Қазақ тілі | Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы

 Қазақ тілі | Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................

І ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ........................................................................................
1.2 Етістіктің лексика-семантикалық сипаты.........................................
1.3 Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың
жүйесі және лексика-семантикалық мағыналары...........................

ІІ ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ОТЫР, ЖАТЫР, ЖҮР, ТҰР
ЕТІСТІКТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ...........
2.1. Батырлар жырында етістіктің етіс категориясының
қолданылудағы семантикалық ерекшеліктері....................................
2.2. Батырлар жырында етістіктің болымсыздық және болымдылық
категорияларының семантикалық сипаты

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Сөздер белгілі бір заңдылық бойынша байланысып жататыны ешбір дау туғызбайды. Бірақ сол сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, олардың өзара байланысу тәсілін анықтау осал шаруа емес. Мамандар бұның жолын сөздердің дербестігінен іздейді. Ал сөздердің полисемиялық қасиеттері сол тілдегі жүйеліліктің аясына сыймайды. Зерттеуші ғалымдар біраз уақыт лексиканы жүйелеуге болмайды деген ойда болды. Тілдегі сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларға бөліп топтау бұрыннан бар болатын. Бірақ бұл тәжірибе сөздік құрамды толық қамтымайды. Себебі, тілімізде антонимдік, синонимдік сыңарлары жоқ сөздер де бар.
Тілді жүйелі құбылыс деп, тұжырымды негіз салған Фердинанд де Соссюр, ал орыс тіл білімінде одан бұрын Бодуэн де куртене тілдің барлық салалары белгілі бір жүйеге бағынады деп тұжырымдаған. Ал түркі тілінің лексикасын белгілі бір жүйеге бағындыра алған семантикалық топтарға бөлген Н.К. Дмитриев. Бұдан кейін сөздерді лексика-семантикалық топтар бойынша зерттеу жұмысы қолға алына бастады.
Н.К. Дмитриев етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп бөліп, өзіне дейінгі дәстүрге сүйенеді. Қазақ тіліндегі етістіктер әлі толық семантикалық талқысына түсе қойған жоқ. Бұл мәселелерде біршама зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл істі ілгері жылжытқан ғалымдар Ы. Маманов, А. Қасенова, Н. Оралбаева.
Зерттеу нысаны.
Жұмыстың негізгі зерттеу нысаны батырлар жырындағы етістіктердің семантикасын танып білу болып табылады. Осы арқылы етістіктің лексика-семантикалық мағыналарына талдау жасай отырып, олардың белгілі бір жүйесін анықтау.
Жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің лексика-семантикалық мағынасын аша отырып:
- етістіктерді лексика-семантикалық мағынасына қарай топтастыру;
- кіші семантикалық топтардың мәнін ашу;
- олардың ішкі, сыртқы ерекшеліктерін айқындау;
- сөз қолданысындағы өзіне тән сипаттарын айқындау;
Зерттеу жұмысының дерек көздері.
Зерттеу жұмысының негізгі материалдары «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларынан алынды. Ал жұмысты орындау үшін тілдік ғылыми еңбектер А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991ж.), Ы. Мамановтың «Қазіргі қазақ тілі» (1966ж.), М. Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» (1980ж.) және М. Оразовтың «Семантика казахского глагола» (1983ж.) еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Етістіктердің семантикасын зерттеу жұмысы батырлар жырының үлгілерімен байланыстырыла қаралуы қазақ тілі ғылымындағы семантиканың дамуына игі ықпал етеді.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмысы барысында салыстыру, топтастыру, түсіндіру әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және негізгі бөлімнің тармақтары мен қорытынды бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР СЕМАНТИКАСЫ

Тілдің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: бірі оның сөздік мағынасы, екіншісі грамматикалық мағынасы. Осы екі бірліктен тіл құралып, айтатын ой түсінікті дәрежеге жетіп, ол адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралына айналады, қызмет етеді. Сөзді жалаң, бастапқы, түбір қалпында ғана қолданып, пайдаланғыңыз келсе, ол тек қана жеке дара ұғымдарды ғана білдіреді де бір-бірімен байланыспағандықтан жүйелі, ұғынықты ойды білдіре алмайды. Бұдан шығатын қорытынды сөздер тіліміздің грамматикалық заңдарына сәйкес қолданылғанда ғана айтар ой түсінікті, оның мағынасы жеткілікті болмақ. Осымен бірге сөздерсіз тек грамматикалық формаларды қолдану арқылы ғана ойды жеткізу жоғарғыдай кері нәтиже береді. Бұдан шығатын қорытынды сөз бен грамматикалық құрылыс өзара бірлесіп қызмет етпесе, тіл құрал ретіндегі қызметін атқара алмайды. Яғни, сөз тіл материалы болса, грамматика олардың бастарын жымдастырып, біріктіретін, басын құрап беретін көріктендіруші жамылғыш деп айтуға болады. Тілдің сөздігін лексикология ғылымы тексереді, ал грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы зерттейді. Тіл ғылымының осы екі саласының тексеретін мәселелері екі бөлек болғанымен, екеуіне де ортақ объект – сөз. Сөзсіз ғылымның екі саласы да алысқа бара алмайды. Сөз айналамыздағы түрлі құбылыстар мен заттардың аты мен атауы болса, сол атаулардың өмірімізде белгіленген нақты мағынасы болады. Ол мағына осы тілде сөйлейтін бүкіл халықтың барлығына ортақ, түсінікті болуға тиіс. Мысалы: от, орман, жер, күн, топырақ, ағаш, су, өзен, көл, жол деген сөздер айтылған сәтте әрқайсысы белгілі заттың атауы ретінде қазақ тілін білетін, сол тілді еркін меңгерген адамдардың барлығына түсінікті болып, көз алдымызға елестейді, яғни бейнесі ой-қиялымызда көрініс табады.
Кез келген сөздің басқа сөздермен қатынасқа түспей дербес тұрғандағы нақты мағынасы лексикалық мағынасы немесе тура мағынасы болып табылады. Тіліміздің лексикология ғылымы сөздерді, олардың жүйесін, даму ерекшеліктерін, күнделікті өмірдің сан тарау салаларымен байланысуын, жекелеген сөздердің лексикалық мағыналарын, олардың шығу тарихы мен дамуын зерделеп зерттейді. Мағыналары сан алуан, түрлі-түрлі болып келетін сөздерді саралап, топтап олардың әрқайсысына тән ортақ немесе дербес сипаттарын анықтайды. Сөзіміздің басында біз от, ағаш, топырақ сөздерін мағына жағынан жалпы қарасақ, енді оларды грамматика тұрғысынан сөз таптарына топтастырамыз. Мұны біз бір сөздің бойында лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бірлесіп жарыса өмір сүретінін дәлелдеу үшін келтіріп отырмыз. Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да өте сан қырлы, күрделі категория. Жеке сөз дербес тұрып ешқандай қасиетін көрсетіп бере алмайды, ол қолданысқа түсіп, пайдаланыла бастағанда ғана тұлғасы түрленіп түрлі өзгерістерге ұшырай бастайды. Осы сәттен бастап сөздің бірде лексикалық бастапқы мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңке ауысып кетіп отырады.
Лексикология ғылымының ең негізгі маңызды бөлігі - семасиология тіл білімінің сөз мағыналарын, олардың түрлері мен өзгеруін зерттеп, зерделейді. Семасиология гректің semasia – белгі, мағына және logos – ілім деген сөздерінен жасалған. Семасиология сөздердің мағыналарының кеңею және тарылу жолдарын ұқсату, ат ауысу заңдарын, мағыналарының өзгеру себептерін анықтайды. Мысалы, жол деген сөзді алып қарастыратын болсақ, бұл сөздің бастапқы мағынасы мен қазіргі қолданыста пайдаланылып жүрген мағынасы арасында мынандай айырмашылықты байқаймыз. Мысалы, «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасының жолы» дегенді айтатын болсақ, осындағы жол сөзі бағдар, бағыт, идея дегенді білдіріп, бастапқы мағынасынан бұл сөздің жаңа қосымша мағынаға ие болғанын байқаймыз. Тіліміздегі сөздердің саны көбеймей-ақ бар сөздердің есебінен оның мағынасы ұлғайып отыратынын байқауға болады. Семасиологияның, әсіресе лексикография жұмысында орны ерекше маңызды болып табылады. Себебі, сөздік жасау үстінде (лексикографиялық сөздік) сөз, оның мағынасы жан-жақты қаралып, талданатын болғандықтан семасиология бұл жерде үлкен жетекші рөл атқарады. Ол сөздік жасау барысында сөздерді ғылыми жағынан зерделеп, дұрыс жолға қою үшін жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл ғылымында тіл білімінің семасиология саласы 1950 жылдардан бастап ғылыми түрде зерттеле, жүйелене бастағанын байқаймыз. Осы кезден сөз мағыналарының түрлері белгіленіп, олардың ара жігі айқындалып, шегі мен шекарасы нақтыланып өзара қарым-қатынасы сараланғанын ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Көп мағыналы сөздердің даму жолдарына назар аударыла бастаған. Синоним, омоним, антоним мәселелері арнайы зерттеліп, тіл білімі ғылымына үлкен ғылыми жаңалықтар келгені байқалады. Семасиологияны жекелеген ғалымдар семантика деп те атайды. Ал семантика атауы ғылымның Марр кезеңінде қолданыста болып, асыра сілтеушілікке дейін жеткендігін байқауға болады. Қазір семантика деген атау бұрынғы терминдік мәнін жоғалтып, мағына деген сөздің синониміне айнала бастағанын атап өтеміз. Бұл термин көптеген шет елдерде де белгілі бір ағым ретінде қолданыста жүргендігін ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Семантика термині біздің жұмысымызда сөздің семантикасы, оның ішінде етістік семантикасы ретінде батырлар жырын негізге ала отырып, талдау объектісі болады. Нақты тақырыпқа кіріспестен бұрын біз семасиология туралы көзқарастарға, олардың тарихына және даму кезеңдеріне қысқаша тоқталуды жөн деп білеміз.
Семасиология туралы бірінші көзқарас батыс елдерінде кеңінен етек алған структурализм (структурная лингвистика) идеясы болды. Бұл бағыттың жақтастары сөздің дыбыстық формасын тексерудің ешқандай қажеттігі жоқ, себебі ол бізді тілден мүлдем басқа жаққа алып кетіп, философия мен психологияға апарып тастайды деп есептеді және тілдің өлшемі дыбыстар да емес, сөздің мағынасы да емес дей отыра тілдің жүйесін жасайтын элементтердің өзін корреляциялық система деп атап, нәтижесінде сөздің мағынасын бүтіндей жоққа шығарады (Америка тіл ғылымын зерттеушілері Б.Блох, Г.Трэджер). Бұл идеяларды жақтаушылар тілі білімінің Кеңестік дәуір кезеңінде кеңестік одақ ғалымдарының арасында белең алғаны байқалады.
Екінші, көзқарас - семасиологияны семантика деген атаумен ауыстырып, оны асыра бағалау «Жаңа тіл білімі» ағымын жақтаушылар бағыты. Академик В.В.Виноградов бұл мәселеде «Семасиологияны асыра бағаламай, тиісті орнында қолдану арқылы лексикологияның ішіндегі маңызды бір бөлімі ретінде пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады»,- деп нақты түйінді қорытынды шығарды. Осыдан келіп шығатын қорытынды сөздің мағынасын және сөз мағынасының дамуын зерделегенде ол сөздің қазіргі қалпы мен өткен жолын диалектикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Замандар өте, жылдар өте қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сөз мағынасының да жаңа көріністерге де ие болып, мағынасы көбейіп, көркейіп отыратындығын көруге болады. Өйткені, сөз өмірдегі құбылыстардың барлығына тікелей қатысты болып, тікелей араласып отырады. Әсіресе, сөздің мағынасы сөйлем құрғанда ашылып, айқындала түседі. Профессор І. Кеңесбаев өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Сөз қандай күрделі болса, сөз мағынасы да сондай күрделі»,- деген түйінді пікір айтады. Сөз мағынасының құбылуы ол сөздің грамматикалық тұрақтылығын әлсіретіп жіберіп, кей жағдайда сол сөз, бір сөз табынан екінші бір сөз табына өтіп кетіп жатады. Сөз мағынасы өзінің даму жолында жаңа қолданатын орын табуы да мүмкін. Бұл жерде сөздің жанды организм сияқты құбылып отыратындығын байқауға болады.
Сөздің негізгі сөздік мағынасын (лексика-семантикалық вариант) айтқанда тілдегі сөздердің басым көпшілігінің көп мағыналы болып келетінін біз жоғарыда атап өттік. Академик В.В.Виноградов сөздерді тек семантикалық жағына қарай таптастыру оңды нәтиже бермейтінін айта келіп, сөздің нақты өз басындағы мағыналарына ерекше көңіл аудару қажеттігін айта отырып, сөздердің мағынасын мынандай 3 топқа бөледі:

1. Ерікті
2. Фразеологиялық байланысты
3. Функционалды-синтаксистік

Біз де осы пікірге келісе отырып, оның дұрыстығына мына дәлелдерді келтіре аламыз: сөздің негізгі сөздік мағынасы заттың, құбылыстың атауы болып табылады. Себебі, сөздің негізгі мағынасы затпен, құбылыспен тура байланыста болады. Сөздер сөйлем құру процесіне қатысқан кезде әр алуан болатындықтан, олардың негізгі мағынасын затпен, құбылыспен тікелей байланыста қарау міндетті болып табылады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде қату етістік сөзінің негізгі мағынасы қат дегеннің қатты нан, қатты құрт және басқа түрі болады. Ал енді қатты дауыл, қатты аяз, қатты жүріс деп айтатын болсақ ол күшті, алапат деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздердегі қатты сөзі өзі тіркескен сөздермен бірігіп, тұрақты мағынаға ие болған. Ал енді қатты адам дегенді алатын болсақ, бұл жердегі қатты сөзінің ауыспалы мағынаға ие болғанын байқаймыз. Бұл жерде біз қатты адам деп майыспайтын, иілмейтін адамды емес, мінезі тік, тоң мойын адам туралы айтылғанын байқаймыз. Сол сияқты қатты сөзін «ол қатты айтты деген» сөйлемде пайдаланатын болсақ, бұл жерде осы сөздің мағынасы бұл адамның іс-әрекетіне байланысты айтылғанын байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды қатты сөзінің мағынасы (негізгі мағынасы, тұрақты мағынасы, ауыспалы мағынасы) тек сөйлемде айқындалатыны байқалады. Сол себепті біз сөздің негізгі мағынасын заттың, құбылыстың тікелей атауымен байланыстыра қарауды жөн деп тауып отырмыз. Бұлай болатыны сөздің негізгі (сөздік) мағынасы баршаға ортақ, нақты ұғымды білдіретін шындық мағынасы болып есептеледі.

§1. Сөздің тұрақты мағынасы

Сөздің негізгі мағынасы оның тұрақты мағынасы болып есептеледі. Сөздің тұрақты мағынасы болмаса, ол сөздің негізгі мағынасы да болмайды. Сондықтан негізгі мағына мен тұрақты мағына бір-бірімен байланысты болады. Сөздің негізгі мағынасынан барып жаңа мағына пайда болуы мүмкін. Сол жаңа мағынаға ие болған сөз бірте-бірте тұрақты мағынаға ауысып отырады.

§2. Сөздің нақты және абстракты мағынасы

Қазақ тіліндегі сөздер бар мезгілде бір қалыпта қолданыла бермейді. Егер сөздердің әрқайсысының өздеріне тән мағынасы болса толық мағыналы сөздер дейміз (ағаш, от, су, көл, жер). Сонымен қатар тілімізде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Ол сөздер дербес тұрып өмір шындығын көрсете алмайды, былайша айтқанда, бұл сөздерді айту арқылы көз алдыңа, көңіліңе ешнәрсені елестете алмайсың (үшін, сайын, ғой, -ау). Бірақ бұл сөздерде өз кезегінде тілдегі белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін пайдаланылатындығын атап өтеміз. Яғни, бұлар да белгілі бір семантикалық қызметтерді атқарады (эмоциялық, экспрессивтік қызметтер).


§3. Сөздің контекстік мағынасы және көп мағыналылығы (полесемантизм)

Сөздің алғашқы шыққан кездегі мағынасы көп мағыналы болмаған, бірақ жылдар өте дамудың арқасында оның мағынасы бастапқы мағынасынан көрі кеңейіп, көбейіп отырған. Кей жағдайларда бұл сөздер бастапқы кездегі мағынасынан алыстап омонимге айналып кетіп отырғанын байқауға болады (омоним - дыбысталуы, айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мүлдем басқа сөздер). Тілдің көп мағыналық сипатқа ие болуы күнделікті өмірдегі өзгерістер мен қажеттіліктен туындап отырады. Тілдегі сөздерді дұрыс қолданғанда оның негізгі мағынасын қосымша қажеттіліктен туған мағынасынан болмаса ауыспалы мәндегі мағынасынан ажырата білудің маңызы зор болып табылады. Кез келген сөздің барлық қосымша мағыналары ол сөздердің бастапқы негізгі мағынасынан барып шығады және сол арқылы айқындалады. Әрине бұл тексте ғана ажыратылады.
Көп мағыналы сөздердің тобына ақтау (ағарту) деген етістікті алатын болсақ, оны мынандай мағыналарға ажыратуға болады:
1. ақтау – ел кезіп кету.
2. ақтау - әктеу немесе бояу, ағарту деген мағынада.
3. ақтау – сот процесінде белгілі адамды айыпсыз, кінәсіз деп тану.

§4. Сөздің тура мағынасы

Сөзіміздің басында біз сөздің негізгі мағынасы арқылы ғана қосымша мағыналары пайда болып дами алатындығын айтқан болатынбыз. Жоғарыда көрсетілген сөздердегі ақ сөзінің негізгі мағынасы сын есім белгісінде жұмсалған. Осы сапалық сын есім басқа сөздерге дамуға негіз болатын негізгі мағына болып табылады. Басқа сөздердің барлығы да осы ақ деген сөзден дамып, кейін ол сөзден алыстап, алшақтап іргесін бөліп жеке дара қолданылатын дәрежеге жеткен. Ақ деген сапалық сын есім өте көне замандарда шығып, ал бірте-бірте өмірде қолданылудың нәтижесінде қосымша заттық мағынаға ие болғанын мына сөздерден байқаймыз: аққа аузы тиді, ақ ішіп денсаулығын түзеді деген сөздерде бұл сөздің сапалық сыннан заттық мағынаға көшкенін байқауға болады.


§5. Сөздің ауыспалы мағынасы

Сөздің негізгі мағынасынан ауыспалы мағына дамиды. Ауыспалы мағына негізгі мағынадан ұқсату арқылы шығады. Мысалы, бас деген сөздің негізгі мағынасы – адамның дене мүшесі. Осыған ұқсатудан барып таудың биігін – таудың басы, судың ағып шығатын көзін – судың басы деген ауысу заңдары бойынша жасалған мағыналары пайда болған.


1.2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

Қазақ тіліндегі етістік сөз табының лексикалық құрамында неше сөз болса, олардың әрбірінің жеке өз басына лайық лексикалық мағынасы болатыны еш дау тудырмайды. Сонымен бірге олардың лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра осы етістіктердің барлығына ортақ сипат ретіндегі ерекшелігіне қарай семантикалық ерекшеліктерін ескерісек бір топқа жатқызылады. Сөздік мағынасы жағынан жақындықтарына қарай отырып, оларды Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында мынандай топтарға бөледі:

1. Амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, ки, сыз, өлше, кес).
2. Қимыл-қозғалыс етістіктер (ауна, аудар, домала, қаш, секір).
3. Қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт).
4. Ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта).
5. Өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн).
6. Бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт).
7. Көңіл күй етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан).
8. Бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүрсілде, дүркіре).....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру