АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну

 АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................

1. Арнайы пәнді оқыту әдістемесі ....................................................
1.1 Жалпы білім беретін мектептің мақсаты.................................
1.2.Арнайы білім беру жүйесі.......................................................
1.3.Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері

2. Азаматтық қорғаныс ғимараттары
2.1 Кәзіргі заманның жаппай қыру, қирату қарулары
2.2 Азаматтық қорғаныс ғимараттары. Қорғаныс ғимараттарында жасырыну
2.3 Қорғаныс ғимараттарының турлері, оларға қойылатын талаптар
2.4 Жеке қорғаныс құралдары және пайдалану тәртіптері.................

3. Берілген тақырыпқа байланысты сабақты өткізу әдістемесі...

Қорытынды................................................................................
Қолданылған әдебиеттердің тізімі ...........................................

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың зардабын жою шараларын, адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайтын ұғым - өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі. Өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-катысының, шаруашылық нысандарының түракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау кұралдарының қолдануда пайда болатын апат ошақтарының зардабын зерттеп қүтқару шараларың қарастырады.
Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәнін студенттерге оқытудың басты мақсаты, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда халық шаруашылық нысандарын қорғауда, бүл ұйымның әскери емес жасақтарының іс-жүзінде атқаратын жұмыстарын үйрету.
Бейбіт және соғыс кездерінде төтенше жағдайлар пайда болады.
Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзу мүмкін, авария, зілзала немесе апат салдарынан бір аумақта туындаған жағдайды айтады.
Халықты, аумақтарды және ұйымдарды төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі шаралар төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жоюдың Мемлекеттік жүйелердің (ТЖМЖ) талаптарына сәйкес алдын ала өткізіледі.
ТЖМЖ аумақтық, функционалдық, салалық және нысандық жүйелері кіреді және оның: жергілікті және республикалық екі дәрежесі бар.
Қазіргі кездегі түсінік бойынша жүзден астам жай, күрделі және аралас кауіпті жағдайлар кездеседі: жер сілкінісі, кұрғақшылық, ауру, су тасқыны, жарылыс, радиация, дауыл, электр тоғы, электрмагниттік өріс, улы заттар, т.б.
Бейбіт және соғыс уақытында пайда болған төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға жедел шаралар ұйымдастырылуы керек.
Барлық оқушы категорияларына АҚ-шараларының өндірістік жаттығу, төтенше жағдайларға дайындық жұмыстарын толығымен таныстыру.
Атомдық зақымдану ошағы, химиялық, биологиялық және күшті әсер ететін улы заттармен улану ошақтарының адам организіміне әсер ету ерекшеліктерімен таныстыру. Құтқару және т.б. шұғыл атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді үйрету.
Қорғаныс ғимараттары және зақымдану аймақтарына радиациялық барлау жасау құралдары мен таныстырып түсінік беру. Жекелей қорғаныс заттарының классификациясымен таныстырып, пайдалану ерекшеліктерін үйрету.

1. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Жалпы білім беретін мектептің мақсаты

Кәсіптік мәнін ашып, өмірге, қоғамға қажеттілігін үнемі сабақта айтып, дәлелмен нақтылап түсіндірсе, әрине, сол кәсіпке бейім оқушылардың бейімділігін дамытуға болады. Оқушылардың қандай кәсіп түріне бейім екенін анықтау үшін диагностикалық сауалнамалар, ынта-ықыласын анықтау карталарын қолдануға болады.
Қазіргі таңда оқушының жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздің ғылыми техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындауында.
Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруде мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы сондықтан.
«Он екі» жылдық білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқа бақылаумен аяқталады.
І саты - бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар.
ІІ саты - негізгі білім беру, 5-10 сыныптар.
ІІІ саты - орта білім беру, 11-12 сыныптар.
Осы саты іске асырылатын болса, кәсіптік бағдар беру жүйесі де нақтылай жолға қойылатын болады. Мұнда әрбір сатыға кәсіби бағдар жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ:
І сатының өзінен бастап-ақ оқушыларды мамандық әлемімен таныстыра бастаймыз, қазіргі уақыттағы мамандықтар туралы әңгімелер жүргізіліп, яғни кәсіптік ағарту жұмыстары орындалуы тиіс.
ІІ сатыда сынып жетекшілері, мектеп оқытушылары, психолог мамандар ата-аналармен бірге отырып, әрбір оқушымен тікелей жұмыс атқарып, оларды нақтылай мамандық таңдауға даярлайды. Біздің кәсіптік іріктеуіміз осы жерде жүзеге асырылуы керек. Ол үшін өзіміздің пайдаланып жүрген психо-диагностикалық тестілер, сауалнамалар, сұхбат және басқа да әдістерді кеңінен пайдаланымз.
ІІІ сатыда оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру көзделеді. Осы жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын тоқтатпай, үздіксіз мамандық әлемімен байланысты ақпараттармен, сол уақыттағы мамандыққа қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру. Қорытындысында кәсіптік кеңес беру, қазіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы кең ауқымды мәселе көтерілуде.
Бұл мәселенің шешімін табу үшін біздер мұғалімдер қауымы ат салысуымыз керек. Яғни, әрбір мұғалім үшін кәсіптік бағдар беру, он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу басты мақсатына айналу керек. Ал, бұдан көкейімізде мынадай мәселе туындайды:
1. Мамандардың сапасыздығы.
2. Жастардың білім ордасынан келген уақытында ол дұрыс жолды таңдамауы.
3. Мамандығын бар ынтасымен беріліп атқармауы.
4. Кейде мұғалімдердің жаңалыққа көңіл бөлмей, немқұрайлы қарауы.
5. Жастардың білімсіз маман болып шығуына кімдер жауапты?
Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын-алу үшін әрбір оқушыға мамандық таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіру өте маңызды. Оны әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің міндетіміз. Мамандық әлеміне қадам басу адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Оқушылардың ең қиын сәттерінің бірі болып саналатын бұл уақыт, олар үшін тез ауытқитын құбылмалы кезең. Бітірушілермен сұхбат жүргізген уақытта олар әлі нақты мамандық таңдамағаны, не таңдауға қиналып жатқанын, оларға әртүрлі ықпалдардың кездесіп жататыны белгілі. Мінекей, осындай уақытты оқушы бізден көмек сұраған жағдайда, біз оларға ешбір қиналмастан, қолдан келгенше көмегімізді аямауымыз қажет.
Ол үшін оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының әдістерін меңгеру қажеттігі туады. Кәсіптік бағдар беруге негізінен төмендегі әдістер қамтылады: бақылау, зерттеу, болжау, айқындау. Сонымен бірге мамандық таңдауда ата-аналардың алатын орны ерекше. Ал енді оқушыға мұғалім көмегі көп қажет болып жатса, онда мұғалімдер беделінің бір сатыға болса да жоғарылағаны. Оқушылардың ата-аналармен ақылдаса отырып, мамандық таңдаудағы шешуші рөлді мұғалім атқаруы керек. Мамандық қажет ететін талаптарды оқушы мұғаліммен біліп отырса, кәсіптік бағдарды мұғалімнен алып отырса оның болашақтағы жетістігі мұғалімнің жетістігі деп саналады.
Қазақстан Республикасының 2007-2012 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі өмір жағдайында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктермен азам мұрасына сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін технология сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүмкіншілігі мол. Қазіргі кезде оқушылар үшін ақпарат көздері көп: олар теледидар, баспа сөз материалдары, бейнефильмдер, компьютерлік ойындар және т.б. Осындай алуан түрлі ағынына төтеп беру үшін мұғалімнің әр сабағы қызықты мәліметтерге, түрлі ойындар сияқты тартымды әдіс-тәсілдерге құрылуы, сабақтың әртүрлі формаларын қолданылуы керек. Қазіргі таңда жаңа үрдісінде оқыту түрлерінің тиімділігі дәлелденуде.
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына, экономикада білімді қолдану индексі бойынша кіруін, ұлттық ғылыми орталықтар жұмыстың практикасына ғылыми-зерттеу қызметін басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге назар аударған. Осы орайда сапалы білім беру арқылы ғылым негіздерін меңгерген доғары мамандарды кәсіби даярлауды қажет етеді.
Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы, он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу қазіргі экономиканың дамуы негізінде керек. Қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамыған кезінде заман талабына сай мамандықты сапалы меңгерген, еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын сұраныспен бірге ондағы талаптарға сай болуы, мамандығын өзі таңдауы, кәсіптік бағдар жұмыстарын өз деңгейінде атқаруға бейім жастар болуы шарт.

1.2 Арнайы білім беру жүйесі.

Кәсіптік білім беру - шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, дәрігерлік-физиологиялық, ал әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипатта болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіптік білім беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады. Педагогика ғылымының өкілдері кәсіптік білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттігіне, оқушылардың кәсіптік мұратына, бейімділігіне, қабілеттеріне, психикалық және күш-қуатына сай мамандықты дұрыс таңдап алудағы мектептің педагогикалық ұжымыдар, жұртшылықтың іс-әрекеттері деп түсінуге болады. Педагогикалық әдебиеттерде кәсіптік білім беру –жас ұрпаққа мамандық таңдап алуға көмек берудегі мақсатты іс-әрекет деп қарастырған.
Кәсіптік білім беру-бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, психофизиологиялық қасиеттерін ескеру қажет.
Орта мектеп бітірген жастардың кейбіреулері жұмысшы мамандығын таңдап ала алмағандығының себебін мектептегі теориялық білім мен мамандықты талап ететін практикалық білімнің алшақтығынан, яғни үйлесімсіздігінен деп түсінеді. Оқушылардың жеке қасиеттері мамандық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сондықтан кәсіптік білім беру –бұл кәсіптік өз тағдырының шешудегі оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерін, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың ынтасының, бейімділігінің, жалпы және арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аударылуы қажет.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жұйесінің басты элементтерінің бірі-кәсіптік консультация. Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің жаңа салалары және мамандықтар пайда бола бастады. Осындай жағдайда өскелең ұрпақты өмірге, әртүрлі еңбекке, мамандықты саналылықпен таңдап алуға даярлау негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетілуі тиіс. Оқушы мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіншіліктерін анықтайды, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай түрін кәсіптік консультация деп атайды. Кәсіптік консультациясы-бұл бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі дұрыс кәсіптік бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Бұл жерде оқушылардың мамандықты таңдауға бейімділігінің, психофизиологиялық қабілетінің сәйкестігі еске алынады. Кәсіптік анықтау консультациясы кәсіптік-техникалық училищелерде, жоғары оқу орындарында, техникумдарда, кәсіпорындарда өткізіледі. Кәсіптік консультацияның екінші кезеңінде медициналық, психологиялық-педагогикалық және анықтамалық консультациялар өткізіледі. Бұл консультациялардың негізгі мақсаттары:біріншіден, таңдаған мамандыққа жеке адамның денсаулығының сәйкестігін анықтау;екіншіден, жеке адамның таңдаған мамандықты игерудегі психофизиологиялық дайындығын білу; үшіншіден, еңбектің мазмұны және жұмысқа орналастыру жөнінде анықтамалық ақпарат алу.
Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта және жоғары оқу орындары, түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабыланатын жастарды іріктеп алады.
Кәсіптік ірітеудің мақсаты – жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдығын немесе жарамсызыдғын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшіліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осыған байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады.
Профессиограмма –бұл белгілі бір мамандықтың ерекшіліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).
Барлық мәліметтер профессиограммамен салыстырылып, жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдылығы психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерін бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу қабілеттерін есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Кәсіптік адаптация – бұл әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру