Есеп және аудит | Меншікті негізгі құралдардың теориясы

 Есеп және аудит | Меншікті негізгі құралдардың теориясы

Мазмұны


КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------

І БӨЛІМ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-----------------------------------------------------------------------------------
1.1 Меншікті негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктемесі----------------
1.2 Меншікті құралдар есебінің мәні----------------------------------------------------
1.3 Меншікті негізгі құралдардың есебін реттеудің жалпы сипаттамасы: жөндеу, түгендеу және тозуын есептеу-------------------------------------------------
1.4 «КазАгроТрейд» ЖШС-і мен тәуелді компаниясы «Атамекен Агро
Тимирязево» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы----------

ІІ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ----------------------------
2.1Меншікті незігі құралдар қозғалысының есебі-----------------------------------
2.2Меншікті негізгі құралдың тозуының және амортизациясының есебі------
2.3Меншікті негізгі құралдарды жөндеу есебінің ерекшіліктері----------------
2.4 Бухгалтерлік есеппен халықаралық стандартқа бейімделу жолдары-------

ІІІ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ------------------------------------------------------------------------
3.1 Меншікті негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын
талдаудағы ақппарат-----------------------------------------------------------------------

3.2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін арттыру жолдары--------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------
ҚОСЫМША

Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3) шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станокгар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай әртүрлі топтарға бөлінеді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген № 6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі № 03-1а-8 «Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады:
- негізгі құралдардың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу;
- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын талдау;
- негізгі құралдың тозуының және амортизациясының есебін қарастыру;
- негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдарын анықтау;
- негізгі құралдардың түрлерін, атқаратын қызметтерін бағалау.
Зерттеу жұмысының құрылымы. «Негізгі құралдар есебі» дипомдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қалған. Кіріспе жұмысының негіздері мақсаттары және оларды шешу көрсетілген. Бірінші тарауда меншікті инегізгі құралдардың теориялық негіздері көрсетілген.Екінші тарауда меншікті негізгі құралдардың есебі сипатталған. Үшінші тарауда меншікті негізгі құралдарды пайдаланудың жағдайы және талдауы көрсетілген.

I БӨЛІМ. МЕНШІКТІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Меншікті негізгі құралдардың экономикалық мәні, жіктемесі

Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі кұралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын құн ан артқан сома.
Есеп мәліметтерінде табыс бөлігінің көп болуын көздейді. Сондықтан да олардың есептілікті өз мүддесіне тиімді болуына ұмтылуы да түсінікті, оларға қаржы тапшылығы кезінде аман қалуы үшін несие алуды, өз қаржы жағдайын өсіруді және т.б. жатқызамыз және де егер мемлекетте салық салу жүйесі тиімді дамыса, онда шаруашылық субъектісінің негізгі ісі ол өз табысын жасырып қалу және салық төлеуден қашу болып табылады. Мұнда тек қана біздің республикалық емес, басқа да республика үшін айтылып отыр.
Салық ұйымдары кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне мүдделі, өйткені бұл қазынаға түсетін иайданы арттырады, ал бүл болса олардың жалақысын өсіреді.

1.2 Меншікті негізгі құралдар есебінің мәні

Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір тұгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарълық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекгі жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимаратгарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету ушін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жікгелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі қүралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар жэне тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру