Қазақ тілі | Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Мазмұны
КІРІСПЕ….........................................................................................................4
1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК АХУАЛ.......................................................................6
1.1 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы…...6
1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен түсініктері..........…9
1.3 Әлеуметтік тіл білімінің мәселелері...................................................11
1.4 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуы............…..................….23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДІК САЯСАТЫ....................27
2.1 «Тіл туралы» Заң және Қазақстандағы тіл саясатының өзекті мәселелері..........................................27
2.2 «Мемлекеттік тіл» ұғымы және оның анықтамасы...........................33
2.3 Тіл туралы заңының негізгі қағидасы.....…………………....……...39
2.4 Тілге байланысты Елбасы бағдарламары………………...…………41
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................
КІРІСПЕ
Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр.
Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.
Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси құбылысқа айна-лып отыр.
Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту – мемлекеттік стратегия.
Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет.
Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тұтастай республика көлемінде жүзеге асыру қажет. Ал, осындай мақсатқа жету үшін, жергілікті тілдік жағдайға өзара әсер ететін түрлі факторлар ескерілетін аймақтық іс-шаралар жүргізу қажет.
Міне осындай мәселелерге байланысты диплом жұмысы мақсатты түрде тілді мемлекеттік мәртебеге жеткізу, "мемлекеттік тілдің" ұғымдық мәніне, қоғам өмірінде маңызы мен қажеттілік шарттарына тоқтала келіп, қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына және қызмет атқаруына нақтылы жос-парлармен реттеудің жолдары ұсынылады.
Диплом жұмысы екі тараудан және тарауларға байланысты тақырып-шалардан және қорытынды бөлімнен тұрады. Соңында қосымша материал-дар мен пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Жұмыс бүтіндей алғанда әлеуметтік тіл білімін, мемлекеттік тілді дамыту жолдарын іздестіруге, қоғамдық қызметінің ауқымын кеңейтудің әлуметтік мәселелерін шешудің тетігін табуға бағытталған.
Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы еліміздегі мемлекеттік тілдің орнын айқындау, оны дамыту теориялары және практикалық мәселелерін, сонымен қатар әлеуметтік тіл білімін қазақ тіл білімінде пән ретінде қалып-тастырып, оның тамырларын тереңдетіп, зерттеуге арналған.
1 ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМА
1.1 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасып дамуы, зерттелу тарихы
Арғы-бергі тарихтың қай-қайсысын алып қарасаңыз да қоғамдық өмір-дің қисыны тілмен тіндеспеген тұсы жоқ. Өйткені, тіл – адам бала-сының ғана емес, ұлт пен ұлыс, халық пен қоғамның да болмысын айқындайтын бірегей құбылыс. әлемдік тәжірибені алға тартар болсақ, адам-заттық құн-дылықтар қатарында оның ғылымнан, мәдениет пен өнерден де бұрын аталатыны белгілі. Ғылым да, мәдениет пен өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Технократия тылсымын тану үшін де тілдің көмегі керек. Тілді зиялы қауымының қауымының гума-нитарлық салаға қатысты үркердей тобының ғана талқанындай көру тым асылық екенін бұл жерде қайталап жатудың қажеті жоқ [5,8б].
Тіл білімінің негізгі және әлі де толық зерттелмеген саласының бірі – социолингвистика, яғни әлеуметтік тіл білімі. Социолингвистика тілдің қо-ғамдағы ролі мен оның дамуындағы бағыты. Тіл білімінде социо-лингвистиканың ғылым ретінде қалыптасу барысында бірнеше атауларға ие болды, солардың бірі: «тілдің социологиясы», «социологиялық лингвис-тика», «социологиялық тіл білімі», «лингвистикалық социология», «лингво-социология», «социолингвистика», «социалды лингвистика» және т.б.
«Социолингвистика» терминін ең алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші Х. Карри өз еңбектеріне енгізген болатын. Зерттеушінің бұл тер-минді өз еңбектерінде еңгізу мақсаты - тілді қоғамдық құбылыс ретінде таныту. Совет тіл білімінде екі термин қатарынан қолданылып отырды. Біріншісі, «социалды лингвистика», екіншісі, «социолингвистика». Ал жоға-рыда аталып өткен терминдер тіл білімінде сирек кездеседі, яғни белгілі бір кезеңдерде қолданылған. Мысалы, 20-шы жылдың соңы мен 30-шы жылдың басында советтік тіл білімінде «социалдық (социологическая) лингвистика», 40-60-шы жылдары «тілдік социология» (социология языка) термині қол-данылды. 60-шы жылдардың соңында «социалды лингвистика (социальная лингвистика)» және «социолингвистика» деген терминдер бекітілді [1,10-11б].
Бұл екі терминнің де көздеген мақсаты - тіл мен қоғамның өзара бай-ланысы. Яғни тілді қоғамның жемісі деп қарастырған. Сонымен қатар тілдің адамның жан дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретін саяси тетік ретінде пайдалану.
О.С. Ахманованың «Словарь лингвистических терминов» деген сөзді-гінде «социоингвистикаға» немесе «социологиялық лингвистика» терминіне екі мағынада анықтама берген: «1. Раздел языкознания, изучающий причин-ные связи между языком и фактами общественной жизни. 2. Раздел языко-знания, изучающий социальную дифференциацию языков, т.е. различные его социальные диалекты» [2, 444б].
Ал 60-шы жылдары белгілі социолингвист акдемик В.М. Жирмунский социолингвистикаға мынандай анықтама берген: «социолингвистика бір-бірімен байланысқан екі мәселені қарастырады:
1. Социалды дифференциация тілдің белгілі бір қоғамдағы тарихи кезеңдердің даму сатысын;
2. Тілдің социалды даму процесі, оның тарихын социалды құбылыс ретін-де» [3, 14б]. Сонымен қатар В.М. Жирмунский социолингвистика ғылым-ының екі мәселесін көрсеткен - «синхронды» және «диахронды». Бізге ең бастысы әлеуметтік «тілдің дамуын» тарихи аспектіден қарастыру.
Әлеуметтік тіл білімі терминдер сөздігінде диахронды әлеуметтік тіл біліміне мынандай анықтама берілген: (грек. dia арқылы + chronos уақыт) әлеуметтік тіл білімінің бір саласы, тілдің пайда болу заңдылықтары мен тарихи дамуын зерттейді. Сонымен қатар тілдің пайда болуы мен жойылуын, әлеуметтік тіл білімі аспекті тұрғысынан тілдің тарихын, ішкі және сыртқы факторлардың эволюциялық арақатынасын зерттейді [20, 39б].
Социолингвистика ғылымының оқу құралдарының авторы Б.Н. Голо-вин «тіл социологиясы» мағынасының міндеттерін кең және тар мағынада міндетті түрде ескерілуі керек деп есептеді. Б.Н. Головин тіл құрылымының айқын дамуына және қызметіне («сөйлеу қызметі») және тіл қызметінің со-циалды дифференциациясына назар аударып, тілдің социалды дифферен-циациясының жеті «қырын» бөліп көрсетті: а) территория бойынша диф-ференциация (ол жергілікті және территориялық диалект кезінде айқын-далады); ә) сөйлеудің материалдық көрінісінің түрі бойынша (ол жал-пы тілдің ауызша, жазбаша формаларын береді); б) сөйлеу процесінің құры-лымы бойынша (тілдің диалогтық және монологтық түрінде беріледі); в) социалдық ұжымның, яғни қоғамның шығармашылық типі бойынша (тілдің қызметтік стильдері түзіледі); г) адамдардың социалдық топтары, халық ты-ғыздығының социалды қабаты бойынша (бұл профессионалдық, сословия-лық, кластық түрлері); ғ) риторика жанры мен типі бойынша; д) риторика авторлары бойынша. Б.Н. Головинның көз қарасы бойынша, социолин-гвистика кең мағынада қоғам әсерінен «тіл «қырларының» бөлінуі, олардың түрлерінің барлық системасын қамтуы қажет» [4.345б].
Социолингвистиканың кең және тар мағынасында Б.Н. Головинді бәрінен бұрын бір әлеуметтегі екі немесе бірнеше тіл емес, бір тілдің (халықаралық немесе этнотіл) қызметімен байланысты қозғалыс тәртібінің мәселелері қызықтырады. Бұл анықтамада социолингвистиканың бірнеше міндеттемелері аталмаған, мысалы: тілдің социалдық пайда болуы мен дамуы, тілдің социалдық ролі және т.с.с..
Атақты кеңес тілтанушы, тілді тануға көптеген жылдарын арнаған Ф.П. Филиннің социолингвистика ғылымы жайында қоғамдық құбылыс туралы көзқарасын қарастыратын болсақ: «Тіл – қоғамды жасушы, және онда бәрі қоғамдық. Бұл жағдайда социолингвистиканы қалай түсінуге болады? Бұдан екі мағына шығады: 1) тіл және оның құрылымы, басқа сөзбен айтқанда, социалдық тіл құбылыстарының қоғамға тәуелділігін зерттеу; 2) тілдің қоғамдық қызметтерін, оның қоғамдағы рөлі мен қоғамға әсерін зерттеу. Бұл екі мағына бір-бірімен тығыз байланысты және олар қоғамдық мәселелердің бір комплексін құрайды» [6.131б].
Социолингвистиканың кең пәндік саласында атсалысқан кеңестік социолингвисттер Ю.Д. Дешериев, Л.Б. Никольский, А.Д. Швейцер және т.б. осы саланың негізі әртүрлі құбылыстар болып саналады деп есептеді. Сонымен, Ю.Д. Дешериевтің ойынша тіл қызметі мен дамуының қоғамдық және ерекше заңдылықтарын зерттеу социолингвистиканың пәні болып табылады. Ол былай деп жазды: «тіл және оның құрылымының барлық деңгейінде көрінетін тілдің қызметі, дамуы және әсерінің қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарға қатысты әлеуметтік қатынастарды зерттеу социолингвистиканың негізгі пәні болып табылады».
Л.Б. Никольский «ұлттық әдеби тілінің нормалары мен талаптары, сөй-леу формалары, тіл және диалект әсері» мәселелері кіретін тіл мәселелеріне аса назар аударады. А.Д. Швейцер Ю.Д. Дешериевтің анықтамасын негізге ала отырып, біріншіден, тіл және қоғам арасындағы байланыстың екі жақты сипатын ашып көрсету, екіншіден, социолингвистика зерттеу аясында тіл құрылымындағы сөйлеу байланысы процесіндегі тілдің қызметтік қолданылуына және тіл құрылымына әсер ететін әлеуметтік факторларды, обьективтік және субьективтік факторларды айқындауды қажет етеді [1.15б]. Сонымен қатар шетелдік социолингвистерді атап өткен жөн. Олар: Д. Хаймс, У. Брайт, Дж. Фишман, Р.Т. Белл, Р. Берлинг, Д. Прайд, П.Трайджилл, т.б.
Тіл білімі ғылымының күретамыры – социолингвистикалық мәселелер. Сол мәселелерді атап өтсек:
1. Социалды лингвистика қоғамдық құрылым және тіл қызметі мен дамуы, қоғамның тілге және тілдің қоғамға әсері туралы ғылым.
2. Тілдің қоғамдық қызметтері, олардың құрамы және тіл қызметінің тарихи әлеуметтік жағдайларына тәуелділігі.
3. Тілдің өмірдегі формалары; әдеби тіл және әдеби емес формалары: ауызекі сөйлеу (әдеби емес), территориялық және әлеуметтік диалект, тілдің өмірдегі басқа формалары.
4. Тіл бөлінуінің негізгі түрлері: әлеуметтік, қызметтік-стильдік, территориялық. Әлеуметтік және әлеуметтік стильдік тіл диф-ференциациясының қоғамдық факторлары: қоғамдық сфера, әлеу-меттік орта, сөйлеу жағдайлары.
5. Әлеуметтік-байланыс жүйесі, оның компаненттері. Тіл жағдайы со-циолингвистиканың маңызды бір объектісі ретінде; қостілді. Диглоссия.
6. Тіл дамуының қоғамдық негізі. Әртүрлі қоғамдық-тарихи фор-мациядағы тілдің әлеуметтік типтері (ана тілі, тайпалық, халық, ұлт тілі; ұлтаралық тіл, койне, делдал тілі). Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріне тілдің әлеуметтік бөлінуінің спецификасы. Ұлттық тіл-дер, олардың пайда болу жолдары.
7. Әдеби тіл, оның қызметі мен белгілері. Тіл нормасының әлеуметтік аспектісі. Тілдің стильдік дифференциациясы, оның экстралингвис-тикалық құбылыстарға тәуелділігі (сөйлеу мазмұны, қайта жаңғыру жағдайлары).
8. Сөйлеу вариаттылығы және әлеуметтік жағдай, сөйлеушілердің әлеуметтік белгілеріне тәуелділігі (жасы, білім деңгейі, мамандығы және т.б.).
9. Тілдің социолингвистикалық классификациясы. Шетелдік тілтану-шылар ұсынған социолингвистикалық типологияға сын. Олармен орындалатын қоғамдық қызметтер бойынша тіл классификациясы.
Әлем тілдері, олардың әлеуметтік қызметтері және құрылымдық ерек-шеліктері (глобалдық таралу, қабылдау, қызмет спецификасы, көрсету құралдарына байлығы және қолдануы). Келешектегі тіл туралы мәселелер.
10. Халықаралық тілінің қосымша мәселелері [7,17б].
Қорытындылай келе, социолингвистика – тіл және қоғам арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл – тіл білімінің негізгі саласының бірі. Социолингвистиканы көптеген ғалымдар зерттей келе, оған бірнеше анықтамалар бере отырып, оның проблемалары мен қарастыратын мәселе-лерін атап көрсетті. Атап айтсақ, тіл түрлері, оның қызметі, әлеуметтік формалары және қоғамдық құрылымы мен қоғамға әсері және т.б.
1.2 Әлеуметтік тіл білімінің негізгі ұғымдары мен түсініктері
Тілдік ахуал (языковая ситуация) – бұл «тіл қызметінің және әр халықтың тарихи даму кезеңіндегі қоғамдық өмірдегі әртүрлі формаларының белгілі бір түрі». Бұл В.А. Аврориннің тіл ситуациясына берген жалпы анықтамасы. Тіл ситуациясын анықтау кезіндегі объектілер арасындағы себептік тәуел-ділікті сақтай отырып, автор оның үш негізгі «қызметін» атап көрсетті: 1) тіл қызметінің әлеуметтік шарттары; 2) тіл қолдануының сферасы және ортасы; 3) тілдің өмірдегі формалары.
В.А. Аврорин біртілді халық және біртілді емес жағдайларда бірдей «тілдік ахуал» терминін қолданады. Біртілді халық тіл ситуациясымен белгі-лі халық өмірінің әлеуметтік шарттары кезіндегі қоғамдық шығар-машылық-тың барлық ортасы және сферасындағы тілдің өмірдегі қызметі анықталады.
Л.Б. Никольскийдің анықтауынша: «жергілікті-территориялық бірлес-тікте және этникалық қоғамда қолданылатын тілдердің, қызметтік стильдері-нің мәнін тіл ситуациясы деп атаймыз». Тіл ситуациясы ірі және ауыр әлеуметтік-тіл білімі болғандықтан, ол макросоциолингвистикада зерттеледі.
Билингвизм (лат. bi – екі, lingua – тіл) – бұл қостіл, яғни әр адам немесе барша халық өміріндегі екі тіл, біріншісі – ана тілі, және екіншісі – меңгер-ген. Әлеуметтің жеке топ мүшелерімен қолданылатын қостіл болса, бұл – индивидтік билингвизм, егер сөйлеушілердің тобымен қолданылса, онда ол – топтық билингвизм.
Топтық билингвизм – мемлекеттің бір аумағын немесе барлық ұлтты қамтиды. Бірінші жағдайда бұл – аумақтық, екінші жағдайда – ұлттық билингвизм. Егер билингвизм барлық әлеуметтік-мәдениеттік топтарға қатысты болса, онда бұл – жалпы, егер жеке әлеуметтік қабаттарға (сатушы-лар, транспортшылар, теңізшілер, ғылыми қызметкерлер және т.б.) қатысты болса, онда ол – жекелік немесе топтық билингвизм деп аталады.
Егер билингв (қостілді меңгеруші) бір тілден екінші тілге еркін аудара білсе, онда бұл – аралас қос тіл (Л.В. Щерба ойынша – «қос терминді аралас тіл»), егер ол болмаса және тіл екі автономды белгі жүйесі қызметін атқаратын болса, онда таза қостіл (ол өте сирек кездеседі).
Билингвизм – көпжақты құбылыс және әртүрлі аспектілерді зерттелуі мүмкін. Билингвизмнің үш зерттеу аспектісі ерекшеленеді: 1) лингвис-тикалық (социолингвистикалық), 2) психологиялық, 3) педагогикалық.
Билингвизмге мысалы келтірсек, рыс тілі қостілдік компоненті ретінде қолданылады (украин-орыс, белорус-орыс, өзбек-орыс және т.б.). Бірақ кейбір жерлерде қарым-қатынас құралы ретінде аумақтық тіл кең таралған. Мысалы, әзірбайжан тілі дагестандықтармен, армяндармен және лезгиндермен қолданылады. Сонымен бұны көптілдік немесе полилингвизм (грек. poli - көп, лат. lingua - тіл) деп аталады.
Билингвизм түрлерінің ішінен ерекшелейді: 1) Екі жергілікті тілді қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 2) жергілікті ана тілі мен аумақтық қарым-қатынас тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм; 3) жергілікті және макроделдал тілін қолдану кезінде пайда болатын билингвизм (ұлтаралық тіл); Мұнда әртүрлі принциптік жағдайлар қалыптасады: а) антагонистикалық қоғамының макроделдал тілі жергілікті халықтың ана тілімен байланысы, б) антагонистикалық емес қоғамының макроделдал тілі, мысалы қазақ тілі және еліміздің басқа тілдерінің ұлттық-қазақ қостілі ретінде маңызды ролі және заңдылық күші; 4) Аумақтық макроделдал тілін қолдану кезінде мемлекет халықтарының жалпы және байырғы тілі ретінде көрінетін билингвизм; 5) Ұлт және маман тілін (ритуалдық тіл – санскрит типі, ғылым тілі – латын, классикалық араб типі және т.б.) меңгеру кезінде пайда болатын билингвизм [1, 82-85бб].
Тіл саясаты – белгілі мемлекеттегі тіл проблемаларын шешуге арналған мемлекеттік класс түріндегі қоғамдық қатынастарының айқын бейнеленуі. Бір ұлтты мемлекетте тіл саясатының болуы қоғамдық, жалпымемлекеттік мәндегі тіл проблемаларын шешуге арналған жиналыс өткізумен байланысты. Тіл саясаты қоғамның тілге қатысты әлеуметтік әсерімен байланысты категорияларға жатады. Ол әлеуметтік және идеоло-гиялық принцип негізінде іске асырылады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар