Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу
Мазмұны
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР 7
АНЫҚТАМАЛАР 8
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 9
1 КІРІСПЕ 10
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы 10
1.2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама 11
1.2 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері 11
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБЕИТТЕРГЕ ШОЛУ 12
2.1 «Байсерке-Агро» шаруа қожалығындағы сауын сиырларын ұстау жағдайлары мен олардың тиімділіктері 12
2.2 Сауын сиырларына, жас төлдерге температураның және ылғалдылықтың әсері 15
2.3 Шаруашылық кешендеріндегі шаң мен қатты дыбыстарды сауын сиырларына және жас төлдерге әсері 18
2.4 Әр түрлі зиянды газдардың қора-жайда шоғырлануs, олардың сауын сиырларына, жас төлдерге зияны 19
2.5 Кешендердегі желтеду құрылғылары және канализация жүйесінің жұмыс барысы 20
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 21
3.1 Зерттеудің материалдары мен әдістері 21
3.2 ЖШС Байсерке-Агро кешеніне сипаттама 23
4 Зерттеулердің нәтижелері 25
4.1 Кешендердегі температураны және ылғалдылықты психрометмен анықтау 25
4.2. Әмбебап газанализатор құрылғысы арқылы кешендердегі аммиак, көміртек тотығы мөлшерін анықтау 27
4.3 Кешендердегі микроорганизмдер санын және түрлерін тұндыру әдісімен анықтау 29
4.4 Каустикалық сода және ГАН препараттары арқылы дезинфекциядан кейін «Люминометр» құрылғысы арқылы кешендердегі микроорганизмдер санын анықтау 32
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 34
5.1 Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету 35
5.2 Eңбeктi қopғaу қызмeтiнiң құқығы 36
5.3 Өрт қауіпсіздігі негіздері 37
5.4 Электр қауіпсіздігі 39
6 Экономика
7 ҚОРЫТЫНДЫЛАР 40
8 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 40
9 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
10 ҚОСЫМШАЛАР 43
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсуі негізінен мал мен құстың өнімділігін арттыру, малдың санын көбейту, жемдерді тиімді пайдалану, жануарларды ұстау және оларды азықтандыру үшін жағдайларды айтарлықтай жақсарту, асыл тұқымды жұмыстарын жетілдіру, негізгі өндірістік процестерді автоматтандыру және автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы өндірісінің мал санын арттыру, және өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі мал ағзасына биологиялық және техникалық ауыртпалықтың өсуіне әкеледі. Өнеркәсіптік мал шаруашылығының осы ерекшеліктері мал шаруашылығы ғимараттарында микроклиматты құруға ерекше талаптар қояды. Мал шаруашылығында оңтайлы микроклиматты құру проблемасын шешуге тек бірқатар шараларды іске асыру арқылы ғана қол жеткізуге болады: ғимараттардың көлемді жоспарлау шешімдерін оңтайландыру, гидротехникалық қондырғылардың жылу қорғау қасиеттерін жақсарту, желдету мен жылыту жүйелерін тиімді пайдалану, жарықтандыру жүйелерін, ауаны тазарту және ауа тазарту, аэронизациялау.
1.2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама.
Жұмыстың негізгі нәтижелері « Байсерке – Агро» ЖШС ірі-қараға арналған қора-жайдың микроклимат жағдайы зерттелінді. Зерттеу жұмыстары үшін ірі-қараның 2, жас төлдердің 1, сауу объектісінің 1 қора-жайларында жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында кешендердегі микроклимат ерекшеліктері толығымен бақылауды болды. Сонымен қатар қора – жайлардың микробпен ластану дәрежелерін анықтау мақсатында заманауи құрылғы Люминиметр «Hygiene» қолданылды. Алынған ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері негізінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік конференциясында баяндама жасалды, ғылыми мақала жазылды.
1.3 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты: « Байсерке – Агро» ЖШС сауын сиырларына арналған кешендердің микроклимат жағдайын толығымен зерттеу және жақсарту жолдарын қарастыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ірі-қараға арналған қора-жайдың микроклимат жағдайын зерттеу;
- Кешендегі ауаның микробтармен ластану дәрежесінің динамикасын жыл мезгіліне қарай анықтау;
- Кешенде каустикалық сода және ГАН препараттарымен салыстырмалы түрде профилактикалық дезинфекция жүргізу;
- Шаруашылықта жиі кездесетін ауруларға статистика жүргізу.
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1. «Байсерке-Агро» шаруа қожалығындағы сауын сиырларын ұстау жағдайлары мен олардың тиімділіктері
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0,24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әрбір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м2 аралығында болғаны дұрыс. [1]Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:
1)Малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т.б. ) байланысты, жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;
2)Малдардың денесі таза, яғни әсіресе сауын сиырлардың өнімі жоғарғы сапалы блолуына жағдай жасалады;
3)Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш тастауынан сақтандырады;
4)Қора ішінің микроклиматын бақылап, қалыпқа келтіріп тұруға мүмкіншілік туғызады.
Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:
1)Малдарды бос еркін ұстаумен салыстырғанда тұрғызып байлап ұстау тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.
2)Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың қозғалуы шектеліп, малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.
3)Әр малға шаққандағы еңбек шығыны көбейіп, қол жұмысының бөлігі артады. Мұндай тәсілмен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін шаруашылықтарды ең жоғары сүт алу көрсеткіштеріне (15-16 мың кг) сол сияқты басқа малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие болатындығы дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстау тәсілі сүт өндіру және жас тұқымдық малдарды өсіп-өндіру шаруашылықтарында кең қолданылады. Малдарды бұл тәсілмен ұстау кезінде мал мамандарының, күтіп-бағатын қызметкерлердің әрбір малдарға жекелеме күтім көрсетіп, емдеу, егу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлар туып малдардың ауруға шалдығуы төмендеп, әр малға ветеринариялық бақылау жасап, тиісті шараларды дер кезінде көрсете алады.
Ірі қара малдарын тұрғызып ұстауға арналған қоралардың микроклиматы тұрақты және қалыпты, яғни малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ауа температурасы +8 градустан төмендемей, салыстырмалы ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы қыс айларында 0,3 м/сек артпай, көмірқышқыл газының концентрациясы 0,25 пайыздан жоғарыламай, әр куб.м ауада аммияктың мөлшері 20 мг-нан, күкіртті сутегі газы – 10 мг-нан аспауы керек.[2] Қораның табиғи жарықтану коэффициенті 1:15 қатынасынын төмен болмауға тиіс. Бос еркін байлаусыз ұстау – бұл тәсілді қазіргі кезде екі түрде қолданады: қалың төсенішті едендерде бос байлаусыз және арнайы бокстарда ұстау. Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау үшін қораның табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып үстіне, дезинфекциялық және ылғалдықты төмендету мақсатында, әр шаршы метр ауданға 0,5 кг есеппен қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне 10-15 см қалыңдықта төсеніш (солома, торф салып, оны жинап шығармай мезгіл-мезгіл жаңартып үстіне төсеніш қосып, малды қолда ұстау мерзімінің аяғында төсенішті қыйымен қоса механикалық тәсілмен (бульдезер, қырғыш, транспортер т.б. пайдалы көрсеткіштерімен қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:
1.Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса өте көп төсеніш қажет болады да, шаруашылықтын мүмкіншілігі болмай малдардың астынан сыз-суық өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.
2.Қора ауасының ылғалдылығы жоғарлап, зиянды газдардың мөлшерінің көбеюі, мал денесінің ластанып, өнімінің сапасын төмендеуіне әсерін тигізеді.
3.Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады. [3] Сондықтан мұндай ұстау тәсілі сүт өнімін алуға бағытталған шаруашылықтарда қолдану шектеліп, еттік бағыттылығы өндірістерде кең таралған. Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды жігіне, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға бөлу қаралады және қораның ық жағынан азық науалары қойылып, су құбырлары тартылған суруен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар өз еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады. Малдарды бос еркін байлаусыз ұстаудың екінші түрі арнайы жасалған бокстарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын бойынан арнайы тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай, ені 1-1,2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш, немесе металды екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы жағына азық науасы орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті тор көзді еденмен жабылған көң жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып, жатып дем алып, бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп қана бокс орнынан шығады да, мал нәжісі бокс еденін ластамай, көң жолына түсуі қаралған. Мұндай бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал организміне жайлы болу үшін бокс орнының құрылымына мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1.Бокстің едені тегіс, суі өткізбейтін, жылу сақтайтын, көң жолынан
15-20 см биіктікте орналасуы керек.
2.Бокстің жанындағы бөлгіш сырықтардың төменгі шегі 45 см биікте (төмен болса мал жатқан жерде ұршығын соғып жарақаттаса, жоғары болса ұсақ мал астынан өтіп кетуі мүмкін), ал жоғары екінші шектеу бөлігі 55 см биіктікте орналастырылады.
3.Көң жолының ені 2,7 метрден кем 3 метрден артық болмауы қадағаланады. Себебі 2,7 метрден тар болса малдардың (ірі) бокстан шығуы қыйындайды, ал 3 метрден артық болса малдар көң жолының үстінде жатып дем алуына жағдай туады.
Ірі қара малдарын бокста ұстауға жабдықталған қоралардың микроклиматы сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай болуға тиіс. Бокстардың арт жақ араларынан беті торкөзден өтіп арық түбіне түседі де, одан өздігінен немесе арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады.[4]
Арық бетіндегі торкөзді еден дұрыс жасалып, оған түскен мал қыйы бөгетсіз болуын қадағалау керек және мал тұяғына жайлы, қыстырылып қалмайтын болып жасалады. Бокстар қатары бірнеше бөліктерге (секцияға) бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне қарап жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту процестеріне негізделеді. Ондай топтағы сиырлардың саны көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте 30-40 бастан артық болса, оларға бақылау жасау қиынға түсіп, олардың туу мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін қалыптау, соған байланысты топтау жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен алаңына шығатын есігі болуға тиіс.
Гипотермия малдардың, әсіресе жас төлдердің төзімділігін (резистенттілігі) төмендетеді. Ол кезде организм де қарсыдене (антител) түзілуі төмендеп, лейкоциттер мөлшері азайып және олардың фагоцитарлық қарқыны (активность) кеміп, жұқпалы және жұқпайтын әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады. Ортаның жоғары температурасы да организмнің резистенттілігін төмендетіп, әлсіретіп, өнімі азайып гипертермия ауруының (дене температурасының жоғарлауы) тууына әсер етеді. Мысалы, ауа температурасы 27-32 градусқа котерілсе, сиырдың сүті 10-30%, ал 38 градуста – 50-60 % төмендеген. Бұл кезде малдың тәбеті төмендеп, су ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді. Қора ауасының жоғары ылғалдылығы да, температураның көрсету шамасына байланысты организмдегі жылу алмасу прцсстеріне айтарлықтай әсерін тигізеді, яғни орта температурасы төмен болса, жоғары ылғалдық денеден жылудың тарауын арттырып, организмдегі суыққа ұрындырса, ауа температурасы жоғары болғанда, денедегі жылудың тарауын тежеп, ыстық соғу ауруына ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда (салыстырмалы ылғалдық 85% тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12% төмендетеді.[5] Ірі қара малдарын бордақылау органдарының ауасының ылғалдылығы жоғары болғанда азықтың шығыны 20-35% артып, тәуліктік салмағының өсуі 12-28% төмендеп және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы 2-3 есе артатындығы анықталған. Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың (аммияк, күкіртті, сутегі т.б.) мөлшері көбейеді. Ондай жағдайда малдардың өкпе ауруына (туберкулез) шалдығуы жиілейді. Бордақыда тұрған малдардың қора ауасындағы аммияк газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28% төмндеуіне апарып соғады. Бордақылау мен жайып семіртудің негізгі мақсаты-малға барынша салмақ қосқызу. Бордақыланатын малдың жинақталу кезеңінде қарамастан сиыр етін өндіретін шаруашылықта негізгі гигиеналық және малдәрігерлік- санитарлық талаптар сақталуға тиіс. Шаруашылыққа әкелінген мал бір қора – жайға кіргізіліп, онда бір ай бойы сақтық карантинде тұрады. Сонымен бірге шаруашылықтың малшылары, әсіресе алғашқы 57 күнде малды, оларды күтіп –бағудың жаңа жағдайына бейімделуін, азықтандыру типін және азық құрамын қатаң бақылауға алуға тиіс. Өйткені кейде малды күрт сулы азыққа /жом, барда т.б./ көшірсе, олар жаппай асқазан-ішек жолдары ауруларына және т.б. ауруларға шалдығады. Ірі қара бордақылауға арналған шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалдықтарын /жом, барда,сірне/ тиімді пайдалану үшін, қант немесе спирт зауыттарына жақын орналастыру керек. Мал қора-жайда /байлап немесе байламай-ақ/ жіне бордақылау алаңдарында бордақыланады. Ірі қара бордақылайтын шағын фермалар да бүкіл малдәрігерлік жұмыстары мал ауруларынан сақтауға және фермада қажетті санитариялық тәртіп сақтауға бағытталған жабық типті шаруашылық болып табылады. Қалыпты және ыстық климатты жағдайда мал серуендету ауласын еркін кіріп-шығатындай жеңіл, ашық немесе жартылай ашық бастырмалы және ықтырмалы қора-жай салынады. Республикамызда мал ашық алаңдарда негізінен қалыпты климатты аудандарда бордақыланады. Ашық алаңдарда мал негізінен көктем мен жазда ауырады. Сол аурулардың 80 пайыз тұяқ аурулары, 20 пайыз ас қорыту, тыныс алу аурулары мен жарақат алу жағдайлары. Тұяқ ауруларының алдын алудың және оны болдырмаудың басты шаралары – азықтандыру мен күтіп-бағудың қолайлы жағдайларын жасау, сондай-ақ дер кезінде және тиімді емдеу.[6]
2.2. Сауын сиырларына, жас төлдерге температураның және ылғалдылықтың әсері
Дененің қатты қызып кетуі (гипертермия) қоршаған ортаның жоғары температурасында, ылғалдылығында пайда болып, терінің бетіндегі ылғалдың булануына жол бермейді. Жануарлардың дене температурасының қызып кетуі көбінесе ауыр жұмыс, жылдам қозғалыстар, жабық вагондарда тасымалдау, топтап ұстау, сондай-ақ майбасу және дененің толықтай шынықпағандығында болады. Жануарлардың жылулық кернеу жағдайында жылу тепе-теңдігін сақтауға арналған жануарлардың негізгі механизмдері - жылдам тыныс алу болып табылады, соның арқасында тыныс алу жолынан түзілген ылғалдың мөлшерін, транссудатты (тері арқылы ылғалдың ағуын) және азықтан ерікті түрде бас тарту арқылы жылу өндіруді азайту есебінен жылудың алмасуы жоғарылайды. Жылуды реттеу үшін ішілетін су көлемін арттыру, ал бұлшық ет белсенділігін төмендету және басқада әдістер қолданылады.
Дене температурасының жоғарылауы кезінде жиілеген және беткейлік тыныс байқалады, бұл өкпеге тоқырау құбылыстарына, тамақтанудың және өкпе тіндерінің нашарлауына әкеліп өкпенің қабынуын тудырады. Сондықтан да жазғы кезеңде өкпе аурулары кеңінен таралған. Ағзаның қатты қызған кезде асқазан-ішек жолдарының кедергісі бұзылып, ішек микрофлорасы қанға түсе алады, қанның бактерицидтік белсенділігі күрт төмендейді.
Жануарлар ағзасының қызып кетуінің екі түрі бар: созылмалы жылу жинау және жылу соққысы.
Жаз мезгілінде жылудың созылмалы тоқырауы бордақыланған жануарлардың жабық, жеткіліксіз желдетілетін бөлмелері, мол азықтануы, сондай-ақ жас малдың шамадан тыс жылы және дымқыл жерлерде ұсталуы кезінде болуы мүмкін.
Жылу соққысы - ауыр ауру. Көп жағдайларда жылқылар, шошқалар, қояндар мен қойларда көптеп (оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда желсіз жайылымдарында) кездеседі.[7]
Дене температурасының ызып кетудің алдын алу - бұл жылуды жоғарылататын және жылуды азайтатын жағдайларды жасау:
- ыстық ауа райында ашық жерлерде, көлеңкелі төсеніштерді ұйымдастырады;
- қора-жай ішіндегі ылғалдылықты азайтады, желдетеді, ашық есіктер мен терезелерді пайдаланып, жануарлардың көп топталуына жол бермейді;
- ыстық ауа райында жайлымға жайып, жыл мезгілін ескере отырып жануарларға салқын су шашады;
- жануарлардың көптеп топталуына және ауыр жұмысқа жібермейді.
Төменгі температураның әсері азықты көп қабылдау негізінен жылу өндірісінің артуымен байланысты. Демек, азық көбінесе, өнімді өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жануарлардағы гомеостаздың температурасын ұстап тұру үшін қолданылады. Төменгі экологиялық температураның айтарлықтай және ұзаққа созылатын әсері жануарлардың ауруына немесе өліміне әкелуі мүмкін. Дегенмен, жануарлардың төмен температурадағы ең айқын бейімделуін атап өту керек. Әдетте қоршаған ортаның жоғары температурасы төмен жануарларға қарағанда ауыр болып келеді.
Шамадан тыс жылу терапиясының нәтижесінде, яғни денені суықтау кезінде көптеген аурулардың бастамасын көруге болады.. Бір мезгілде жоғары ылғалдылық пен ауа қозғалысының жоғары жылдамдығы төмен ауа температурасы жылуды жоғарылатуға ықпал етеді; әсіресе жаңа туған төлдер төмен температура үшін өте сезімтал.[8]
Төмен температура жағдайында жануар жылуды ұстап тұруы керек, ал жоғары температура жағдайында - оны тарату керек. Мәселен, бірінші жағдайда, жылу өнімдері үлкен мөлшерде тағамның тамақтануы және дененің шайқалуына байланысты бұлшықеттің белсенділігі болып табылады. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу