Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

 Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………4
1 Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі ………………….25
2 Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны …………………26
2.1 Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.2 Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.3 Сан есім мен басқа сөз таптырының бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.4 Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған біріккен терминдер
Қорытынды …………………………………………………………………32
Пайдаланған әдебиеттер …………………..……………………………….35

Кіріспе
Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.
Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40]
Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.
Қазақ тілінде термин сипатты, дербес мағыналы сөздердің арнайы жасалып, кең тарапты қолданыла, тұрақты түрде жазыла бастауы ХІХ ғасыр аяғы, осы ғасыр басында ерекше көрініс берді десек болады. Оның өзі, осы тұста қазақ тілінде “Айқап”, “Дала уалаятының” газеті “Қазақ” сияқты мерзімдік, әдеби басылымдар мен шығармалар, алғашқы оқу құралдары бір және екі тілдік сөздіктер, іс-қағаздары, басқа да қатынастық хат-хабарлардың көбеюімен негізделеді. Бұл тұста арнайы ешкім де арнайы түрде сала атауларын түзіп, түгендеумен айналыспағанымен, жұрттың түрлі мақала, еңбек жазу барысында тілдің сөзжасамдық тәсілдері негізінде сөз тудыру, сөздерді түрлендіре қолдану істері қағазға түсіп, жаңа қарқынмен дами бастады.
Әдетте, бірден бір сөзбен айта қойылу қиын, күрделі түсініктердің бір сөзге, атаулы сөзге айналуына ол түсінікті жазуда қолдану сипаттау жазу істері үлкен ықпал етіп, түсінікті бір сөзбен белгілеу қажеттілігін туғызады. Яғни, аталмыш түсінікті беру үшін қайта-қайта сипаттап жазу, ыңғайсыз болғандықтан және түсінік бірізді, бірыңғай қабылдануы үшін, оны бір ғана белгімен беру тиімді болады. Жазудың алғашқы кезінде сөйлем ұзақ, шұбалаңқы болып, кей сөздер жиі қайталанып, бірін бірі қайталап, бірі жетпей, бірі артылып, айтар ойдың дәлдігі төмен болып жатады да, бірте-бірте ой нақтылана бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа сөздер туып, мағыналары айқындалып, тұрақтауы – жазу әсерінен жылдамдай түседі.
Ең алғаш рет “Қазақ” газетінде қолданылған баспасөз, ашықхат, теміржол, сөзжарысы, ана тілі, оқу құралы, оқу кітабы сияқты сөздер сол кезде-ақ терминдік сипат алып үлгерген болса, әрі қазірде өзгеріссіз қолданылып жүрсе, дем алып, біраз өнеркәсіп, тұратұғын, шығатұғын, құрымайтұғын (сөздерінің біразы) шекаралық, жат шөптерден, сөз жазғыш сөздерінің біразы біраз, өнеркәсіп, шекара болып әсіресе, біразы ақырзаман, бөлім, тұратын, шығатын түрінде өзгерсе, біразы жазушы, арамшөп болып ауыстырылды.
Бәрі бірдей дұрыс болмай, кейбір қалт-құлт етіп тұрғандай болғанымен, бұлар түсініктің ұлттық баламасын іздеудің термин немесе жаңа сөз жасау ісі, сырттан таңылмай, тілдің, тілдік қолданыстың өз табиғатынан туындайтындығының көрінісі болып табылады.
Жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырушылардың бірі ретінде біз ең алдымен, А.Байтұрсынұлын атай аламыз. Ұлттық тілімізде енді-енді оқулық жазылып, арнайы тілде термин жасаудың сол балаң шағында тіл, әдебиет сияқты екі бірдей сала атауларын түгелдеп, бір сөзін де қалдырмай, ұлттық тіл қаражатының атаған және тіл мен ғылым жүйелерін асқан шеберлікпен үйлестіре білген. А.Байтұрсынұлы қалыптастырған бірқатар терминдер қазіргі қазақ терминологиясы тұрғысынан да, термин жасаушылар ғалымның термин жасау ерекшелігіне, термин жасауға ұмтылуда.
Содан кейінгі А.Байтұрсынов жолын жалғастырған Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаевтар термин жасамға ат салысты. Одан кейін Байтұрсынов жолын жалғастырушылар Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Жаналин, М.Балақаев, Қ.Сағындықов, Қ.Шәріпов, І.Жарылғапов, Ә.Сатыбалдиев, А.Абдрахманов, Ә.Қайдаров т.б.
Тіл-тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады деп айтып кеттік, яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады. Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық проблемалардың қатарына жатады. Ал, терминнің жасалуына келсек, кез келген термин белгілі-бір дәрежеде ғылыми негізге сүйеніп жасалады. Терминжасам дегеніміздің өзі қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде жасалатын құбылыс.
Қазақ тілінің сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал беріп келеді. Бұл – сарқылмайтын байлық көзі. Оның терминжасау мүмкіншілігін біз әлі түгел пайдланып біте алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де бола бермейді. Термин сөзге деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар лебі пайда болады. [2, 297]
Көптеген ғалымдар терминжасам процесіне тікелей ат салысып, ол үшін қазақ тілінің лексикалық байлығының грамматикалық амалдарын түгел іске жаратуға бетбұрыс жасаған болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті. Ғасырлар бойы дайын қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминжасамның негізгі тірегіне айналды және атап айтуға тұратын бір нәрсе, терминжасам тек ұлттық тіліміздің өз материалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарында тиімді пайдаланды. Алайда ұлттық терминологияны, едәуір байыта түскен терминжасаудың бірнеше тәсілдері белгілі бола бастағанмен бұл жөнінде мамандарымыз әлі күнге бір пікірге келе алмай жүрген сияқты.
Жалпы айтқанда терминжасауда 4 түрлі тәсілге сүйеніп, жасалады. Екінші тарауда осы тәсілдердің ішінде синтаксистік тәсілдері арқылы жасалған, яғни сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге тоқталып өтемін.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге таныла бастаған соңғы он шақты жылдан бері термин жасау және қалыптастыру ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. Ұлт тілінде терминжасау ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы зор.
Қазіргі кезеңде термин жасауда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді пайдалануға барынша мән беріліп отырғандығы баршамызға белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып, қолданысқа көше бастады. Термин ісінде неғұрлым аз қателесіп, тіл табиғатына қайшы әрекет жасамас үшін тілдегі термин түзу тарихын оның өз бойынан шыққан дәстүрін үнемі ескеріп назарда ұстап отыру шарт. Бұл реттегі әрекет қандай да болмасын бөгде тілден тыс себептер емес, олар уақытқа сай жетілдіре алынуы және алдыңғы тарихынан тым алыстап кетпеуі тиіс. Осыған байланысты тілімздің терминжасам тәсілдері оның ішінде сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге арналған дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
Қазіргі терминжасам мәселесіндегі сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерді сипаттау, біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орнын көрсету.
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер алға тартылды:
1) Тілші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жалпы терминологияның қалыптасу тарихына тоқталу;
2) Қазақ тіл білімінде терминжасам тәсілдерінің зерттелуіне тоқталу;
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының ролін айқындау;
3) Жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Ш.Құрманбайұлының “Қазақ лексикасының терминденуі”, Ө.Айтбайұлының “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы”, С.Ақаевтың “Терминнің танымдық табиғаты”, Б.Қалиұлының “Мемлекеттік терминология мәселелері” атты іргелі зерттеулері алынды.
Жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық зерттеу жұмысының объектісі пәні мен оның сипаты көрсетіліп, мәселенің зерттелу тарихына шолу жасалды.
Жұмыстың бірінші тарауы “Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі” деп аталып, қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі, терминжасамдағы қолданылатын тәсілдердің зерттелуі қаралады.
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының рөлі екінші тарауда зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сан есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер, зат есім мен қимыл атауының бірігуі арқылы жасалған терминдер деп бөліп әрқайсысының терминжасамдағы рөлін көрсетеміз. [1, 279]

1 Қазіргі қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі

Тіл-тілде жаңа термин жасау оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады. Терминжасам процесінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының үлгілерін алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде де, осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік модельдерін құрайды. Жылдар бойы қалыптасып келе жатқан сөзжасам амалдары терминжасамға тікелей қатысып, олардың қайсыбірі белгілі бір кезеңде белсенді қызмет көрсетіп, активтеніп қайсыбірі белгілі бір кезеңде солғын тартып, үнемі үздіксіз өзгеріске түсіп отырған.
Қазақ әдеби тілі сөздік қорының жаңадан жасалып, немесе қабылданып жатқан терминдік атаулар есебінен күн санап баюы, толассыз толыға түсуі әрине мұның бәрі ғылыми техникалық прогресске байланысты жаңа техникалық құбылыс. Жалпы сөз байлығымыздың бүгінде үштен екісі терминологиялық лексикадан тұрады. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою - бүгінгі күннің өзекті мәселлерінің бірі болып отыр. Қазіргі кезеңде терминжасамда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді пайдалануға барынша мән беріліп отыр. Жалпы термин жайында бүкіл тюркологияда, қазақ тіл білімінде, орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқтайық дейтін нақты пікір қалыптасқан жоқ. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жататынын елдің бәрі білгенімен, негізгі басты белгілерін ажыратып тануда әрқилы түсінік бар. Академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов терминге мынадай анықтама береді: “термин дегеніміз ең алдымен негізінен белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика”. О.С.Ахманова Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркестері. Ал, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминінің осы айтылған белгілеріне қосыла отырып, және бір мағыналығына мән береді. Яғни, тілдегі сөздердің біразы көп мағыналы боп келсе, термин болатын сөздердің олардан айырмашылығы – жалқы мағыналығында деп түйеді. Терминдерді зерттеуде және қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда Д.С.Лоттенің, Т.О.Винокурдың, А.А.Реформатскийдің, В.В.Винокурдың, Р.А.Будаговтың, Л.И.Скворцовтың, В.П.Даниленконың, А.В.Суперанскаяның, М.Ш.Гасымовтың, Б.О.Орузбаеваның т.б. ғалымдардың рөлі зор болды.
Қазақ тілінің сөзіміздің басында айтып кеткендей, сөздік құрамы терминжасауға көптеген дайын материалдар беріп келеді. Термин сөзге деген сұраныс молайған сайын жаңа қоданыстар легі пайда болады. Қазақ тілінде термин жасау негізінен тіліміздің сөзжасам процесінің аумағына енетін мәселе. Біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші тілге аудару немесе тілдегі кез-келген сөзді пайдалану десе, енді біреулер кірме сөздер деп түсінуі мүмкін. Ал енді тіл білімі тұрғысынан айтатын болсақ, терминжасамның өзіне тән мынадай өзгешелік белгілерін атап көрсетуге болады. Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап, және оны сол тілде сөйлейтін кез-келген адам жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да сол саланың мамандары арасында ғана қолданылады. Тіпті мұны Г.О.Винокур айтқандай, күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, оны белгілі саладағы мамандар жасайды. Осыдан байқалатындай терминді саналы түрде қадағалап, қолдан жасап, сұрыптап отырмаса, ғалымдар бірін бірі түсінуден қалуы да ықтимал. Дегенмен, терминдер сол өзі пайда болған салада тұрақтанып, өзгерместей қатып қалатын категория емес. [3, 89]
Сөйтіп, терминжасам дегеніміз қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, қалай пайда болғанын біле бермейміз. Ал терминнің тіпті бүкіл бір терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде жасалғанын дәл айтып беруге болады. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, бесжылдық, тыңгер, тиімділік, сапалық белгі, ғарышкер, бетбұрыс, қайта құру тәрізді тағы басқа толып жатқан сөздер мен сөз тіркесімдерінің қашан, қандай жағдайда жасалып, терминге мәнге жұмсала бастағанын дәл айтып бере аламыз.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру