Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту
Мазмұны
KІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУТБОЛДАҒЫ ОРНЫ......................................6
1.1 Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы.................................................7
1.2 Орта мектеп жасындағы балаларға футболмен айналысудың тигізетін әсері..................................................................................................................................10
2 ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.........................................................................................13
2.1 Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы....................................................................................................16
2.2 Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жылдамдық қасиеттерінің зерттелуі...........................................................................................21
3 ОҚУ-ЖАТТЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ҚАCИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ .......................................36
3.1 12-15 жастағы футболшылардың жылдамдық қасиетін дамытудың әдістемесі.........................................................................................................................39
3.2 Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы....................48
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................61
Соңғы жылдары ірі футбол турнирлары футболшылардың ойын әрекетінің қарқынды дамыту мен техникалық әдістерді жылдам орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Ойын кезінде оның жалғасу ұзақтығына және қарқындылығына қарай жаттығулар алмасып жүзеге асырылады. Қазіргі футбол үшін жылдамдық ойын қызметіне едәуір әсер етеді. Сонымен қатар жылдамдық–қазіргі футболда ойынның сапасына әсер ететін едәуір маңызды дене қасиеті болып табылады.
Қазіргі кезде футбол жарыстарында жылдамдықсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал, бұл мәселені шешу жаңа тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып осы қасиетті жүзеге асыру болып табылады. Жылдамдықты жасөспірімдік кезден, яғни 13-14 жастан бастап дамыту керек. Футболшылардың ойында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз орындауы қазіргі футболдың даму үрдісі болып отыр. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықпен допты меңгеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекеттер жасау талап етіледі. Сондай-ақ, футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 13-14 жас аралығы жылдамдықты дамытуға қолайлы кезең болып табылады [1, 48 б.].
Футболдың қазіргі даму деңгейі футболшылардың дене дайындығына жоғары талап қояды, соның бірі жылдамдық қасиеті мен арнайы төзімділік. Спорт түрлерінде, соның ішінде футболда жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі әлі де жүзеге асырылуы керек. Жас футболшылардың дайындығында жылдамдық қасиеттерін дамыту орта мектеп жасында қалыптасатындығына назар аудару керек. Себебі, орта мектеп жасы– барлық негізгі өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйелер мен олардың жүзеге асырылатын кезеңі. Осы жаста ағза белсенді түрде қалыптасады, қоршаған ортаға бейімделеді, жүйке жүйесі мен қозғалыс аппараты дамиды. Орта мектеп жасы балалардың дене қабілеттерін дамытуда қолайлы кезең болып табылады.
Оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың дене қасиеттерінің жүзеге асырылуы кезіндегі жеке даму ерекшеліктерін есепке алсақ, жаттығу тиімді болады. Әр түрлі жастағы футболмен айналысатын балалардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған зерттеулер балалардың жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштерін толық бермейді. Сол себепті жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінде маңызды болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Жас футболшыларды дайындауда 12-15 жас аралығы маңызды кезең болып табылады. Осыған байланысты қазіргі уақытта футболдан оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдықты арттыруға байланысты көптеген мәселелердің шешілмегендігі және тақырыптың әлі толық зерттелмегендігі диплом жұмысының өзектілігін арттырады.
Зерттеу нысаны: орта мектеп жасындағы футболшылардың жылдамдығының даму үрдісі.
Зерттеу пәні: орта мектеп жасындағы жас футболшылардың жылдамдығындамытудың әдістері.
Зерттеу әдістері: футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға байланысты әдебиеттерді талдау және зерттеу, зерттеу нәтижелерін сипаттау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты- орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдық қасиеттерін дамытудың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттердің орындалуы шарт:
1. Футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерді талдау;
2. Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жылдамдық қасиеттерінің байланысын анықтау.
3. Орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдық қасиеттерінің дамуына байланысты ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдап, нәтижелерін сипаттау.
Тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысын дәрістерде және оқу-жаттықтыру сабақтарында әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік маңызы: Бұл диплом жұмысы орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын арттыруға байланысты әдістемелерді ұсына отырып, жаттығу жүктемелерін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ғылыми жаңалығы: «Футболдан оқу-жаттықтыру сабағында орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамыту» атты дипломдық жұмысымыздың ғылыми жаңалықтары төмендегідей:
• 10-12 жас аралығындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдамдықты арттыру жаттығуларын анықтау;
• 16-18 жас аралығындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдамдықты арттыру жаттығуларын анықтау;
• жас футболшылардың жаттығу жүктемелерін жоспарлауды анықтау;
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдығын дамыту мәселесі қарастырылған.
Екінші тарауда орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар мен әдістемесі сипатталған.
Диплом жұмысының соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Көлемі: 63 бет
1 ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУТБОЛДАҒЫ ОРНЫ
Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас– 12-13 жас болып табылады. Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті.
Қазіргі футболдың даму қарқыны футболшылардың ойын барысында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз үлкен күшпен жүзеге асыруы болып табылады. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықта допты игеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет ету талап етіледі. Жылдамдықты игермей, керемет командада ойнауды үміт ету өте қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы қозғалыстарды жүзеге асыруда байқалады.
Ойынды жүзеге асыруға, қорғаушылардың санын көбейтуге байланысты уақыттың аздығы себебінен шабуылдың өте қауіпті орнында жылдамдық маңызын арттыра түседі.
Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері бүгінгі футболға қойылатын талаптардың негізі.
Тәрбиелеу кезінде мысалы жылдамдық туралы сөз болса, тек қана қозғалыс қана емес, сонымен қатар ойындағы өзгерістерге байланысты қозғалыс реакциялар жылдамдығы, қысқа дистанцияларда ең жоғарғы жылдамдық, жауап қайтару жылдамдығы, техникалық әдістерді орындау жылдамдығы, бір әрекеттен екінші іс-әрекетке көшу сияқты әрекеттер маңызды болып табылады. Футболшының қозғалу жылдамдығын үлкейту үшін арнайы күш, яғни динамикалық немесе жарылатын күш керек, олар қысқа уақыт аралығында көрінеді.
Бастапқы дайындық кезінде және жылдамдық төзімділікпен тығыз байланыста қалыптасып дамиды. Жылдамдық–жас футболшылардың дене қасиеттерін дамытудағы басты бөлік болып саналады. Жас футболшыларды дайындауда және жалпы футболда жылдамдықтың маңызы зор екендігі анық.
1.1 Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы
Қазіргі футболда жылдамдықтың маңызы зор. Футболдың кең алаңында ойыншыларға тар келуі мүмкін, сол кезде техникалық әдістерді орындауда кім жылдамдық танытпаса, сол ойыншы әрдайым уақыт шегінен шығып кетеді.
Футболшылар қозғалыс қызметін орындағанда (жылдамдықты арттыру, секіру, допты ұру, жүгіру-тоқтау) негізгі ауыртпалық аяқтың бұлшықеттеріне түседі. Бұл футболшылардың жылдамдығын арттыру қажеттілігін және маңызын айқындайды. «Ойыншыларды қызметіне қарай бөлу олардың дайындығының жан-жақтылығына негізделеді. Бұл олар бәрін бірдей орындауы керек дегенді білдірмейді. Бірақ әр футболшы ойынның барлық тхникалық әдістерін меңгеруі керек және шабуыл мен қорғауда дұрыс әрекет ету қажет. Әсіресе ойыншы жеке қызметтерін жақсы орындауы керек [2, 51 б.].
Футболшылар қызметіне қарай қақпашы, артқы қорғаушы, ортаңғы қорғаушы, орта сызықтағы ойыншы, артқы және ортаңғы шабуылшы деп бөлінеді» [3, 212 б.].
Қақпашы. Қақпашы–бұл орта бойдан жоғары, атлетикалық дайындығы жақсы, реакциясы жылдам ойыншы. Жылдамдығы өте жоғары ойыншы.
Артқы қорғаушылар–өз командасының шабуыл әрекетінде қорғаушы ретінде сенімді әрі шебер ойынды үйлестіруші. Атлетикалық дайындығының деңгейі жоғары. Ойыншылар қозғалыстары жылдам әрі жерде де ауада да күресе білуі керек.
Ортаңғы қорғаушылар. Қорғаныстың ортаңғы жерінде әрекет ететін футболшыларды негізінде басты ойыншылар деп атайды. Себебі олар едәуір қауіпті алаңда қақпаны алу үшін күреседі.
Орта сызықтағы ойыншылар. Орта сызықтағы ойыншылардың әрекеті команданың жеңісі көбінесе соларға байланысты болғандықтан маңызды ойыншылар ретінде қарастырылады. Бұл ойыншылардың барлық матч кезінде жоғары қабілетке ие функционалды дайындығы жақсы болуы керек. Олар шабуыл және қорғаныс әрекеттерінде белсенді болулары керек және ойынның жоғары темпін сақтауы қажет.
Артқы шабуылшылар. Шабуыл сызығының басқа да ойыншылары сияқты артқы шабуылшылар футболда жылдам, епті және төзімді болулары қажет. Олардың маңызды қасиеті–әрекеттің темпін ауыстыра білу, қарсыласы үшін аяқастынан «шұғыл» әрекет ету болып табылады.
Ортаңғы шабуылшылар–бұл футболшының басты міндеті шиеленіскен шабуылдардың жалғасуында үздіксіз іздену, «өткір» шабуыл жасау, команданың шешуі ойыны кезінде белсенділік таныту болып табылады.
Л. Качани жылдамдықты мынадай бөліктерге бөледі:
1. Ойлау және әрекет ету жылдамдығы. Жылдамдық оның сұрақты қабылдап, оған жауап беру уақытымен анықталады. Ол жүйке жүйелерінің жылдамдығына және сезімталдыққа байланысты. Спорттық ойындарға күрделі реакция тән. Тәжірибелі ойыншыға өте жылдам әрекет ету қарсыласының әрекетін болжауға көмектеседі. Оның негізінде ойын тәжірибесі барысында жинақталған дағдылы әрекет жатыр.
2. Қарапайым ойын қимылдарын орындау жылдамдығы. Жоғары жылдамдықпен орындалатын қарапайым қимылдарда екі түрге бөлеміз: өспелі жылдамдық түрі (старттық жылдамдық) және тұрақты жылдамдық түрі (спринттік жылдамдық). Ойыншы дамыта алатын ең жоғарғы жылдамдық тек қана оның жылдам әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар динамикалық күшінің даму деңгейі мен қозғалу техникасының деңгейіне және т.б. байланысты болады.
3. Күрделі ойын қимылдарын орындау жалпы қозғала алу дағдысына байланысты. Доппен қозғалуда ойыншы техниканы меңгеру деңгейін көрсетеді. Дәл осы ойынның техникалық жағын меңгеру футболшыға жылдам ойын ойнауды көрсетуге көмектеседі.
4. Футболшылардың өзара әрекетінің жылдамдығы әдеттегі ойын кезінде футболшылардың өзара байланысына құрылған ойынды ұйымдастыруға байланысты. «Ойынды ойнап шығу әдісі команданың стилін, ойыншылардың өзара әрекетінің барлық құрылымын сипаттайды» [3, 223 б.].
Футболшылардың ойында барлық көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз қолдануы футболдың дамуының бір беталысы деуге болады. Сондықтан ойыншылардан жоғары жылдамдықта допқа ие бола алу қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет жасау қабілеті талап етіледі. Бойында шапшаңдық қасиеті болмаса керемет командадағы ойынға үміттену қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы жылдам әрекет ете білуде және қозғалыстарды орындауда байқалады.
Күш пен жылдамдықты тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі ол әртүрлі секіру жаттығулары. Футболист үшін ең маңыздысы ол өзінің қимыл-қозғалысын қадағалай алуы.
Қазіргі футболда әдістерді жылдам орындау өте маңызды. Кең футбол алаңы ойыншыларға таршылық етсе, техникалық әдістерді жылдам орындай алмайтындар әрдайым уақыт шегінен шығып кететін болады .
Футболшылардың қозғалыс әрекетінде (жылдамдықты күшейту, секіру, допты ұру, жүгіріп тежелу) негізгі жүк аяқ бұлшықеттеріне түседі. Бұл жарысқа түсетін ойындарда футболшылардың шапшаңдық қабілеттерін көтеру керектігін және оның маңыздылығын айқындайды. Сол себепті жас футболшылардың шапшаңдығын дамытуға ерекше назар аударылуы керек. Қазіргі уақытта ойыншыларды бөлу олардың дайындықтарының жан-жақтылығына қарай жүгізіледі. Бұл барлығы бәрін бірдей орындауы қажет деген сөз емес. Алайда әрбір футболшы ойынның барлық техникалық әдістерін игерген болуы керек және шабуыл мен қорғаныс кезінде дұрыс әрекет ете білуі керек. Әсіресе жеке ойын функцияларын футболшы жақсы орындауы қажет.
Жылдамдық футболшылардың өзара әрекеті. Яғни, жылдамдық ойынның ұйымдастырылуына байланысты болып келеді. Балалық және жасөспірімдік жаста жылдамдық қозғалыстарын игеруге ерекше назар аудару қажет, себебі бұл жаста осы маңызды дене қасиетін меңгеру мүмкіндіктері мол.
1.2 Орта мектеп жасындағы балаларға футболмен айналысудың тигізетін әсері
Дене дайындығы мен дене жаттықтырулары тек қана адамның дамуындағы жас ерекшеліктерін, оның дайындық деңгейін, ден қасиеттерінің даму ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту