Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.
Мазмұны
Кіріспе
1- тарау. Қазақ философиясы тарихындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы
мұрасының орны.
1.1. Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізі.
1.2. Шәкәрімнің адам ілімінің философиялық-териялық өзектері.
2- тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.
2.1. Табиғат, құдай және адам.
2.2 Шәкәрімнің ар білімі.
2.3 Ұждан
Қорытынды
Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық- тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі,мәдениетің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларға көңіл және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеп толықтыру, жаңа қоғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол заман әрбір адам өзіндегі “нәпсі кеселін” жойып бүкіл адамзат тағдырына немқұрайдылықпен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі, оның ішінде өзін- өзі іздеу және тануға, іштей түлеу, ширығу және дамуға құрылған бірегей адам концепциясы маңызды да ерекше жаңалық, терең де соны толықтыру болмақ. Өйткені қандай да болмасын, жаңа қоғамның сапалық жаңалығы, оны қалыптастырудағы жетістіктер сайып келгенде сол қоғамдағы әрбір тұлғаның имандылық жағынан жетілдіруімен өлшенеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адам мәселесін зерттеудің актуалдығын біз осыдан түйеміз.
Шәкәрім көзқарасындағы адам мәселесі шығыс пен батыс философиялық ілімдерін қатар қарастырып, керектісін алған синкретикалық сонылығымен [] қазақ қоғамының ΧΙΧ ғасыр аяғы мен ΧΧ ғасыр басындағы рухани және болмыстық ерекшеліктерін бейнелеуімен қазақ ұлттық философиясының антропологиялық дүниетанымының іргетасын қалап тұр.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі:
Тоталитарлық мемлекет, басқару-әкімшілдік жүйе үстемдігі философияда да, бүкіл мәдениет тұтастығындағы сияқты философиялық бірлікті ыдырататын, маңызды мәселелерден бас тартып, философиялық ой-әрекеттің түрін ғана бейнелейтін қауіпті деформацияларға әкелді. Ашық апологеттік сипатқа ие болған мұндай философияда адам мәселесінің жете зерттеленуі тежеліп, реалды индивидтер болмысының өзіндік ерекшелігі мен қайталанбастығы еленбеді. Мәдениетімізде ұзақ жылдары бойы насихатталып келінген философиялық сциентистік мұраттардан енді ғана арыла бастаған бұрынғы Кеңестер Одағы философтарының адам мәселесіне деген ықылас-назарының күшеюін осылай түсінеміз.
Бұл жағдай қазақ ұлттық философиясындағы адам мәселесіне де қатысты. Адамның өзі туралы, өз табиғаты, қоғамдағы орны мен ролі, өз еркінің бостандығы жайлы түсінігі ежелден түрлі рухани салаларда: фольклорда, әдебиетте, поэзияда, өнерде қалыптасты. Бұл жайлы қазақтың белгілі жазушы ғалымдары мен археолог, этнограф, тарихшы, ежелгі дәуір әдебиетін, қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілері еңбектерінен құнды мағлұмат алудамыз.
Қазақ әдебиетінде адам мәселесінің қойылуы мен шешілуін зерттеген аға буын ғалымдар: М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов болды. Әйтсе де адам мәселесі жөніндегі жалпыланған толық түсінікті тек философия ғана бере алмақ. Бұл салада еңбек сіңірген ғалым философтардан Қ.С.Бейсембиевті, М.С.Бурабаевты, О.А.Сегізбаевты, А.Х.Қасымжановты, Д.К. Кішібековті, М.Ш.Хасановты, М.С.Орынбековты атай аламыз.
Жеке ойшылдардың дүнетанымындағы философиясындағы адам мәселесінің қарастырылуы туралы жазылған еңбектерден М.Мырзахметовтың “Абайдың адамгершілік мұраттары”,Ғ.Есімовтың “Хакім Абай”,М.С.Орынбековтың “Философское воззрения Абая” т.б. атауға болады.
Соңғы жылдары, яғни 1988 жылдан Шәкәрім жайлы М.Мағауин, Қ.Мұқаметжанов, С.Дәуітов, Б.Сапаралин, Р.Сейсенбаев, М.Базарбаев т.б. жазып жүр.Жекелеген мақалалар арнаулы журналдар мен басқа да мерзімді басылымдарда жазылып жатыр, бірақ олардың көбі Шәкәрім дүниетанымын филологиялық, тарихи тұрғыдан қарстырады. Ал методологиялық көлемде Шәкәрім танымын, бүкіл фәлсапалық жүйесін ондағы жан, тән, жаратылыс, сенім мәселесін түгел қамтитын жүйелі де толық еңбектерден А.Әмребаевтың және Б.Айбековтың, Шәкәрім Құдайбердиевтің адам философиясы жөнінде жазған диссертациялық жұмыстарын атай аламыз.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері:
Зертеу мақсаты-Шәкәрім Құдайердіұлының философиясындағы адам мәселесі жөніндегі көзқарастарына ғылыми-философиялық талдау жасау. Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
-Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізін, философиялық-теориялық алғышарттарын ашу;
-Қазақ ұлттық философиясындағы адам мәселесінің қалыптасуы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы кезеңіндегі адам мәселесі қойылысының ерекшеліктерін анықтау;
- Шәкәрімнің философиялық антропологиясының принциптерін талдау;
-Шәкәрімнің адам мәселесі шеңберіндегі әлеуметтік- философиялық көзқарастарын талдау, олардың ойшыл өзі өмірде, ғылымда ұстанған кредосы, бағытымен байланысын анықтау;
-Шәкәрімнің этикалық көзқарастарын адам мәселесі тұрғысынан саралау, ойшыл негізге алған құндылықтардың қазақ халқының өмірде, танымда басшылыққа алатын рухани құндылықтарымен арақатынасын салыстыру.
Зерттеу жұмысымның жаңалығы Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесінің қарастырылып, қорытылуы мен оның көзқарастарының қазақ философиясы тарихындағы орны сипатталуымен анықталады. Нақты жаңалығы мынада:
-Шәкәрім философиясындағы онтологиялық жүйе құрылымы, оған негіз болған философиялық үлгілер зерттеледі.
-Шәкәрім көзқарастарындағы өлім мен ажалсыздық мәселелері талданады.
-Шәкәрімнің философиялық көзқарастарындағы антропологиялық аспект алғаш рет ашылады.
-Шәкәрімнің таным теориясының негізі ашылады.
-Шәкәрімнің адам және ерік бостандығы туралы тұжырымдары және оларға жетудегі құрал ролін атқарған философиялық, творчестволық әдісі анықталады.
-Адам табиғатын түсіндіруде қолданатын шәкәрім мистикасының рационалдығы ашалады.
-Үштік негізге құрылған философиялық ұғымдағы Шәкәрім “ұжданы” тарихи-философиялық герменевтикалық әдіс тұрғысынан талданады.
-Шәкәрімнің адам мұраты нақтыланады.
Зерттеу материалдары:
Ш. Құдайбердіұлының “Жазушы”, “Жалын”, “Қазақстан”, “Ғақлия” баспаларынан жарық көрген басты шығармалары, мерзімді баспамен Ұлттық кітапхананың архивіндегі диссертация залындағы материалдар қолданылды. Методологиялық құрал орнына, А.Қ.Қасабеков, М.С.Орынбеков мақалалары мен еңбектері, М.Мырзахметовтың”Абайдың адамгершілік мұраттары”, Ғ.Есімовтің “Хакім Абай”аты кітаптары пайдаланылды.
Диплом жұмысымның құрылымы: кіріспеден, екі тарауға біріктірілген параграфтан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Ι тарау. Қазақ философиясы тарихындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы

1958жылы дүниеге келіп, 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны болған Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымы ағартушылық бағыттың барлық өкілдерінікі сияқты өз кезеңіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлардың көрінісі ретінде қалыптасты.Ал ол кезең ірі оқиғаларға толы еді. Солардың ең бастысы қазақ елінің орыс еліне бодан болуы және Ресейдің отаршыл саясатынан туған өзгерістер болатын. Бұл саясат мақсатының үш түрлі бағытта іске асырылғаны қазір нақты айтылып жүр: 1.Қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру тәсілімен тартып алып, түпкілікті меңгеру; 2. Рухани сағын сындыру үшін христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру немесе ислам фанатизмімен уландыру; 3.Территориялық принципке негізделген болыстық сатылы- сайлау жүйесін орнықтыру арқылы өздерімен өздерін жауластырып қою.(1)
Қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтың сезімін өшіріп, рухани құлдыққа танудың әдістері іске қосылысымен қазақтың елдік берекесі кетті. Бұл қаскөй құбылыстың зардабын ΧΙΧ ғасырдағы қазақ ағартушылары сезініп, шығармаларында өздерінің іштей қарсылығын байқатты да. Ал 1905 жылғы орыстың буржуазиялық-демократиялық революциясының тікелей әсерімен ұлттық сана-сезімі жағынан жаппай оянған қазақ оқығандары тікелей қарсылық та көрсетіп жатты. Осы құбылыстың бір көрінісіне Россия империясының қазақ елін идеологиялық жағынан меңгеру мақсатында астыртын жүргізіп келген миссионерлік саясатына қарсы туындаған қарсылықтың кейбір белгі берген түрлерін жатқызуға болады. Осы тұрғыдан қарағанда Ыбырай Алтынсариннің “Шариат-ул- Исламы” кітабы мен Шәкәрімнің “Мұсылмандық шарты” бір бағыт, бір межені ұстанғаны сезіледі. Бұлар уды -умен қайтаруға болады деген танымал күрес әдісін ұстанған секілді. Өйткені, бәрі де діншілдік ұғымның шеңберіндегі исламият догмаларын емес, діннің мән-мақсатын таныстыра отырып, негізінен адамгершілік тәрбиесі мәселесіне баса ден қойғаны байқалады. Сондықтан мысалы, Ыбырай Алтынсариннің “Шариат-ул-Исламы” кезінде: . . . балаларға ислам дінінің ақиқаттығын негіздейтін түсінікте бере алмайды”- деп сыналған. (2) Ал Шәкәрім өз дүниетанымының іргетасы ретінде жазған алғашқы кітабының өзінде діни түсініктегі ислам мен болмыс қағидаларын талдай отырып, адам табиғаты мен танымын, адам орнын анықтауға тырысады. “ . . . адам өзін-өзі білмекке әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек! Онан соң басыма пайда, дүние ахиретіме пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге,яки өзіме зиян қылғаннан саумын ба, деп ойлау керек. Өйтіп өзін-өзі тексермей жүре берген адам жайдан мал, аңнан да төмен болады.(3) Қазақтың наным-сенім, діндарлығы жайлы ойлары жалпы сенім мәселесіне ұласып, зерттеу нәтижесі көсетіп бергендей Шәкәрімді өз теориясын жасап шығаруға жетелейді.
Шәкәрімнің дүниетанымының қалыптасуы туралы сөз болғанда оның өміріндегі Абай ролі, Абай ықпалы жайлы арнайы айтпай болмайды. Шәкәрім ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де , университеті де Абай.Шәкәрімнің шығыс, батыс әлемдеріне қызығушылығын оятқан басқа емес, өзінің ұстаз ағасы Абай.
Абай жолын қуған Шәкәрім тарих өн бойында қалыптасқан қазақ халқының жан дүниесінен, ұлт санасындағы наным-сенім мен негізгі ұғым-түсініктен хабар беретін поэтикалық және философиялық құбылысты игереді. Канттық сипаттағы принципиалды дүниетанымдық: - Мен қайданмын? – Не істеуім керек? – Неден үміттімін? – деген сұрақтарға өзіндік жауаптары Шәкәрімнің ән-өлеңдеріне, проза, философиялық трактаттарына арқау болады. Шәкәрім өзіне дейінгі ойшыл ағартушы, ақын ғалымдардың, теоретиктердің көзқарастарына, жаңа заман рухани қазыналардың басты бағыттары мен негізгі сұрақтарына талдау жасайды. Көп мәселелерді өзіндік, соны көзқарас танытып, интерпретациялау мәнері мен позициясы, прогрессивті тұжырымдары бүгінгі күнмен үндес келетіндей дәрежеге көтеріледі. Сөйтсе де бұлардың бәрінен Шәкәрімнің “Абай алдында” алғаш тәлім- тәрбиесі, дүниетаным негіздері “мен мұндалап” алыстан көзге ұрады. Өзінің “Жастарға”, “Ашу мен ынсап”, “Анық пен танық”, “Қазақ”, “Насихат”, т. б. өлеңдерінде Абайды ұстаз тұтып, Абай ақылына жүгініп отырады.
Шәкәрімнің жалпы творчествосында Шығыс мәдениетінің орны ерекше болған. Ол Шыыс тарихы мен көркем әдебиетін түбегейлі меңгеріп, шығыс әлемінің рухани қазыналарын терең игеріп, түпнұсқадан оқып танысады.
Шәкәрімнің Шығыстың рухани қазыналарына қол артқанда сусындаған бұлақтары: поэзия классиктері,араб-парсы түрік тіліндегі ғұлама ойшылдар еңбектері болды.
Шәкәрім Абай ағасы арқылы Физули, Шәмси, Сәйхали, Навои, Фирдоуси, Хожа Хафиз сияқты гуманистердің шығармаларын жасынан жаттап, соларға еліктеп өседі. Суфистер философиясы арқылы Платон, Аристотель, Сократ шығармаларымен таныс болады.
Шәкәрім дүниетанымының философиялық негіздеріне тоқталмас бұрын тарих дамуы барысында адам мәселесіне қандай көзқарас, орын мен сипат берілгенін шолып өтпек қажет. Адам мәселесі қоғамдық өндіріс пен қатынас негізінде, сол дәуірдің саяси, тарихи, рухани және имандылық атмосферасынан туындайды. Солай бола тұра олардың арасында тікелей байланыс, тәуелділік жоқ. Материалды өндіріс даму дәрежесі адам мәселесінің нақты-тарихи мәніне тепе-тең келе бермейді.
Адамзат санасының сәбилік кезеңі, алғашқы тарихи формасы- мифология болып табылады. Онда поэзия мен ғылым, дін мен мораль, рационалды технология мен табиғатқа, адамға ритуалды ықпал ету элементтері бар. Мифте индивидтің жеке тәжірибесін колективтің рулық тәжірибесімен сәйкестендіруге қоршаған ортаға бағдар жасап, бейімделуге мүмкіндік беретін жүріс-тұрыс үлгісі көрініс тапқан.Табиғат күштеріне деген құрмет, сақтық, қамқорлық қатынас және жеке бас тәртібін қауымдікімен үйлестіру деген принципиалды мәселе тұрғысынан миф тұрақты мәнге ие.
Әскери демократия жағдайында беки түскен, ΧΧ ғасырға дейін көшпенді өмір сүрген қазақ халқы рулық қоғамда анимистік, тотемдік, шамандық нанымға ие болды.
Қазақ ата- бабасының дүниетанымының атын жоғарғы күні- Тәңірден алатын “тәңірлік” деп атауға болады. Мәні жағынан отбасы мен бала-шаға жебеушісі Умай- ана келесі сатыда тұр.
Ежелгі түріктер таным түсінігі негізінде зороастризм жатыр. Қарама-қарсылықтар күресі рухы, адам жаны үшін мәңгілік космостық тартыс идеясы адам табандылығы, беріктігі философиясы өзіндік этиканың тууына жағдай жасады. Зороастризм адамға Ахурамазад мен Ариман күресінен қалыс қалмау, жалғандық жасамау, бастапқы әділдік пен дүниенің дұрыс құрылғандығына сену жөніеде этикалық талап қойды, адамды уақытша жеңіліс үшін белсенді іс- әрекетке шақырып, әділетсіздік жайлаған уақыт үшін жауапкершілік артты.
Сонымен рулық қоғамдағы ежелгі көшпендінің табиғаты- 1. бәрін билеп төстеуші қожа, бүкіләлемдік субьект; 2. күш- қуат беретін қолдап-жебейтін одақтасы; 3. өзіне ықылас, ынта жігерін салуды, ақылы мен күшін қатар қолданып қорғауды, қадірлеуді талап ететін қасиетті туған жер. Яғни, ежелгі қазақ танымында ер мен ел, атамекен немесе индивид, қоғам және табиғат диалектикалық бірлікте қарастырылады. Дәл осы үйлестік, тепе-теңдік арқылы табиғат адамның жан дүниесі мен оның сыртқы көрінісі: іс-әрекет, қимыл-бағыт, ой-мақсат барысын анықтап отырады. Көшпендінің ішкі әлемі өзін қоршаған дүниемен табиғи болмыстық жолмен тұтасып кетіп жатады. Қоғамның, қауымның тіршілігі, қуаныш-қайғысының жаңғырығы табиғаттан қайтып жатады. Орасан зор, кең, шексіз бүтін обьект-тірі табиғат дала перзентінің өмір тіршілігіне онымен бірге қайғырып, жеңісіне қоса шаттанады.
Ежелгі қазақ- табиғаттың лүп еткен тынысына, құбылысына ерекше сезімтал. Сондықтан да табиғатпен толық үйлесімдегі, диалектикалық тепе-теңдіктегі адам- ішкі және сыртқы жетілгендіктің белгісі....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары. дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар философия жобалар дипломдық жұмыстар