Есеп және аудит | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және жылдық табысын талдау

  Есеп және аудит  | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және жылдық табысын талдау

Мазмұны

КІРІСПЕ.................................................................................................5

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........7
1.1. Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны .......................................................................................7
1.2. Зерттеп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты....................................................................................................................10

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ...............................................14
2.1. Табыс салығының есебі .............................................................................14
2.2. Активтер мен міндеттемелердің салық базасы.......................................17
2.3. Болашақ өтелетін құнның салық әсерін анықтау барысында шеккен шығындардың бастапқы құны.........................................................................43
2.4. Активтер мен міндеттермелер құнының өзгерушен салықтардың әсері.........................................................................................................................48

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ ТАБЫСЫН ТАЛДАУ.........................................................................................53
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............53
3.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..........59
3.3. Кәсіпорынның жиынтық жылдық табысының талдауы ...................66

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................72

Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады.
Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басты назары кез келген субъектінің төлем қабілеттілігін, өтімділік активтерінің үлес салмағын анықтауға қарай ығысқан сияқты. Сондықтан біз есеп жүйесінің ең басты бір бөлігі ретінде салық есебі және жиынтық жылдық табысын талдау дипломдық жұмыс ретінде таңдадық. Өйткені оның көмегімен кәсіпорынның бүгінгісі келешегі жан-жақты сипатталады.
Дипломдық жұмыс негізінен үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауда Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің даму қарқыны және зерттелетін кәсіпорынның (ЫРЫСТЫ-АПВЖЗ АҚ) техникалық-экономикалық көрсеткіштері және оның жасаған есеп саясаты мен салық есебі жан-жақты сипатталады.
Екінші тарауда кәсіпорынның салық есебі толығымен ашылып, бухгалтерлік есеп беруді жасаудың кейбір ерекшеліктері көрсетіледі.
Ал үшінші тарауда қаржылық есеп беру жүйесін талдаудың және оның аудитін жасаудың әдістемесі келтірілген. Тап осы таруда қаржылық есеп берудің жетілдірудің жолдары ұсынылған.
Мен дипломдық жұмысты жазу үшін жоғарыдағы аталған кәсіпорынның кейіңгі екі жылдық (2004-2005 ж.) мәліметін және есеп саясатын, түсініктеме жазбасын пайдаландық.
Кәсіпорын негізінен жолаушылар тасымалдайтын вагондарды жөндеумен айналысады. Кәсіпорын өзінің қаржылық есеп беру мәліметтерін, тек басқарма органдарының рұқсатымен ғана жария ете алады.
Сонымен, есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау – есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, құнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпараттық көзі де болып табылады. Есеп берудің мемлекеттік мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік төлемдерінің дер кезінде, әрі толық деңгейінде төленуін қадағалау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын талаптардың ең бастысы.
Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есепа ьеруге қойылатын талаптардың екінші деңгейіндегісі болып табылады.

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны

Шаруашылык есептің нарық экономикасы жағдайындағы мақсаты мен
міндеттері
Экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта тусетінін білдіреді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикэлық есеп терден тұрады.
Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі - басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т.с.с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларына қарағанда (техникасы жағынан) ең қарапайым түрі.
Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртурлі өлшеуіштердің - натуралды, ақшалай және еңбектік өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т.б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.
Жедел-техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеітілігіне қарай туындайды.
Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономиканың жағдайы, оның дамуының урдістері. жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қогамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық шаруашылығы есебінің жүйесйндегі стагистика -бухгалтерлік
есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фәктілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті. өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорынның берешектерін және т.с.с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады.
Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың, қорлардың, несиелердің және т.б. қозғалысы туралы кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді қадағалауды және құжаттарда жазуды талап етеді.
Әрбір шаруашылық фактісі құжатпен немесе бастапқы қағаз құжатпен немесе құқықтық негізі бар ақпараттық машиналық тасығыштармен ресімделеді, яғни соған сәйкес орындалатын шаруашылық операциясы үшін жауапкершілік белгіленеді, демек құжат заңдық күшке ие болады.
Бухгалтерлік есептің аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел-техникалық және статистикалық түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ есептің барлық уш түрінің ақпараттарын, яғни шаруашылық есепті бутін жүйе ретінде пайдалану сана кәсіпорындарға шаруашылық қызметін неғұрлым тиімді басқаруға, өнімді тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға. жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалаусыз мүмкіндік бермек. Есептің әрбір түрі бірін-бірі толықтырып отырады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға, кәсіпорынның нарықтағы тәртібін анықгауға және бөсекелес кәсіпорындардың жағдайын айқындауға және т.с.с. қажетті, кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат қалыптастыру шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Шаруашылық есеп - бұл ең алдымен бақылау мақсатында шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу.
Алайда шаруашылық қызметі өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық. тіпті оны сан жағынан көрсету және бақылау үшін әртүрлі өлшеуіштер қажет. Ол үшін өлшеуіштердің үш түрі: натуралды, еңбектік. ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Натуралды өлшеуіштер еселте бір тектес обьектілерді керсету үшін пайдаланылады. Олар санымен (дана), сапмағымен (кг, тн), ұзындығымен (м, см), көлемімен (л, м) және т.б. белгіленеді, Өлшем бірлігін таңдау ескеріпетін заттардың қасиетіне тәуелді.
Натуралды өлшеуіштер материалдық құндылық (шикізаттар мен материалдар, негізгі құралдар, дайын өнімдер) обьектілерінің қозғалысын, сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарын шаршы және текше метрлермен, автокөлікпен (т. км) есепке алу үшін қажет. Бұл өлшеуіштерді материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар бойынша есепке алу қолдану осы құндылықтардың сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттарын бір мезгілде алуға мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.
Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін пайдаланады. Бұл әдетте жұмыс уақытының бірлігі (жұмыс құні, сағат, минут). Бірақ көптеген жағдайларда еңбектік өлшеуіштерді өндірім нормаларын, еңбек өнімділік есепке алу үшін натуралды өлшеуіштермен үштастыра қолданды. Жалақыны - дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы зор болмақ.
Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай құндық бағада (ақшалай елшемде - теңгемен немесе басқа вялютамен) көрсетуге және жинақтауға қызмет етеді.
Ол әртектес шаруашылық құралдарын жинақтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік қүқықтарының көлемі. бұрын натуралды және еңбектік өлшеуіштермен белгіленген шығындары анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі жасалады.
Өлшеуіштерді әртүрлі үйлесімдермен де алады: натуралды өлшеуіштерді құндылықпен (санды-сомалық есеп), ақшалай еңбекпен біріктіру және т.с.с.
Бухгалтерлік осеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің ісі деп санайды.
Бухгалгерлік есеп оның алдына койған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
ҚР Министрлер Кабинетінің 22.12.99 ж. № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен осеп беру туралы Ережеге сәйкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілердің, сатып алушылардың. кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануынз қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындәрдың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашыпық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ол мынадай талаптарка сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. үшін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік ақпәратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгіленген керсеткіштердің есеп деректерімен байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің орындалуына мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолы-мен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бүған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру мүмкіндік жасайды. Мүның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.


1.2. Зерттеп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты.

Зерттеп отырған кәсіпорынның аты Алматы пайдалану және вагондар жөндеу зауыты (АПВЖЗ) . Аталған зауыт вагондарды жөндеп, олардың бірқалыпты жұмыс істеуін сақтап отыруға арналған. Жолаушы тасымалдайтын вагондарға жөндеу жұмысының барлық түрін, атап айтқанда , деполық жөндеу (ДЖ) , бірінші және екінші дәрежедегі күрделі жөндеу, сондай-ақ вагондарды толық калпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар 2004 жылы бойынша вагондар аралық жөндеуге 82 рет соның ішіңде 39 рет 949,5 сағат жөндеу депосының кінәсі болған. Жөндеуге тұрған жарамсыз вагондар жоспар бойынща 14.6%. орындалғаны 13,3% яғни 3,7% артық болуы себебі вагондардың жөндеуде циклдан тыс күрделі жөндеуде көп тұруы және вагондардың барлығы кенерген қызмет уақыты өткен.

1-ші кестеде еңбек көрсеткіштеріне талдау жасалынған.

1 кесте

ЕҢБЕК КӨРСЕТКІШТЕРІ.
Көрсеткіш атауы

өлшем
бірлігі 2005
жыл 2004 жыл ҚОРЫТЫНДЫ
жоспар орын-далуы жоспар-мен өткен жылмен
Жұмысшылар саны барлығы адам 348 370 353 -17 5
Еңбек ақы төлеу қаржысь м.теңге 83127 109923 100657 -9266 17530
Соның ішінде тізімде жоқ * 406 142 142 -264
Ақшалай төлемдер * 2362 1160 1143 -17 -1219
Еңбек ақы төлеу қаржысы 85489 111083 101800 -9283 16311
Орташа жалақы теңге 19906 24757 23762 -995 3856
Жұмыс келемі жүйеге келтірілген .608.342 692,003 685,141 99 112,6
Еңбек өнімділігі
Локомотив жөндеуге қатысатын жұмысшылар барлығы адам 148 176 160 -16 12
Соның ішінде жөндеушіле 120 149 133 -16 13
Еңбек ақы төлеу қаржысь м.теңге 33457 50074 43043 -7031 9586
Соның ішінде жөндеушіле м.теңге 27877 42794 36070 -6724 8193
Орташа жалақы теңге 18838 23709 22418 -1291 3580
Соның ішінде жөндеушілер 19359 23934 22600 -1334 3241
Әкімшілік басқару қызмет адам 12 12 12 0 0
Еңбек ақы төлеу қаржысы м.теңге 6619 6714 7474 760 855
Орташа жалақы теңге 45965 46625 51903 5278 5938
Еңбек ақы телеу қаржысы жоспарланған мөлшерден 9266 м.теңге үнемделуінің негізгі себебі жоспарланған мөлшерден адам санының 17-адамға кем болуынан 5050 м.теңге үнемделуі керек ,(24757х 17х12=5050м.теңге),сонымен қатар орта-ша жалақының жоспарланған мөлшерден (24757-23762=278 теңге) – 278 теңге кем болуынан еңбекақы қоры 1177 м.теңге үнемделген.(278x353x12=1177м.теңге) Жұмысшылардың ақысыз демалысқа шығуынан 1485 м.теңге үнемделген
5 адам х 24757 теңге = 1485 м.теңге
Әкімшілік басқару қызметкерлерінің еңбек ақы қаржысының жоспарланған мөлшерден 760м.теңге артық жұмсалуының, орташа жалақының 5278 теңге көбеюінің негізгі себебі 2004 жылы әкімшілік басқару қызметкерлеріне 679 м.теңге сыйақы төленген.

Қосымша шаруашылық қызметінің шығындарын 2-ші кестеде талдауға болады.
2 кесте

АПВЗЖНЫҢ 2004 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
(мың теңге)
Көрсеткіш атауы 2005 жыл 2004 жыл ҚОРЫТЫНДЫ
жоспар орын-далуы жоспар-мен еткен жылмен
Шығынның бары 207286 251653 275685 24032 68399
Еңбек ақы төлеу қаржысы 73020 103232 92114 -11118 19094
Әлеуметтік қамсыздандыру 15129 20681 18978 -1703 3849
Материал 66008 80599 96644 16045 30636
Отын 21847 24165 40428 16263 18581
Электр қуаты 9826 6188 6108 -80 -3718
Әртүрлі жұмыстар мен қызмет 0
көрсетулер барлығы 14315 8751 9907 1156 -4408
с.і.бөгде мекемелерге 10997 5928 4129 -1799 -6868
Жабық акционерлік қоғам 462 222 0 -222 -462
Ашық акционерлік қоғам 2856 2601 5778 3177 2922
Құрал-жабдықтар тозуы 1304 4938 5095 157 3791
Әртүрлі шығындар 5837 3099 6411 3312 574

2004 жылдың қорытындысы бойынша барлығы жоспарланған шығын мелшері 251653 м.теңге, жұмсалғаны 275685м.теңге соның ішінде ; сырт мекемелерге жоспарланғаны 7729 м.теңге жұмсалғаны 7621 м.теңге Барлығы жоспарланған мөлшерден шығын 24072 м.теңге артық жұмсалған.

3 Кесте

Жоспарланған шығын мөлшері
Соның ішінде артық жұмсалғаны:
Материалдық шығын - 16045 м.т.
Отын шығыны -16263 м.т.
Әртүрлі қызмет көрсетулерге ААҚ -3177 м.т.
Құрал-жабдықтардың тозу шығыны -157 м.теңге
Әртүрлі шығындар -3312 м.т.
Үнемделгендері:
Еңбек ақы төлеу қаржысы -11118 кт.
Әлеуметтік қамсыздандыру -1703 м.т.\
Элект қуаты шығыны -80 м.т.
Бөгде мекемелерге -1799 м.т.

Еңбек ақы төлеу қаржысы жоспарланған мөлшерден 11118 м.теңге ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру