АӘД | Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................
1. Арнайы пәнді оқыту әдістемесі
1.1 Педагогиканың жалпы негіздері ..........................................................
1.2. Азаматтық қорғаныс пәнінің оқыту әдістері және формалары ...................................................................................
2. Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары
2.1 Төтенше жағдайлардың пайда болу жолдары және оның салдары ....................................................................................................
2.2 ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы ........................................................................................................
2.3 «Азаматгык корғаныс туралы» ҚР Заны 07.05.1997ж. .................
2.4 ҚР АҚ және ТЖ саласындагы зандарынын рөлі мен манызы ......
3. Берілген тақырыпқа байланысты сабақты өткізу әдістемесі ..................
Қорытынды ..............................................................................................................
Әдебиеттер .................................................................................................................
Бір кездерде жұмбақ болған әрі жойқын зардабын тигізген көптеген кұбылыстар енді жақсы зерттеліп, адам оларға карсы күресуді үйренгенмен әлі де адамның ырқына көне қоймаған табиғат күштерінің стихиялық әрекеті мемлекетіміздің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратуда. Орман мен шым тезек өрті, жер сілкіну мен cy тасқыны, селдер мен шөккіндер, қар көшкіні, боран мен дауыл стихиялық апаттардаң келетің шығын әлі де едәуір көп болып отыр.
Кей жағдайларда біраз апаттардың пайда болуына адамдардың өздерінің де әрекеті себепкер болады. Мысалы, орман өрттері халықтың өрт кауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан болып тұрады. Eгep дер кезінде шара қолданылмаса, мұндай өрт стихиялық апатқа үшыратуы мүмкін. Қазір өрт адамзат үшін негізгі кауіптің біріне айналуда.
Өрт біздің еліміздін халық шаруашылығына да үлкен зиян келтіруде. Әсіресе, РСФСР-дың бірқатар өлкелері мен облыстарында 1972 және 1976 жылы ормандардың өртенуі жүрттың есінде.
Қәзіргі кезде, қалалар мен селоларында құрылыстар көбінесе тастан және темірбетондан салынып, сүмен, газбен, немесе электр қуатымен жылытылатын, өртке қарсы қызмет жақсы ұйымдастырылған қарамастан әлі де едәуір көп болып отыр.
Жанғыш құрылыс материалдарының жаңа түрлерінін жаппай қолданылуы, шаруашылықтың өте күрделі көлемі және техникалық процестердің автоматтандырылуы өрт қауіпсіздігі шараларын іске асыруда қиыншылық туғызады, өрт шығу ықтималдығын да күшейте түседі.
Жер сілкіну aca қауіпті және жойқын стихиялық апат болып саналады.
Сy тасқыны үлкен апат келтіреді. Көктемгі cy тасқыны мен күшті желдер қабат келген колайсыз кездерде өзен суларының деңгейі шектен тыс көтеріліп, қауіпті жағдайларға соқтыруы ықтимал. Тарихта мыңдаған жаннын басын жұткан әрі ipi материалдық шығынға душар еткен апатты cy тасқыны аз болма- ған.
Өзендер мен көлдерге бай біздін елімізде де cy тасқыны болып тұрады. Еліміздің батыс-европалық бөлігінде тасқын әдетте көктемде, ал оңтүстіктегі таулы аудандарында жазда, қар қауырт еріген кезде болады.
Kөп жағдайларда тасқынды болжауға және стихиялық апатқа ұшырамау үшін алдын ала тиісті шаралар колдануға болады. Cy тасқыны болуы ықтимал аймақтардағы елді мекендер мен халық шаруашылығы объектілерін қорғау үшін бөгеттер және плотиналар, сондай-ақ судың деңгейін реттейтін басқа да гидро- техникалық құрылыстар салынады. Алайда, әр қилы табиғи себептердің салдарынан әдеттегі өзен ағысы күрт бұзылған кезде күтпеген апатты оқиғалар болып тұрады.
Шөккіндер қауіпті стихиялык апат болып табылады. Олар кейде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын кең көлемді жерлерді бүлдіреді, жолдарды, үйлер мен ғимараттарды бұзып кетеді. Біздің елімізде шөккіндер негізінде Алатау, Тарбағатай таулы аудандарында, сондай-ақ кейбір өзендердін, биік жарларында болып тұрады.
Шөккіндерді болдырмау үшін қауіпті аймакта cy ағысын реттеу, суды ірку және осы аймақтан аулаққа жіберу, өзен жағалауларын бекіту және т. б. инженерлік-техникалық шаралар колданылады.
Қар жамылған таулы аудандарда адамға тағы бір қауіп қар көшкіні қауіпі төнеді.
Көшкіннен корғану үшін тек ipi құрылыстар ғана салып коймай, көшкіннің бетін қорғалып тұрған жерден бұрып жіберетіндей етіп жергілікті материалдардан жалдар түрғызуға болады.
Бірақ кұрылыстардын қирауы, адамдардың қазаға үшырауы, материалдық зияң тек стихиялык апаттардан ғана болып коймайды. Құрылыстарда, транспортта, өнеркәсіп орындарында және халық шаруашылығының басқа да объектілерінде болып тұратын ipi авариялар мен апаттар ауыр зардапқа душар етеді. Авариялар көбіне өндірістік технологиянын немесе техника қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан болып тұрады.
Стихиялык апаттар, өндірістегі авариялар және бүліну кезінде әрқашан адамдардын өміріне қауіп туады. Қалаларда мұндай қауіп-қатерге мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар душар болуы мүмкін. Біздің елімізде адам өмірі туралы сөз болғанда халықтың қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін ешнәрсені аяп қалмау қажет деп есептеледі.
Қазақстанда ipi стихиялық апаттарға қарсы күреске және оның зардаптарын жоюға азаматтық қорғаныс штабтарын, бөлімдері мен жасақтарын қатыстыруға болады. Ол үшін құрамы стихиялық апаттар мен авариялардың түріне және қарқынына, іске асырылатын міндеттердің сипаты мен көлеміне, сондай-ақ жергілікті жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай белгіленетін күштер тобы құрылады.
Азаматтық қорғаныс штабтары, төтенше комиссиялар жанындағы жұмысты орындайтын орган болып саналады. Олар xaлықты және қүнды заттарды аман алып қалуды ұйымдастыру, сондай-ақ бүлінген елді мекендердегі және халық шаруашылығы объектілеріндегі түрмыс тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі негізгі жұмыстарды орындайды. Азаматтық қорғаныс штабтары болуы ықтимал стихиялық апаттар, авариялар мен бүліну кезіндегі зиянды азайтуға бағытталған профилактикалық және әзірлік шараларын жасауға әрі үйымдастыруға қатысады.
Азаматтық қорғаныс штабтары стихиялық апат қаупі туған кезде халыққа хабарландыруды және халық шаруашылығы объектілерінде пайда болған жағдайлар туралы мәлімет жинауды ұйымдастыруды қарастырады.
Азаматтық қорғаныс жасақтары азаматтық қорғаныс күштерінің неғүрлым бұкаралық бөлімі, оның кызметкерлері жай күндер өздерінің еңбек коллективтерінде күнделікті халык шаруашылығы жұмыстарынан босамайды. Сонымен қатар жасақтар арнаулы техникамен жабдықталған, сабақтар мен жаттығуларда стихиялық апаттар мен өндірісте авария болған аудандарда әрекет ету үшін қажетті арнаулы әзірліктен өтеді.
Азаматтық қорғаныс жасактары қиын да көбіне қауіпті жағдайда әрекет ете отырып, қүтқару және шүғыл авариялық қалпына келтіру, халықты әрі қүнды заттарды аман сактау жұмыстарын жүргізгенде батылдық пен батырлық көрсетеді. Азамат¬тык қорғаныс жасақтарының қызметкерлер құрамы стихиялық апаттар мен олардын зардаптарын, сондай-ак өндірістегі ipi авариялар мен бүлінушіліктердің зардаптарын жою үшін куреске қатысқанда өзінің Отан алдындағы патриоттық парызын орындайды.
1. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Педагогиканың жалпы негіздері
Ұстаз – адамдардың өмірге көзқарасың, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім – тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.
Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу – қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту
Академиалық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Перспективті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын білуі.
Сөйлеу қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тындауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұштастыру оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата – аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатнасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы ол жеке басының сапалық қасиеттері: өз кәсібіне жан – тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты анықтау.
Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін зерттеу, оны тарту, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарының нәтижнсін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.
Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Бұл іс, біріншіден, мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; екіншіден, педагогтік оқу орындарында оқып жүрген кезінде мұғалімдік мамандыққа үйрету; үшіншіден, мұғалімдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатнасының түрлі мағнасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады. Әдепті ұстаз басқа адамдармен, не оқушылармен қарым – қатынас жасғанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым – қатынасында жетекші орын алады. Әдептілік мқғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін – өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым – қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.
Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасу. Баланы оқуға машықтандыру мұғалімнің олармен ынтымақ жасауына байланысты. Ынтымақ деп отырғанымыз – мұғалім мен оқушының оқу материалын меңгеруге әрекеттерін бағыттауы, яғни, ортақ “тіл” табысу. Мұнда оқушы мғалімнің әсер ету объектісі ретінде сезінбейді, қайта өз бетінше әрекет жасайды, ізденеді. Мұны іске асыру үшін мұғалім оқушының оқу материалын шешу “қиын” екендігіне түрлі тәсілдерді пайдаланып көзін жеткізеді, басқаша айтқанда оқушыны ынтымақтасуға бейімдейді.
Ұстаздық талант. “Талант” деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде өнер тапқыш адамдарда кездеседі. Ал, “Мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?” – деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнің жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогтық кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты ұстаз бола алады.
Педагогтық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды да өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей – берекет сөйлеп, өз – өзінен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тындамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айырылады. Сондықтан, педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.
Әрине, өмірде бәрі де – ілгері басушылық, кері кетушілік, жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсіздігі басқа түскенде педагогтық көңіл – күйі әрине өзгереді. “Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс”, - деген мақалға айналған сөздер ұстаздардың көңіл – күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды. Мұғалім кей жағдайда әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл – күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан – тәнімен, күш – жігерімен, мол сүіспеншілігімен, өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазіргі кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашылық қызметінен көрінеді.
Қазақстанда да жаңашыл мұғалімдер күннен күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып – үйренудің оқу жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан – жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Педагогика ғылымында “кәсіби құзіреттілік” түсінігі бірнеше ұғым береді:
– еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;
– жеке қасиеттері мен қабілеттерінің комбинациясы;
– білімі мен кәсіби ерекшелік жеке қасиеттерінің кешені;
– қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;
– іс – әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.
Құзіреттілік бірінші орынға оқушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзіреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзіреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интелектуалды – педагогикалық құзіреттілік ретінде қарастырамыз.
Ұстаздың коммуникативтік құзіреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоцияналдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.
Біздің көзқарасымыз бойынша коммуникативтік құзіреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым – қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс – әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым – қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама – қайшылықтарды шешу – оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл – ойлары арасындағы қарама – қайшылық. Басқа қарама – қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориалық білімдер және оларды тәжрибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Білім, іскерлік, дағды. Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу, және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс – әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін үйренуге үйрету. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен салдары