Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары

 Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................

1 Сақтандыру түсінігі және сақтандыру нарығының экономикалық мәні
1.1 Сақтандыру ісі, салалары, сыныптары және пайдаланылатын негізгі ұғымдар................................................................................................................
1.2 Сақтандыру нарығының түсінігі, қызметтері, құрылымы
мен түрлері..........................................................................................................
1.3 Сақтандырушы қаржы ұйымының жалпы қағидалары.
Сақтандыру компанияларының қаржысы........................................................
1.4 Сақтандыру – шетелдік тәжірибеде............................................................

2 Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
2.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы,
қазіргі жағдайы...................................................................................................
2.2 Сақтандыру қорлары және сақтандыру операцияларын ұзақ
мерзімді болжаудың экономикалық-математикалық негіздері....................
2.3 Сақтандыру компанияларының портфельдік активтерін
оптимизациялаудың экономикалық-математикалық моделі.........................

3 ҚР сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
3.1 Сақтандыру ұйымдары қызметтерінің жаңа бағыттары...........................
3.2 Сақтандыру нарығының проблемалары, дамуының
басты ұсыныстары..............................................................................................

Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі.
Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары. Зерттеудің мақсаты – нарықтық экономика жүйесіндегі жаңартылған сақтандыру құрылымының маңыздылығын, сақтандыру нарығы мен ұйымдарының қазіргі жағдайына талдау жүргізуді, шетелдік тәжірибені, дамыту перспективаларын зерттеу болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мына тапсырмалардың көрінуіне әкеледі:
- Сақтандыру нарығының қызметі мен оның маңыздылығын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жылжымалы қалпын талдау;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалар мен дамуының жетістіктеріне болжам жасау.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қолданылған ақпараттар. Жұмысты жазу барысында мына ақпарат көздері қолданылды.
- оқулықтар мен оқу құралдары
- монографиялар
- кезеңдік газеттер мен журналдар
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық деректері
- Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері
- Бүкіләлемдік Интернет желісі.
Бітіру жұмысында көрсетілгеніндей, сақтандыру бұл экономиканың статегиялық секторы. Сақтандыру инвестициялық потенциалды көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығының негізі ретінде оларға төленген жарғылық капитал мен сақтандыру резервтері, сонымен қатар қайта сақтандыру жүйесінің бар болуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы нарық қатынастарының бөлінбейтін құрылымдық бөлігі сияқты сақтандыру саласының құрылуы мен бекітілуінсіз мағынасы жоқ. сол себепті сақтандыру нарығын зерттеу маңызды болып отыр

1 САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Сақтандыру ісі, сапалары, сыныптары және пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Алғашқы қауымдық құрылыстан бері, адамда мүлік пайда болғалы ол мүлікті сақтау қауіпсіздігін сезіне бастады (ұрлау, өрттің, селдің т.б. сихиялық апаттардың әсерінен жойылу жағдайы).
Өндіріс күші мен материалдарды байлықты жинау көлемінің дамуы жағынан қоғамдық өндірісте олардық қауіп факторы өсе бастады, әр адам өзінің материалды байлығы үшін қауіптенеді. Болжалынбаған оқиғаларға байланысты мүліктік қалауларын қорғау тәсілін іздестіруде жағдайы жақсы адамдар бір идеяға келді. Жекеменшік иелері араларында өркениетті өркениетті жолмен залал тиген заттың орнын толтыру.
Өмірлік тәжірибенің көрсетуі бойынша бәрін құлатушы стихиялық апат кең аймақтардағы барлық шаруашылықты дағдарысқа түсірмейді, стихиялық апаттың өзі – сирек кездесетін құбылыс. Бұл жағдай индивидуалды материалды және ақшалай резервтерді шығармау туралы шешім қабылдады.
Сондай жағдайлардан кейін адамдар арасындағы қажеттіліктердің негізінде қоғамдық қатынас категориясында залалдың орнын жабу пайда болды, қорқыныш сөзінің мағынасымен байланысты сақтандыру туды.
Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды сақтандыру болды: бидай, арпа т.б. азық-түлік және материалдар. Осы артық заттардан залал шегуші шаруашылықтарға көмек көрсетілді.
Алайда тауар ақша қатынасының даму шартында сақтандырудың бұл түрі залал орнын жабуды тұтынушыларды қанағаттандыра алмады. Сондықтан натуралды артық заттарды шектеу қажет болды, ол ақшалай формалармен алмастырылды.
Сақтандырудың ақшалай формасы оның экономикалық мәні, қызметі, ролі және сферада қолдануында сәтті болған өте прогрессивті ыңғайлы болды.
/1, 108б/
Сақтандыру – бұл экономиканың стратегиялық секторы. Нарықтық қатынастардың даму кезеңдерінде кәсіпкер өзінің барлық назарын нарық проблемалары мен бәсекеге бөлу мүмкіндік алады. Сақтандыру инвестициялық потенциалды көтеруге және ұлттық байлықты көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы нарық қатынастарының бөлінбейтін құрылымдық бөлігі сияқты сақтандыру саласының құрылуы мен бекітілуінсіз мағынасы жоқ.
Сақтандырудың экономикалық категориясы қаржы категориясының құрылымдық бөлігі болып табылады. Бірақ, егер қаржылар табыстар мен жинаулардың бөлінуі мен қайта бөлінуімен жалпы байланыс болса, онда сақтандыру қайта сақтандыру қатынастар салаларын қамтиды. Сақтандырудың ерекшеліктерін ескере отырып мынадай анықтаманы беруге болады:
Сақтандыру – шаруашылық субъектілерімен келтірілген мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын түзету үшін арналған мақсатты сақтандыру қоры салымдарының ақша қаражаттары есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. /1, 3б/
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлері
1. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды.
1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру;
3. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру,
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. /1, 7-8б/
4. Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
6. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру сыныптарының мазмұны
1. Өмірді сақтандыру, сақтандырылушы қайтыс болған немес ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемі жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
2. Аннуитеттік сақтандыру, сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
3. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілеті (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
4. Медициналық сатандыру, сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын ішінарана немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
5. Көлік құралдарын сақтандыру, көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру