Ветеринария | Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісі

 Ветеринария | Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісі

Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................3
1.1 Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану ……………......5
1.2 Эмбриондарды трансплантациялауда малдардың жыныстық қызметін реттеудегі гонодотропты гормондар...............................................................13
2 Донорларды, реципиенттерді және қошқарларды іріктеу......................19
3 Донорларды гормоналдық препараттармен өңдеу тәсілдері..................23
3.1 Донор саулықтарды суперовуляция жасау тәсілдері.............................23
3.2 Донорларды ұрықтандыру........................................................................27
3.3 Донорлардан эмбриондарды жуу.............................................................27
3.4 Эмбриондардың сапасын бағалау............................................................28
4 Зерттеу нәтижелері....................................................................................31
4.1 Тәжірибе малдарын биологиялық және нәсілдік қасиеттері бойынша іріктеу...............31
5 Донор саулықтардың сипаттамасы.............................................................32
5.1 Донор саулықтардың суперовуляциялану деңгейі ................................36
5.2 Жуып алынған эмбриондардың сапасы................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................40

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай, шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді.
Жаһандандыру кезеңде биоресурстардың гендік қорын сақтау өте өзекті мәселе болып келеді. Осы орайда мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау жойылып бара жатқан мал түрі мен тұқымының гендік қорын сақтауда кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, айтарлықтай табысты нәтижелер бере бастаған биотехнологиялық әдістің негізгі тиімді саласы.
Бұл технология мал шаруашылығы селекциясына енгізілген жаңа генетикалық әдістеме ретінде ерекше мән берерлік жетістік. Мәселен, суперовуляциялау мен қолдан ұрықтандыруды және эмбриондарды трансплан-тациялауды біртұтас үйлестіріп қолданған жағдайда, ауыл шаруашылығында құнды генотиптерді жеделдете көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның шарықтау уақытында ұрғашы малдан мол өнім алудың бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі гормондарды пайдалана отырып, күйітке келген ұрғашы малдың овуляциясын көбейту және эмбриондарды трансплантациялау. Сондықтан ауыл-шаруашылығында гормональды индукциялық суперовуляция және эмбриондарды ауыстырып отырғызу тәсілін қолдана отырып, саулықтарды ұтымды пайдаланып, асыл тұқымды мал санын көбейтуге болады. Алайда гонадотропты гормондар қолданудың морфологиялық негізі терең зерттеуді қажет етеді. Гонодотропиндердің әр түрлі мөлшерінің әсері, морфологиялық механизмі әлі зерттелмеген. Ал, мал санын көбейтіп, сақтауда суперовуляцияны индукциялаудың орны ерекше.
Зерттеудің мақсаты. Сирек түсті және жойылуға таяу қалған қаракөл қой донорларында суперовуляция жасауда ББС (СЖК) препаратын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- сирек түсті қаракөл қойларын елтірілік белгілері бойынша іріктеу;
- қойлардың аналық бездерінің суперовуляциялану деңгейін анықтау;
- эмбриондарының сапасын анықтау;
Зерттеудің жаңалығы. Эмбриондарды трансплантациялау биотехнологиясында пайдаланылған қойлардың аналық безінің суперовуляциялану деңгейі, эмбриондардың сапасы анықталды.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Эмбриондарды трансплантациялау әдістемесін қазіргі кезде қолдану деңгейі және келешегі
Қой тұқымдары ішіндегі елтірі өнімін беретін негізгі тұқым - қаракөл қойлары. Ең бастысы бұл қой тұқымы шөл-шөлейт аймаққа жақсы бейімделген және жалпы биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қаракөл қойының түсі, реңі және басқа да елтірілік белгілері бойынша генетикалық құрылымы өте күрделі. Мұндай өте бай гендік қоры бар басқа қой тұқымы кездеспейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда қаракөл қойлар саны 2,45 млн., оның ішінде 193,4 мың бас асыл тұқымды [1], Өзбекстанда 5 млн. [2], Тәжікстанда 206 мың бас [3]. Бұл мәліметтерге сүйенсек, онда еліміздегі қаракөл қой саны 2,5 есеге азайған. Сонымен қатар, келешекте атқарылатын сұрыптау жұмыстарына өте қажетті генетикалық материалды жоғалтып алуға мүмкін екендігін байқауға болады. Сондықтан да, бұл қой тұқымының генетикалық құрылымын сақтау және олардың өсімталдығын арттыру бүгінгі таңда өте күрделі, әрі келелі мәселе болып тұр. Әрине мұндай жағдайда малды өз төлінен көбейтудің мүмкіндігі аз, әрі ұзақ уақытты қажет етеді [4].
Л.Н.Эрнст және Н.И.Сергеевтің [5] мәлімдеуінше эмбриондарды трансплантациялау ауыл шаруашылық малдарының асыл тұқымдылығын және өнімділік сапасын жоғарылататын, болашағы зор әдістердің бір болып саналады. Биотехнологиялық тәсілдер малдардың генетикалық құнды тұқымдарын көбейтуді айтарлықтай тездетуге мүмкіндік туғызады. Бұл тәсілге қызығу-шылық көптеген ғалымдар мен ізденушілерде туындады және ол өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоймай отыр.
Бірінші болып эмбриондарды трансплантациялауды, 1890 жылы ағылшын ғалымы В.Хип жүргізді. Ол донор қояннан зиготаны алып, басқа тұқымды реципиент қоянға ауыстырып салды. Ал, 1891 жылы орыс ғалымы М.Ононов және 1897 жылы қазандық дәрігер-гинеколог В.Груздев тәжірибе жүзінде ұрғашы қояндардың эмбриондарын трансплантациялады (Шипилов В.С. цит. бойынша [6]).
Арада біраз уақыт өткен соң, алғаш рет 1931 жылы Хартман өлген сиырдың жұмыртқа жолынан өміршең эмбриондар алды.
Сондай-ақ, 1949 жылы Техаста (АҚШ) зиготаларды ауыстырып отырғы-зудың мәселелері бойынша алғашқы ғылыми конференция өтіп, онда ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын трансплантациялау жайында тәжірибе қорытындылары жарияланды [7].
Ал, Кеңестер Одағында үй жануарларының эмбриондарын транспланта-циялау тәжірибе жүзінде 1949-1952 жылдары қой және ешкі шаруашылығы институтында қойларға А.И.Лопыринмен [8] және Бүкілодақтық шошқа шаруашылығы институтында шошқаларға 1949-1953 жылдар аралығында И.В.Квасницкиймен [9] жүргізілді .
Трансплантация нәтижесінде туылған әлемдегі бірінші бұзауды 1951 жылы және 8-12 бластомер сатысындағы зиготаны 5 рет ауыстырып отырғызғаннан кейін екі бұзауды (1953) Е.Л.Вильлет тағы басқалар [10] алды.
1961 жылы Л.Е.А. Роусон [11] 6 мың миль қашықтыққа ұшақпен қойлар-дың зиготасын тасымалдауды «тірі инкубаторлар» - қоянның жұмыртқа жолын пайдалана отырып жүзеге асырды.
Жоғарыда көрсетілген, 70-ші жылдардың басына дейінгі жинақталған тәжірибелік жұмыстардың оң нәтижесі эмбриондарды трансплантациялауды зертханадан тікелей мал шаруашылығына ендіруге болатынын дәлелдеді.
Эмбриондарды трансплантациялау тәсілін, оларды мұздату әдісімен біріктіру арқылы асыл тұқымды малдардан алынған эмбриондарды сақтауға, сондай-ақ, жойылып бара жатқан тұқымдардың гендік қорын жасауға және кез-келген уақытта, қажеттілігіне қарай қайта қалпына келтіріп, өсіруге мүмкіндік береді.
Л.К.Эрнст, Н.И.Сергеевтің [5, 9б] мәлімдеуінен, бұл тәсілді келешекте жойылып бара жатқан тұқымдардың гендік қорын және басқа да тұқымдар-дың жылдамдатылған селекция барысында жоғалтқан бағалы сапаларын қайта қалпына келтіруде пайдаланылуы мүмкін.
Бұл тәсілді қолдану барысында тұқымаралық қана емес, түр аралық отырғызулардан да ұрпақ алуға мүмкіндік туды. Мысалы, ірі қара малдардың Bos taurus және Bos indious арасында ұрықтарды реципрокты отырғызу арқылы қалыпты ұрпақ алынды [12].
Л.К.Эрнст және Н.И.Сергеев бұл мәселенің шет елдердегі жай-күйін сараптай келе, 70-ші жылдары жоғары құнды сиырлардан трансплантат-бұзауларды алумен айналысатын фермалар пайда болған бірқатар елдерде, (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, ФРГ, Австрия, Жаңа Зеландия ЧССР, Венгрия) осы әдісті іс жүзінде нақты қолдана бастағанын мәлімдейді.
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясындағы жоғары жетістікке 1983 жылы Франция жетті. Осы жылдың өзінде 3,3 мың эмбрион ауыстырылып отырғызылған. Оның көпшілігі мал шаруашылығы фермалар жағдайында жүргізіліп, мыңнан жоғары эмбриондар мұздатылып сақтауға дайындалған. Осы кезде бұл елде практикалық жұмыстармен қатар ғылыми зерттеулер өріс алған тоғыз трансплантациялық орталықтар жұмыс істей бастады. Бірқатар жетілдірулердің арқасында, эмбриондарды трансплан-тациялау қолдан ұрықтандыру әдісі сияқты қарапайым және қолайлы әдіс бола бастады [13].
А.Д.Бугров және Н.А.Невинный [14] эмбриондарды трансплантациялау АҚШ және Канада да іс жүзінде қарқынды дами бастады, өйткені бұл елдерде жылына 100 мыңнан астам эмбрион ауыстырылып отырғызылады деп жазады. 1986 жылдың өзінде-ақ мүйізді ірі қараларды қолдан ұрықтандыру орталықтарында мыңнан аса трансплантат бұқалар алынған.
Дамыған елдердің фермерлері эмбриондарды трансплантациялау әдісінің құндылығын түсініп, оның бағасы қымбат болса да (2 мың америка доллары) өздерінің ауыл шаруашылық бағдарламаларына енгізді. АҚШ-тағы аукцион-дардың бірінде голштино-фриз тұқымды трансплантат бұқа 150 мың долларға бағаланды деген хабар бар [15].
Ірі қара малдардың эмбриондарын ауыстырып отырғызумен айналысқан Европадағы бірінші ел - Дания, бұл елде зиготаларды трансплантациялау ірі қара мал шаруашылығындағы асылдандыру бағдарламасының негізгі бөлігі болып саналады [16].
Қазіргі уақытта АҚШ-та эмбриондарды трансплантациялау бойынша 80-нен астам коммерциялық мекемелер құрылған. Эмбриондарды транспланта-циялау технологиялық негізге қойылған бұл елде жыл сайын 100 мыңдай бұзаулар алынады. Осы тәсілмен алынған бұзаудың аукциондағы құны 500-ден 3000 АҚШ доллары шамасында болады және де, фирмалардың сатудан түсетін табысы барлық шығындарды өтейді. Мысалы, аталған технологияны қолдану нәтижесінде әр сауын сиырдың жылдық сүт өнімділігі орташа 6000 литрге артты. Бұл селекционерлердің жалпы малдың генетикалық потенциалын жоғарылатуда трансплантация әдісі арқылы генетикалық тұрғыдан құнды аналық дараларынан мүмкіндігінше көп ұрпақ алып, оларды онан әрі селекциялық үрдісте қолданудың нәтижесінде іске асырылады [17].
Германияның мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығында сүтті ірі қара малдардың селекциясын жаңартылған жетілдіру бағыттарымен жұмыс жүргізілсе, нәтижесінде дәстүрлі селекция жағдайында сүттің майлылығы 10,8 кг-ды құраса, трансплантацияға жарамды төрт эмбриондарды бір рет алғанда және реципиенттердің 70% буаз болса, генетикалық прогрес нәтижесінде сүт өнімділігі 15,3 кг-ға дейін артып, ол 41% жоғарылаған. Генетикалық ілгері даму эмбриондар трансплантациясы нәтижесінде, әр донардан 10 эмбрион алынған жағдайда күтіледі. Бұл генетикалық прогрестің арқасында сүттің майлылығы 16,7 кг-ға жетеді немесе 54,4% құрайды [18].
Соңғы кезде дәстүрлі биотехнологиялық тәсілдермен бірге асыл тұқымды
малдарды жылдамдата көбейтудің тиімді тәсілі ретінде эмбриондарды трансплантациялаудың да практикалық маңызы жоғары. Ресейде эмбриондарды трансплантациялау тәсілі арқылы жылына 5000 бұзау алатын орталықтардың айтарлықтай саны жұмыс істеуде 19].
Қазақстанда бірінші болып эмбриондарды трансплантациялау бойынша тәжірибелерді Ф.М.Мухамедгалиев және Р.Т.Абильдиновтар [20] жүргізді. Олар 1964 жылдың күзінде қойлардың эмбриондарын ауыстырып отырғы-зудың хирургиялық операция тәсілін меңгеру үшін алдын-ала тәжірибе жасаған. Осы мақсатта қазақы биязы жүнді қойлардың 10 эмбрионы қылшық жүнді тұқымды 10 саулыққа ауыстырылып отырғызылған, нәтижесінде екеуі буаз болған. Олардың біреуі әдеттегідей қозы туса, ал екінші саулық буаздықтың төртінші айының соңында түсік тастаған. 1965 жылы күзде 2-ден 7 жасқа дейінгі қылшық жүнді 15 қойға қайта тәжірибе жүргізілген. Бес аналықтан ауыстырып отырғызылған эмбриондардан өсіп дамыған бес қозы туылған. Осыдан соң, бұл әдісті іс жүзінде ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндігі Қазақстан Республикасының ғалымдарын қызықтыра түсті.
Осыған байланысты академик Ф.М.Мухамедгалиевтің басшылығымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарыда жергілікті биязы жүнді қойларды ағылшын тұқымды линкольн, ромни-марш және бардер-лейстер қошқарларымен шағылыстыруда алынған будандар селекциясы негізінде жартылай биязы жүнді қойлардың кросбредті жүнді жаңа тұқымдық топтарын алу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында ғалымдар өндірушілердің жеткілікті басын сатып алу қиындығына кез болды, бірақ бұл суперовуляциялау және эмбриондарды трансплантациялау жолымен шешілді.
Эмбриондарды ауыстырып отырғызу әдісін тиімді пайдаланудың нәтижесінде жергілікті жағдайға қиын бейімделген линкольн тұқымынан көптеген трансплантат өндіруші-қошқарлар алынды, олардың бірқатарын қолдану арқылы 3000 басты кросбредті қойлардың аналық табыны құрылды.
............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру