Метрология | Комбикорм өнiм сапасының сапа менеджментi

 Метрология | Комбикорм өнiм сапасының сапа менеджментi

Мазмұны

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу.
1.1. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі әлемдік тәжірибе.
1.2. Сапа менеджментi жүйесiнiң моделi.
2. Негiзгi бөлiм.
2.1.Нормативтiк сiлтемелер
2.2. Терминология
2.3. ҚР СТ ИСО 9001:2001. Бойынша СМЖ өндiрудегi жалпы ережелер.
3. Зерттеу әдістемелігі мен материалдары.
3.1. ЖШС «М-Комбикорм» сипаттамасы.
3.2. ЖШС «М-Комбикорм» сапа менеджментi жүйесiн енгiзу.
3.2.1. Сапа аумағындағы саясаты.
3.2.2 Басшылық тарапынан талдау.
3.2.3 Ресурстар менеджментi.
3.2.4 Өнімнің өмірлік циклінің негізгі кезеңдеріне қойылатын талаптар.
3.2.4.1. Шикiзатқа қойылатын жалпы талаптар.
3.2.4.2. Құрама жем өндiру технологиясы.
3.2.4.3. Дайын өнiмдi сынау.
3.2.4.4. Тасымалдау және сақтау.
3.3 Өндірістің сапа менеджменті жүйесін сертификаттау.
3.4 Өлшеу, талдау және түзетуші әрекет.
4. Экономикалық тиімділік
4.1Сапа бойынша кәсiпорын қызметiн бағалау
5. Еңбектi қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

Қандай да болмасын бiр затты ала отырып, оның сапасын бағалап, бiздiң күтулерiмiздi ақтай ала ма әлде жоқ па деген сұрақ ойымызда туады.
Тұтынушылар сапа деген ұғымды, оның сыртқы түрiн, қолайлылығын, экономикалық тиiмдiлiгiн түсiнедi.
Қандай да бiр өнiмнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгi (нормативтi және техникалық құжаттарға, келiсiм шартқа, тұтынушы талабына) және пайдалану үшiн болжамды жарамдылығы өнiм сапасының критерийлерi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды зерттеп түсіну, өндіріске сапа жүйесін енгізу, және өндірістің экономикалық тиімділігін есептеп, арттыру.
Мемлекетаралық стандарттарда “өнiм сапасы” деген терминге мыныдай анықтама берiлген: “өнiм сапасы” – оның арналуына сәйкес белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жарамдылығын айқындайтын қасиеттерiнiң жиынтығы.
Өнiм сапасы бұл тарихи категория. Өндiрiс күшiнiң өркендеу ауқымы мен деңгейi жоғарылаған сайын ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн пайдалана отырып, шығын көлемiн азайту арқылы, өнiм сапасына тұтынушы тарапынан қойылатын жоғарғы талаптарды қанағаттандыруға қолайлы мүмкiндiктер туындайды.
Халықаралық стандартқа келтiрiлген терминологияға сәйкес, сапа – бұл объектiнiң белгiленген және болжамды қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiне қатысты қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы.
Бұл екi анықтамада өндiрушiлердi жалпы қоғам, соның iшiнде жеке тұтынушылардың белгiлi бiр қажеттiлiктерiн қанағаттандарарлықтай өнiмдi шығаруға және дайындауға және сапасын жоғарылату бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бағыттайды.
Осылайша, сапа тапсырыс берушiнiң немес тұтынушының қажеттiлiктерiн қанағаттандырудан басталады.
Философиялық көзқараспен трактатталатын “сапа” терминiнiң басқа да анықтамаларын жиi естуге болады:
сапа – бұл тұтынушының өнiмге және қызмет көрсетуге қанағаттануы;
сапа – пайдалануға жарамдылық;
сапа – өнiмнiң талапқа сәйкестiгi;
сапа – прогреске жетелейтiн үрдiс.
Дамушы нарық қатынастарында өнiм сапасының ең басты көсеткiшi оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгi болып табылады. Кәсiпорынның тауарлы белгiсiнiң дамуы сапаға байланысты болады: сапаның жоғалуы сатып алушылардың жоғалуына және нарықтан шығуына әкелiп соғады. Сапасыз өнiм шығаруда кәсiпорын тiкелей шығындарға ұшырайды.
Сапа нарық үшiн күресте маңызды құрал бола отырып, тауардың бәсекелестiк қабiлетiлiгiн қамтамасыз етедi. Сапа туралы көзқарас үнемi өзгерiп отырады. Тұтынушы бiр жыл бұрын қанағаттандырып отырған сапа, келесi жылы оның талабына жауап бере алмайды. Қоғам дамуының әр сатысында сапаға қойылатын талаптар жоғарылай түсуде. Бұрында сапа тек ақаулардың жоқтығымен айқындалса, қазiр сапа туралы кең көлемдегi түсiнiкте сөйлейдi.
Сапа бәсекелестiк қабiлеттiктiң ең жоғары көрсеткiшi ретiнде отандық экономиканың тұрақты деңгейiнiң және оның дүние жүзiлiк нарыққа көшуiне басты маңызды факторы болып табылады.
Тек сапаның жоғарғы деңгейiне жеткенде ғана Қазақстан өзiнiң стратегиялық мақсатын орындай алады, яғни әлемдiк қауымдастыққа шикiзат берушi тұрғыдан емес алдағы қатардағы жоғарғы технологиялық деңгейдегi, дамыған ел қатарына кiру.
Бүгiнгi күнi сапа – бұл кәсiпорынның экономикалық жетiстiгi, ал қоғам үшiн дұрыс экономика, әлемдiк қауымдастықта беделдi орын.
Дәл қазiргi уақытта сапаны басқару, сапа менеджментi жүйесi деген ұғымдар кең қолданысқа ие. Бұл дегенiмiз сапаны нарық талабына сәйкес дамытып, жақсартып отыру.
Сапа менеджментi жүйесiнiң негiзiн салған Тейлор. Ол СМЖ 1905 жылы әзiрлеп, ал 1920-1950 жылдары жалпы менеджменттiң негiзi болған. Кейiн келе жаңа концепциялар TQM және QS 9000 TQC пайда болды.

1.Әдебиетке шолу

1.1. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі әлемдік тәжірибе.

Сапа менеджментi жүйесiнiң теорияларының негiзiн салушыларының бiрi Э.Деминг өнiмнiң төменгi сапасының негiзгi себептерi арнайы (6%) және жүйелi (94%) деп бөлуге болатынын бекiттi. Осыған негiзделе отырып жүйелi себептердi жоя отырып, қана өнiм сапасын жоғарылатуға болатындығы туралы қорытынды жасалды. Мұндай мәселенi шешуге тек қана арнайы сапа менеджментi жүйелерi кепiлдiк бере алады.
Сапа менеджментi жүйесi өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң барлық сатысын қамтиды. Сондықтан да сапа менеджментi жүйесi кәсiпорынды басқару жүйесiнiң ажырамастай бөлiгi ретiнде қарастырылады. Кәсiпорында сапа менеджментi жүйесiнде сапа аумағындағы саясатқа қызмет аспектiлерiнiң және басқа да бағыттардың арасында мәндi рөл берiледi. Сапа жүйесi осы саясаттың таралу құралы болып табылады.
Халықаралық деңгейде сапа менеджментi жүйесiнiң негiзi болып ИСО 9000 сериялы стандарттары табылады. Бұны 1987 жылы АҚШ, Канада және ФРГ қатысуымен стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның техникалық комитетi әзiрлеген болатын. Алғашқы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету жүйелерiне талаптар бекiттi. Сонымен бiрге сапаны қамтамасыз ету аумағындағы терминдер мен анықтамалардың үштиптiк сөздiгi әзiрлендi, яғни ИСО 8402 халықаралық стандарты.
ИСО 9000 екiншi сериясы 1994 жылы және үшiншi 2000 жылы қабылданған болатын. [1]
ИСО 9000 халықаралық стандарты әмбебап болып табылады. Яғни, ол кез-келген салада қолданылады. Сондықтан да айта кету керек, ИСО 9000 халықаралық стандарты жария болғаннан кейiн әртүрлi қызмет салаларында үлкен қолданысқа және мойындауға ие болды.
Бүгiнгi таңда ИСО 9000-9001 сериялары бүкiл дүние жүзi елдерiмен мойындаған және ұлттық стандарт ретiнде қабылданып, көптеген кәсiпорындармен ендiрiлген.
ИСО 9000 халықаралық стандарты негiзiнде құрылған сапа жүйесiнiң ең басты мақсаты, бұл өнiмдi тапсырыс берушi талап ететiн сапамен қамтамасыз ету және оған кәсiпорын жасай алатындығы жөнiнде дәлелдемелер беру. Оның мысалы ретiнде кәсiпорында ИСО 9000 халықаралық стандартына сәйкес сапа жүйесi бар ма, сапа жүйесiне сертификат бар, жоқтығын келтiредi.
Сапа жүйесiне сертификаттың болмауы кәсiпорынның сыртқы нарыққа шығуына ең басты кедергi болып табылады.Транснационалды компаниялар субподрядчиктерден олардың кәсiпорында ИСО 9000-9001 мiндеттi түрде ендiрiлуiн талап етедi.
ИСО 9000:9001 серияларының халықаралық стандарттары өз кезегiнде сапа жүйесi қандай болатындығы жөнiндегi әдiстемелiк ереже болып табылады, ал оны қалай жасау керектiгiн кәсiпорын басшысы өзi шешуi тиiс. Сапа жүйесi тек қана өнiм сапасын жоғарылату құралы болып қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорынның тиiмдiлiгн жоғарылату болуы керек. [2]
Сапа жүйесi кәсiпорынның негiзгi мақсаттарын тарату құралы ретiнде қолданады.
Сапа жүйесiн функцияландыру сапа бойынша қызметке кәсiпорынның барлық жұмысшыларын кiрiстiредi.
Сапа жүйесiнiң мақсаттарын тарату өндiрiлiп жатқан өнiмнiң сапасына әсер ететiн техникалық, административтi және адам факторларымен қамтамасыз етiледi.
Өнiм сапасы басқару бойынша жұмыстарды бөлу ереже бойынша арнайы құрылған бөлiмшелер немесе кәсiпорынның бөлiмдерiнiң бiрi жүзеге асырады.
Өткен жылдар бойында ақпарат құралдарында 2000 жылғы версиясындағы ИСО 9000 сериялы жобасы талқыланып келдi және ИСО 9001 стандартының ескi (1994ж.) және жаңа версиялары арасындағы ерекшелiктер және сәйкестiктер талдауы жиi жүргiзiлдi. 2000 ж. Аяғында оны нақты бекiткеннен кейiнгi стандартты ендiру мәселелерi қарастырылды.
Сонымен бiрге отандық кәсiпорындарға жаңа версиядағы стандарттарды ендiру сұрағы (мәселесi) ашық күйiнде қалды. Қазақстанда ескi версиядағы және жаңа версиядағы стандарттар қатар жүрiп отырады. Әртүрлi ақпарат көздерiнен бiз ескi версиядағы стандарттар және жаңа версиядағы стандарттардың құрамы жне мазмұны бойынша талаптардың ерекшелiктерiн жеткiлiктi бiлемiз.
Жаңа версиядағы стандартқа терең талдау жүргiзбей-ақ айтуға болады: бұл қазiргi кәсiпорындардан талап етiлетiн, халықаралық талаптардың жаңа сатысы, халықаралық нарықта бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз етуге бағыттайды. [7]
Шетел және отандық басылымдардан алдағы қатардағы елдердiң сертификатталған сапа жүйесiнiң санын жақсы бiлемiз (1 кесте). Ал, қазақстан саны бойынша төменгi көрсеткiшке ие.
1 кесте
ИСО 9000 сериялы стандартын алдыңғы қатарлы елдерде енгізу
Ұлыбритания 66 760
Қытай 57 783
АҚШ 37 026
Германия 41 629
Италия 48 109
Нидерланды 14 194
Жапония 27 385
Франция 20 919
Корея 17 626
Қазақстан 105

Сертификатталған сапа жүйесi бар алдағы қатардағы шетел кәсiпорындары дәл қазiргi уақытта жаңа версиядағы стандартта қарастырылғандай үнемi жақсатрумен айналысуда. Сондықтан да, 2000 жылдың желтоқсанында енгiзiлген жаңа версиядағы стандартты, алдың сертификатталған сапа жүйесiн дамыту iсiндегi алға қадам жасау ретiнде қарастыру қажет.[19]
Жасалып жатқан және сертификатталған сапа жүйесi бар ұйымдарға, жаңа версиядағы стандартқа ауысу жеңiлiрек iске асырылады.
Жаңа версиядағы стандартты iске асырумен қатар бiр жаңа мәселе (проблема) шешiлдi – медициналық, банктiк, мәдени-әлеуметтiк және басқа да қызмет көрсетулер сияқты экономикалық қызметтегi жаңа сфералады сертификаттаумен және бағалаумен қамту. Бұл қызмет сфералары ескi версиядағы стандарт талаптары құрылымына сәйкес кiре бермейтiн, себебi соңғысы көбiнесе өндiрiстiк кәсiпорындарына бағытталып арналған болатын. Жаңа экономикалық қызмет сфераларын қамту жаңа версиядағы стандарт мазмұнында белгiлi-бiр iз қалдырды.
1 кестедегi мәлiметтерге негiзделе отырып мынаны айтуға болады: қазақстандық өнеркәсiптерiнде сертификатталған сапа жүйесi саны өте аз. Мұны екi жағдаймен түсiндiруге болады.
Бiрiншiден - өндiрiстiк кәсiпорындардың даму деңгейi МС ИСО 9000 сериялы талаптарына сәйкес келетiн дәрежеде болмауы. Отандық өндiрiстер техника-экономикалық құлдыраудан кейiн ендi-ендi аяғынан тұруда. Бұл кезде кәсiпорынға сапа жүйесiн әзiрлеу және сертификаттау туралы емес, оны көтеру туралы мәселе тұрды.
Екiншiден – бағалау және сертификаттау объектiсі ретiнде өндiрiстiк қызметтерге концептуалды әдiстерге негiзделген әртүрлi сертификаттау схемаларының дамыған жүйесi. Мұндай әдiс-амалдарға мыналар жатады:
- өндiрiстiң жағдайын талдау;
- сапа жүйесiн бағалау;
- өндiрiстi сертификаттау;
- сапа жүйесiн сертификаттау.
Бұл әдiстердiң негiзiнде бекiтiлген талаптарға жету үшiн әр түрлi ресурсты шығындар және әр түрлi қорытынды тексеру құжаттары болады: өндiрiстiң жағдайы туралы кесiм; сапа жүйесiнiң жағдайы туралы қорытынды; өндiрiстiк сәйкестiк сертификаты және сапа жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты. Көптеген кәсiпорындар өздерiнiң соңғы мақсаты етiп техника-экономикалық дамуды әрi қарай дамыту үшiн база ретiнде сапа жүйесiн жасау емес, сертификат алуды алға қояды, сондықтан да бұл мақсатқа жету жолы бойыынша аса күш-жiгер жұмсамайды. [8]
Байқауымызша, мұндай әдiстердiң көп түрлiлiгi өнеркәсiптiк кәсiпорындарды сапа жүйесiн жасау және сертификаттаумен айналысуға және жаңа версиядағы стандарт талаптарына ауысуға ынталандырмайды.
Қайта жасалатын сапа жүйелерi жақын кезеңдерде ескi версиядағы стандартқа сәйкестiгiне сертификатталады. Бұл кәсiпорындарға ескi версиядағы стандарт талаптарына сәйкестiгiне сертификат алуға мүмкiндiк бередi. Ал бұл кезде:
- жаңа версиядағы стандарт өз күшiне енедi;
- өндiрiстi сертификаттау кезiнде тексеру көлемдерiнiң жаңа концепциясын өндiру қажет болады немес өндiрiстiк қызметтi бағалау формасы ретiнде өндiрiстi сертификаттауды жою туралы сұрақты шешу, өйткенi Қазақстанда жаңа версиядағы стандартты кiрiстiру кезiнде өндiрiстi сертификаттау және сапа жүйесiн сертификаттау арасындағы қашықтық өсуде;
- сертификатталған сапа жүйесi бар кәсiпорындар, жаңа версиядағы стандарт талаптарын орындауға көшуге дайындық жасайды.
Егер кәсiпорын жаңа версиядағы стандартқа сәйкестiк жүйесiн дайындауды бiрден бастаса, ескi версиядағы стандарттағы маңызды және қажеттi талаптардың ұмытылмайтындығы туралы ешқандай кепiлдiк жоқ.
Ең бастысы және негiзгiсi, 1 сызбада көрсетiлген сапа менеджментi жүйесi (СМЖ) моделiн кейбiр авторлар айтатындай базалық ұйымдық модель деп айту қиын, өйт
кенi:
- модельде тек қана элементтер емес, ұйымдық-функционалдық немесе олардың арасындағы ақпараттық қарым-қатынастар болуы керек;
- кiру және шығуда “тұтынушылар” модельдерiнiң бар болуы және “жеткiзушiнiң” болмауы кез-келген маңыздан айырылған. Бұл ИСО 9001:2000 стандартындағы 3 бөлiмiндегi “Терминдер және анықтамалар” және 2 қ. Көрсетiлген үрдiстiк амал принциптерiне қарама-қарсы келедi.
- “СМЖ үнемi жақсарту” блогына схемадан келетiн бағыттаушы сызықша, модельдi қажеттi қаталдықтан айырады және оны жарнамалық иллюстрацияға айналдырады.
ВНИИНИАШ сертификаттауы бойынша орган жетекшiсi, техника ғылымдарының кандидаты В.Ю. Гуленков сапа менеджментi жүйесiне мына модельдi ұсынады (Сызба 1). ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру