Алмаз Ибрагимов
Алмаз Ибрагимов – репродуктолог дәрігер, «Экомед Астана» адам репродукциясы клиникасының медициналық директоры. Еліміздің репродуктология саласындағы жарқын тұлғасы, күшін, білімін, уақытын аямайтын, 365/7/24 режимінде жұмыс істейтін, жасампаздығымен, жаңа көзқарастарымен, мықты логикасымен, сыни және инженерлік пайымымен ерекшеленетін жас ғалым, талантты дәрігер
Бедеулікпен ауыратын емделушілердің күрделі психологиясын ерекше түсіне отырып, олар үшін үнемі байланыс аясында, бір де бір қоңырау немесе хабарламаны назардан тыс қалдырмайды, өзінің шамадан тыс жұмысбастылығына қарамастан, мүмкіндігі бола салысымен оларға кері хабарласады және қиын сұрақтарына жауап беруге уақыт табады. Оның және ол басқаратын мамандар тобының көп жылдық еңбегінің нәтижесі – бедеулікті жаңа репродукциялық әдістермен емдеуден соң 4 мыңнан аса баланың дүниеге келуі! Емделушілер арасында Еуропа, АҚШ, араб елдерінен келген ерлі-зайыптылар бар, бұл олардың еліміздің репродуктологиясына деген сенімдерін білдіреді.
Алмаз Құрманғалиұлы 2004 жылы емдеу факультетін үздік бітірген. 2004 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың маусымы аралығында Қарағанды қ. облыстық клиникалық емханасы базасында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатура өтіп, бітірген соң емтихандарын сәтті тапсырып, қажетті практикалық дағдыларды меңгерген. Республикалық «Қазақстан Республикасы медицина ЖОО-ларының 2005 жылғы түлектерінің үздігі» байқауының жеңімпазы. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясына ие болып, 2005 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қыркүйегі аралығында И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясының клиникалық ординаториясында оқыды. Оқу барысында озат теориялық білім көрсетті, оталарға белсенді қатысып, барлық қажетті дағдыларды меңгеріп шықты.
Эндоурология, онкоурология, консервативті андралогия, перкутанды оталар, несеп-тас ауруын емдеудегі заманауи амалдар, ҚБҚГ, бүйрек, қуық, қуықасты безі рагін жаңа сәулелі және эндоскопиялық диагностикалау әдістері облысында тәжірибе жинақтады. Мәскеуде патенттелген «Радикалды позадилонды простатэктомияда қуық мойнын қалыптастыру әдісі» өнертабысының авторы. Байқау іріктеуінен өтіп, 2007 жылдан бері Қазақстандағы бірінші «Экомед» экстрокорпоралды ұрықтандыру зертханасында биология ғылымдарының докторы С.Б. Байқошқарованың қол астында андроголог дәрігер, гинеколог-репродуктолог болып жұмыс істейді. Жұмыс барысында жұмыс сапасын жақсарту мақсатында үнемі ғылыми ізденісте жүреді, 25 ғылыми жұмыс авторы, тұрақты түрде әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларында біліктілікті арттыру курстарын өтеді, халықаралық конгресстерде баяндама жасайды, әріптестерінің арасында беделді, жас әріптестерімен өз тәжірибесімен бөліседі, Астана медицина университетінің резидентура студенттерін оқытады.
8 жылдан аса Астана қ. «Экомед» клиникасының медициналық директоры. Ол ЭКҰ әдісімен бедеулікті емдеуге жаңа тиімділігі жоғары әдістерді іздеу мен ойлап табудағы бірегей аналитикалық қасиетімен ерекшеленетінін Германия мен Жапонияның алдыңғы қатарлы репродуктологтары да атап өткен. Сонымен қатар, оның емделушілерге деген сүйіспеншілігі, олардың жан тебірінісін түсіне білуі және ерекше еңбекқорлығы – оның басты қасиеттері. Оның еңбек және ғылыми қызметі толығымен еліміздегі демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Алмаз Ибрагимов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Астана 100 жана есим тизими, Алмаз Ибрагимов биография омирбаяны акпарат малимет, Алмаз Ибрагимов биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2018, 100 жаңа есім тізімі Астана, Алмаз Ибрагимов