Журналистика | Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары
Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға» мүмкіндік тудырып отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған, Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау біз үшін басты мақсат. «Қазақстан ұлттық телеарнасында» соңғы жылдары жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы Омашев былай дейді: «Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді. Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз баспасөздің ішкі динамикасы, дамытушы күші емес пе?» [1.142].
Қазақстандағы телеарналардың саны оннан асып жығылады. Осы арналардың ішінде қазақ тілінде хабар тарататындығы жағынан «Хабар», «Қазақстан» және «31 канал» арналары өзара бәсекелесе алады. «Хабар» телеарнасы қазақ тіліндегі ақпараттық-танымдық және сараптамалық хабарларымен қоса, ойын-сауық бағдарламаларының көптігі жағынан ерекшеленсе, «31 канал» арнасы ақпараттық-танымдық және сараптамалық бағдарламалары жағынан көзге түседі. Ал, «Қазақстан ұлттық телеарнасының» бұл арналардан айырмашылығы неде? Бұл мәселелерді сөз етпес бұрын «Қазақстан» телеарнасының өткені мен бүгініне аз-мұз шолу жасап көрелік.
«Қазақстан» телеарнасы эфирге шығып, көрерменімен қауышқалы 50 жылға жуық уақыт болды. Дәлірек айтсақ келесі жылдың наурызында «Қазақстан» телеарнасының өмірге келгеніне 50 жыл толады екен. Бұл туралы С. Масғұтов «1958 жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Республика астана тұрғындары 8 мартта тұңғыш рет өз экрандарында қазақ телевизиясының алғашқы дикторлары З.Жұматова мен Н.Омарованың дидарын көрді» [2. 110] деп жазса, Құдайберген Тұрсын «Қазақ телевизиясы ресми түрде 16 наурыз күні ашылды» [3.10] дейді. Содан бері «Қазақстан» телеарнасы талай белесті басынан өткерді. Ең әуелі небәрі 5-6 сағаттың көлемінде хабар тарата бастаған телеарна келе-келе әрі қуатты әрі жалғыз телемонополияға айналды. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңнің қиыншылықтары «Қазақстан» телеарнасын соқпай өткен жоқ. Сөйтіп нарықтың алғашқы жылдарында тұралап қалған телеарна сол баяғы 1958 жылдың таз кепешін қайта киген. Тек 2000 жылдан кейін ғана «Қазақстан» телеарнасының ісі қайта жандана бастады. Бұдан кейін «Қазақстан» телеарнасының бағдарламалар саны артып, эфирден берілетін уақыты 24 сағатқа жетті. Соның ішінде қазақ тіліндегі хабарларының үлес салмағы өзге тілдегі хабарлармен салыстырғанда 80%-ға жуықтады. Бұл Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» және «Тілдер туралы» заңдарындағы «Электронды БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы өзге тілдердің жиынтық үлес салмағынан кем болмасын» [4.5] деген бабын орындауда өзге әріптестерінен қара үзіп кеткендігін танытады.
Алайда, 2006 жылдың сәуір айында ондағы басшылықтың ауысуына орай, бір топ қызметкер жаңа басшының келгенін құптамай телеарнадан жұмыстан кетті. Бұл жайында «Түркістан» газетінде журналист Гүлзина Бектасова «Қазақстандағы» наразылықтың төркіні неде?» [5] деген мақаласында айтады.
Телерадио корпорацияға жаңа басшының келуі әрі шығармашылық топтың едәуір бөлігінің (120 адам) жұмыстан кетуі «Қазақстан» телеарнасындағы барлық қазақтілді бағдарламалардың жабылуына алып келді. Сөйтіп, ондағы ақпараттық саясат, қазақ тіліндегі бағдарламалар қайта жасалу міндеті алға қойылды. 2006 жылдың сәуірінен жұмысқа кіріскен жаңа ұжым көрермендерге жар салып, «Күздің он жаңалығы» болатындығын мәлім етті. Біздің диплом жұмысымыздың негізгі нысанасы осы он жаңалыққа арналады.
1.«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ақпараттық-танымдық бағдарламалар
Бүгiнгi таңда қазақстандық ақпарат ғаламдық кеңiстiкке қанат жайып, жер жүзiнiң түкпiр-түкпiрiне таралып отыр. Өйткенi, дүние әлемнiң әр шетiнде өмiр сүрiп отырған адамзат баласы айналасында болып жатқан оқиғадан бiз өзiмiз жайлы бейхабар, құлаққа ұрған танадай жеке-дара тiршiлiк ете алмайды. Бұл қажеттiлiк ақпарат алмасу арқылы жүзеге асады. Ақпарат және ақпарат тiлi кеше мен бүгiннiң жемiсi емес. Оның түп тұқияны бiз бiлмейтiн ескi дәуiрлерде жатыр. Қазақ баласы атам заманнан берi ақпарат алудың ауыл үй арасының өсек-аяң, сыбыр-күбiр, ұзын құлағынан бастап, хабар беру, жоқ iздеу, аттан салу, сауын айту т.б. толып жатқан (ауызша, жазбаша) түрлерiн пайдаланып келдi. Осының нәтижесiнде ақпарат және ақпарат тiлi қалыптасып, ол қоғам өмiрiнiң бүкiл саласын қамтып, айрықша дамып отыр. «Бұл күндерi қазақ тiлi өмiрдiң азды-көптi 108 саласы мен кiшi саласында қолданылады» [6. 31]. Ал, ақпарат тiлi болса, ол қоғам өмiрiнiң барлық саласына бiрдей қызмет ететiндiгiмен ерекшеленедi. Сондықтан да қазiргi таңда ақпарат тiлiне қойылатын талап та жоғары.
Ақпараттың басты мақсаты елiмiзде және әлемде болып жатқан түрлi саяси-экономикалық, әлеуметтiк, мәдени-рухани жаңалықтарды қоғам өмiрiнiң сан қырлы саласы бойынша дер кезiнде шұғыл да, жедел, анық та қанық, нақты да жылдам, толық нысанды (обьективтi) түрде маңызды әрi мәндi мәлiметтерiмен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ақпарат тiлi адамға қажеттi мәлiметтердi жылдам жеткiзумен ғана шектелмейдi, ол жалпыға бiрдей әдеби тiл нормаларының қатаң қадағалануын тiл заңдылықтарының бұзылмауына, жаңа сөздер мен терминдердiң қалыптасуын, дұрыс жазылуын және дұрыс сөйлеудi өзiне мiндет етедi. Ол әрi таза, әрi шұрайлы адам санасына тез сiңiсiп, психологиясын еркiн меңгеретiн, өзiне баурап алатын күш-қуаты болуы керек. Ақпарат тiлiн көркем әдебиет тiлiмен қиюластырып, оқиғаның ажарын ашып, iс-әрекеттiң шеберлiгiн ширықтырып, болып жатқан көрiнiстiң көркiн кiргiзiп, тiлiнен бал тамып, сөздiң мәйегiмен мәнерлеп сөйлеу керек. Мәйексiз айтылған сөзге мән де аз берiледi. Қазақ тiлiнiң қай салаға салсаң да солай мәнерлi сөйлейтiн шамасы бар. Бұл қазақ тiлiнiң дара қасиетi. Демек, БАҚ-қа да әдеби тiл жат емес. Қазақстанда 1965 ақпарат құралы бар екен. Бұл анау-мынау дейтiндей аз сан емес. Әрi оның түрлерi де сондай әр алуан екен. Ал, өткен бiр жыл iшiнде жаңадан 65 газет, 44 журнал, 40 электронды ақпарат құралдарының қатарға қосылуы бұл салаға деген бұқара сұранысының мол екендiгiнiң айқын көрсеткiшi. Әманда, осы топаны мол БАҚ елiмiздiң мүддесiне қызмет етiп жатса құба-құп. Алайда, осының қаншасы қазақ тiлiнде, ал қаншасы өзге тiлде ақпарат бередi? Қазақтың «адамның тiлiне аспандағы бұлт азады» деген мақалы еске түскенде осыншама ақпарат құралдарының қаншасы халқымызды жаман әдет, жаттық салтқа азғыру бағытында қызмет ететiнiн я тектеп отырса деп ойлайсың [7].
БАҚ бiрiншi кезекте өзiң жайлы өзгеге өзiңдi өзiңе насихаттаушы. Осы салада тiлдiң барлық мүмкiндiгi пайдаланылуы керек. Сондықтан да оның тiлi әдеби тiлдiң қаймағынан қалқып алынған,сұрыпталып, елеп-екшелген, сындарлы мұнтаздай таза, крiшiксiз түзiледі. Сол себептен де ақпарат тiлi әдеби көркем тiлдiң алтын қорынан сусындап отыруы керек. Сонымен қатар, БАҚ - мемлекеттiк идеологияның жаршысы. Ал, жаршы тiлi қашан да қызыл тiлдiң қыраны. Оның өн бойында титтей де селкеулiк болуы мүмкiн емес.
«Қазақ телевизиясының тарихында ақпараттық бағыттағы хабарлар соңғы 40 жылда бірнеше қалыптасу кезеңдерінен өтіп келді. Бір айта кетерлігі, отандық теледидардағы ақпараттың пайда болуы қазақ телевизиясының құрылу жылдарымен тұспа-тұс келді. «Актуалды камера» аталған алғашқы ақпараттық бағдарлама бүгінгі техникалық қамтамасыз етудің мол мүмкіндіктерінсіз эфирге беріліп жүрді. Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Нейля Омарованың естелігіне сүйенсек, «алғашқы телевизия қызметкерлерінің өзі кәсіби журналистер емес еді. Барлығы дерлік сол кездегі киностудиядан тартылған». Алғашқы дикторларының бірі болған Ләзиза Аймашева: «Ол кезде концерт, спектакль, басқа да хабарлар ауқымы 200 метрлік тар студияда түсіріліп келді. Барлық хабар 3 тонналық зілдей камераға түсірілді. Барлық материал да тікелей эфир арқылы берілетін», – дейді.
60-жылдардың басында бүгінгідей сандық форматтағы бейненің мол мүмкіндіктерінсіз жұмыс істеген шығармашылық топтың негізгі материалы кино және фото материал болды. Барлық бейне киноүлдірге түсіріліп, жұмыс процесінде жеделдік жағынан бірқатар қиындықтар туындайтын. Ақпараттық технологиялар дамыған қазіргі заманда қалағаныңша бейнеүлдірді пайдалануға болады. Ал к иноүлдірдің тапшы болуына байланысты ол тұста телевизияда үлдір қатты үнемделетін. Оны үнемдеу мақсатында қатаң лимит еңгізілген болатын. Яғни журналист өз материалына, егер шамамен 15 метр үлдір ғана кетірсе, оператор бар болғаны 30 метр ғана үлдірді жұмсай алатын еді. Кейін бұл лимит тіпті 1/1,5 болып кетті. Әрине, осындай жағдайда жұмыс істеген шығармашылық топқа қаншалықты ауыр болғанын елестету қиын емес. Үлдірді үнемдеу жолында журналист пен оператор, режиссер тек қана ең қажетті кадрларды түсіруге машықтануы қажет болды. Түсіретін материалды лимитті киноүлдірге сыйғызудан бөлек, киноүлдірді басып шығарудың өзіне біраз уақыт жұмсалатын еді. Телевизия ардагерлерінің айтуынша, тек таңертең түсірілген киноматериал кешкі жаңалықтар эфиріне әзер дайын болатын. Ал түс ауа түсірілген кино тек ертеңгісін ғана әзірленіп, эфирге жіберілетін еді. Сондықтан уақыттың тапшылығына байланысты көбіне-көп ол замандағы телевизияда киноматериалдан гөрі фотоматериал көбірек пайдаланылатын.
Фотодерек – қазақ телевизиясында көп жылдар бойы кеңінен қолданылды. Әуелбаста қысқаша ақпараттық хабарламалармен шектеліп келген алғашқы ақпараттық хабарлар бара-бара жүйелі түрде тұрақты эфирден орын алған, аймақтық меншікті тілшілер қосыны бар күрделі бағдарламаға айналды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары масс-медиа рыногінде бірнеше жеке меншік коммерциялық телеарналар пайда болды. Онымен қоса, ақпараттық бағдарламалардың саны да өсті. Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз «КТК» және «Таң» телеарналарында жаңалықтар қызметі құрылды. Ақпараттық бағдарламалардың қалыптасу кезеңінің шарықтау шегі осы 90-жылдардың басымен тұспа-тұс келді. Отандық телевизияға заманауи озық техниканың келуімен жаңалықтар хабарының журналистері кәсіби тұрғыдағы мол мүмкіндіктерге ие болды. Оған дейін телевизияда қолданылып келген қарабайыр «Красногорск» кинокамерасының орнын VHS форматындағы телекамералар басты. Сол кезде құрылған республикалық «Қазақстан-1» арнасындағы ақпараттық бағдарламалар редакциясының бас редакторы қызметін атқарған белгілі телемаман Тыныс Өтебаевтың естелігіне сүйенсек, «Красногорск» кинокамерасымен түсірілімге кеткен шығармашылық топтың құрамында режиссер, режиссердің ассистенті, дыбыс режиссері, оператор және журналист барлығы 5 адам болған. Ал 1991 жылы қазақ телевизиясында VHS форматындағы телекамералар қолданыла бастағаннан бері шығармашылық топтың құрамында не бары 2 адам: оператор және тележурналист қана қалды. Келе-келе әлемде сандық технологияның дамуына байланысты Қазақстанда VHS және S-VHS форматындағы камералардың орнын кейін сандық камералар басты. Техникалық мол мүмкіндікке ие бұл камералардың келуімен ақпараттық бағдарламалардағы жаңалықтарды дайындаудың жаңашыл тәсілдері пайда болды. Отандық тележурналистикада әлі күнге дейін қолданыста жүрген бұл техникалық құрал-жабдық арқылы тележурналистерге шығармашылықты шыңдаудың жаңа жолдары ашылды» [8].
«Күздің он жаңалығына» ұлттық телеарнадағы ақпараттық-танымдық бағдарламалар да енді. Ең алдымен, ақпарат саясатында түбегейлі өзгеріс енгізілді. Әуелі ақпаратты таңдауда өзгешелік бірден көзге ұрды. Демек, бұрын телеарнадағы ақпарат сәл-пәл оппозициялық бағытта өрбісе, енді мемлекеттік саясатқа көбірек мән берілді. Әр сағаттың басында қазақ, орыс тілдерінде елде және әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар көрермен назарына ұсынылады.
1.1.Телеарнадағы ақпараттық бағдарламалардың берілу тәсілі, обьективтілігі
Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады. «Журналистің қоғамдық міндеті – халықты барынша ауқымды және сан алуан ақпаратпен қамтамасыз ету. Қандай шешім болса да, оны журналистер қабылдамайды. Журналистер тек жариялайды, әлгі ақпаратты таратады. Тыңдаушының өзі сараптап, қажетін сұрыптап алады, сол арқылы саяси ой қалыптастырады» [9. 18] дейтін болсақ, «Қазақстан» телеарнасындағы ақпараттың берілуі мен обьективтілігі де көзге бірден ұрды.
«Қазақстан» телеарнасындағы ақпарат туралы сөз етпес бұрын, оның жанрлық ерекшелігіне тоқтала кеткен жөн. Профессор М. Барманқұлов ақпараттың анықтамасын былай ұсынады. «Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ол мемлекеттің, олардың қайраткерлерінің өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ақпарат болған жайтты одан да күшті етіп беруі мүмкін. Ақпарат болған жайтты әр қырынан қызығушы мен қатысушының көзқарастарын сәйкестендіріп беруі мүмкін. Ақпарат тек болған оқиғаға ғана емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға да байланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады» [9. 41].
Ақпаратты әуелі репортажсыз елестету мүмкін емес. Жанрдың ең кең классификациясын Б. Чесноковтың зерттеу тұжырымдамасы берген болатын. «Репортаж – күрделі жанр. Сондықтан оны бірнеше аспектіде қарастыруға болады:
1. Мазмұнына қарай:
- Оқиғалы
- проблемалық
2. Оқиғаға репортердің қатысуына орай:
- проблемалық (репортердің қатысуы міндетті)
- түсіндірмелік (репортердің қатысуына аз-аздап шек қойылған)» [9. 173].
Сонымен «Қазақстан» телеарнасында «Күздің он жаңалығының» бірі ретінде ұсынылған «Айна-ақпараттың» рөлі өте маңызды. Ол біріншіден, ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары