Чингиз Шашкин

 Чингиз Шашкин

Шыңғыс Шашкин - нейрохирур

Шыңғыс Сақаұлы Шашкин 1978 жылы 2 тамызда Алматыда туған. Шыңғыс Сақаұлының қызмет саласы: функционалды нейрохирургия, миды терең стимуляциялау, ауру хирургиясы, спастика хирургиясы, эпилепсия хирургиясы. 2018 жылдың маусымынан бері Шыңғыс StandardNeurо клиникасының медициналық директоры лауазымында.

2.05.2013 – 16.04.2018 аралығында қан тамыры және функционалды хирургия бөлімінің нейрохирург дәрігері, стереотаксиндік және функционалды нейрохирургия тобының жетекшісі, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Астана, Қазақстан. Сондай-ақ «РҒНХО» АҚ даму басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ стратегиялық басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ ақылы медициналық қызмет бөлімінің меңгерушісі, «РҒНХО» АҚ даму және коммерциялық мәселелер басқарушы директор лауазымдарында жұмыс істеген. 2008 ж. - «РҒНХО» АҚ бас дәрігері. 2007-2008 жж. – «Ұлттық ана мен бала орталығы» АҚ балалар нейрохирургиясы бөлімінің нейрохирург дәрігері, Астана, Қазақстан. Шыңғыс Сақаұлы – «Нейрохирургия» мамандығының аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. Астана қ. сот-медициналық сараптамасының нейрохирург сарапшысы.

Шыңғыс Шашкиннің ғылыми-зерттеу жұмысы «Жеңіл мойын-желке жарақаттарының клиникалық және сот-медициналық аспектілері» секілді тақырыптарға арналған (сот медицинасы және нейрохирургия мамандықтары бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену жұмысы. Астана медициналық университеті).

Шыңғыс Сақаұлы – «Евразия – қимыл бұзылуы қоғамы» қоғамдық бірлестігін құрған бастамашы топтың жетекшісі. Бірауыздан аталмыш Қоғамның төрағасы болып сайланған. Қазақ нейрохирургтары қауымдастығының вице-президенті және хатшысы. Келесі қоғамдарға кірген: Евразия – қимыл бұзылуы қоғамы, International Parkinson and Movement Disorders Society (MDS), ID 40710, European Society of Stereotactic and Fuctional Neurosurgery (ESSFN), Қазақ нейрохирургтары қауымдастығы (ҚНҚ), The European Association of Neurosurgical Societies (EANS), N 957, Asian Congress of Neurological Surgeons 7. SVS Nevro – ауыр неврологиялық аурулар мен эпилепсияға қарсы күрестегі дәрігерлер мен емделушілер қозғалысы

Шыңғыс Шашкин қоғамдық өмірді де белсенді жүргізеді. Ол 2009, 2012, 2015 жылдардағы халықаралық қатысушылары бар ҚР нейрохирургтарының бірінші, екінші және үшінші конгрестерінің ұйымдастырушысы. Халықаралық қатысушылары бар Республикалық ғылыми конференция ұйымдастырушысы, Ақтау, Қазақстан, 2010. Бүкіләлемдік нейрохирургия қоғамдары федерациясының білім курстарын ұйымдастырушы (WFNS Course), Астана, Қазақстан, 2011. Еуропалық нейрохирургия қоғамдары қауымдастығы білім курстарын ұйымдастырушы (EANS Course), Астана, Қазақстан, 23-25 мамыр 2013. 10 ACNS Конгресінің ұйымдастырушысы, Астана, Қазақстан, 2014. Халықаралық қимыл бұзылуы мен Паркинсон ауруы қауымдастығының білім курсының ұйымдастырушысы мен техникалық директоры, Астана, Қазақстан, 5-7 қараша, 2015. Халықаралық қимыл бұзылуы мен Паркинсон ауруы қауымдастығының білім курсының ұйымдастырушысы мен техникалық директоры, Алматы, Қазақстан, 1-2 наурыз, 2018.

Шыңғыс Шашкин – «2014 жылдың үздік дәрігері» атағы алған. International Parkinson and Movement Disorders Society (MDS) (2015) – Астанада 5-7 қарашада Халықаралық қимыл бұзылуы мен Паркинсон ауруы қауымдастығының білім курсының ұйымдастыруға 15000 АҚШ долларын жеңіп алған. International Parkinson and Movement Disorders Society (MDS) (2015) – 19 Халықаралық қимыл бұзылуы мен Паркинсон ауруы қауымдастығының конгресіне тегін қатысу мүмкіндігіне ие болған, Сан-Диего, АҚШ. The American Austrian Foundation (2005, 2007, 2010) – Австрияда семинар және тағылымдамадан өткен. Нейрохирургия мәселелері бойынша көптеген семинар, конференция және шеберлік сыныптарына қатысқан.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру