Политология | Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................…........4
I. ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ.........7
1.1 Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен маңызы...............……......................7
1.2 Әлемдік тәжірибедегі ұлттық идеяның қалыптасу ерекшеліктері..........14
1.3 «Азаттық», «Намыс», «Атамекен» идеялары – қазақ ұлттық идеясының
прототипі.......................................................................................................25
II. ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ШАРТТАРЫ............................................................28
2.1 Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі (мәдени – рухани, дәстүрлі құндылықтар).......................................................................................28
2.2 Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясын жаңғыртудағы әлеуметтік – экономикалық басымдықтар………………......................................................38
2.3 Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы…..............................................................................................................44
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….......53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................………......55
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны.
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: «Өткен тарихыңды білмей келешекке дұрыс қадам баса алмайсың» – дегендей, қандай – да болмасын мемлекеттің және ұлттың идеясын жасау үшін оның басынан өткерген қиын – қыстау, қибалаң тарихы бойындағы сан мыңжылдар бойы қалыптасқан негізгі ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. Сол сияқты бүгінгі таңда да Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыруда халқымыздың сонау ғасырлар елегінен өтіп, айдар тағылған өзіндік мәдени – философиялық, рухани - әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алу қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өміріміздің түрлі саласында болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр сипаты жағынан да жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың асқан қажеттілігін аңғартып отыр. Ендігі жерде барлығын жан – жақты ой – сана елегінен жаңаша өткізіп, жаңаша қабылдауымыз керек. Қазақстан Республикасында мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан рухани мәдени шараларға қатысты ұлттық мәдениетпен дәстүрдің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылып отыр. Оған Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым – қатынасты, мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі идеяның бірден – бір айғағы [1].
Алайда нақ бүгінде, жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық идеясын ұсыну қажеттігі мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бұрынғыдан да өзекті мәселеге айналып отыр. Ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды жұмылдырушы фактор болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, жаһандық күрделі процестерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ұлттық идеяны іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір Қазақстандықтың игілігі тұрғысынан еліміздің одан әрі өскелеңдікпен дамуын қаматамасыз ету үшін жаһанданудың осы заманғы сынақтарына пара – пар жауапқа айналуы тиіс. Түптеп келгенде, ұлттық идея Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қадап айтылған, сипаттары жан – жақты тұжырымдалған қоғамды құру ісіне қызмет етуі керек.
Ұлттық идеяның қажеттілігі жаһандану жағдайындағы мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды:
Қоғамды топтастыру міндеті; Қазақстан үшін – қазақстандық қоғамды этностық емес, біз азаматтық қауымдастық деп түсінетін біртұтас ұлтқа топтастыру міндеті. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай бірыңғай, біртұтас ұлт әлі жоқ. Қазақстандықтардың өмірлік бағдарлануының анықталмауына себеп болатын және соны туындататын бірқатар жағдайлар бар. Қазақстан азаматтарының этностық, саяси, діни сана сезімі тым әрқилы. Қазақстандықтардың құндылықтыр жағынан бағдарлануы айшықты емес және бұл тұрғыдағы топтасушылығы әлсіз. Ал құндылықтар бірқатар жанама жәйттар арқылы әлеуметтк мінез – құлық моделіне айналатындықтын, біздің азаматтардың әлеуметтік құлшыныстыры түрлі арнада жүреді, олардың бұл тұрғыдағы бірігушілігі де некен - саяқ.
Қазіргі жағдайда топтасуға этностық өзін - өзі біріздендіру де көмектеспейді. Көп ретте ол өткенді алға тартады, бірақ та, өткеннің қаншалықты құнды болғанына қарамастан, жаңа нақтылықтар мен жаңа міндеттерге негізделген біріздендіруден өтпесе, оның өзі осы заманғы сынақтар алдында дәрменсіздік танытады.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы міндетін шешуге қабілетті болуы керек, ол мақсаттар мен құндылықтардың екіұштылығын жойып, біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Ұлттық идеяның қоғамды сапалық тұрғыдағы секіріске, Қазақстан бастан кешіп отырған қазіргі саяси – экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге жұмылдырудағы рөлінің мәні де еш кем емес. Президент Жолдауына өзек болып тартылған, онсыз Қазақсатн дамыған елдер қатарына шыға алмайтын жедел жаңару ұлттың топтасуын ғана емес, сонымен бірге мұндай жаңарудың стратегиясын талдап жасауды, мақсатқа жету үшін қажет болатын жолдың айқын түсінілуін талап етеді.
Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын көрсетуге, Қазақстанның даму арнасын белгілеуге тиіс және оның бұған қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Азаматтық теңдік және мәдени саналуандық қағидаттарына негізделіп құрылған бірыңғай Қазақстан ұлтын қалыптастыру мәселелерінде ұлттық идеяның рөліне баға жетпейді. Демек, ұлттық идеяны қалыптастыру қажеттілігін қазіргі кезде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туындатып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгіигі күні ұлттық идеяны қалыптастыру Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болғаннан бері жүріп жатқан ұлтаралық процестер мен бірлікте қарастырылып келеді. Және де бұл мәселе қоғам өмірінің бар саласымен тығыз ықпалдасатындықтан, саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың және басқа да қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл зерттеулердің нәтижелерін бір жүйеге келтіру арқылы ғана ұлттық идеяның қалыптасуы мен даму процесіне кешенді зерттеу жүргізуге болады.
Елімізде қазірде ұлттық идеяның қалыптасуына атсалысып жүрген ғалымдарымызды атап өтетін болсақ: А.Айталы, Ә.Нысанбаев, А.Сейдімбек, Д.Кішібеков, Т.Ғабитов, Ә.Ғали, Ж.Молдабеков, А.Шәріп, Б.Г.Аяғанов, К.Н.Бұрханов, С.А.Дьяченко, И.Н.Тасмағамбетов, Т.С.Сәрсенбаев, Л.И.Кармазина, Р.Қ.Қадыржанов, С.З.Нарматовтар.
Ұлттық идеяны қалыптастырудың әлемдік саяси – мәдени тәжірибедегі тұжырымдары С.И.Абдулпаттаев, Қ.Е.Көшербаев, Б.А.Майлыбаев, А.Орлов, Э.Паин, К.Л.Сыроежкин, Т.Н.Ушанова сынды зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің нысаны ретінде ұлттық идеяның мәні мен маңызы, оның қазақ тарихы бойында қалыптасуы және қазіргі кезде орнығуына мәдениеттанулық талдау жасалады.
Зерттеудің пәні. Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастырудың негізгі өзектілігі мен қажеттілігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ мәдениетінде ұлттық идеяның қалыптасуының түпқайнарларын айқындап, даму арналарын ашып анықтауды және соның барысында сатылық, сапалық өзгерістерді жан – жақты пайымдап парықтауды мақсат етіп, межелеген аталмыш еңбектің алдына соған сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
- Ұлттық идеяға түсініктеме бере отырып, әлемдік елдердегі ұлттық идеяның қалыптасуынан тәжірибе алу;
- Қазақ менталитетіне ғана тән қазақ тарихындағы ұлттық идеяның негізгі прототипі болған «Азаттық», «Намыс», «Атамекен» идеяларына жеке – жеке мәдениеттанулық талдау жасай отырып, оны қазіргі қоғамға сай ете отырып жаңғырту;
- Жаһандану үрдісіне байланысты жойылудың аз – ақ алдында тұрған ұлттық идеяның негізгі өзегі болған ұлттық құндылықтарымызды қайта қарау;
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (алты бөлімшеден), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломның жалпы көлемі 57 бетті құрайды.
I. ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
1.1 Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен маңызы
Ұлттық идея ұғымын ашудан бұрын, біз ең әуелі ұлт мәселесіне тереңінен талдау жасап, содан соң сол ұлтты ұйыстырушы идеяға тоқталайық.
Әрбір халықтың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсінін, дербес мінезі мен мәдениетін танып – түйсінуі ең әуелі этникалық төркін – тамырын бажалаудан бастау алатыны белгілі. Жер жүзіндегі адамзат қауымдастығын құрайтын табиғи – тарихи жаратындылар – ру, тайпа, ұлыс және ұлттарға анықтама бергенде ғылымда көбінесе гректің ethnos (тайпа, халық), латынның nation (тайпа, халық) сөздерінен жапырақ жайған атаулар қолданылады.
«Ұлт» ұғымына байланысты зерттеулер қандай көп болса, пікірлер соншама көп деп айтуға болады. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Мадзини, Актон, Ренан, Масарик, Соловьев сияқты ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде қарады және оның негізгі белгісі рухани дүниеде, яғни ерекше ұлттың өзін-өзі тануы деп есептейді. Қазіргі «ұлт» сөзіне негіз болған «нация» сөзі латын тілінде қандас туыстарға байланысты қолданылған болатын. Уокер Коннор «нация» сөзі Англияда ХІІІ ғ. латын тіліндегіндей қолданыста болса (қандас туыс), ал ХVІІ ғасырға қарай белгілі бір елдің жалпы тұрғындарын атауға байланысты, олардың әртүрлі этникалық топтарға жататына қарамастан қолданыла бастаған деп есептейді. Сонымен бірге ол буржуазиялық революциялр кезінде «нация» ұғымы мен «мемлекет» ұғымының синоним ретінде қолданыла бастауына себеп болған Локк және Руссоның «халық суверенитеті» теорияларының әсері деп есептейді [2]. Энтони Д. Смитт ұлттардың қалыптасуына Батыстағы үш түрлі революциялар – еңбек бөлісіндегі, басқаруды бақылаудағы, мәдени координациядағы - әсер етті дейді [3]. Карл Дойч «ұлт...ол әлеуметтік мәжбүр етудің бірқатар институттарының үстінен бақылау орнатуға қол жеткізген халық және ол өзінің тарихи даму болшағында толыққанды ұлт-мемлекет ретінде қалыптаса алады, ал ұлтшылдық жеке қауіпсіздік пен топтық етенелесу мақсаттарды топтық мүдделерді жүзеге асырудан көрініс табатын осы ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазымдар сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден қоюы» [4].
Бұл пікірлерге қосарымыз, революциялар дәуірінде әр түрлі этникалық топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық біртұтастықпен бірге, енді саяси біртұтастық қалыптасады және революцияның барысында, әсіресе сыртқы факторларға байланысты ортақ идея – ұлттық идеялар қалыптаса бастайды. Ортақ идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа халықтармен бәсекелестік немесе сырттан келген жаулап алушыларға деген наразылық бар. Сонымен бірге кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің көпшілігі «ұлт» бұл капиталистік дәуірдің туындысы деп келді. Бұл пікірдің де жаны бар. Себебі капиталистік қатынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ дүниетанымның қалыптасуына әсер етті. Ал енді осы процестерге негіз болған орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы географиялық ашылулар болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралығында 12 мың атаумен, ал Италияда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап есептегенде Франкфурттегі кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап шығарылып сатылған [5]. Кітаптың кең тарауы ортақ тілді қалыптастырса, ішкі рынок пен орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы ортақ территорияны қалыптастырған болатын. Ал Ұлы географиялық ашылулар қазіргі ғаламдыстырудың бастамасы ғана болған жоқ, сонымен бірге революцияларды бастан кещірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын философиялық, саяси ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша өзара бәсекелестік басталды.
Ал ұлттық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік және саяси идеялардың негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды билеуші туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда болуы осыған мысалы бола алады.
Қоғамдық идеалдар туралы ілімнің негізін Платон мен Аристотель қалыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды жүйелеп дамытуға тырысса, ал Аристотель, керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап, оған қарсы тұрды [6]. Орыс философы князь Трубецкой идеалдардың утопиялардың күйреген, «апатты жағдайларда» пайда болатынына мең берген болатын [7]. Өзін-өзі тану «күйреу жағдайын» бастан кешіру барысында басталады және болашақ дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар жүзеге аспай, утопияға айналып, дағдарысқа ұшыраған кезде тағы «күйреу» басталады. Бұл процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын құбылыс.
Ұлттық идеялар мен идеологиялардың қалыптасу кезеңін зерттеушілер Жаңа дәуірмен байланыстырады.
Ұлттық идеалдардың ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын бастысы ұлттық идеяға айналады. Зерттеулерде ұлттық идея мәселесіне жан-жақты көзқарастар көп. Арапов М.В. және Мирский Э.М. «ұлттық идея қоғамдағы және оның ұяшықтарындағы саяси күштердің бәсекелестіктерінің нақты шекарасын белгілейді, ал оның арғы жағында қоғамның, тіпті тұтастай алғанда, мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп төндіретін қақтығыс бар. Ұлттық идея оларға тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде мәртебе берілген көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен шешімдерді қабылдау мен жүріс-тұрыс моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал бұлар, өз кезегінде «біздің территория» түсінігін қалыптастыратын ұлттық пантионды топониндерді құрайды» деп есептейді [8].
К.Г. Красухин ұлттық идея – бұл белгілі бір идеологиялық конструкция, ол ұлттың өзін-өзі тануы процесіне әсер ете отырып, оның күнделікті өмірге және болашақ дамуға байланысты стереотиптерін көрсетуі керек деп жазды [9].
Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар қалыптасты. Соның бірі Ресейдегі «орыс идеясы». Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д.Д. Драгунский былай дейді: «Бұл орыстардың өздерін және әлемдегі өздерінің ерекше орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, өздерінің әлемдегі алатын орындарына баса назар аударады – орыстардың өзіндік бітімі орыс мақсаты арқылы анықталады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше миссия идеясына тұғырланады» [10].
Әдетте әр түрлі көзқарастардың қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың қоғамдағы орны мен білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған идеялардың жиынтығын – идеология пайда болады.
Идеология – бұл ұлттық идея негізінде қалыптасқан және оны жүзеге асырудың әр түрлі жолдардың негіздеген идеялық ағымдар. Сондықтан да әр түрлі елдер тарихи, саяси жағдайларға байланысты әр түрлі идеологиялар қалыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар өз мүдделерін сақтай отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттық идеяны жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады және соның негізінде әр түрлі идеологиялар қалыптасады. К. Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар қарама-қайшылығына айналдыратын интеллектуалдар деп есептейді [11]. Неміс ғалымы У. Матц идеология – бұл қоғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш іздеген кезде кездейсоқ табыла алған балдақ іспеттес деп суреттейді [12].
Идеология ұғымы ғылыми айналымда ХІХ ғ.бірінші жартысында пайда болды және оны ұсынған француз философы және экономисі А. де Траси боды. Ол «егер біз оның тақырыбын және грамматикасын алатын болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ, онда бұл ғалымды идеология деп атауымыз керек» деп жазды [13].
Е. Савеленок «идеология ұғымының» эволюциясын үш кезеңге бөледі:
1. идеялар туралы ғылым, олардың пайда болуы және қоғамның даму тәжірибесінде пайдалану заңдылықтары зерттейді (ХІХ ғ.басы);
2. қоғамдағы әр түрлі теориялар мен көзқарастардың саяси-әлеуметтік бағыттарын анықтайтын ұғым ретінде (ХІХ ғ.-қазірге дейін);
3. идеология зерттеу пәні ретінде және әлеуметтік ғылымдарда құралдық ұғым ретінде (Махеймнің «білім социологиясы» және т.б.) [14]. Ал енді идеология туралы Батыс зерттеушілерінің анықтамаларын бірнеше топтарға бөлуге болады [15]:
«Ұлт» ұғымы жайында қазақтар арасында тұңғыш рет толымды ғылыми түйін жасаған кісі – Ғаббас Тоғжанов (1900-1937). Ол өзінің «Ұлт деген не?» атты көлемді полемикалық мақаласында бұл категорияға: «... тілі бір, жері бір, ғасырлар бойындағы тіршілік күресінен, тұрмыс салтынан, жиі қатынасынан туған мінез – жан сипаты бір жұрттардың қосылуы, бір жұрт болуы» [16], - деп анықтама берді. Осы еңбегінде автор Сталиннің «ұлттың ең елеулі белгісінің бірі – экономика ортақтығы» деген ойымен келіспейтіндігін атап көрсетіп, жоғарыдағыдай тарихи - әлеуметтік және психологиялық факторларды бірінші қатарға қойды.
Сайран Әбушәріптің жазуынша: Қазақтардың ұғымында ұлт – бұл табиғи, биологиялық сипатқа ие болған, этникалық, ру - тайпалық құндылықтар негізінде пайда болатын этнос, суперэтнос (рулар мен тайпалар бірлестігі), қауымдастық» [17]. Ұлтты даралауға тиісті қасиеттердің қатарында бұлардан басқа да бірқатар шарттар (ұлттық рух, ұлттық дін, ұлттық мемлекеттілік капиталистік қарым – қатынастың орнығуы т.б.) тілге алынып жүр. Әйтсе де, этностың бүкіл жұрт бірдей мойындаған толассыз белгілерін тұжырып беру гуманитарлық ғылым ғалымдарының жұмыла бітіретін жұмысы деп ойлаймыз.
Ал, ұлтты біріктіруші, топтастырушы «Идеяның» өзінің кемінде 5-6 мағынасы бар екенін ескерсек, жалпы аталмыш сөз тіркесінің өзі туралы біршама пікірталасқа баруға тура келеді. Себебі, сөз болып отырған объектінің өзі ортақ түсініске түспесе, ол жайында жаппай пікір айтудың өзі неғайбыл ғой? Дегенмен, аталмыш ұғымның қазіргі кең тараған тұсын ескере отырып, «ұлттық идеяға» нені сыйғызғанымыз жөн дегенге жолайы тоқтала кетейік. Ұлттық идея, біріншіден, бір ұлтқа болмаса бір мемлекеттің халқына тиесілі идея екені түсінікті болар; екіншіден, мұндай идеялар бүкіл ұлттың бәрі бірдей бір уақытта ойлап тапқан «эврикасы» емес, бүкіл ұлтты болмаса халықты белгілі бір құндылықты бекітуге жұмылдырушы немесе сол ұлттың әлдебір проблемасын соның қатысуымен шешуге бағытталған идея болса керек. Міне, сонысымен де мұндай ауқымдағы идея қай ұлтқа да бағалы, қасиетті. Алайда, ұлттық идея ұғымын этностық идеямен шатастырмағанымыз абзал. Қазіргі жағдайда қазақтың проблемасын шешуге бағытталған идеяны оның қаптаған мәселелерінен арашалап алсақ, ол нағыз ұлттық болар еді және ұлттық идеяны мемлекеттік деңгейге шығара алсақ, әлгі идеяның көсегесі көгеретіні тағы сөзсіз. Кез келген ұлттық идея ең әуелі ұлттың өзін селт еткізіп, оған оның барлық мүшесін тартатындай ауқымды да, құнды болуы шарт. Сонымен бірге мұндай идеяға мемлекеттік назар болмайынша, әлгі идея белгілі бір топтардың ғана бастамасы болып қала бермек. Айталық, осындай идеяға жатуға тиіс қазақ тілінің ұлттық идеяға айналмау себебі неде жатыр? Аталмыш идея тек қана проблема күйінде қалып, ұлтты әлгі проблеманың ығыр қылуында. Демек, ұлттық идея дегеніміз проблеманың төңірегіндегі бас қатырулар емес, сол проблеманың шешілуі жолындағы ұлттық ұжымдасуға жеткізетін идея. Егер де ол мемлекеттік тұрғыдан өзіне лайық назармен қаруланып, оның алға басу мысалдары пайда бола бастағанда, қазақ тілінің алға басуы тек қана қазақтарды ғана емес, қазақ еместерді де марқайтқан болар еді. Өкінішке орай, қазіргі жағдайда қазақтілділер өз тілінің жауы соны меңгермегендер деп танитындығы өтірік емес, бұл - әлгі проблеманың шешілуге жатқызылған мақсатқа айналмағандығы.
Ұлттық идея дегенiмiз – халықтың әрiден алғанда дәуiрлiк, берiден ал-ғанда ғасырлық мұратын айқындайтын, келешек ұрпаққа жол көрсететiн шамшырақ болатын заманалық рухани философия. Ол белгiлi ұлттың немесе мемлекеттiң әлемдегi орнын анықтап, оның тағдырын шешетiн реформасының теория¬лық негiзiн және сол қоғамның мұратын айқындайды.
Жалпы, ұлттық идеяны (аты мен заты сай келетiн белгiлi ұлттың идеясы) iске асырудағы мемлекеттiң мақсаты да — халықты бiр негiзгi тiлге үйрету арқылы, бiр сананы қалыптастырып, белгiлi жарқын мақсатқа жеткiзу.
«Ұлттық идея дегеніміз – этностың әлеуметік – этникалық тұтастығын сақтап, ұлттық күш – қайратына сенімін күшейтетін ұмтылыс пен іс ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Политология дипломдық жұмыстар, Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері