның мына сөзі түрткі болыпты: «Ресейде көңіл көтеру деген – ішу». Сөйтіп, князь Владимир ислам дінін емес, осындай көңіл көтеруді насихаттайтын дінді қабылдады. Ресейдің кейінгі тарихында мұндай көңіл көтерудің неге әкеп соққаны белгілі. Дегенмен, мысал келтіріп өтсем, Ресейдің ең соңғы императорының бірі Үшінші Александр іс жүзінде түзелмейтін ішкіш болған. Тіпті оның сарай қызметшілерінің көзінше мас болып еденге құлап, жатқан жерінен тұра алмай, олардың аяғына жармасқан сәттері де болыпты. Ал Ресейдің ең соңғы императоры Екінші Николай мас күйінде Кайзер Вильгельммен бірге аңға шығып, Антанта туралы жасалған шартқа қарамастан, Германиямен арадағы шартқа қол қойған . Кейін бұдан амалсыз бас тартуға мәжбүр болды. Осыған байланысты маңызды халықаралық жанжал шыққан. Таяудағы ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру