Дәурен Әділбай

 Дәурен Әділбай

Дәурен Әділбай - онколог

Дәурен Әділбай – онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директоры орынбасары. Еңбек қызметін 2005 жылы дәрігер болып бастаған. 2008 жылы Америка клиникалық онкологтарының қауымдастығы (ASCO) грантына ие болған, ол арқылы Хьюстон қаласындағы М.Д.Андерсен онкология орталығында бас және мойын хирургиясы бойынша тағылымдама өтуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ EAFO (Еуразиялық онкология федерацясы) гранты бойынша Милан қаласындағы Еуропалық онкологиялық клиникада көмей хирургиясы бойынша тағылымдамадан өткен. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Н.Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында клиникалық ординатурадан өту барысында Еуропа онкология мектебінің (ESO) қолдауымен өткізілгн көптеген білім шараларының ұйымдастырушысы болған. Оның командасы мемлекет думасы депутаттарының қатысуымен темекіге қарсы форум өткізіп, онда РФ-ның БДҰ шектемелі конвенциясына қосылуы туралы тарихи шешім қабылданды.

2010 жылы ҚР денсаулық сақтау министрімен бірлесіп Шенжен қаласында өткен Бүкіләлемдік онклогия көшбасшыларының саммитіне (World cancer Leaders Summit UICC) қатысқанының арқасында ракқа қарсы күресте Қазақстанды әлемдік деңгейге шығарды. Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін (ҚДЖМ) бітіріп, медицина магистрі академиялық дәрежесін алған. Оның «Онкологиядағы диагностика мен емдеу периодтық хаттамаларының сапасын бағалау» тақырыбы курста үздік деп танылып, М.К. Құлжановтың сертификатына ие болды. 2012 жылы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қалада Қазақстандағы екінші жоғары мамандандырылған бас және мойын ісігі бөлімін құру процсін басқарған.

Жұмыс істеген уақыт ішінде Қазақстанда тұңғыш рет ауыз және тамақ қуысы ақауларын композиттік жамауларды трансплантациялау арқылы микрохирургиялық қалпына келтіру оталары енгізілді. Бұрын мұндай емделушілер шетелге жіберілетін. Нью-Йорк қаласындағы әлемдегі ең көне Слоун Кеттеринг атындағы онкология орталығының гранты бойынша сол жақта 2 айлық тағылымдамадан өткен. Барлық алған білімін Қазақстанда қолданған. 2014 жылдан бері Қазақ онкология дәне радиология ғылыми-зерттеу институтында ұлттық бақылау және бағалау тобының басшысы және онколог дәрігер лауазымында жұмыс істеген. Ол басшылық еткен команда қысқа мерзімде онкологиялық қызмет жұмысының көп көрсеткішін құрған, оның ішінде поликлиника тіркеу орны, тексеру кабинеттерінен бастап онкологиялық диспансерге дейін ашқан. Бақылау және бағалау топтары құрылған, әр мүшесі көрсеткіштерді үйреніп, алғаш рет сапарларға шығып, аймақтарға бақылау жасалды (Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбек, Қызылорда, Астана және т.б.). 2008 жылдан бері Америка клиникалық онкологтар қауымдастығы мен Еуропа хирург-онкологтар қауымдастығының мүшесі болып табылады. Нью Йорк, Сеул, Сингапур, Минск, Вена және т.б. қалаларда өткен халықаралық конференцияларда ауызша баяндама жасаған. Ғылыми журналдарда 8 тезис пен 10 мақаласы жарияланған, олардың 6-уы шетелдік журналдарда және біреуі сілтенуі бойынша әлемдегі үздік бестікке кіретін Lancet oncology журналында жарияланған. 2017 жылы халықаралық UICC young leaders байқауына қатысып, 7 жеңімпаздың бірі болған. 2018 жылдан бастап IFHNOS (Халықаралық бас және мойын онкологиясы қауымдастықтарының федерациясы) атқару комитетіне кірген.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру