Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ, АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Сақтандыру түсінігі және сақтандыру экономикалық категория
ретінде
1.2 Сақтандыру алғышарты – тәуекел: түсінігі, анықтамасы және сипаттамасы
1.3 Сақтандыру нарығының жалпы сипаттамасы, функциялары, құрылымы
1.4 Сақтандыру нарығының ішкі жүйесі мен сыртқы ортасы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері
2.3 Сақтандыру нарығының соңғы жылдардағы даму тенденциясы
2.4 Сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
2.5 Адаптивті модель негізінде болжам жасаудың теориясы
2.6 Адаптивті болжам жасаудағы есептеулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Адамның жеке мүлкі пайда болған кезінен-ақ ұрлау,өртену, басқа да апаттар нәтижесінде сол мүліктің жойылу қаупі сезіле бастады.
Өндіріс күштерінің даму барысында тәуекел факторлары да өсті. Өз мүліктік мүддесін сақтау барысында мүлік иелері зардап орнын толтыру мақсатында мүдделі меншік иелері арасында біркелкі шығынды үлестіру ойына келді.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең үлкен апат болған жағдайдың өзінде барлық шаруашылық орындары зардап шекпейді, ал табиғи апаттың өзі айтарлықтай сирек болып тұрады. Осы жағдай жеке материалдық қорларды құрмай, қоғамдық “қойма” құруға әкеледі және осы “қойма” мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым қаражат мөлшері аз болады.
Осылайша, ынтымақты тұйық шығынды үлестіру қажеттілігі нәтижесінде қоғмадық қатынастардың “сақтандыру” деп аталатын жаңа категориясы пайда болды. Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды қорларды құру түрінде болып келді: астық, жем-шөп және т.б. Осы қорлардан зардап шеккен шарушылықтарға көмек көрсетілген болатын.
Алайда, сақтандырудың мұндай формасы өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыра алмағандықтан ақшалай формаға алмастырылды. Бұл форма икемді болды да, алғашында өзара сақтандыруда (мүшелердің біріне ынтымақтастық негізінде) шығындары ақшалай түрде өтеді.
ХVII ғасырдың басында нарықтық қатынсатардың дамуына байланысты өзара сақтандыру жеке бизнес түріндегі сақтандыруға айналып, осыған байланысты арнайы сақтандыру кәсіпорындары пайда бола бастады.
Қазақстандық сақтандыру нарығы мемлекеттік сақтандырудың монопольдік жүйесі (Госстрах) негізінде туындаған болатын. Бұл жүйе 90-жылдардың басында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің даму барысында біртіндеп монополиядан альтернативті компанияларға жол аша отырып құрылған. Қазірдің өзінде нық сеніммен республиканың сақтандыру саласында әділ бәсекелік күрес орныққаны жайлы айтуға болады. Тәжірибеге бұрын тек шет елдреде қолданылған сақтандырудың жаңа түрлнрі енгізіліп, сақтанушылар алдында жауапкершілік сезімі артып келеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Мүлік иесіне мүлік немесе табыс жоғалса мүлік иесіне зақымның орнын толтыруына кепіл бере отырып, адамды өмірдің барлық жағдайларында қорғай отырып, сақтандыру қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес салада ірі масштабты инвестициялардың сенімді көзі болып табылады.
Үлкен аумақты шаруашылықтың көптеген субъектілерінің қызметін бұзатын, адамдар өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи немесе техногендік апаттар кезінде сәйкес заладың сақтандыру жүйесі арқылы орнын толтыру макроэкономикалық жағдайда жағымды көрініс табады.
Қазақстан үшін апат пен техногендік катастрофаның әсеріне өндірістік және өндірістік емес салалардың жоғары тәуелділігі тән. Яғни, сақтандырудың потенциалды ролі айтарлықтай зор. Алайда, жеткілікті сақтандыру резервінің болмауы табиғи апаттар, авария, техногендік апаттар пайда болған жағдайда жалпы ішкі өнімнің тұтыну, жинақтау және орнын толтыруға бөлудің болжамды пропорциялардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Туындаған тура және жанама шығындардың орнын толтыру үшін инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылықты кешенді жандандырудың тиімді жолдары іздестіріліп жатқан кезде сақтандыру ел тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық мәселелрді шешу кезінде шетте қалмауы тиіс.
1 САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ, АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Сақтандыру түсінігі және сақтандыру экономикалық категория ретінде
Сақтандыру деп белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындауы кезінде заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін сақтандыру жарналары мен төлемдері есебінен мақсатты ақшалай қорларды қалыптастыру және оларды пайдалануға байланысты экономикалық категорияны айтамыз. Сақтандыру бір жағынан алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып саналады, ал басқа жағынан қарастырсақ, сақтандыру сол қаржы жүйесінің келесі әрбір элементімен өзара тығыз қатынаста болады: мемлекеттік қаржы; жергілікті мемлекеттік органадардың қаржысы; кәсіпорындардың қаржысы және т.б. жеке қаржылар. Сақтандыру саласындағы қатынастар, негізінде, сақтандыру ұйымдары мен азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында пайда болады. /1,18б./
Сақтандыру қатынастарының қатысушылары сақтанушылар мен сақтандырушылар болып табылады. Сақтанушылар дегеніміз – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан немесе мемлекеттің тиісті заңына сәйкес сақтанушы болып есептелінетін заңды және жеке тұлғалар. Сақтанушылар сақтандырушылармен үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасай алады. Сонымен бірге, олар сақтандыру шартын жасау кезінде пайда алушыны – бенефициарды тағайындай алады немесе сақтандыру жағдайы туындамай тұрғанда оларды өз ұйғарымы бойынша ауыстырып жібереді.
Сақтандырушылар – белгілі бір мемлекет аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алған, қажетті деңгейдегі арнаулы мамандықтары бар сақтандыру ұйымдары болып табылады. Олар қызметін тек лицензияда белгіленген бағытта ғана атқара алады. Сақтандырушылар қызметін сақтандыру агенттері мен брокерлері арқылы да жүзеге асырады. Сақтандыру агенттеріне өзіне сақтандырушы берген өкілеттіліктерге сәйкес сол сақтандырушының атынан және оның тапсыруымен әрекетін жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар жатады. /2,36б./
Сақтандыру брокерлері кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Осы брокерлер сақтанушының немесе сақтандырушының тапсырмасының негізінде сақтандыру бойынша делдалдық қызметті өзінің атынан жүзеге асырады.
Сақтандыру қатынастары кейінгі ортағасыр дәуірінен бері белгілі. Ол кезде ұлы географиялық ашулар нәтижесінде халықаралық сауда горизонттары кеңейіп, кәсіпкерлер жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін капиталдың ірі сомаларын қажет етті. Қоғам байлығының өсуі мен оның қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейінің өсуі сақтандыруға айтарлықтай тәуелді болып келді. Әлемдік тәжірибеде белгілі болған алғашқы сақтандыру келісім-шарты Генуяда 1347 жылы рәсімделді. Алғашқы жазбаша өмірді сақтандыру келісім-шарты Ұлыбританияда ХVI ғасырда жасалған болатын. Сақтандыру адам қажеттілігін қанағаттандыру, түрлі кездейсоқтықтардан сақтандыру қорғанысына деген сезінген сұрау салуларды қанағаттандыру мақсатында пайда болып, дамыды. Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын белгілі бір экономикалық қарым-қатынастар сақтандыруда іске асырылады. Сақтандыру барлық шаруашылық субъектілерге шығынның орнын толтыруда кепілдік береді.
Сақтандыру мен кәсіпкерлік өзара өте тығыз байланысты. Шаруашылық мінез-құлық типі ретінде кәсіпкерлік сақтандыруды қажет етеді. Кәсіпкерлікке ұйымдастыру-шаруашылық жаңалық енгізу, ресурстарды пайдаланудың жаңа, нәтижелі әдістерін табу, икемділік, тұрақты өзін-өзі жаңарту және тәуекелге бару әзірлігі тән. Материалдық қажеттіліктерді көрсету формасы ретінде сақтандыру мүдделері пайда болды. Бұл сақтандыру мүдделері кәсіпкерлік дамуының перспективалы факторларын иеленуге және капитал жұмсаудың жаңа салаларын іздестіруге бағыттайды.
Экономикалық категория ретінде сақтандыру ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру әдістері мен формалары және оларды түрлі болжанбаған жағымсыз жағдайлар орын алған кезде азаматтарға көмек көрсету, шығынды өтеуге жұмсауды қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін ұсынады. Нарықтық экономикаға көшу қоғамдық ұдайы өндірістегі сақтандыру ролін арттырып, сақтандыру қызмет көрсету аумағын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Халық шаруашылығын әміршілдік-әкімшілдік басқару жүйесінде мемлекет басшыларының ролі басым және бастықтыр мен еңбек коллективінің әлсіз экономикалық жауапкершілігі кезінде сақтандыру экономикадағы өз орнын ала алмаған. /3,32б./
Нарықтық қатынастардың кеңеюі және сол жағдайда әрбір товар өндірушінің өз тәуекеліне әрекет ете бастауы сақтандырудың рөлі мен мағынасын арттырды. Сонымен қатар дәстүрлі тағайындаумен бірге, яғни табиғи апаттардан (жер сілкінісі, су тасқыны, дауылдар және т.б.), техникалық және технологиялық сипаттағы кездейсоқ оқиғалардан (өрт, авария,жарылыс және т.б.) қорғауды қамтамасыз етумен қатар сақтандыру объектісі болып түрлі криминогенді құбылыстар (ұрлау, тонау, көлік құралдарын ұрлау және т.б.) нәтижесінде болатын шығындар жиі кездеседі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, сақтанушылар түрінде келе отырып, негізгі және айналмалы құралдардың жойылуы немесе зақымдануы түріндегі шығындарды өтеуді ғана қажет етпей, түспеген пайда немесе кәсіпорынның мәжбүрлі тұрып қалуының нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындарды компенсациялауды да қажет етеді.
Өзгерулер сонымен қатар мүліктік және жеке сақтандыруды да қамтиды, ал ол, өз кезегінде, халықтың экономикалық мүдделерімен тікелей байланысты. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді сақтандыру келісім-шарттарының арақатынасы, сақтандырудың тәуекелділік және жинақтаушылық шарттарының тіркесімі, өмір сақтандыру бойынша келісім–шарттар бойынша жарна...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы