Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы

 Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы

Мазмұны

Кіріспе……………………………….........……………………………………
І–ТАРАУ Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
1.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру ............................................................................
1.2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдеріндегі іс-әрекеті мен педагогикалық ұйымның қарым-қатынасын ұйымдастыру................................
IІ – ТАРАУ Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі
2.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым..........................
2.2. Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу......................
2.3. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден мысалдар....................................................................................
Қорытынды…………………………....………..………....…………....
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………...

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі — баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.
Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын субьект- бұл педагогикалық ұжым.. Бұл туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндстті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл
- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Бслгілснген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт .дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.
А. С. Макаренко әдепкі кезеңде окушылар қарсылық білдірмей, пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бүл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына окушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Окушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мүғалімді қуаттайды. Окушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші кушіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекеттері.
Іс-әрекет — бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің
Қарым-қатынас — бұл адамға адам қажеттіліктерін қана қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті—жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі. Жоғарыда келтірілген көкейкесті мәселелердің әлі де болса шешімін табуға көмек болар деп, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы» деп атадық.
Зерттеудің объектісі- оқу-тәрбие процесіндегі оқушылар ұжымы мен педагогтардың қарым-қатынасы.
Зерттеу пәні – педагогикалық процестегі оқу жұмысын ұйымдастырудағы обьект-субьект қарым-қатынасы.
Зерттеудің мақсаты –бастауыш мектеп оқушыларын ұжым ретінде қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра отырып, ұжымды балаға ықпал жасайтын құрал ету.
Зерттеудің міндеттері:
- тақырыптың мазмұныныа байланысты «оқушылар ұжымы» мен « педагогикалық ұжымға» теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
- «оқушылар ұжымы» мен «педагогикалық ұжымның» қарым-қатынасы жөнінде қалам тартқан ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектерімен танысу;
- озық тәжірибелі ұстаздардың іс-әрекеттерімен танысып оны практика жүзінде қолдана білу;
Зерттеу әдістері- тақырыптың мазмұныныа байланысты тәжірибелі педагогтардың еңбектерін сұрыптау, бақылау, байқау, сұрақ-жауап әдістерін қолдану. Дерек көздерін пайдалану.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Оқушылар ұжымы – мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы атты 1 тараудың 2.1. Оқушылар ұжымы және оларды топтастыру мен тәрбиелеу әдістері параграфында ұлы педагог А.С.Макаренконың көпжылдық тәжірибелері мен қорытындылары сөз болады. Оқушылар ұжымының бірлескен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білудің жаңа идеялары келтіріледі.
Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі деген 2.2. параграфында оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагогтардың қарым-қатынасы, іс-әрекеттің көп қырлылығы, оның ұжымға әсері жайлы сөз болады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі атты 11 тараудың Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым деген 2.1. параграфында оқушылар ұжымын қалыптастырудың ең үлкен басты ролі оқыту, оның ұйымдастырудың түрлі формалары мен тәрбиелеу әдістері келтірілген.
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері деген 2.2.параграфында педагогтар ұйымы мен оқушылар ұжымының бірлескен іс-әрекеттері, яғни тұтас педагогикалық процесс, ол туралы С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, Б.Т. Лихачевтардың әр түрлі көзқарастары туралы сөз болмақ.
2.3. параграфында оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелерден мысалдар келтірілген.
Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыстың орындалу барысындағы қол
жеткізілген нәтижелер берілген.

І-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ – МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ

1.1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру

Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.
Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады..
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.
Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті — оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды А.С.Макаренко –тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.с.с.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко «Совет мектебіндегі тәрбие проблемалары» атты мақаласында: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала... өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі».
Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру