География | Орталық Қазақстанның көлдеріне аймақтық шолу

 География | Орталық Қазақстанның көлдеріне аймақтық шолу

Мазмұны

І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу
1.1. Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі.
1.2. Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі
1.3. Орталық Қазақстан көлдерінің су режимі
1.4. Орталық Қазақстан көлдерінің суының химиялық қасиеттері

ІІ тарау. Орталық Қазақстанның көлдеріне аймақтық шолу
2.1. Қарағанды облысының солтүстік және солтсүтік-шығыс бөлігінің көлдері
2.2. Қарағанды облысының орталық және шығыс бөлігінің көлдеріне шолу.
2.3. Орталық Қазақстанның батыс бөлігінің көлдеріне шолу
2.4. Орталық Қазақстанның су қоймалары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Орталық Қазақтанның аумағында табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Теңіз-Қорғалжың сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Сарыарқадағы жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын Орталық Қазақтанның аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты: Орталық Қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
• -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
• -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
• -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
• Орталық Қазақтанның физикалық географиялық орыны мен көлдердің гидрологиялық тұрғыдан зерттелуін айқындау;
• Сарыарқадағы көлдерінің шығу тегіне қарай топтастыру;
• Орталық Қазақтанның аумағындағы көлдердің су режиміне температура мен жауын– шашынның таралуыныңы, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктерінің әсерін анықтау;
• Көлдердің су режимідерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін Ашып көрсету;
• Орталық Қазақтанның көлдері мен су қоймаларының гидрологиялық режимдерін, қоректенетін су көздерімен балансын , органикалық дүнйесін және оларды қорғау мәселелерін айқындау.
Бітіру жұмысының әдістемелік – методологиялық негіздері:Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіғ мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.
Бірінші тарауда Алматы облысының аумағындағы көлдердің зерттелу тарихы, көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарыі гидрологиялық режимдеріне талдау жасалған. Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстарындағы ірі және шағын көлдердің су режимі мен органикалық дүниесімен шаруашылықтық маңызы қарастырылған.

І тарау. Орталық Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

1.1. Орталық Қазақстанның физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі

Сарыарқаның физикалық – географиялық орнының ерекшеліктері. Қазақтың ұсақ шоқылы аласа таулы аймағы Сарыарқа Тұран Солтүстік Қазақстан, Ертіс, Құйынды жазықтары мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан. Оңтүстік шекарасы 47 - 78° солтүстік ендігі ұлы таудың оңтүстік сілемдері мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауымен шектесетін шыбыр тау арқылы өтеді. /1/
Солтүстік шекарасы 53° солтүстік ендіктегі Есіл, Тобыл даласы солтүстік шығыс орта Ертіс аңғарындағы ескі арналы Сілеті теңіз, Жалаулы, Шүрексор көлдері арқылы өтеді. Батыс шекарасы Ұлы тау жыланшық таулары арқылы өтіп, біртіндеп солтүстік Торғай ойысы мен Торғай қаласына ұлысады.
Шығыс шекарасы 80° шығыс боилықтағы Сарыарқаның Қалблба, Тарбағатай тау жоталарына ұлысатын бөлігі болып табылатын Аягөз, Шар өзендерінің аңғарлары арқылы өтеді. Қазақстан мен Ресей ғалымдарынын Қазіргі кездегі зертеулерінің деректеріне сай Орталық Қазақстан геотектоникалық құрлысы жағынан тау түзілу кезендері палеозой эрасынын каледон, герцин қатпарлығында аяқталып кайназой эрасының неогентөрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу жүрген, ұсақ шоқылар мен олардың аралығың бөліп жатқан қабатты денудациалық жазықтардан тұратың эли палеозойлық платформа болып табылады.
Материктің ішкі аймағындағы құрлықтың сектордағы орнына сай климаты шұғыл, континентті қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігіндегі дала, шөлеит және шөл зонасына тән аумақтың табиғат кешендері таралғаң ежелден мал шаруашылығы дамыған аймақ болып табылады. 61 - 85° шығыс бойлықтар аралығында аймақ 1500 шақырымға, батыс бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке 95° шығысында 350 - 400 шақырымға созылып жатыр. Қазақтын ұсақ шоқылары Сарыарқаның аумағы 700 мың шаршы шақырым. Сарарқа аумақтың тұрғыдан жербедері аталған аймаққа сәикес келетін ірі орографиалық бірлік болып табылады. Аталған аумақта қатпарлы негіздегі денудациалық жазықтармен аласа таулы алқаптар кен таралған./2/
Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Орталық Қазақстанның көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.
Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеуде географ ғалым белгілі климатолог А.И.Воейковтың еңбектерінде (1884 жылғы) жан-жақты сипаттама берілген. Ол алғаш рет Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейінің ауытқу себептерін, су балансы мен оның деңгейінің теңесуін зерттеп, оған әсер ететін орта жағдайын ашып көрсетті. А.Красовскийдің, М.Лемпицкиидің, И.Солавлевтің, В.Граменаның, Н.Игнатевтің, М.Жилинский, А.Козлов басқада ғалымдардың арнайы экспедициялары мен саяхаттарының барысында орталық Қазақстанның көлдері жөнінде мол мағлұмат жиналды.
Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен ұлы қазан төңкерісінің аралығын қамтыды. Бұл кезеңде көлтану ғылымының теориялық-әдістемелік негіздері қаланды. Жалпы зерттеулермен қатар биологиялық, гидрохимиялық арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Д.Н. Анучин “Воды суши озера” атты (1896ж) еңбегінде өзі жүргізілген гидрологиялық бақылаулардың нәтижелерін кеңінен қолданды. Ол өзі сипаттаған көлдері ландшафтның негізгі компонентінің бірі ретінде қарастыра отырып олардың қоршаған ортамен байланысын табиғаттағы маңызын шаруашылықтық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды /1/.
Бұл кезеңде көлдер гидробиологиялық тұрғыдан зерттеу тек танымдық сипатта болды. Орталық Қазақстанның көлдерін зерттеудің үшінші кезеңі ұлы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңде көл суларын шаруашылықтың мақсатта пайдалану, ірі су қоймалары мен су электр станцияларын салу, көл суларының 1920-30 жылдардың аралығында қорғалжың Балқаш көлді аудандарында арнайы кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізіліп, шаруашылықтың мақсатта пайдалану мүмкіндіктері анықталды.
1930 жылдары КСРО ғылым академиясының Галургия институты мен тұз зертханасы Қазақстан көлдеріндегі тұздың қорларын анықтап оны тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. 1928-1931 жылдар аралығында П.Ф.Дормачевтің басшылығымен алғаш рет Балқаш көліне кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Үш жылға созылған зерттеулер нәтижесінде батиметриялық өлшеулер жүргізіліп көлтабанын түзетін жыныстардың құрамы, судың термикалық және химиялық құрамы, плангтондары мен бентостары туралы деректер жиналып, кешенді сипаттама берілді /2/.
1932 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің құрамына кірген зоология, ботаника секторлары Орталық Қазақстанның көлдерінің флорасы мен фаунасын жоспарлы түрде оқып үйрену бағытында кешенді жұмыстар атқарды.
Сарыарқаның көлдерін зерттеуде 1931 жылы басталған КСРО-ның су кадастры маңызды роль атқарды. Г.В.Никольскийдің 1940 жылы жарық көрген “Арал теңізінің балықтары” атты монографиясында Қазақстан көлдерінде мекендейтін балықтардың 20 түріне сипатта беріп, олардың қоректенуіндегі плагтондармен бентостың алатын орынын ашып көрсетті /3/.
Сарыарқаның тұзды көлдерін 1941 жылы Е.В.Пасхов зерттеді. 1941-1943 жылдардың аралығында қорғалжың теңіз, зайсан көлдерін В.А.Догальдың, С.С.Печниковтың, Т.А.Сениннің және К.В.Смирновтың басшылықтарымен жүргізілген гидрологиялық экспедициялар аталған көлдердің фито, зооплангтодары мен бентостарын зерттеп, олардың балық қорын арттырудағы алатын орындарын анықтады. Зерттеу нәтижесінде Теңіз – Қорғалжың, Зайсан көлдерімен қара ертісте балық шаруашылығын дамытуды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныс жасады. К.В.Смирнов Алакөл мен Балқаштың паразит жәндіктерін зерттеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Сарыарқа мен Оңтсүтік Қазақстанның көлдерінде С.А.Зернов, Н.Н.Воронин, В.А.Доволь, В.И.Жадин, Я.Я. Цееб, Н.А.Акатова, В.Я.Понкратова, Г.Х.Шарогнинова сынды биолог-гидролог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Орталық Қазақстанның көлдерін КазКСР ғылым академиясының зоология институты айланысты. Орталық Қазақстанның аквофаунасы мен олардың санын арттыру мен гидрологиялық режимін белгілі ғалымдар: Н.П.Серов, А.С.Машковская, А.И.Горюнова, С.К.Тютенков, В.И.Ерещенко, В.А.Киселева, П.Ф.Мартехов, В.Я.Пильчук, И.К.Иванов зерттеді.
1945-1950 жылдар аралығында балық шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында Орталық Қазақстан көлдерінде В.В.Селезнев, А.П.Селезнева, Н.А.Әмірғалиев, Н.Ш.Қайыровалар зерттеу жүргізді.
1965-1969 жылдар аралығында КСРО ғылым академиясының көлтану зертханасы А.В.Шнитныковтың орталық және солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеді /3/.
Ұлы Отан соғысынан кейін Балқаш Теңіз-Қорғалжың Арал, Алакөл сияқты ірі көлдермен қатар Сарыарқаның шағын көлдерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл бағытта КСРО-ның мемлекеттік гидрология институты көп жұмыс атқарды. 1954-1956 жылдар аралығында А.П.Богордницкидің басшылығымен зерттелді.
1954 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің) физикалық география кофедрасы Г.Г.Муравлеваның басшылығымен Орталық Қазақстан көлдерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР-ның ғылым академиясының география секторының ғылыми қызметкерлері Т.Р.Омаров, Е.А.Казанская, Т.М.Тимофеева, П.Н.Кравченко бүгінгі таңға дейін зерттеу жұмыстарын зерттеп келеді.


1.2 Орталық Қазақстан көлдерінің шығу тегі

Орталық Қазақстан көлдерінің морфологиясы мен таралу ерекшеліктері. Орталық Қазақстанның аумағында аумағы бір гектардан астам көл бар. Олардың ішінде аумағы 1км2 аспайтыны 97,3% шаруашылықтық маңызы бар көлдер небары 2,7% құрайды /4/.
Орталық Қазақстан жауын-шашын аз түсетін шөлді-шөлейтті, далалы зонасының шегінде орналасқандықтан аумақтың көлдігі небары 0,23. Орталық Қазақстан дала, шөлейт және шөл зонасының шегінде орналасқандықтан көлдердің басым бөлігі дала ландшафтлық зонасында көп ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру