Философия | Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы

 Философия | Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1. Б.Спинозаның дәуірі оның өмір жолы мен шығармашылығы.............
1.1 Атрибуттар субстанцияның көрінісі ретінде.......................................
1.2 Модустар – субстанцияның күйлері ретінде..............................................
1.3 Спиноза пантеизмінің ерекшеліктері........................................................
2. Спиноза философиясындағы еркіндік мәселесі.........................................
2.1 Адам бостандығы – нағыз адами өнегеліктің негізі.................................
2.1 Спинозизмнің нәтижесі ретіндегі этикалық-әлеуметтік мәселер.........
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін.
Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі.
Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді.
Зерттеу жұмысының деңгейі. Біздің ғасырымызда Бенедикт Спинозаның этикалық концепциясын қарастырып көңіл бөлген қазақ философтарының ішінде Сарымсақов Амангелдіні атап кетуге болады. Ал ресейлік ғалымдардың ішінде Спинозаның концепциясына аса көңіл бөліп, сол туралы көптеген еңбектер жазған В.В. Соколовты ерекше көрсету керек. Ол Спинозаның субстанция-Құдайын, оның атрибуттары мен модустарын толық зерттеп, этикалық проблематиканы қарастыруға тырысқанын көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Менің бұл тақырыпты алу себебім, ең алдымен, ол өз өзектілігімен қызықтырды. Қазіргі заман шарттары мен өркениеттің қарқынды дамуы жағдайында тұлғаның қоғамдағы рөлі әлдеқайда арта түседі, осыған байланысты тұлғаның қоғам алдындағы еркіндігі мен жауапкершілігі мәселесі жиі туындайды. Дегенмен, тұлға еркіндігінің мәселесі ауыр міндеттердің бірі болғандықтан, Ресей мен бүкіл әлемде шешілген. Қоғамдағы тұлғалар саны, қазіргі уақытта миллиардтап саналады және әр минут сайын жер бетінде олардың қызығушылықтары, құқықтары мен еркіндіктері қақтығысады.
Қазір еркіндік барлығына жол берушілік, болмағандықтан, екіндік және жауапкершілік сияқты түсініктер бөлінбейді, бөтендердің құқығы мен еркіндігінің бұзылғаны үшін тұлға қоғам қабылдаған заңдар бойынша, қоғам алдында жауапты.
Спиноза адамның міндеті, оның этикалық мақсаты өзінің детерминацияланғандығы қысқартылған және белгілі бостандық оптимумына жету деп санаған.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты, Б. Спинозанның философиялық мұраларының этикалық аспектісіндегі адамның бостандық ерігінің маңыздылығын көрсету деп алдым. Негізгі қолданған зерттеу әдістері: тарихилық, салыстырмалы талдау әдісі, анализ, синтез, сипаттамалы талдау.
Зерттеу жұмысының міндеті. Спинозаның субстанция мәселесі және оның пантеистік көзқарастары, бостандық категориясы мен ерік бостандығы этикалық-моральдық доктриналарын толық ашып, зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы: зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі бөлімнен және сәйкесінше екі тараулардан, қорытындыдан,кілтті сөздерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Б.Спинозаның дәуірі оның өмір жолы мен шығармашылығы

Жаңа дәуір – жаңа философиялық дәстүрлер. Жаңа дәуірде жаңа ойшылдардың бейнесі, белсенділігі және беделі қалыптасты. Жаңа дәуірде философияның жаңа проблемалары туынады. Сол философтар мен олардың қозғаған проблемаларының шеңберінде түрлі қағидалар мен бағыттар қалыптасты. Философияның жаңырау тарихы да, қарқыны да тездеді. Оның бастаулары мен себептері қандай?
XVI ғ. католицизмнен бөлінген идеологиялық қозғалыстар біртіндеп күш ала бастады. Алғаш ол қозғалыс діни сипатта өрбіді. Еуропаның дамыған елдерінде бөлініп шыққан діни сенімдер католицизмге қарағанда буржуазияның мүддесіне, белсенділігіне оралымды болды. Оның басты себебі әлеуметтік негізде, дәлірек айтқанда, Батыс елдеріндегі ұзақ буржуазианың басымдығында еді. Жас буржуазия болса, Ф. Энгельстің айтуынша, ұзақ уақыт бойында теологияның ықпалында қалып қойды. Осы кезде Нидерланды мен Англиадағы болған буржуазиялық революциялар өз бағдарын көп жағдайда діни ұрандармен, діни бағытта ұстады. Англиада буржуазиялық-парламенттік армияның дінге деген талпынысы король солдаттарынан да асып түсті. Нидерландыда ұсақ буржуазия өкілдері қолөнер шеберлері мен ұсақ саудагерлер жалпылама тендік туралы революциялық арманды аңсады, крестьян шаруалар болса, католиктердің әлеуметтік негізін құрды, ал ірі буржуазия мен қала тұрғындарының арасында кальвинизмді жақтаушылар басым болды.
XVII ғ. тағы бір ерекшелігі мәдениеттің материалдық және әлеуметтік негізінің терендеуіне және жетілуіне байланысты. Бұл кезде антикалық философияның материалистік дәстүрі қайта жаңарды. Оған себеп: біріншіден, жұмысшылармен қызметкерлердің мануфактура мен өндірісте шоғырлануы, екіншіден, жаратылыс ғылымдарының, тәжірибелі білімнің қарқындауы және олардың гуманистік мәдениеттегі рөлінің анағұрлым арта түсуі. Механикалық түсінік пен өндірістегі механикалық тетіктер ықпалы мен өнердің әр саласында айқындала, арта түсті. Математика мен жаратылыстану ғылымдары бір-біріне жақындады әрі жаңа, жоғары сатыға көтерілді. Ғылымға деген сұраныстың артуы өндірістің даму қарқыны мен деңгейіне байланысты десек, енді осы қоғамдық қажеттілік алдымен білім саласында реформалық өзгерістер тудырды, соңынан ғылымды өндіргіш күшіне айналдыра бастады.осы кезде іздену жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері – ғылым академиясы қалыптасты.
Флоренциядағы Платонның академиясы гуманитарлық салаға арналса, ал 1560 ж. Италияда негізделген бірінші қоғамдастық – “ Табиғат құпиясының академиясы ” тәжірибелі білімге сүйенді және практикаға қажетті әдістерді жетілдіруді мақсат тұтты. Одан кейінгі құрылған Телезиодағы, Римдегі (1603ж) ғылыми – жаратылыс қоғамдары да осы мақсатқа арналған еді.
XVII ғ. 60-жылдары екі жаратылыстану ғылыми қоғамдарының – Лондон корольдік қоғамдастығы мен Париж академиясының (1666 ж.) ықпалы зор болды. Лондон академиясында Роберт Бойль (1627-1691), Исаак Ньютон сынды атақты физик-химик пен физик-математиктің философияға тигізген үлкен ықпалы айқын. Олар дүниеге деген көзқарастың маңызын ашып қана қойған жоқ, философия мен методологияға деген ықыласты тікелей күшейтті. Париж академиясына шет ел ғалымдары да ендірілді. Жаңа академияда жаратылыстанудағы экспериментальды және математикалық негізді білім жүйесі ретінде бір-біріне жақындатты, өзара толықтырды. Жаратылыстанудың жаңа сипаты бұрынғы натурфилософиялық дәстүрдің орнына механикалық материализмнің рөлін арттырды. Материализм дүниетанымға атеистік ілімнің элементтерін еңгізді.
Жаңа дәуірден бастап тәжірибе білім шеңберіне, теория тіліне оралды. Мұның өзі шындыққа бет бұру ғана емес, оған жақындаудың сатылары еді. Танымды тексерудің теориялық және тәжірибелік мәліметтері қатар қалыптасты және қолданыла бастады. Ғылыми танымда тексеруді реттеушілік, мәліметті барысынша толықтыру, ізденістің болжамдық күші, қарапайымдылығы және жүйелілігі артты, өзара қабысып жатты.
XVII ғ. үстем таптардың қай-қайсысы да ғылыммен қатар діннің де ықпалын сақтауға мүдделі болды. Дін дәстүрлі тәртіптің ұстанымы мен нормаларын сақтауға, сол арқылы халықты байырғы дәстүр шеңберінде басқаруға қолайлы, маңызды еді. Көп жағдайда мемлекет пен дін одақтас болып қалды. Десек те, XVII ғ. Батыста шіркеуден тыс зайырлы бастауға деген талпыныс арта түсті. Қоғамдық өмірде секуляризация ағымы артты, соңғысы сенімдегі төзімділік үшін күресті өрістетті. Сенімдегі төзімділік әрбір адамның дінді таңдау мүмкіндігін арттырды. Оған Нидерланды елінің тәжірибесі мысал бола алады. Философияда либералдық сарындағы ағымдар қатар өмір сүріп жатты. Сондықтан Нидерланды көрші елдерге католицизммен тіл табыса алмаған “ құғыншылар ” қашып келіп жатты, баспана тапты, шығармашылық қызметпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Дінге деген жаңа философиялық көзқарастар етек жайды. Қайта жаңғыру дәуіріндегідей “ қос ақиқат ” концепциясы жалғасын тапты. “ Қос ақиқат ” бағдарламасы қоғамда секуляризациялық өзгерістерді жүзеге асыру үшін ұйытқы болды. Жаңа дәуірдегі секуляризация бірнеше кезеннен тұрады: шіркеу мен монастырь меншіктерін зайырлы меншікке айналдыру, шіркеу тәртібін азаматтық тәжірибемен толықтыру, шығармашылық қызметті шіркеу ықпалынан босату.
Содан халық арасында ұлттық сана-сезім оянды , соңғы фактордың әлеуметтік-идеялық рөлі ерекше болады. Ол қоғамдағы көпшіліктің рухани әлеуетін ашып беруге үлкен ықпал етті. Ұлттық сана-сезім адам проблемасының қоғамдық және саяси мағынасын көтермеледі, оның рационалдық және индивидуалистік идеологиясын жаңа идеялық-шығармашылық деңгейде тездетті.
“ Адам патшалығын ” асқақтатуға зор ықпал еткен және оның философиясының өзекті мәселесіне айналуына ықпал еткен себептер жалқы емес.Жаңа дәуірде олардың түп тамырын өндіріс, сауда-саттық, ғылым, адамның өнімді еңбегі мен қызметі құрды. Англиядағы жаңа дворяндар тобы ауыл шаруашылығымен шектелмей, енді сауда-саттықа, манфактуралық өндіріске тікелей араласа бастады. Жаңа еңбек құралы мен технологиясы, адамдардың тың әлеуметтік тәжірибесі көптеген және жаңа табыс көзіне айналды. Адам табиғатқа билігін біртіндеп және жан-жақты үдетті. Мұның өзі қалыптасып келе жатқан жаңа философия мен ғылымның, біріншіден, практикалық міндеттерін арттырды, екіншіден, ақиқат прблемасына деген көзқарасты жаңартты. Қос сұраныс ойдың жаратылыстану-ғылыми бағыттарын алға тартты, олардың дәлдігі мен дәйектілігін, яғни танымның объектісі мен тәсілін маңызды дүниетанымдық мәселеге айналдырды.[2.] Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді. Сондықтан, философиялық-методологиялық жұмыстар мынадай басты шығармалардың қатарына жатты: Ф. Беконның «Жаңа органоны»(«Новый Органон»), Р. Декарттың «Ақыл-ойды басқаруға арналған ережелер» («Правила для руководства ума») және «Тәсіл туралы ойлау» («Рассуждение о методе»), Спинозаның «Ой-сананы жетілдіру туралы трактаты» («Трактат о совершенствовании разума»). Осы жұмыстарда жаңа, схоластикаға қарсы философияның көптеген қағидалары қалыптасты. Шынайы философияның бекемді және сенімді білімін құру үшін схоластиканың қағидалары мен мақсаттары қайта қаралды. Философтар математиканың тәсілдерін қорытындылауға және оны ұғынуға ерекше назар аудара бастады, өйткені, олар оның ақиқаттарынан адам санасының «табиғи жарығын» көрді. Бұл жарықтың ерекшелігі математиканың күшімен, яғни беделділердің көмегінісіз-ақ, асқан шынайылық «құдайдың алдындағы ашылудың» көмегінсіз-ақ, кез-келген ақиқатты түсінуге және кез-келген құпияны ашуға зор мүмкіндік пайда болды.
Ең ықпалды және схоластиканы қатты сыңға алған Р. Декарт болды. Ол жаңа дәуір философиясында рационализмнің негізін салушылардың бірі болды. Спиноза философиясының картезиандықтармен байланысының айқындығы соншама, ол көп уақыт бойы Декарттың рационалдық ілімі оның ең бірінші және жалғыз қайнар көзі болып қаралды. Спиноза оның кіші замандасы бола тұра, ойшылдың ықпалын бастан өткізуі мүмкін емес еді. Оның көтерген сұрақтары картезиандық мәселелерді шешуге бағытталған деп қарастыруға болады, ал ал оның ілімі бір жағынан, дайындау, екінші жағынан, осы ықпалды ілімге деген қарсылық еді. «Декрт философиясының негізі» (Спинозаның ерте шығармасы) атты еңбегіндегі кіріспеде, Спиноза кітапта жазылған идеяларды толық қолдамайтындылығы туралы түсіндіріледі. Декарттың физикасын толық қабылдап ( дегенмен, өмірінің сонында қанағаттанбаушылық көрсетті ), картезиандық метафизикада ол үш қанағаттанбаушылық ерекшеліктер тапты: Құдайдың трансценденттігі; жан мен тәннің дуализмділігі; және бостандықты Құдай еркімен адамға жатқызу (соңғысын Декарттың өзі де ғажайып деп қабылдады) – осы доктриналар Әлемді түсініксіз етеді. Дегенмен, Декарттың ең жақын ізбасарларының ішіндегі, ол нағыз өзіндік ойшыл болды. Сонымен қатар, ол келесі философия тағдырында үлкен және маңызды рөл атқарды. Тағы бір негізгі мәселе, Спинозаның философиялық пікірлеріне үлкен ықпалын тигізген Джордано Бруноның идеялары болды, әсіресе оның пантеистік ой-талғамдары. Сонымен қатар, Томас Гоббс, еврей философы Маймонид ойшылға өз ықпалдарын тигізді.
Сонымен, Спиноза ( Spinoza, d’Espinosa) Бенедикт ( Барух ) 24 қарашада 1632 жылы Амстердамда еврей қауымына жататын көпесінің отбасында дүниеге келді. Спинозаның ата-анасы, басқа еврейлер сияқты, испан инквизистердің діни құдалауынан аман қалу үшін, Португалиядан Амстердам қаласына көшеді. Амстердамда үлкен еврей қауымдастығы жиналып, ол жерде раввиндар дайындайтын оқу орнын ұйымдастарды. Осы оқу орнында Спиноза өзінің білімін алды. Әдеттен тыс баланың қабілеттілігі ол 15 жасында Талмудты жатқа білетін болған.Спинозаны ғылым білімдерге ұмтылысы күштірек болды.Әкесі 1654 ж қайтыс болғансоң,оның жұмыстарын қолға алып, сонымен қатар еврей қауымынан тыс, оған оппозиция болатын Нидерланды кальвинистік шіркеуімен ғылыми және достық қарым-қатынас жасады.Болашақ философқа үлкен әсер тигізген оның латын тілінденгі жетекші Франс ван ден Энде, өзі дәрігер гуманист, көрнекті ұстаз, озық ойлы адам болған.Оның әртүрлі қызығушылықтардың интеллектуалды ортасы есептелінді: діни, философиялық саяси ғылыми, әдеби: мұнда Спиноза математика, жаратылыстану ғылымдары медицинамен және сол уақыттың алды философиялық ілімдерімен танысты. Ван ден Энден көмегімен ол еврей қауымынан, еврейлік көзқарасттан алыстады. Жастарға Спинозаның кері әсерінен абай болған болған Раввин мүшелері оны “ кіші қудалауға ” ұшыратты, бұл болашақ философқа аз әсер етті. Сонымен қатар оның өміріне қастандық жасауда көмектескен жоқ. 27- ші шілде 1656 жылы Спинозаға херем қойылған. Ол өзінің ұстаздарынан қарғыс алған, мәңгі бақи еврей қауымынан қуылған болды. Раввиндердің қысымшылығынан философ Амстердамнан кетуге мәжбүр болды. Ол Рейнсбургте қоныстанды. Оның өмір сүру мүмкіндігі болмағаны соншалықты, Келердің айтуы бойынша, ол әйнекті қырнауды үйреніп соның арқасында өмір сүрді. Философтың онашалануы, оның Амстердамдық достарынан байланысын үзген жоқ, оған себеп көп деген хат алмасуы дәлел болды. 1658-1660 жылдары бірінші алғашқы философиялық туынды “ Қысқаша Құдай, адам туралы трактат және оның бағаты ” деген еңбек жарыққа шықты. Бұл еңбек болашақ философиялық жүйенің жол-жобасы болды. Осы жерде Спиноза “ Ой-сананы жетілдіру туралы трактат ” деген еңбегін аяқтай алмай кетеді.
Рейнсбургте Спиноза Лейденск университетінің теология факультетінде оқитын Иоанн Казеариусқа Декарт философиясынан лекция оқыды. Нәтижесінде 1663 жылы Спинозаның тірі кезіндегі шыққан “ Декарт философиясының негізі ” еңбегі дайындалып басылып шықты.
1663 жылдың көктемінде Спиноза Гаага қыстағына жақын Ворбургте қоныстанып, онда танымал, әйгілі, физик, матеметик, астроном, Христиан Гюйгенсбен тығыз қарым-қатынаста болды.
1670 жылы жарық көрген “ Құдайілімдік – саяси трактат ” атты еңбегін осында жазады. Бұл еңбек анонимді түрде, баспасөз орны жасырын түрде жазылды. Трактат теологтардың ортасында үлкен наразылық тудырып, автордың аты анықталып, 1674 жылы осы трактатқа тиым салынды. 1679 жылы достарының айтуы бойынша Спинозаның ең басты еңбегі “ Этика ”, “ Саяси трактат ” сияқты жұмыстарын жалғастырды. Қызықты факторлардың бірі, Спинозаның еңбегіне іс жүзінде тиым салынғанмен, Спинозаны ресми түрде Гейдельберг университетінің философия кафедрасыны басқаруға ұсыныс түседі. Бұл шақырудан, прфессор қызметінен Спиноза бас тарттты, себебі бұл жұмыс оның өзіндік көзқарасын еркін білдіруіне кедергі болады деп сенді.
1677 жылы 23 ақпанда Спиноза дүниеден озады. Оның шығармаларын 1677 жылдың желтоқсан айында Амстердамдағы жақын достары “ Opera Posthuma ” “ Өлер алдындағы шығармалар ” атты жинағын басып шығарды. Осы жинаққа енген еңбекттері “ Этика ”, “ Саяси трактат ”, “ Ақыл-ойды жетілдіру трактаты ”, “ Қысқаша еврей грамматикасы ” және “ Хат алмасу ” болды. “ Opera Posthuma ” атты еңбегі жарыққа шыққаннан бірнеше айдан кейін голланд үкіметі тиым салып, XIX ғасырдың басына дейін қайта басылып шықпады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру