Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Мазмұны
1 ЖОБАНЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
2 ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТТАР.
2.1 Сынақ зертханасы туралы жалпы мағлұмат
2.2 Қуысденелі қабырғалық бетон тастардың сипаттамасы
2.3 Өнімнің тағайындалуы бойынша жіктелуі, классификациясы, өлшемі және шартты белгіленуі
2.4 Техникалық талаптар
3 ӨНІМНІҢ САПА ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ
3.1 Сапа көрсеткішінің негізгі теориясы
3.2 Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері
3.3 Қуысденелі қабырғалық бетон тасының материал сапасының денгейін квалиметриялық бағалау
4 ӨНІМДІ СЫНАУ
4. 1 Сынақ әдістері
4.2 Қабылдау ережелері
4.3 Кірпішті сығу кезіндегі беріктілік шегі анықтау
5 СЕРТИФИКАТТАУ
5.1 Сертификаттау туралы жалпы мағлұмат
5.2 Сертификаттау жүргізудің тәртібі
5.3 Сертификаттау сұлбалары
5.4 Сертификаттың CT KZ және A,CT-1 формаларын дайындау
5.5 СЭҚ ТН және ЭҚТ ӨЖ кодтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанына 20 жыл болмаған қазақ елі, ТМД елдер ішінде өндіріс, әсіресе құрылыс саласының дамуы бойынша алдыңғы орында. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа да төтеп беріп, құрылыс қарқыны баяулаған жоқ.
Бірақ та құрылыс индустриясы елімізде дамып жатканымен, сапасыз құрылыс материалдарының саны әлі азайған жоқ. Құрылыс материалдарының құрылыс саласында атқаратын рөлі өте зор. Сондықтан да олар қатаң тәртіппен сынақтан өтуі қажет.
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 Қаулысында да айтылған [4].
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда құрылыс материалдарының сапасын талдау өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін талдап, олар бойынша сынақ жүргізіп,сапа дәрежесін талдап және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.
1. ЖОБАНЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады.
Жетекші және анықтамалық ақпарат- оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы.
Дипломдық жобаны өңдеу үшін алашқы ақпараттар келесі мәлімттер болады:
– ҚР СТ 945-92 Қабырғалық бетондық тас. Техникалық шарттары
– МемСТ 8462-85 Қабырғалық материалдар. Сығу және майыстыру барысындағы беріктілік шегін анықтау әдістері
– МемСТ 162-90 Штангенглубиномерлер. Техникалық шарттары
– МемСТ 427-75 Металдық өлшегіш сызғыш. Техникалық шарттары
– МемСТ 3749-77 Тексеретін 90° бұрыштық. Техникалық шарттары
– МемСТ 7025-91 Керамикалық және силикатты кірпіш пен тастар. Ылғал жұтымдылық, тығыздық және аязға төзiмдiлiктi бақылауды анықтау әдiстерi
– МемСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау
– МемСТ 18343-80 Керамикалық тас және кірпішке арналған поддондар. Техникалық шарттары
– МемСТ 25706-83 Лупалар. Түрлері, негiзгi параметрлері. Ортақ техникалық талаптары
– МемСТ 26254-84 Ғимараттар және құрылыс нысандары. Қоршайтын құрылымдардың жылу берудегі кедергiсін анықтау әдiстерi
– МемСТ 30108-94 Құрылыс материалдары және өнімдері. Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігін анықтау
– МемСТ 30244-94 Құрылыс материалдары. Жанғыштықты сынау әдістері
– Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз етудің әкімшілік саласындаы стандарттары: 3-томды Халықаралық стандарттар ISO 9000-10012-
2 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
2.1 Сынақ зертханасы бойынша жалпы мағлұмат
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ («ҰлтССО» АҚ) стандарттау, метрология және өнімнің сәйкестігін растау саласында қызмет көрсету, қызмет көрсетулер және менеджмент жүйесі бойынша нарықтағы жетекші кәсіпорын болып табылады.
Ұйымның стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында біртұтас ғылыми-техникалық саясат жүргізетін республиканың 18 аймағында тармақталған филиалдар желісі бар.
Бірінші бағыты – стандарттау саласында қызмет көрсету.
Екінші бағыты – салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшем құралдарын жөндеу арқылы және республиканың ұйымдары мен кәсіпорындарына жоғары дәлдіктегі өлшеулерді орындауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету арқылы өлшемдердің бірлігін тәжірибелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Үшінші бағыт – сертификаттау. «ҰлтССО» АҚ өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау, сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент, OHSAS, HACCP саласында жұмыс жүргізу құқығына аккредиттелген.
Сынау зертханалары өнімнің кең номенклатурасының сертификаттық сынауларының бірнеше түрлерін жүргізеді.
«ҰлтССО» АҚ-ның мақсаты - барлық мүдделі тараптардың сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау кезінде сапаны басқару әдістерін үздіксіз толық жетілдіру.
«ҰлтССО» АҚ СМСД Сынау зертханасы ИСО МЭК 17025-2007-мен аккредиттелген.
Сынау зертханасы техникалық регламенттерге, ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сай өнімдерге сынау жүргізеді. Сынау жұмыстарын сынақ мерзімінен өткен, сертификаттары бар жоғары білікті мамандар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің 4 сарапшы-аудиторы жүргізеді.
Сынаулардың сапа менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі негізгі территорияда орындалатын жұмыстарды қамтиды.
Өнімді сынау ісін ұйымдастыру және жүргізу, талдау және сынау нәтижелерін ресімдеу СЗ құзыретінде.
Зертханада менеджмент жүйесін ендіру, қуаттау және жетілдіруді қоса алғанда, басқа міндеттерінен тәуелсіз өкілеттікке және ресурстарға ие болатын басқарушы және техникалық қызметшілер бар.
Сынақ зертханасының өз құрамында 10 бөлімше бар.
– Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдері бөлімшесі қауіпсіздікке сынау жүргізеді және микробиологиялық, физика-химиялық көрсеткіштерін, пестицидтерді, радионуклидтерді, витаминдерді, нитрозаминдерді, бенз(а)пиренді айқындайды.
– Жеңіл өнеркәсіп тауарларын, ойыншықтарды, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, ыдыс, медициналық және санитарлық-гигиеналық бағыттағы өнімдерді, дезинфекциялайтын құралдар мен зергерлік бұйымдарды сынау бойынша бөлімше сапа көрсеткіші және қауіпсіздігі бойынша, соның ішінде ауыр металл тұздары, формальдегидтер, талшықты құрам, ылғалданғыштық, қылтүтіктік, ауа өткізгіштік, меншікті беттік электр кедергісі, бекітілу беріктігі және т.б. көрсеткіштері бойынша сынау жүргізеді.
– Құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу тауарлары бөлімшесі шамамен 30 көрсеткішті айқындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралды пайдаланады, яғни ол көрсеткіштер мынадай: серіппелі жұмсақ элементтердің ұзақ мерзімділігі, серіппесіз жұмсақ элементтердің қалдық деформациясы, соққы жүктемесінің әсеріне беріктігі және т.б.
– Автокөлік құралдары бөлімшесі тежеуіш жүйесі, рөлдік басқару, шуды өлшеу, салондағы зиянды заттардың құрамы, уландырғыш газдармен бірге ластаушы заттардың бөлінуі сияқты көрсеткіштерді айқындайды.
– Сынау зертханасы отын, мұнай және мұнай өнімдері, жұмыс орындарын аттестаттау бойынша, тамақ өнімдеріндегі гендік-модификацияланған объектілерді (ГМО) сынау бойынша өз саласын ұлғайтуды жоспарлап отыр. ГМО-ны айқындау үшін мамандар ПЦР диагностикасы бойынша сынау жүргізу бойынша Малайзиядан оқып келді.
«ҰлтССО» АҚ штатында 1500 адам еңбек етеді, оның ішінде IRCA-да тіркеуден өткізілген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды, сонымен қатар 17 өлшем түрлері бойынша 300 салыстырып тексеруші және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 20 сарапшы-аудиторды қоса алғанда, әр түрлі өнімдер мен қызмет көрсетулер бойынша, тауардың шығу тегін сараптау, стандарттау, сапа менеджменті бойынша сарапшы-аудиторлар бар.
Сапа аймағындағы «ҰлтССО» АҚ -нің Сынақ Орталығының саясаты:
Сапа аймағындағы Сынақ орталығы басшылығының саясаты, «ҰлтССО» АҚ-нің сапа аймағындағы қызмет көрсетулердің ең басты бөлігі болып табылады.
Сынақ орталығының мақсаты тапсырыс берушіге нақты, жаңадан өндiрiлетiн және сенiмдi нәтиже беретін жоғары дәрежедегі сынақ жүргізуді гарантировать ету.
Сынақ орталығының басшылығы қызмет көрсетулер мен жүзеге асыру сапасы аймағындағы саясатына жауапты.
Сынақ орталығының жетекшiсi көрсетілетін қызметтердiң және оны жүзеге асыру сапасының аймағындағы саясатты анықтауға жауапты болады [5]. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Метрология дипломдық жұмыстар, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы