Ғалым Нұрланов
Ғалым Нұрланов - кітапханашы, әрі зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші.
Ол 1989 жылы 19-мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Кітапхана ісі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында бастады. Қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Жұмыс барысында кітапханадан шығатын «РБНСГ-Вести» газетінің шығарылуына өз үлесін қосты. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді.
2015 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Ақ таяқ» фестивалінің Брайль жүйесі бойынша «Оқу мен Жазу» номинациясында Гран-При иеленді. Жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен «Үміт» спартакиадасының күміс жүлдегері. Еңбек жолында, ақпараттық технология саласында әрқашан өзінің жетістіктерімен және шығармашылық бастамаларымен көзге түсіп, осы еңбектері үшін Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-ның алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақтарының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Ғалым Нұрланов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Жамбыл 100 жана есим тизими, Галым Нурланов биография омирбаяны акпарат малимет, Галым Нурланов биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2018, 100 жаңа есім тізімі Жамбыл, Ғалым Нұрланов