Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы
Мазмұны
КІРІСПЕ
І- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
1.2 Ақынның қоғамдық-саяси көзкарастарының қалыптасуының тарихи-әлеуметтік алғы шарттары
ІІ- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1. «Оян, қазақ»жинағындағы әлеуметтік-этикалық мәселелер және ағартушылық идеялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендікке ғасырлар тоғысында қол жеткізген Қазақстан мемлекеті, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйесін өркениеттік үлгіде қайта жаңғыртты және күні бүгінге дейін жаңғыртып та жатыр. Қазіргі Қазақстан мемлекеті әлемдік жаһандану (глобализация) процесімен ықпалдасуға ұмтылуда. Тәуелсіздікпен келген демократиялық бостандық халқымыздың рухани жаңаруының алғышарты болып табылса, рухани жаңару егеменді еліміздің саяси, экономикалық тұрақтануы мен қоғамымыздың өркендеуіне жол ашады.
Егемендіктің мәндік негіздерінің, тәуелсіздіктің тұғырлы болу шарттарының бірегейі — рухани ояну. Қоғадық өмірдің түбегейлі өзгеруіне ұзақ жылдар бойғы теориялық ой түрткі болғаны күмән туғызбайды. Бүгінгі өркениетті саналатын мемлекеттердің тарихы осыған дәлел. Қайта жаңғыру қоғамнан саяси-экономикалық реформаларды ғана емес, ұлттық бітім мен сананың замана талабына сай өзгеруін талап етеді. Бұл процестің қозғаушы күші -ұлттық философия. Философия қоғам жаңаруының басты бағыты теориялық тұрғыдан талдайтын, әлеуметтік зерттеулердің басын біріктіретін ғылым болғандықтан оның аталмыш мәселелерді зерттеудегі маңызы зор. Нақтылай айтқанда, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани қазынасын зерттеу уақыт талабы екендігі сөзсіз. "Өзінің философиясы жоқ елдің тәуелсіз рухани мұрасы мен дамуы болмайды, әр уақытта басқа факторларға тәуелді болады", - деп жазды қазақ философиясының қалыптасуына белсенді үлес қосып жүрген ғалымдар Ж.М.Әбділдин, М.С.Орынбеков(1.28). Қандай бір болмасын халықтың еркін, рухани жетіліп дамуы үшін өзінің ұлттық философиясы болуы шарт. Қазақстан елінің ғалымдары мен философтары қазақ философиясын дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырып, еліміздің бай фольклорын, философиясын, рухани мәдениетін жоғарғы теориялық зерттеу дәрежесінде қарастырып жатыр. Кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан пікір, көзқарастарға партиялық, таптық позициялардан басқа, жалпы азаматтық позиция тұрғысынан баға беру Қазақстан егеменді ел болғанда ғана жол ашылды.
Қашанда бүгінгімізді түсіну үшін, өткенімізге көз жібереміз. Қоғамның дамуын ұғыну, қоғам қажеттерін білуге ұмтылғанда, қоғамның өткен кешесіне үңілуді, зерттеуді талап етеді.
Мемлекетіміздің ел басшысы Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу жылы деп жариялауында үлкен саяси мән жатыр (2.157) . Қазіргі қоғамымызда жүріп жатқанкүрделі әлеуметтік процестер, ішкі қайшылықтар мен шиеленістер, рухани мәселелердің өзектілігі ғасыр басындағы қоғамда болған қайшылықты процестермен ұқсас тұстары мол. Қазіргі еліміздегі сонылы мәселелерді шешуге өз үлестерін қосып жүрген қоғамдық қайраткерлері, зиялылары. Сондай-ақ, ғасыр басында да қазақ қоғамындағы қайшылықты шиеленіскен мәселелерді шешуге ұмтылған, тығырыққа тіреліп тұрған халқына шығар жолын сілтеуге тырысқан қазақ интеллегенциясы, яғни зиялылар еді. Сол кезде өмір сүріп, өзінің саяси-қоғамдық көзқарастарын әлеуметтік, философиялық тұрғыдан қарастырған ізденістерін жан-жақты көрсете білген зиялылардың бірі Міржақып Дулатов. Оның шығармашылық өмірі мен қоғамдық, ғылыми ағартушылық қызметі қазақ халқының өмірінде үш бірдей төңкерісті бастан кешіп, сұрапыл қайшылықтар кезеңіне тура келді. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары сияқты М. Дулатов та сол уақыттағы орын алған тарихи - әлеуметтік, саяси-мәдени ахуалды терең пайымдап, оның қазақ қоғамы үшін үлкен перспективаларды ашып отырғанын көре білді және бұл ахуалды тек пайымдап қана қоймай замана ағымына ұлттық тиімділік тұрғысынан ықпал етуге талпынды.
Қазан төңкерісінен кейін халқының мұң-мұқтажы мен мүддесін көксеген зиялылардың бірі болып, жазықсыз қуғындау мен айыптауларға ұшырады. Міржақыптың қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасына әділ баға беру, ең қуатты мемлекеттің бірі болған кеңес империясының ыдырауы нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Міржақып Дулатов өзінің еңбек еткен қай саласында болмасын халқына мәнді, мағыналы қызмет ете білді. Бұл оның туған халқының дүниетанымы мен рухани мәдениетін терең танып, халқын бар болмысымен сүйе білгенін дәлелдейді.
Міржақыптың шығармашылық өмірі ғасыр басында қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі де, қиын кезеңіне тура келді. Бұл кезең Ресей патша өкімегінің отаршыл саясатының ақын өзі көрсеткендей "гүлдеу шегіне жетті", бірінен кейін бірі келген төңкерістер, оған қат-қабат келген бірінші дүниежүзілік соғыс ауыртпалығы елдің шаруасының еңсесін езіп тұралатты. Десек те қазақ халқының ұлттық сана-сезіміне қозғау түсіп, ояна бастаған да еді, қазақ даласы қозғалысқа түсіп белгілі бір дәрежеде рухани даму орын ала бастады. Көшпенді қазақ халқы отаршыл саясаттың қыспағы ғана емес, сонымен бірге қазақ ішіндегі шенеуніктердің қыспағына да түсті. Дегенмен де XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев негізін қалап кеткен ағартушылық идеологиясын, ары қарай жалғастырған қазақ зиялылардың ерен еңбегінің нәтижесінде оқуға, білімге деген құштарлық практикалық іс-әрекетге көріне бастады. Халық балаларын мұсылманша оқытумен қатар орысша оқытуға берді. Бұл - Ресей өкіметінің отаршыл саясатына қарсы болған, қараңғылықтан шығудың алғашқы қадамдары іспеттес еді.
Біз Міржақыптың шығармашылық еңбектерінен айтылмыш уақыттағы қоғамымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық әлеуметтік хал-ахуалы мен халқымыздың сана-сезім талғамын, дүниеге көзқарасы мен ой-өрісі, болмыс бітімін көреміз. Сонымен бірге оның еңбектерінде көрсетілген мәселелер бүгінгі біздің қоғамымыздың соны мәселелерге сай келіп, қазіргі біздің уақытымызбен үндесіп жатыр. Міржақып Дулатов шығармаларында көрініс табатын философиялық ой-толғамдары, саяси-әлеуметтік көзқарастары, дүниетанымдық пайымдаулары қазіргі таңда адам үшін берері мол, үйретері көп мұра, өйткені өткен ғасыр басында да қазақ қоғамы жолайрықта тұрды. Бұл - ғасырлар қойнауынан орын алған дәстүр жалғастығы мен өзгерістерді талап еткен дәуір қажеттілігінің тарих толқынында қабаттаса келген кезі еді. Қазақ зиялылары осы диалектикалық үрдісті шешудің тиімді (ұлттық мемлекетгілік тұрғысынан) бағытгарын іздестірді, теориялық және практикалық бағдарламаларды жасап ұсынды.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының бетін ашу - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Зерттеудің негізгі нысаны. Адамның дара тұлға болып қалыптасуында терең тылсымдық қабаттар мен рухани ізденістердің маңызы зор екендігі күмәнсіз. М. Дулатовтың рухани өсуіне әсер еткен Батыстық, Шығыстық және Қазақы бастаулардың арақатынасы тарихи-философиялық, ғылыми теориялық тұрғыдан талданған.
М. Дулатов шығармаларын зерттеу негізінде қазақ ағартушылығының екі буын арасындағы сабақтастық пен ерекшелік мәселесі ұлттық болмыс пен ұлттық сана, ұлттық менталитет және инновациялық уақыт өрісі аясында шешілген.
Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетаным, әлеуметтік дүниетанымының қалыптасуы мен дамуын, оған ықпал еткен тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайларды сараптау. Оның шығармашылық өмірі мен туындыларының ішкі мәнін жан-жақты қарастыру. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер адам болмысының барлық жақтарында өз қолтаңбасын қалдырып, оның осы өзгерістерге деген көзқарасын қалыптастырады. XX ғасырдың басындағы әлемдік ауқымдағы тарихи оқиғалар, саяси- әлеуметтік процесстер мен либералдық - демократиялық қайта құрулар қазақ қоғамын да айналып өткен жоқ. Тарихи дамудың магистралдық бағытын дұрыс түсініп, бағалай білген ұлтымыздың ардақты азаматтары әрбір тарихи мүмкіндікті халқымыздың болашағына пайдаланып қалуға, игілігіне жаратуға ұмтылды. Осы мақсатта олар саяси күрестің барлық тәсілдерін ғылыми публицистикалық, көркем-әдеби шығармашылықпен ұштастыра білді. Олардың шығармаларында жеке адамдардың мұң - мүқтажы, арман тілегі сомдалып, тұтас халықтың ұлттық идеясы деңгейіне көтерілді. Қарапайым адамның қажеттілігі ұлт қажеттілігімен ұштасты. Әрине бұқара халықтың бәрі мұны саналы түсінді деп айтуға болмас, алайда, бұл көңілде жүрген, ғылыми тілмен айтсақ көмескі саналылық ұмтылыс еді. Өйткені, еркіндік, бостандық адамның мәндік сипаты болып табылады. Құлдық адам табиғатына қаншалықты жат болса, еркіндікке деген ұмтылыс оның болмысымен етене бітескен. Міне, сондықтан болар көкірегі ояу әрбір азамат бостандықты өмірден жоғары қояды. Тарихтан белгілі, өз халқының бостандығы үшін жеке өмірін сарп еткен боздақтар ерлігі осыған айғақ.
М. Дулатов өз шығармашылығында бостандықтың осы болмыстың - субстанциялық негізіне үңіледі. Бұл жерде біздің бостандықтың субстанциялық негізі деп отырғанымыз - ұлттық ерік-жігер мен ар-намыс, ұлттық сана. Сондықтан болар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, соның ішінде, М. Дулатовтың арман-мақсаты ғасырлар бойы аяққа басылып, жаншылып келген ұлттық сезім мен сананы ояту болды.
Біз өз зерттеулерімізде аталған мәселелердің М. Дулатов еңбектерінде қалай қарастырылғандығын, қандай шешімін тапқанын анықтауды мақсат еттік.
Осы мақсаттарды іске асыру барысында төменде көрсетілгендей басты міндеттер туындайды:
- М. Дулатовтың дара тұлға, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының рухани дүниетанымдық бастауларын анықтап, алаш азаматтарының рухани-мәдени әлеуметтену үрдісіне тарихи-философиялық талдау жасау;
- XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік қайта құрулар мен өзгерістердің қазақ қоғамына ықпал ету деңгейін, трансформациялық процесстердің ұлттық болмыс пен санаға әсерін, олардың М. Дулатов шығармаларындағы көрінісін айқындау;
- М. Дулатовтың ғылыми публицистикалық және әдеби шығармаларына герменевтикалық талдау жасап, ойшыл ақын-жазушының қоғамдық-саяси, әлеуметтік - философиялық көзқарастарының генезисі мен эволюциялық даму кезеңдерін нақтылау, ой-пікірлерін тарихи-философиялық принциптер негізінде сұрыптап, жүйелеу;
- қазақ ұлттық философиялық ой толғаудың қалыптасуындағы М. Дулатовтың өзіндік қолтаңбасын, алатын орнын, ойшыл шығармашылығының мәндік-мазмұндық құндылығын айқындау;
- өткен ғасыр мен қазіргі замандағы әлеуметтік, саяси-тарихи процестерге синхронды талдау жасай отырып, М. Дулатов көзқарастарының бүгінгі Қазақстан алдында тұрған мәселелерді (мемлекеттік, азаматтық қоғам, қүқықтық мемлекет құру және т.б.) шешудегі өзектілігі мен потенциалын көрсету.
- Дипломдық жұмыстың дереккөздері мен материалдары..
Қазақ философиясының өз ерекшелігін, сонылығын, қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық, мәдени - тарихи дамуының барысын нақты кезеңіне сай анықтау, нақтылы тарихи-философиялық ойлаудың диалектикалық методы жан-жақты қолданылады. М.Дулатовтың дүниетанымын, әлеуметтік философиялық, қоғамдық саяси көзқарастары мен ой-пікірлерін зерттеу барысында біз тарихилық пен логикалық, компоративистикалық тәсілдерді кеңінен қолдандық. Біздің пікірімізше М. Дулатовтың шығармашылығын түсінуде герменевтикалық талдау тәсілінің де берері мол. Сондай-ақ біз өз зерттеуімізде қоғам, адам, мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам тәрізді категорияларды талдағанда Локк, Гоббс, Кант, Гегель, Руссо сияқты ғалымдардың, сол сияқты осы мәселелер төңірегінде қалам тартып жүрген отандық ғалымдардың еңбектеріне иек арттық.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Еңбекте зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың
межелеген мақсаты мен міндеттеріне сай алынды. Жұмыс
барысында тарихи хронологиялық, жүйелеу, жинақтау, теориялық
талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің нәтижесінде алынған материалдарды болашақта тарихи шығармаларды зерттеу туралы еңбектерде, ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті курсына, орта мектеп, жоғары оқу орындары үшін, жазылар оқу құралдарына дереккөзі ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар философия жобалар дипломдық жұмыстар