Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

 Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ
2. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
3. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ СӨЗ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар.
Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.
"Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді" [1;147].
"Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады" [2;47].
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.
Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған.
Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева. З.Д.Попова, В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады.
...Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады.
Оның айтуынша, "сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді, сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе.
Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз тіркесі бұзылады" [3;3].
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп қарастырдым.
1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі
2. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм
3. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз
Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау.
Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен «орын тәртібі» ұғымы бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды.
Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)», Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Сайрамбаев Т.«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері », Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі», Аманжолов С «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», Исаев С «Қазіргі қазақ тілі», оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай жасалғандығына көңіл аудардым.
Мысалдарды Әуезов М «Абай жолы», Нұрпейісов Ә «Қан мен тер», Мұқанов С «Ботагөз» романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен алдым.

1 ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ

Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын — сөз. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді.
Қазіргі кезеңде сөз тіркесі синтаксисінің негізгі салалары деп мыналарды көрсетуге болады:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары
2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
3. Сөз тіркесі сыңарларының синтаксистік қатынастары
4. Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесі синтаксисінің осы негізгі мәселелерінің қай-қайсысы да өз алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіркесінің байланысу формалары бірнеше еңбектерде зерттеу объектісі болды. Алайда сөз тіркесінің түрлері мен оны топтастыру мәселелері осы уақытқа шейін зерттеушілердің назарын өзіне аударған емес.
Орыс тіл білімінде сөз тіркесінің синтаксисі үш бағытта айтылып келе жатыр:
Бір топ ғалымдар сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің ішінде қарастырады, енді бір топ ғалымдар, керісінше, сөз тіркестерінің синтаксисін
сөйлем мүшелері тұрғысынан зерттейді.Бұл ғалымдардың пікірінше, сөз тіркесі сыңарлары сөйлем мүшелерінен айрықша емес. Үшінші бір топ зерттеушілер синтаксистің басты саласының негізі етіп, әрі сөз тіркесін, әрі сөйлем мүшелерін де жеке-жеке қарастырып, әрқайсының өзіндік объектілері бар жеке категория деп біледі.
"Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің құрамы әртүрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады
.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т.б.
Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, социалистік жарыс т.б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші бригада т.б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т.б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз т.б." [4;37].
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әртүрлі болады. Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәріздес сөз тіркестерін құрайды. Қ а б ы с а б а й л а н ы с қ а н етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері; 2) еліктеуішті сөз тіркестері; 3) көсемшелі сөз тіркестері; 4) сын есімді сөз тіркестері; 5) сан есімді сөз тіркестері; 6) зат есімді сөз тіркестері; деп бөлінеді.


Есімді тіркестер

Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әр уақытта есім, көбінесе, зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Олар сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеледі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматиқалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.

Зат есімдерден құралған тіркестер

Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т.б.
Зат есімдерден құралған анықтауыштың топқа кез келген зат есім ене бермейді. Оған өзара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер жоғарыдай, анықтауыштың құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді.
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын- бір арқа отын.
ә) қайнатым шай – бір қайнатым шай,
үзім нан – бір үзім нан
асым ет- екі асым ет.
б) қалқан – қалқан құлақ бала
салпы- салпы ерін ат
бұлаң – бұлаң құйрық түлкі
сылтың – сылтың аяқ түйе
в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора – қора қой, үйір – үйір жылқы, тарам – тарам тамыр.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш), ағаш күрек (ағаштан істелген күрек)
2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ (ат) – аттың құлағы қамыстай, жібек жүн – жүні жібектей.
3. Бір затты басқа затқа арнау мағынада қолданылады. Мысалы: ат қора – ат тұратын қора; мал қора – мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге арналған кесе.
4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта сағат т.б. Олардың екі түрі бар.
а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер – су аты болып, басыңқысы заттың сонда өсіп - өнетінін, сол жақтан екенін білдіреді. Мысалы: тау ешкі, су жылан т.б.
ә) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есімі болып, бірі екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды. Мысалы: мойын ет, желке тамыр, тамақ без т.б.
5. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, қап – қап астық, бір асым ет т.б.
6. Кәсіп дәрежені білдіреді: а) инженер қыз ә) суретші Әбілжан т.б.
7. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала т.б.
8. Даралау мағынасында жұмсалады: қайың аға, алма ағаш, нар түйе т.б.

Сын есімді тіркестер

Сын есімдер зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп
есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара тығыз қабыса байланысып, есімді сөз тіркесі жасалады. Ол синтаксистік тіркесті құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең қарай), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат), тамақтың дәмін (тәтті тамақ, ащы сорпа), заттың салмақтық белгісін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) білдіреді.
Осындай әртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы: тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, тілемсек қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың лексикалық мағынасымен үйлесімді, белгілі затқа тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады.
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар затпен еркін тіркестіре беруге болады. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады;
Екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі, ақ сиыр деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды.
Сапалы сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Әдебиеттерден мысалдар:
Үлкен үйдің ортасында... тас шам бар. (М. Әуезов)
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай.
Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен а) басқа зат есімдер не ә) сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін:
а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады. (С.Көбеев.)
б) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр. (Ғ. Сыланов.)

Сан есімді тіркестер

Сан есімдер – зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Сан есімдер барлық зат есіммен бірдей еркін тіркесе алмайды. Олар санауға болатын зат, заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді.
а) балалық, жастық, сұлулық сияқты сапалық зат есім;
ә) гүрсіл, тарсыл, сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;
б) социализм, маркизм, логика, химия сияқты ілім мен ғылым аттарын білдіретін зат есім;
Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенімен бағыныңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы: он ешкі, қырық саулық.
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды. Мысалы: үш күндік жол, алты айлық азық т.б. Әдебиеттен мысалдар:
Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсіреді. (Ғ. Мүсірепов.)

Есімшелі тіркестер

Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер –-ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда а-тын/е-тін, -ар/-ер, -р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін шақтық мағынада өткен шақ пен шақта жұмсалатын - ған тұлғалы анықтауыштар қимыл прцесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой, боздаған бота, жиналған астық.
Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде көбінесе, оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылатын сиыр).
Сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде білдіреді.
Көк шөп – көгерген шөп
Ақ үй – ағарған үй
Есімшелі сөз тіркестеріне әдебиеттен мысалдар.
Әр жерде қағылған қадалар... көрінеді. (Ғ. Мүсірепов.)
Әдетте есімшелердің жетегінде, оларға меңгерілетін есімдер болатыны белгілі. Олар көбінше сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы:
Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. (Ғ. Мүсірепов.)
Есімшелер зат есімдермен ғана емес олардың орнына жұмсалатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген біреу, оқыған жас.
Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір. (С. Мұқанов.)
Көреген, сүзегін, қашаған, береген жатаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады. Мысалы: көреген кісі, сүзеген сиыр.


Есімдікті тіркестер

Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: мына кітап, ана тау,қай аудан?
Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс – жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап Кресель жақтағы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ә.Әбішев)
Сұрау есімдіктері ол құрамында заттың сұраулық – сапа қатынасын білдіреді, мысалы: қай қала? қанша саулық?
Жинақтау есімдіктер есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.

Үстеу қатысқан есімді тіркестер

Үстеулер - өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер.
Мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар жоқ сөздеріне қатысты болып, олармен қабыса байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді.
Мезгіл үстеулер есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.
Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы (С. Көбеев.)
Мезгіл үстеулер сөйлемді баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты болатындықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі. (Ғ.М)

Етістікті сөз тіркестері

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай былай бөлінеді:
1. Үстеулі сөз тіркестері;
2. Еліктеуіш сөзі бар тіркестер;
3. Көсімшелі сөз тіркестері;
4. Сын есімді сөз тіркестері;
5. Сан есімді сөз тіркестері;
6. Зат есімді сөз тіркестері;
Үстеулі сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері; ә) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері;

Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жаруға келмейтін үстеулерді айтамыз. (кеше, қазір, енді, жаңа ертең) Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл + күн), биыл (бұл + иыл), қосарлы оқта – текте, жол – жөнекей, жалма – жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Мұндай сөз тіркестері мынандай мағынада жұмсалады. Бұлар мекендік, мезгілдік, амалдық мағынаны білдіреді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру