Қаржы | Заңды тұлғалардың салық есебі

 Қаржы | Заңды тұлғалардың салық есебі

Мазмұны

КІРІСПЕ.................................................................................................5
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........7
1.1. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны .......................................................7
1.2. Зерттеп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты...........................................................................10
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ...............................................14
2.1. Табыс салығының есебі .............................................................................14
2.2. Активтер мен міндеттемелердің салық базасы.......................................17
2.3. Болашақ өтелетін құнның салық әсерін анықтау барысында шеккен шығындардың бастапқы құны................................................43
2.4. Активтер мен міндеттермелер құнының өзгерушен салықтардың әсері.......................................................................................48
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ ТАБЫСЫН ТАЛДАУ.........................................................................................53
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............53
3.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..........59
3.3. Кәсіпорынның жиынтық жылдық табысының талдауы ...................66
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................72

КІРІСПЕ
Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады.
Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басты назары кез келген субъектінің төлем қабілеттілігін, өтімділік активтерінің үлес салмағын анықтауға қарай ығысқан сияқты. Сондықтан біз есеп жүйесінің ең басты бір бөлігі ретінде салық есебі және жиынтық жылдық табысын талдау дипломдық жұмыс ретінде таңдадық. Өйткені оның көмегімен кәсіпорынның бүгінгісі келешегі жан-жақты сипатталады.
Дипломдық жұмыс негізінен үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауда Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму қарқыны және зерттелетін кәсіпорынның (ЫРЫСТЫ-АПВЖЗ АҚ) техникалық-экономикалық көрсеткіштері және оның жасаған есеп саясаты мен салық есебі жан-жақты сипатталады.
Екінші тарауда кәсіпорынның салық есебі толығымен ашылып, бухгалтерлік есеп беруді жасаудың кейбір ерекшеліктері көрсетіледі.
Ал үшінші тарауда қаржылық есеп беру жүйесін талдаудың және оның аудитін жасаудың әдістемесі келтірілген. Тап осы таруда қаржылық есеп берудің жетілдірудің жолдары ұсынылған.
Мен дипломдық жұмысты жазу үшін жоғарыдағы аталған кәсіпорынның кейіңгі екі жылдық (2004-2005 ж.) мәліметін және есеп саясатын, түсініктеме жазбасын пайдаландық.
Кәсіпорын негізінен жолаушылар тасымалдайтын вагондарды жөндеумен айналысады. Кәсіпорын өзінің қаржылық есеп беру мәліметтерін, тек басқарма органдарының рұқсатымен ғана жария ете алады.
Сонымен, есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау – есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, құнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпараттық көзі де болып табылады. Есеп берудің мемлекеттік мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік төлемдерінің дер кезінде, әрі толық деңгейінде төленуін қадағалау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын талаптардың ең бастысы.
Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есепа ьеруге қойылатын талаптардың екінші деңгейіндегісі болып табылады.

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны
Шаруашылык есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен
міндеттері
Экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта тусетінін білдіреді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикэлық есеп терден тұрады.
Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі - басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т.с.с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларына қарағанда (техникасы жағынан) ең қарапайым түрі.
Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртурлі өлшеуіштердің - натуралды, ақшалай және еңбектік өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т.б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.
Жедел-техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеітілігіне қарай туындайды.
Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономиканың жағдайы, оның дамуының урдістері. жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қогамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық шаруашылығы есебінің жүйесйндегі стагистика -бухгалтерлік
есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фәктілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті. өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорынның берешектерін және т.с.с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады.
Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың, қорлардың, несиелердің және т.б. қозғалысы туралы кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді қадағалауды және құжаттарда жазуды талап етеді.
Әрбір шаруашылық фактісі құжатпен немесе бастапқы қағаз құжатпен немесе құқықтық негізі бар ақпараттық машиналық тасығыштармен ресімделеді, яғни соған сәйкес орындалатын шаруашылық операциясы үшін жауапкершілік белгіленеді, демек құжат заңдық күшке ие болады.
Бухгалтерлік есептің аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел-техникалық және статистикалық түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ есептің барлық уш түрінің ақпараттарын, яғни шаруашылық есепті бутін жүйе ретінде пайдалану сана кәсіпорындарға шаруашылық қызметін неғұрлым тиімді басқаруға, өнімді тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға. жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалаусыз мүмкіндік бермек. Есептің әрбір түрі бірін-бірі толықтырып отырады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға, кәсіпорынның нарықтағы тәртібін анықгауға және бөсекелес кәсіпорындардың жағдайын айқындауға және т.с.с. қажетті, кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат қалыптастыру шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Шаруашылық есеп - бұл ең алдымен бақылау мақсатында шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу.
Алайда шаруашылық қызметі өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық. тіпті оны сан жағынан көрсету және бақылау үшін әртүрлі өлшеуіштер қажет. Ол үшін өлшеуіштердің үш түрі: натуралды, еңбектік. ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Натуралды өлшеуіштер еселте бір тектес обьектілерді керсету үшін пайдаланылады. Олар санымен (дана), сапмағымен (кг, тн), ұзындығымен (м, см), көлемімен (л, м) және т.б. белгіленеді, Өлшем бірлігін таңдау ескеріпетін заттардың қасиетіне тәуелді.
Натуралды өлшеуіштер материалдық құндылық (шикізаттар мен материалдар, негізгі құралдар, дайын өнімдер) обьектілерінің қозғалысын, сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарын шаршы және текше метрлермен, автокөлікпен (т. км) есепке алу үшін қажет. Бұл өлшеуіштерді материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар бойынша есепке алу қолдану осы құндылықтардың сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттарын бір мезгілде алуға мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.
Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін пайдаланады. Бұл әдетте жұмыс уақытының бірлігі (жұмыс құні, сағат, минут). Бірақ көптеген жағдайларда еңбектік өлшеуіштерді өндірім нормаларын, еңбек өнімділік есепке алу үшін натуралды өлшеуіштермен үштастыра қолданды. Жалақыны - дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы зор болмақ.
Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай құндық бағада (ақшалай елшемде - теңгемен немесе басқа вялютамен) көрсетуге және жинақтауға қызмет етеді.
Ол әртектес шаруашылық құралдарын жинақтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік қүқықтарының көлемі. бұрын натуралды және еңбектік өлшеуіштермен белгіленген шығындары анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі жасалады.
Өлшеуіштерді әртүрлі үйлесімдермен де алады: натуралды өлшеуіштерді құндылықпен (санды-сомалық есеп), ақшалай еңбекпен біріктіру және т.с.с.
Бухгалтерлік осеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің ісі деп санайды.
Бухгалгерлік есеп оның алдына койған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
ҚР Министрлер Кабинетінің 22.12.99 ж. № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен осеп беру туралы Ережеге сәйкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілердің, сатып алушылардың. кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануынз қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындәрдың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашыпық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ол мынадай талаптарка сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. үшін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік ақпәратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгіленген керсеткіштердің есеп деректерімен байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің орындалуына мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолы-мен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бүған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру мүмкіндік жасайды. Мүның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
1.2. Зерттеп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты.
Зерттеп отырған кәсіпорынның аты Алматы пайдалану және вагондар жөндеу зауыты (АПВЖЗ) . Аталған зауыт вагондарды жөндеп, олардың бірқалыпты жұмыс істеуін сақтап отыруға арналған. Жолаушы тасымалдайтын вагондарға жөндеу жұмысының барлық түрін, атап айтқанда , деполық жөндеу (ДЖ) , бірінші және екінші дәрежедегі күрделі жөндеу, сондай-ақ вагондарды толық калпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар 2004 жылы бойынша вагондар аралық жөндеуге 82 рет соның ішіңде 39 рет 949,5 сағат жөндеу депосының кінәсі болған. Жөндеуге тұрған жарамсыз вагондар жоспар бойынща 14.6%. орындалғаны 13,3% яғни 3,7% артық болуы себебі вагондардың жөндеуде циклдан тыс күрделі жөндеуде көп тұруы және вагондардың барлығы кенерген қызмет уақыты өткен......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру