Педагогика | Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау,

 Педагогика | Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау,

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................
І Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері. 5
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық негіздері. 5
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары.
ІІ – тарау. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету.
1.1. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту
1.2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси – мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті.
Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып – біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Бастауыш сыныпта оқушылар өз өмірін дұрыс ұйымдастырып, оқушылар өзара мұғалімдермен, ата-аналармен шынайы да, сыпайы ізгілікті қарым қатынас орнатуға, кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: “… бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктермен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көз қарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала” – деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты – балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім беру мен қағаттанып сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін негізгі мақсаты болып саналады.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көз қарас ең алдымен білім, білік дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болуына орай өткенімізді саралап, болашағымыз ды дамытуға кеңінен жол ашылды. Тәуелсіз мемлекеттің алдында тұрған ең басты міндет, еліміздің әлеуметтік, экономикасын, мәдениетін көтеру.
Бүгіңгі тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала – бақшасының, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың халықтың жолдауындағы “Қазақстан - 2030” стратегиясында Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әр бір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау” – деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының
орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
“Білім тұжырымдамасының” 4.3 – бөлімінде І саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар оқудың ұзақтығы 4 жыл. Оқу алты жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл – ойының дамуымен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Орта білім беретін мектептердегі негізгі проблемлардың бірі – оқушылардың сабақ үлгермеушілігі болып табылады.
“Білім тұжырымдама” сында айтылғандай орта білім беретін мектептердің негізгі міндеті жаңа қоғамға жан жақта білімді, дүніетанымы кең, ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан бала тәрбиелеу, бұл міндет – мұғалім бойына жіктеледі.
Орта білім беретін мектептердің негізгі міндеттерінің бірі үлгермеушіліктің алдын алу және оны болдырмауға әрекет жасау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш мектеп математика пәнінде оқушылардың үгермеушілігін болдырмау.
Зерттеудің пәні: 3-сыныптағы математика пәні.
Зерттеудің мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдарын қарастыру, алдын алу шараларын ұйымдастырудың жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа үлгермеушілігін анықтау барысында зерттеліп жазылған педагогикалық - психологиялық еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау жасау.
2. Озат педагогикалық тәжірибелердегі оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау, туралы тәжірибелік еңбектерді зерттеу, салыстыру арқылы тиімділігін анықтау.
3. Оқушылардың үлгермеушіліктерін болдырмауды қолданылатын әдіс – тәсілдерді анықтап беру.
Зерттеудің әдістері: оқушылардың іс-әрекетін бақылау дидактикалық, теориялық және оқу әдістемелік құралдарды оқып талдау, талдау-жинақтау әдістері.
Жоспар:
І – тарау.
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық негіздері.
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгіңгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
“Білім негізі – бастауыш та” деп бекер айтпаған. Ол үшін дайындығы мықты тәжірибесі мол бастауыш білім маманы қажет. Мектеп-үздіксі білім беретін мекеме. Олай болса бар күш-жігерді бастауыш білім беруге салған ләзім.
“Адам-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” деген Абай атамыздың сөзін ұмытпай әр кез жадымызда сақтағанымыз дұрыс. Бастауышта жақсы білім алған оқушы одан әрі білімді еш бір қиындықсыз меңгере алады. Бастауышта алыңған білім білімдердің негізгісі болып табылады.
Білім алу процессінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз айларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде элементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат жөнінде кей бір түсініктер беріледі.
Білім бері саласында оқыту прцессінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту прцесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдермен балалар ынтымақтаытығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабилеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл бұындар сабақта сан алуан үйлесуі мен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай алады.
Сабақта білімді игеру процесінің негізгі бұындарының әр алуын комбинациясын оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсаты, оқушылардың жас және дербес ерекшіліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшіліктері олардың дербес сабақтарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әліде болса, ұзақ уақыт бойына өзінің назарын де болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді. Оқушылардың, жасына, оқу шеберлігіне және дағдыларының жинақталуына қарай мұғалімнің басшылығымен істелгін жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге коллектив ретінде, сыныптың ерекшеліктерімен, оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.
Мәселен, бастауыш мектепте сабақ өткізуде сан алуан ойын жаттығулары едәуір орын алатындығы мәлім. Бірақ, егер мұғалім ойынды ірктеп алғанда сыныптың ерекшеліктерін ескермес, онда ойын оқушылардың жұмыс қабілетін ширықтырып, қалпына келтірудің орнына оқу тәртібін бұзуға әкеп соғуы мүмкін. Мұның бәрі сабақтардың бір типті бола алмайтындығына көз жеткізеді.
Оқушылар мектепте білім ала отырып, тәрбиеленеді де. Тәрбие оқудан ажыратылмайды. Мектеп беделі ең алдымен сабақтарда көтеріледі. Оқу сабағы, грамматика, математика сабағы - ұдайы тәрбиелеу. Тәрбие сәттері сабақ үстіндегі мұғалімнің сұрақтары, оқушының жауаптары, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті сияқты дағдылы жұмыстары мен ұштасып жатады.
“Мен барлық ұстаздарға былай ғыбрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбекқор адамның мақтаныш сезімі осы оттың тұтанар бірден бір көзі”. В. А. Сухамлинский.
Егер барлық балалар алдарына қойған міндеттерді орындаса, егер бір біріне өзара көмектесіп сергек рақаттана жұмыс істесе, егер өткерілген оқу күніне риза болып, үйлеріне тараса және ертеңгі күнді асыға күтетін болса, онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал мұның өзі – мұғалім еңбегімен оқушылар үлгерімі нәтижелерінің көрсеткіштерінің бірі. Біздерге, мұғалімдерге В. А. Сухамлинскийдің: “Еңбектегі табыс-бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды” – деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек.
Оқудағы үлгерім жолындағы күресу-балаларды оқи білуге үйрету, әр қайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесуі, ұйымшылдыққа, дербестікке, жауапкершгілікке, еңбек тәртібіне тәрбиелеу.
Сабақты түсіндіре басқару, үлгі-тірек жұмысы сабақта өтілгендердің бәрін балалардың сезініп ой елегінен өткізуіне, өз іс-әрекеттерін, түсіндіріп, негіздеп отыруына көмектеседі.
Сабақтың құрылуына оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың дербес сабақтарға дайындық дәрежесі шешуі ықпал етеді. Оқушы әлде болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-ірекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді.
Оқыту процессінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу – бұл оқыту процессінің негізгі заңдылығының біреі болып табылады.
Оқыту және тәрбие беру ісінде осы заңдылықты мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Жас ерекшеліктері төмеңгі жағдайда есепке алынады.
а) оқу жоспарларын
ә) оқу бағдарламаларын
б) оқулықтар және оқу құралдарын т.б. ларды жасағанда.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері жасалылнады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады. Оқу және тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
1965 жылы Симпозиумда қабылдаңған бойынша туған баладан бастап жас өспірімділік шаққа дейін 7 сатыға бөледі.
1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін)
2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жылға дейін)
3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
4. Мектепке дейіңгі балалық шақ (4-жастан 7 жасқа дейін)
5. Бастауыш мектеп шағы (7-жастан 11-12 жасқа дейін)
6. Жеткіншек шағы (7-жастан 11-12 жасқа дейін)
7. Жас өспірімдік шақ (14 жастан 17 жасқа дейін)
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауға байланысты 4, 5, 6 және 7 сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі-жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу, үйеммен, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің 7-12 жастағы балалар ұзақ уақтылық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабилетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алғаны жөн.
Тәрбие процессінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық т.б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің, ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты. Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кіналаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айырықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика біршама ертеде-ақ көрсеткен еді. Өткен заманның Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтары тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға шақырған болатын.
Қазіргі педагогикамен психология балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың маңызын асырып көрсетеді. Баланың дамуын үнемі қозғалыс процесі ретінде қарай отырып, педагогика бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу және сапа жағынан елеулі өзгерістер болу кезеңдері болып көрсетеді. Мәселеге былайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бір қатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары жас мөлшерінің әр түрлі кезеңдерінде адам организмінің даму ерекшеліктерін зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізілді. Осының негізінде бірінен соң бірі қайталанып отыратын кезеңдерге бөлу қабалданды.
Белгілі бір жастық кезеңге тән анатомия – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды.
Жас ерекшеліктері деген ұғым қайсы бір дәрежеде шартты ұғым, іс жүзінде баланың даму ерекшеліктері жас ерекшеліктеріне ғана байланысты болмайды, бұл ерекшеліктер өзін қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасқа түсу процесінде қалыптасады. Сондықтан, педагогикамен психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықтылықты, өзгерімпаздықты, солардың тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайын өз ара қарым-қатынастары жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
Жеке даралық ерекшеліктер жас ерекшеліктермен тығыз байланыста болады – бұлар белгілі бір адамға тән болып келетін және оны басқа адамдардан ажыратып көрсететін жеке адамның мінездің, ынта-ықыластың, ақыл-ой қызметінің бағытты болуындағы елеулі әрі тұрақты ерекшеліктер.
Әр бір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптады. Әр бір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесінді тәрбиелеу дейді.
Мұғалім күнделікті оқу-тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап есепке алып отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға кейбір баланың оқу-материалын тез ұғуы немесе баяу ұғуы берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс-әрекеттерінің барысындағы белсенділік немесе енжарлық, бір баланың байсалды, ұстамды болуы, екіншісінің жеңілтек, қызба болуы баланың ұжымшыл болуы немесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б. Осы сияқты әр түрлі дара айрымашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспарлауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасап, нақты шаралар белгілейді.
Әр жастағы, оның ішінде төмеңгі мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше бұл ерекшеліктер баланың бұдан бұрыңғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі төмеңгі класс оқушысының ерекшеліктерін зерттеп отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейіңгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды, және өз тәрбиеленушілерінің бұдан былайғы даму перспективаларын көрмей тұра алмайды.
Оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет: кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру