Биология | Акушерлік геникология ветеринарияда

 Биология | Акушерлік геникология ветеринарияда

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1.Ұрғашы малдардың жыныс органдарының анатомиялық құрылысы
1.2. Әр түрлі түлік малдардың жыныс мүшелерінің айырмашылықтары
1.3. Жыныстық қатынастардың циклдері және оның кезеңдері
1.4. Толық және толық емес жыныстық циклдер
1.5. Орташа жыныстық циклдердің ұзақтығы
1.6. Еркек малдардың жыныс органдарының анатомиялық-топографиялық
ерекшеліктері
2. Өзіндік зерттеу
Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3. Тіркелген мәліметтер
3.1. Үй жануарларының көбею мүшелері
3.2. Әр түлік еркек малдардың көбею мүшелері
3.3. Ен және ен қосалқысының құрылысы
3.4. Малдың күйлейтін мерзімі және овуляция өтетін уақыт (кесте)

Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну
ерекшеліктері

Ұрғашы малдардың жыныс органдарының анатомиялық құрылысы

Ұрғашы малдардың жыныс органдары сыртқы және ішкі бөлімдерінен тұрады. Сыртқы бөліміне: сарпайы, қынаптың алдыңғы кіреберіс бөлігі, шүртекей жатады. Ұрғашы малдың ішкі бөліміне: қынап, жатыр, ұрық жүретін түтікше, жыныстық бездер жатады.
Сыртқы жыныс мүшелері. Қынап кіреберісі (vestibulum vaginae) жыныс саңылауынан басталып қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8-14 см болатын түтікше орган. Сиырда, қойда, ешкіде және мегежінде зәр шығатын тесік кішкентай көлденең қатпармен екіге бөлінген, оның үстіңгі бөлігі зәр шығатын арнаға, яғни қуыққа барады да, ал астыңғысы тараңдігі 2 см болатын тұйық тесік – дивертикул (diverticulum suburetrale) түзеді. Бұл анатомиялық ерекшеліктерді мал ұрықтандырғанда немесе қуыққа катетер салғанда ескеру қажет. Биеде дивертикул болмайды. Қынап кіреберісінің атқаратын негізгі қызметі жыныстық қатынасты (шағылысуды) қамтамасыз ету.
Қынап кіреберісінің қабырғасы үш: кілегейлі, етті және дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Кілегейлі қабат көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған және ол әр түрлі қалыңдықта қатпарлар түзеді. Қынап кіреберісінің екі жағында, кілегей қабаттың астында екі қатар орналасқан шырыш бөлетін түтік тәрізді.
Жыныс саңылауынан 1,5-2,5 см тереңдікте, сарпайдың жоғарғы бұрышына жақынырақ, етті қабаттың ішінде қынап кіреберісінің үлкен (вестибулярлық) бездер (gl. Vestibulares major) және кіші бездері (gl. vestibulares minores) орналасқан. Бұнымен қоса биеде, мегежінде, қаншықта қынап кіреберісінің екі жағында, сарпай сфинктерінің астында тереңіректе, тығыз фиброзды қабықпен қапталған екі қуыс немесе каверналық денелер (bulbus vestibuli) орналасқан. Бұл денелер жыныстық қатынас кезнде қанға толып, сарпай ісінеді.
Қынап кіреберісінің төменгі бұрышында, шонданай сүйегінің үстінде, аталық жыныс мүшесінің рудименті – шүртекей (clitoris, cunnus) орналасады. Ол екі түрлі кавернозды денеден (венозды және артериалды) тұрады. Шүртекейдің жүйке ұштарына өте бай басы, денесі және аяқтары бар.
Сарпай (vulva) сыртынан нәзік түкті терімен қапталған екі жыныс ернеулерінен (labia vulvae) тұрады. Осы жыныс ернеулерінің жоғарғы жағы биеде сүйірленіп (commisura labiorum superior) және төменгі шектері доғалданып (commisura labiorum inferior) қосылып, жыныс саңылауын құрайды.
Ішкі жыныс мүшелері. Жұмыртқалық (ovaria, oophoron) – жұп орган, негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасын (клетка) және жыныстық гормондар түзіп шығару.
Сыртқы пішіні дөңгелек, сопақша болады, тығыз, көлемі: сиырда 3х2 см, ұсақ малдарда 1,5х1 см. биелердің жұмыртқалықтары бүйрек тәріздес, көлемі 5х3 см, кейде одан да үлкен, ал мегежіндердің жұмыртқалықтары 3х2 см, сырты бұжырланып тұрады.жұмыртқалықтың көлемі, салмағы малдың әртүрлі физиологиялық жағдайларына қарай өзгеріп отырады.
Жұмыртқалық сыртынан алғашқы эпителиймен қапталған. Осы қабаттың астында ақзаттық қабат орналасады. Жұмыртқалықты тіліп көргенде екі, яғни сыртқы – фолликулярлы және ішкі – милы (қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі) аймақтардан тұратынын ажыратамыз.
Фолликулярлы аймақта алғашқы, дамушы, пісіп жетілген фолликулдар (граафов көпіршігі) және сары денелер орналасқан.
Жұмыртқалық сиырда, қойда және ешкіде жамбас қуысында, биеде құрсақ қуысында оң жағынан 3-4-ші, ал сол жағынан 4-5-ші бел омыртқалардың астында, мегежінде, қаншықта, мысықта құрсақ қуысының артқы бөлігінде орналасады.
Жатыр түтікшелері (salpinx) – негізгі қызметі аналық және аталық жыныс торшалардың кездесуін қамтамасыз ету. Ол үшін қабаттан (кілегейлі, етті, сірлі) тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік.
Жатыр түтікшесінің ішкі кілегейлі қабаты кірпікшелі эпителийден тұрады. Ұзындығы биеде, түйеде, сиырда, мегежінде 25-30 см, қойда және ешкіде 10-15 см түтіктің ішкі диаметрі жұмыртқалыққа жақындаған сайын кеңейе береді де, ақырында жалбырланып барып бахромкамен бітеді. Кейде тіпті жұмыртқалықты қоршап жатады.
Жатыр (uterus, hystera, metra) – негізгі қызметі төлдің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Жатыр күрделі және жай болып бөлінеді. Күрделі жатыр жануарларда (қос тармақты екіге бөлінген – сиырда, түйеде, қойда, ешкіде, мегежінде, қаншықта; қостармақты – биеде, есекте), қос жатыр – кеміргіштерде, ал жай жатыр – приматтарда. Жатыр қабырғасы кілегейлі, етті, сірлі қабаттардан тұрады.
Жатыр жамбас қуысында орналасқан. Сиырдың жатыр тармақтары жамбас қуысында жатады. Кейде көп туған немесе кәрі сиырларда құрсақ қуысына қарай түсіңкіреп орналасады, ал биенің, мегежіннің, қаншық пен мысықтың жатыр тармақтары құрсақ қуысында жатады. Олар жатыр шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшық еттеріне бекітілген.
Жатыр үш бөліктен тұрады: жатыр мойыны, денесі және тармақтары.
Жатыр мойыны (cervix uteri) қынап пен жатыр денесін жалғастырып тұрады, өте тығыз, бұлшық етті орган. Оның диаметрі 3-4 см цилиндр тәрізді, ұзындығы сиырларда 10-15 см-ге жетеді.
Жатыр мойнының кілегейлі қабаты ұзынынан (биеде) және көлденең (сиырда, қойда, ешкіде, мегежінде) орналасқан қатпарлартүзеді.
Осы көлденең қатпарлардың ұштары мегежіннен басқа малдарда қынапқа қарай бағытталып, бір-бірімен түйісіп тұрады. Мегежінде бұл қатпарлардың ұштары бір-бірімен түйіпейді. Жатыр мойнының кілегейлі қабатының эпителийі муцин тәрізді кілегейлі шырыш бөледі, ол ауаның әсерінен қоюланып жатыр мойнында тығын түзеді.
Жатыр денесі (corpus uteri) жұмсақ, ұзындығы 2-3 см, биенің жатыр денесі кең, ұзындығы 10-15 см жетеді, себебі биенің төлі жатыр денесінде және тармағында өсіп дамиды, ал қалған малдарда төл жатыр тармақтарында өсіп дамиды.
Жатыр тармақтары (cornua uteri) жатыр денесінен әрі қарай жіңішкере келеді де, ұрық түтікшелеріне ауысады. Жатыр тармақтарының екіге бөлінген жерін бифуркация деп атайды. Жатыр денесінен осы бифуркацияға дейін тармақ аралық өзек түзіледі. Сиырдың жатыр тармақтары қошқар мүйізі тәрізденіп астына қарай бүктеліп жатады, ұзындығы 20-30 см. Биенің жатыр тармақтары алға қарай, төмен түсіп барып, тармақтарының ұштары жоғары қайырылып тұрады, яғни дөңес жағы астында да, ойыс жағы үстіне қараған.
Мегежіннің жатыр тармақтары ішек тәрізді иректеліп құрсақ қуысында жатады, ұзындығы 1,5-2 м-ге дейін жетеді. Күйіс қайыратын малдардың жатыр тармағында кілегейлі қабаттан түзілген, арнайы құрылымдар - карункулалар орналасады, олардың жалпы саны 80-120 дейін жетеді, олар тармақтарда 3-4 қатар, жатыр денесінде ретсіз орналасқан. Карункулалардың беткейінде кішкентай тесіктер бар, оларды крипталар деп атайды. Сиырлардың карункулаларының беткейі дөңестеніп келеді де, ал ұсақ малдарда түйме тәрізді ойыстанып келеді.
Басқа малдарда карункулалар болмайды, сол себепті крипталар жатырдың кілегейлі қабатының беткейінде орналасады. Бұнымен қоса жатырдың кілегейлі қабатында жатыр бездері орналасады.
Қынап (vagina, colpos) жамбас қуысында тік ішектің астында орналасқан. Негізгі қызметі шағылысуды қамтамасыз етеді және төл жүретін жол болып табылады. Оның ұзындығы ірі малда 30-35 см, уақ малда 10-20 см түтік, үш (кілегейлі, етті, адвентиция) қабаттан тұрады. Кілегейлі қабаты көп қабатты эпителиймен қапталған, ұзынынан орналасқан көптеген қатпарлар түзеді.
Қынаптың вентралдік бөлігінде ұзынынан орналасқан гартнер жолдары жатыр. Қынаптың краниалдік бөлігінде, жатыр мойнының жоғарғы жағында кеңейген күмбез тәрізді кеңістік түзіледі. Қынап пен қынап кіреберісін кішкентай ғана көлденең қатпар бөліп тұрады, ол – қыздық перде (hymen) деп аталады.

Әр түрлі түлік малдардың жыныс мүшелерінің айырмашылықтары

Сиырдың жұмыртқасы 3х2 см дөңгелектеу, саулық қой мен ешкінікі 1х1,8 см. Сиырдың жұмыртқа түтікшесінің ұзындығы 25-30 см, қой, ешкінікі 9-18 см. Қысыр сиырдың жатыр мүйізінің ұзындығы 20-25 см, қой, ешкінікі 10-15 см.
Сиырдың жатыр мүйіздерінің кілегейлі қабығында 4 қатар карункулалар орналасқан. Әр бір қатарында 10-15 карункуладан бар. Жатырдың екі мүйіздерінде 80-120 карункулалар бар, ал қой мен ешкілерде 88-110-ға дейін карункулалар бар, сиырдың, қой, ешкінің жатыр денесінде төл өсіп жетілмейді, ал оның ұзындығы сиырда 2-4 см, қой, ешкіде 2-4 см.
Сиырдың жатыр мойнының ұзындығы 8-10 см, қой, ешкіде 5-7 см, сиыр қынабының ұзындығы 22-27 см, ал қынабының сыртқы бөлігінің ұзындығы 10-14 см, ал қой мен ешкіде 8-10 см және 6-8 см.
Күйіс қайтаратын малдардың жатыр мүйіздері екі бөлік болып келеді.
Мегежіннің жұмыртқасы бұдыр-бұдыр, диаметрі 2-5 см, ал жатыр мүйіздерінің ұзындығы 100-200 см болып келеді, жатыр мойнының ұзындығы 10-20 см,
Бие мен есектің жұмыртқалары лобия тәрізді, көлемі 5х9 см. Пісіп жетілген фолликуланың көлемі 4х6 см, жұмыртқа түтікшесінің ұзындығы 25-30 см. Жатыр мүйіздерінің ұзындығы 18-30 см, басы астына қарай қараған қынабтарының ұзындығы 22-30 см. Жатырларының дене ұзындығы 8-15 см. Төлдің пісіп жетілетін жері жатыр денесі мен жатыр мүйіздерінің ішінде болады.
Қаншықтың жұмыртқасы 1х2 см, ол 3-4 бел омыртқасының астыңғы жағында орналасқан жұмыртқа түтікшесінің ұзындығы 4-10 см, жатыр мүйіздерінің ұзындығы 9-14 см, жатыры екі мүйізді.
Ұрғашы мысықтың жұмыртқасының көлемі 1х2 см, жұмыртқа түтікшелерінің ұзындығы 4-5 см, жатыр мүйіздерінің ұзындығы 7-10 см тіктеу келген, қынабының ұзындығы 3 см, қынабының алдыңғы бөлімінің ұзындығы 2 см, жатыры екі мүйізді.

Жыныстық және табиғи физиологиялық пісіп жетілу

Организмнің жыныстық қатынасқа пісіп жетілу қабілеті орын алғанда, денеде жыныстық қатынас гармондары пайда болады. Ол ұрғашы малдарда жыныстық циклдердің, ал еркек малдарда жыныстық рефлекстердің пайда болуымен белгілі болады. Мал түліктерінде жыныстық қатынастарға пісіп жетілу физиологиялық пісіп жетілуден ертерек болады.
Малдардан төл алу үшін олардың жасы физиологиялық пісіп жетілу қабілетіне келгенде ғана және ол малдардың салмағы төлдеген малдардың салмағының ең кемі 70%-на жету қажет. Малдың ең жақсы төл беретін мезгілдері: жылқыда 16-18 жасқа дейін, сиырда 10-12 жасқа дейін, қой, ешкіде 6-9 жасқа дейін, шошқада 7-10 жасқа дейін.

Жыныстық қатынастардың циклдері және оның кезеңдері

Жыныстық қатынастардың циклдері -- өте күрделі жүйе, қан арқылы пайда болатын рефлекторлы әсерден жыныс мүшелері мен бүкіл организмде физиологиялық және морфологиялық өзгерістердің бір қозу сатысы мен екінші қозу сатысына дейінгі мерзім, өзгерістерді айтады.
Жыныстық қатынас үш кезеңнен тұрады:
1) қозу
2) тежеу
3) орнықты күйге түсу.
Қозу. Ұрғашы малдың қозу кезеңінде, аналық жыныс мүшелерінен шылым ағады, жыныстық қозу байқалады, аталық өндіруші малды керек етеді. Жұмыртқасында фолликулиндер пісіп жетіледі де, ұрғашы аналық ұрық сперматозоидпен кездесіп қосылады. Денеде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Ұрғашы малдың жыныстық қозу кезеңінде қан қысымы көтеріледі, қанның құрамы өзгереді, сүтінің сапасы өзгереді. Бұл жағдайда жатырда қан айналымы тездетіп жиілейді, зат алмасу процессі күшейіп, ферменттердің әсерінен ұрғашы малдың жұмыртқасында фолликулиндер тездетіп пісіп жетіледі.
Шырыш ағу (oestrus) – ұрғашы малдың жыныс мүшесінде морфологиялық өзгерістердің себебінен болады. Шырыш аққан кезеңде, малдың сарпайы аздап ісініп, ішкі кілегейлі қабығы қызарып кетеді. Бұл жағдайда жатыр аздап ашылып ішінен және қынап, қынаптың сыртқы бөліміндегі кілегейлі қабықтарда орналасқан жыныстық бездерден сұйық зат – шырышы ағады. Жатыр мойнының ашылып, ішінен кілегейлі сұйық заттардың I, II, III кезеңдегі ағу процестері байқалады. Осы кезеңде малдың жатыры үлкейіп, жиырылып тұрады.
Жыныстық қозу (жалпы реакциясы). Бұл жағдайда ұрғашы аналық мал жем-шөп жемей, қатты мазасызданады, кейде өрескел мінез танытады, сүті кеміп кетеді, бұқаларға не сиырларға ырғиды немесе басқа сиырлардың өзіне үстіне ырғуына қарсы болмайды, бірақ әлі де болса өзіне бұқаның ырғып жыныстық қатынас жасауына қарсы болады.
Күйлеу (libidosexualis). Бұл жағдайда ұрғашы мал еркек малдың қасына келіп, оған өзіне ырғып, жыныстық қатынас жасауға қарсы болмайды.
Фолликулиннің пісіп жетілуі және овуляция. Ұрғашы малдың пісіп жетілген фолликуласынан ооцид (ұрғашы малдың ұрығы) шығады. Ол жұмыртқаның граф фолликулаларындаөсіп жетіледі. Эстроген гармоны фолликулалардың (ооцидтің) пісіп жетілуіне тікелей әсер етеді. Пісіп жетілген фолликуладан жарылып, фолликулярлы сұйықпен бірге аналық жыныс жасушасының бөлініп шығу процесін овуляция деп атайды.
Сиырдың тек бір жұмыртқасында 140 мың, мегежінде 120, ешкіде 28, қаншықта 200 мың ұрғашы ұрықтар бар.
Фолликулалардың өлуін атрезия деп атайды, осымен бірге фолликулин гармондарын қанға бөліп шығарады. Атрезия кезеңі – малдың жыныстық қатынасқа пісіп жетілу қабілетінің алдында орын алады және үлкен малдардың овуляция кезінде, мал буаз кезінде орын алады. Бұл процестердің барлығы орталық жүйке жүйесі жұмысымен реттеледі. Пісіп жарылған фолликуланың орнын ұйыған қан мен лютеин клеткалары толтырады, кейін ол жұмыртқаның сары денесіне айналады. Жұмыртқаның сары денесі мал буаз болған кезеңнен бастап пайда болады да, прогестерон гармондарын қан арқылы бөліп тұрады.
Егер де овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп буаз болған жағдайда, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметінтоқтатпай, сақталып қалады. Мұндай сары денені буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егер де, буаздық болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, жоқ болып, сіңіп кетеді де, ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды.
Бұндай жағдайда сары дене жыныстық циклдің сары денесі деп аталады. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары дене тұрып қалған немесе персистентті сары дене деп аталады. Бұл аурудың белгісі.
Көп төлді жануарлардың жұмыртқалығында бір мезгілде бірнеше фолликулдар пісіп жетіледі де, овуляция процесі ұзаққа созылады.
Прогестерон гармоны буаз мал төлінің өсіп жетілуіне, малдың желінінің жетілуіне тікелей қатысады, буаздықтың мерзімі толық орындалуына, төлдің туғанға дейін мерзімін сақтауға тікелей қатысады. Прогестерон гармоны жұмыртқада фолликулиндердің өсіп жетілуіне, оның овуляция жасауына мүмкіндік бермейді, сондықтан да буаз малдарда фолликулиндер өсіп жетілмейді. Ірі малдарда фолликула мен оның овуляциясын қол салып, тік ішек арқылы көруге, байқауға болады.
Тежеу кезеңі. Бұл кезеңде жыныстық қозу мен шылым ағу белгілері төмендейді. Аталық малға қарамай, оң реакция танытпайды. Жұмыртқаның овуляция жасаған фолликулиннің орнына сары дене пайда болады. Жатыр мойны жабылып, жатырдан сұйық заттар ақпайды. Ұрғашы мал тынышталып қалады. Қайтадан жем-шөпке қарайды. Сүттің сапасы орнына келіп, қанның құрамы дұрысталады. Аталық малдарды қасына жолатпай, теріс мінез көрсетеді, тебеді, сүзеді.
Орнықты күйге түсу кезеңі. Аналық мал бұл кезеңде орнықты күйге түседі. Сабырлылық сақтайды. Аталық малды қасына жолатпайды. Жұмыртқасында жойылған фолликулалардың орны бар және пайда болған сары денесі бар. Жатыр мойны жабық.

Толық және толық емес жыныстық циклдер

Егер аналық малдың жыныстық қозу кезінде барлық белгілері (феномендері) болса, атап айтқанда шылым ағу, жалпы жыныстық қозу, күйлеу, овуляция болса оны толық жыныстық циклдер деп атайды.
Толық емес жыныстық циклдің шылым ағу немесе жыныстық қозу, күйлеу, овуляция белгілерінің біреуі немесе бірнеше белгілерінің болмауын айтады. Жыныстық цикл малдың кәрілік жасына байланысты болғанда тоқтайды, оны климактерлік кезең дейді. Толық жыныстық цикл малды ұрықтандырумен, қашырумен, буаз болып, кейін төлдеумен шектеледі.
Биенің, сиырдың, мегежіннің жыныстық циклының аз уақытта орнықты күйге келуіне байланысты оларды көп циклді малдарға жатқызады. Иттің, аңдардың жыныстық циклдерінің ұзақ уақытта орнықты күйге келуін моноциклді деп атайды. Саулықтар көп циклді малдар қатарына жатады, бірақ қашырым кезінде олардың жыныстық циклдері бірнеше рет қайталанады.
Жыныстық цикл жылдың мерзіміне, малды күтіп бағуына және тұрақты сексуалды көріністердің орын алуына да байланысты. Организмде жыныстық циклдің орын алуы – ол қан және жүйке тамырларының тітіркенуіне байланысты болады. Фолликулинді, сары денені пайда етіп, сүт безінде сүтті көбейтетін гармондар мидың гипофизінде пайда болады. Гипофизде пайда болған фолликулинді көбейтіп, өсіретін гармон фолликулинді өсіреді, оны жетілдіреді. Гипофизде пайда болған лютеинді гармондар жұмыртқада сары дененің өсіп жетілуіне септігін тигізеді, яғни малдың буаздығы сақталады, желіннен сүттің толық көлемде шығуын қамтамасыз етеді. Фолликулин гармоны жұмыртқаның фолликулаларында пайда болады, ол жыныстық қозу кезінде жыныс мүшелерінен шырыш ағызады.
Прогестерон гармоны жұмыртқаның сары денесінде пайда болады. Ол жатырдың, жатыр мүйіздерінің кілегейлі қабығына ұрықтың бекінуіне, өсіп-өнуіне тікелей септігін тигізеді. Бұл гармон жетпеген жағдайда ұрық өліп қалады, малдың буаздығы болмайды. Прогестерон гармоны жұмыртқада......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру