Дінтану | Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар

 Дінтану | Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар

Мазмұны

беттері
КІРІСПЕ ...................................................................................................

І АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ - ИМАНДЫЛЫҚ
ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ...................................................
1.1 Абай Құнанбайұлының дін туралы және еркін ой
көзқарастары ...................................................................................
1.2 Хакім Абайдың тәңір түсінігі ...............................................

ІІ АБАЙ – ИСЛАМ БАҒЫТТАРЫН СИНТЕЗДЕУШІ ҒҰЛАМА
РЕТІНДЕ ................................................................................................
2.1 Абайдың Алланың салған жолында болу амалдары
туралы ............................................................................................
2.2 әл-Фараби, Шәкәрім және Абай дүниетанымдарындағы
ислами-философиялық үндестіктер ............................................

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................

Зерттеудің өзектілігі.
Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді.
Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет /1/.
Бұл оң өзгерістер ғалымдар алдында жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа міндеттерін әкелді. Оның бастысы – ұлттық ерекшеліктер мен жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу /2/.
Мұндай жауапты міндеттерді шешу, бұған дейін қалыптасқан халықтық бай рухани тәжірбиеге сүйенуді қажет етеді. Оның маңызды бөлігін ірі рухани тұлғалардың мол мұрасы құрайтыны белгілі. Осындай тұлғалардың бірегейі – Абай Құнанбайұлы. Оның есімі бүгінгі таңда тек қазақ жұртына ғана емес, барша әлемге кең танылған.
Алайда, оның рухани мол мұрасының танылып болмаған қырларын таныту ісі ешқашан тоқтамақ емес. Соның бірі – біздің зерттеуімізге өзек болған Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар.
Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адамның қоғамдағы болмысы. Сол адамның эстетикалық, этиккалық талғамы, арман - мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады.
"Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жан жарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. философиялық ұғым танымдар жөніндегі көзқарасы Ислам философиясын терең танығанын байқатады.
"Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның философиялық көзқарасы. Жалпы, Абайдың көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсы біреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды /3/.
Абай дүниетанымындағы ислами, рухани-имандылық идеяларына тікелей қатысты зерттеулерге келетін болсақ, оның кейбір мәселелері 20-жылдардағы саяси қуғындауға ұшыраған қазақ зиялыларының Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, сондай-ақ, тың көзқарастар Абайтанушылар М.Әуезов, К.Бейсембиев, С.Байжанов, Ғ.Есім, М.Мырзахметұлы, М.С.Орынбеков, Б.Сапаралы және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар мен рухани – имандылық тәрбие идеяларын бүгінгі ұрпақ қажетіне толыққанды жаратуда, жоғарыда аталған әр кезең ерекшеліктерін ескере отырып, Абайдың ислами құндылықтарындағы ой негіздерін тұтастай өз дәрежесінде қарастыру – ұлттық рухани-имандылық мазмұнын байытпақ.
Зерттеудің мақсаты:
Хакім Абай мұрасындағы ислами құндылықтар мен рухани-имандылық идеяларына тарихи-философиялық, дінтанулық талдау жасау, оның қазіргі кездегі дамуы үшін қосатын үлесін анықтау. Осы мақсатқа жету негізінде мынадай,
Зерттеу міндеттері ұсынылған:
• Абай дүниетанымындағы рухани-имандылық идеяларындағы ой-пікірлердің қалыптасу көздеріне тарихи-философиялық талдау жасау;
• Абайдың ислами құндылықтарының мәнін ашу;
• Ислами ой-пікірлердің діни мағынасы ұғымын енгізудің ғылыми негіздемесін жасау;
• Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтардың негізгі қағидаттарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар мұрасын қалыптастыра отырып, рухани – имандылық идеяларына діни-философиялық талдау жүргізілді.
Зерттеу объектісі: Қазақтың ұлы ақын-ғұламасы Абай Құнанбайұлының діни - философиялық мұрасы.
Бітіру жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ - ИМАНДЫЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Абай Құнанбайұлының дін туралы ойлары

Абайдың дін туралы ойлары оның балалық шағынан басталғаны айдан анық. Соған байланысты біз осы зерттеу жұмысымыздың негізін ғұламаның балалық шағынан бастағанды жөн көрдік.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен.
Құнанбай кажының да кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ақ тез есейіп, ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның қалыптасу кезеңін айғақтайды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді.
Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады.
1875 — 1878 ж. Қоңыр кекше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі." /4/
Ойшыл ұлы ақын Абайдың туындылары өз кезеіндегі әлеуметтік ой-пікірдің сарқылмайтын бұлағы, алуан салалы энциклопедиясы. Ақын халықтың жоғын жоқтап, мұңын жырлады, ал халық онан ақыл сұрап, кеңес алып, жарыққа ұмтылды. Абай халықтың игі қасиеттерін бойына сіңіріп, жанына рухани азық етті, халық мұрагері болды, ал халық өз перзенті – Абайдың мұрагерлеріне айналды.
Міне, сондықтан да, Абай қалдырған ұлы мұра Кеңес заманында көп тексерілді, тексерілуі де керек, тексеріле де бермекші. Бүгінгі ұрпақ Абайды өз тұрғысынан сөз етсе, келешек ұрпақ өз тұрғысынан сөз етіп, ақын мұрасын өз кезеңіндегі қоғам дамуының дәрежесі тұрғысынан қарастырып, үлкен рухани тірегіне айналдырары анық деп білеміз.
Біз бұл кітапшада ұлы ағартушының дүниеге көзқарасының тек бір қырын ғана, атап айтқанда, Абайдың дін туралы ойларына ғана талдау жасамақпыз.
Ең алдымен, Абай туралы еңбектерінде, оның дінге көзқарасы туралы екі түрлі қате пікір болып келді. Кейбір зерттеушілер Абайды «Ислам дінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келді. Бұл пікір 30-жылдарда айтылды. Ал екінші бір зерттеушілер, ақынның дүниеге көзқарасының басқа жақтарын кең де, дәйекті талдап келіп, дін мәселесіне келгенде үстірт, жол-жөнекей ғана соғып, Абайдың дін туралы түсініктері ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп сылап-сипаумен ғана тынды. Бұл пікір, тіпті соңғы кезге дейін өзгермей келді.
Бірінші пікір Абайға тағылған жала болса, екінші пікір Абайдың дін туралы түсініктеріне тарихи тұрғыдан қарамай, тұрпайы әлеуметтенуға бас июдің салдарынан туған еді.
Кемеңгер ақынның дін туралы пікірлерін дұрыс түсіну, бағалау үшін оған тарихи тұрғыдан қарау керек. Абай заманында қазақ сахарасында ислам дінінің ықпалы бұрынғыдан да күшейе түскенін, оның күшейе түсуіне жергілікті феодалдар да, патша үкіметі де жарыса ат салысқанын еске алу қажет.
Феодалдар бұрын көбіне рулық патриархалдық әдістермен жүргізіп келсе, кейіннен ру жігі ыдырап, сауда капитализмі кіре бастаған кезде үстемдік жүргізу тәсілдерін өзгертеді, ислам дініне табан тірейді, оны идеологиялық құралға айналдырып, халық санасына мұсылмандық, діншілдік көзқарасты сіңіруді мақсат етеді. Осы мақсатпен халыққа «үлгі» көрсетіп, ру басы ақсақалдар, байлар мен билер дінге қарай ойысады. Қажыға бару оңтүстікте күшейе түссе, батыс, орталық, шығыс Қазақстанда жаңадан өрби бастайды. Мешіт, медресе салынып, молда, ишан, имам, хазірет саны көбейе түседі.
Ал патша үкіметін алсақ, отарлаудың алғашқы кезіндегідей әскер жүргізіп, зеңбірек атып, ат ойнатып, көрінеу зорлық көрсетудің орнына, енді отаршылыдқтың жаңа айла-тәсілдерін қарастырады. Бір жағынан, сауда жүргізіп, зат сатып, арзанын қымбатқа өткізіп, сахараның экономикасын қолға алады. Екінші жағынан, ертерек кездегі миссионерлік саясат, бұратана халықты христиан дініне тікелей жақындату саясаты, ойдағыдай нәтиже бермегендіктен, патша үкісеті халық алдында өзін дін бостандығын жақтаушы етіп көрсету үшін ислам дінінің тарауына бөгет болмай, бұл дінді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Үстем тап пен дін иелерін қолда ұстаса, халықты ақ патшаға шіркеу арқылы ғана емес, мешіт, медресе арқылы да бас идіруге болады деп ұйғарады. Осы мақсатпен патша үкіметі сахарада мұсылман молдаларының көбеюіне ат салысып, Татарстан мен Башқұртстаннан қазақ даласына дін иелерін жіберіп отырады.
Абай өскен орта – Семей қаласы мен Құнанбай ауылы – айтылған саясаттың айқын көрінісі көбейте бастайды. Семейдегі Абай оқыған молдалар – Ғабдулжаппар мен Ахмет Риза сол ішкі жақтан келгендер. Бұлар мешітте имамдық қылып, соның жанынан медресе ашады, онда ылғи дін сабақтарын оқытады. Бұл медреселердің түпкі мақсаты – жергіліікті халық өкілдерінен молдалар даярлау, солар арқылы халық арасында ислам дінінің ықпалын күшейту болды /5/.
Абай заманында ислам дінінің ықпалы қырдан гөрі қалада басымырақ еді. Бірақ, сахараның алпауыттары қаламен ұштаса отырып, қырда да дін үстемдігін арттыруға әрекеттеріп бақты. Бұған Құнанбай ауылы көрнекті мысал. Құнанбай мұсылманшылықтың қырдағы ұйтқысы болып, қазақты “құдайдың” құлы, Мұхаммедтің “үмбеті” етуге ыжда-атпен ат салысты. Ислам дінінің қырдағы бір тірегі болуға ұмтылған ол аулында молда, қожаларды көп ұстады. Қарқаралыда мешіт салғызды, өз балаларын діни мектепте оқытты. Ол 1879 жылы Меккеге барды. Егер бұған дейін қажыға барушылар көбіне қожа, хан, төре тұқымынан болса, қыр қазағы Құнанбайдың Меккеге баруы – қара қазақтан шыққандардың қажыға баруына мұрындық болды. Феодалдардың түсінігінде, Құнанбай қарадан хан ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру