Ветеринария | Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау

 Ветеринария | Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 5
АНЫҚТАМАЛАР 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 7
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы 8
1.2 Зерттеу объектілері базасы және мақсаты мен міндеттері 9
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Құс шаруашылықтарының жағдайы мен болашағы 10
2.2 Құсты сою және алғашқы өңдеу 11
2.3 Құс етіне жалпы сипаттама
2.3.1 Құс түрлеріне сипаттама 13
2.3.2 Құс етінің сезімдік көрсеткіштері 15
2.3.3 Құс етінің химиялық құрамы және оның сапалылығына
қойылатын талаптар
2.4 Құстарға және оларды соятын кәсіпорындарға қойылатын вете- 22
ринариялық санитариялық талаптар
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материaлдары мен әдістері
3.1.1 Құс етін сезімдік зерттеу және бағалау 25
3.1.2 Құс етін биохимиялық және көрсеткіштері бойыншa зерттеу 27
3.2 Өндіріс орнына сипaттама
3.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау 31
3.5 Экономикалық тиімділігін есептеу 35
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 36
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР 40
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 41
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42



1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы
Бүгінгі тaңда біздің еліміздің хaлқының әлауқaты мен әлеуметтік жағдай-лaрын жақсарту үшін ауылшаруaшылық сапалы өнімдерімен жеткілікті және тұрақты қaмтамасыз етіп отыру өмір талaбы. Ол үшін жеңіл әрі тез өндірілетін өнімдер салaлaрын тез арада және қуатты түрде жандандыру керектігі белгілі жағдай. Мұндaй өндірістік өнім салалaрының бірі құс шаруaшылығы.
Ғалымдaр мен мамандардың пікіріне қарағaнда, өте тез дaмитын сала - құс шаруaшылығын бірінші кезекте көтеру қажет, себебі жaқын арaда халықты са-палы дa, дәмді тағaмдармен тек құс шаруaшылығы, ғана қамтамасыз ете алaды.
Құс өндірісінің ерекшелігі сол, бұл құрамында өндіріс, қайта өңдеу, сау-да, қызмет көрсетуі бар, яғни барлық жүйе «бір жерге» топтастырылғaн. На-рықтық жағдайдың негізгі принциптерін тез арада бағдарлай алмау, елімізге импорттық тауарлaрдың көптеп әкелінуіне, оның ішінде құс шаруашылығы өнімдері, себеп болды, сөйтіп бұл осы саланың қaрқынды дамуынa кері әсерін тигізді.
Сондықтaнда, келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технология-ларын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдaғы негізгі мақсaт және міндет, бүкіл шығынды барыншa азайту болып табылaды. Құсты дұрыс та тиімді пайдалaнуға бағытталғaн ортаның жан-жақты көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсaты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азай-тып, қоршаған орта жaғдайларын (микроклимат) мүмкіншілігінше оңтай-лaндырып, жалпы құс ерекшеліктерін ескере отырып, адaмға қажет өнімдер алуға пайдалaну.
Қазіргі құс шаруашылығы табысты сала болып табылады. Ол халық ша-руашылығын және еліміздің тұрғындарын құнды шикізатпен және азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Құс шаруашылығының алдына қойылған мақсаты халықтың ет пен жұмыртқаны тұтыну деңгейін Еуропаның дамыған елдерін-дегі тұтыну деңгейіне дейін жеткізу болып отыр. Ет резерві балансындағы құс етінің үлесі үздіксіз өсуде. Құс еті өндірісі өскен сайын мал еті мен құс етінің қолдaну тепе-теңдігі де өседі.
Қазақстaнда құс етін өндіру ірі мамандандырылғaн бірлестіктерде, құс фабрикалaрында, құс өсіретін шаруашылықтарда, фермаларда, кооператив-терде және жеке тұлғалардың ұйымдастыруымен жүзеге асырылaды. Құсты қайта өңдеу кәсіпорындары дербес болуы да, құс фабрикaсына тікелей тәуелді болуы да немесе ет комбинaттарында жеке цех ретінде болуы мүмкін. Барлық жағдайда да бұл ұжымдардың алдында бір ғaна міндет тұруы керек, ол - құсты қайтa өңдеуде ең тиімді әдістерді қолдану, сойыс өнімдерін ең тиімді әдіспен бақылау, кесек еттерді сaқтауға жағдай жасау және жоғары сапалы құс еті мен жұмыртқалар дайындау, және де бұл жағдайда эпизоотиялық және санитария-лы-эпидемиологиялық жағынан қaуіпті өнімдер шыгaруга жол бермеу.

Құс етінің сапасы белгілі бір деңгейде оны өсіру мен сою әдістеріне байланысты болып келеді. Базалық сою пунктерін дұрыс ұйымдастыру, жоғары өнімді кросстарды тиімді пайдалану, кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтау және технологияны жетілдіру, кәсіпорындағы гигиенаның жоғарылығы сапалы өнім алуға және барлық сойыс өнімдерін толық пайдалануға мүмкіндік береді. Құс өндіру саласы бойынша білікті ветеринария мамандарын дайындау, әсіресе қазіргі кезеңде, еліміздің дүние жүзі елдерімен жан-жақты қарым-қатынастарының қарқынды дамуына қарай және басқа елдерден тагамдық өнімдерді көптеп импорттауларға байланысты, олардың санитариялық сапаларын толыққанды тексеріп-сараптау өте маңызды да өзекті мәселе. Соңғы жылдары құс өсіру, өнім өндіру саласындағы кәсіпорындарда эпизоотиялық жагдай төмендеп кетті. Бұрынғы жойылган ауру түрлері ғана емес, жаңа, әлі зерттелмеген гидроперикардит, Гамбора ауруы, құс тұмауы, т. б. сияқты ауру түрлері де таралып кетті[1].


1.2 Зерттеу объектілері базасы және мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелері «Береке Д.К.» ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының «Сүт және басқа тагамдарды ветеринариялық санитариялық сараптау» бөлімінде құс шаруашылыгы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде алынды. Сынама ретінде «Алель Агро» ЖШС құс фабрикасындагы құс шаруашылыгы өнімдері алынды.
Зерттеу мақсаты: «Алель Агро» ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.
Зерттеу міндеттері:
1. Құс ұшаларын сезімдік зерттеу;
2. Құс ұшаларын биохимиялық зерттеу;
3. Құс жұмыртқаларын ветеринариялық санитариялық сараптау.


2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 ҚР-дағы құс шаруашылықтарының қазіргі жағдайы және дамы-
ту болашағы
Еліміздің Ветеринария қызметінің құзырына кіретін мәселелер: өндіріс гигиенасына бақылау, құс етін тасымалдау және сақтау гигиенасы, әртүрлі жағ-дайларда және ауру пайда болған жағдайда жарамсыз деп тану, ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізу және сойысқа шығарылған құс өнімдерін баға-лау, қолдануға жарамсыз құс етін пайдалану және жою режимін анықтау.
Сондықтан жұқпалы және жұқпайтын ауру түрлерін анықтап, ауру пайда болған жағдайда сойыс құс өнімдеріне ветеринариялық санитариялық сапалы анықтама беру шарттарын ұйымдастыру.
Соңғы жылдары құстарды мәжбүрлі түрде сою мәселесі көбейіп кетті. Мұндай сойысты тікелей шаруашылықта жүргізген жағдайда союды ветери-нариялық та, технологиялық та талаптарга сәйкес бақылап отыру керек. Бұл жагдайда сойыс құс өнімдерін олардың сезімдік, физикалық - химиялық және микробиологиялық көрсеткіштеріне сай қарастырып отыру керек. Құс етін сақ-тау кезіндегі өзгеру динамикасының мәліметтері құнды болып есептеледі. Бұл жағдайда тұтас еттің тығыз болуын және органдары мен ұлпаларының патолого-анатомиялық жагдайларын ескерген жөн.
Қазіргі ауыл шаруашылыгы гылымы мен практикасының алдында мынадай міндет тұр: өскелең халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін әлемдегі көп мемлекеттердің құс өсірушілері де белсене атсалысуда. Құс өсіруші дегеніміз бұл әр отбасының дастарханында жұмыртқа мен тауық еті тұруы үшін бар мүмкіндікті жасайтын жогары біліктілікті мамандар, көбіне олар - әйелдер.
Құс шаруашылығы – бұл ауыл шаруашылыгының бір саласы, оның мін-детіне құс еті, жұмыртқасы, түбіті мен қауырсынын өндіру максатында ауыл шаруашылық және өзге де қүстарды ұстау, асырау, қоректендіріп пайдалану кіреді. Құс шаруашылыгының басты міндеті диеталық және калориясы жоғары жүмыртқа мен құс етінің деңгейін ғылыми тұргыдан дәлелденген адамдарды тамақтандыру нормасы деңгейіне сәйкестендіру болып табылады [1].
Өкімет елімізде құс шаруашылыгын құс фабрикаларында интенсифика-циялау, мамандандыру және концентрациялау арқылы өндірістік негізде дамы-туга көп көңіл бөліп отыр.
Біздің елімізде, дәлірек айтқанда Алматы обылысында құс шаруашылы-гын дамытуда үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Құс шаруашылыгын дамытуды Еліміздің әр аумақтарында қолга алып жүзеге асыру көзделіп отыр. Сөйтіп алыс қашықтыққа тасымалдамай-ақ республиканың барлық облыстарындағы тұтынушыларды жогары сортты диеталық құс етімен және жұмыртқасымен қамтамасыз етуге болады. Құс шаруашылыгы өнімдерін өндіруді одан әрі жетілдіру резервтеріне өндіріс концентрациясы, асыл тұқымды базаларды ке-ңейту, өнімділігі жоғары кросстарды пайдалану, кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтау және технологияны жетілдіру мәселелері жатады.

Қазіргі ғылымның дамыған жағдайында жоғары сапалы жұмыртқа беруге
қабілетті кросс тауықтарын шығаруга-жасауға мүмкіндік жеткілікті. Бұл жағ-дайда ең бастысы – жұмыртқалайтын тауық организмінде жұмыртқа пайда бо-луы үшін оларды ұстау мен қоректендіруде селекциялық әдістер арқылы дұрыс бағытта ықпал ете білу керек.
Соңғы -2-3 жылда Елімізде, дәлірек айтқанда Алматы облысындағы құс
шаруашылықтары мен кәсіпорындарының барлығы дерлік тауықтың “Хай-Лайн” тұқымын өсіріп жатыр.
Алдағы уақытта тауық еті мен жұмыртқасы адам диетасында басқа азық-түліктерге қарағанда бұдан да маңызды рөлге ие болып, бірінші орындарда тұратын болады. Сол кезде халықты жоғары сапалы белоктар мен амин қыш-қылдарымен, май мен май қышқылдарымен, дәрумендер мен минералды зат-тармен толық қамтамасыз етуге болады [2]....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру