Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 355 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Әдебиет пәні бойынша мәтінді есеп

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ жоспары
Толық

2022 жылғы діни мерекелер күнтізбесі

2022 жылы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Ораза айт және Құрбан айт мерекелері қай күндері тойланады? Қадір түні қай күнге түсіп тұр? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан таба аласыз

Жаңалықтар
Толық

Бірлік күні 1 мамырға арналған фото суреттер

Құрметті сайт оқырмандары! 1 мамыр Бірлік күніне азғантай күндер қалды. Соған орай жақындарыңызды суретпен құттықтау үшін 1 мамыр бірлік күні жазбасы бар суреттерді әлеуметтік желі арқылы құттықтай аласыз.

Суреттер
Толық

Бірлік күні құтты болсын!

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының.....

Құттықтау, тілектер
Толық

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр

Құрметті сайт оқырмандары! Сіздерге отан қорғаушылар күні 7 мамыр туралы 15 суреттер жарияланды. Арасында құттықтау тілектермен жазылған суреттерді, жақындарыңызға жіберуге болатын суреттер де бар. 7 мамыр мейрамы құтты болсын!

Суреттер
Толық

7 мамырға 15 тілектер суреттер

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерге арнап отан қорғаушылар күніне орай 7 мамыр туралы 15 тілеткер суреттері жарияланды. Арасында құттықтау тілектермен жазылған жақындарыңыз жіберуге болатын суреттер де бар. 7 мамыр мейрамы құтты болсын!

Суреттер
Толық

7 мамыр - отан қорғаушылар күні

Құрметті оқырмандар! Сіздерге арнап отан қорғаушылар күніне байланысты 7 мамыр туралы суреттер жарияланды. Арасында құттықтау тілектермен жазылған суреттер де бар. 7 мамыр мерекесі құтты болсын!

Суреттер
Толық

Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл

1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Сабақ жоспары
Толық

3 сынып, I тоқсан - диктант түрлері

Жыл бойы өткенді қайталау.

 И, й, у әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

  1. Уақыт, уылдырық, меруерт, уыстау, қырау, тұсау, ашудас, хайуанат, миуа, қиюластыру, уағда, уілдеу, уылдырық, татулық, шашу, бурыл.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.
  1. Қайық, күйші, тыйылды, байиды, қайықшы, сыйлық, қайшы, торғай, лайықты, сыйымды, таңдай, сыйлау, тайлақ, шайнек, түйнек, тыйым.
  • Сыйлық сөзінің түбірін тап, басқа қандай....
Диктанттар
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Тәуелсіздік - тұғырым

Сценарий тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)

 

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары....

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Карантинде халқына мыңдаған доллар берген елдер

Биылғы көктем әлем халықтарының есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Коронавирус індеті жаппай тарап, жер планетасының тұрғындарын әбден абдыратты. Жұқпалы аурудан сақтану мақсатында екі ел арасындағы шекаралар жабылып, мемлекет тұрғындары карантинге үйлеріне қамалды. Адамдардың осыған дейін күнкөрісіне жарап тұрған жұмыстары тоқтады, кейбірі тіпті қысқаруға ілігіп, табыссыз қалды. Сондай елдің бірі Қазақстан. Біздің елде де көктемгі карантиннің салдарынан жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп, халықтың күнкөрісі күн санап төмендеп барады.

Жаңалықтар
Толық

Жақып Ақбаев

Жақып Ақбаев - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.

1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауы­лының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.[2] 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан....

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының ұлы перзенті

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі - мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынов болды.
Сабақ жоспары
Толық

Адам жоқтан пайда болған ба?

Бір күні Қазақстан тарихы сабағы барысында нақты жауабы жоқ бір сұрақпен оқушым мені тығырыққа тірегені бар,сол себепті осы жобаны жазбаққа бел байладым.Кемшілігі болып жатса сөкпейсіздер деген үміттемін. 

Ғылыми жобалар
Толық

Ұмытпаймыз ешқашан!

Ұмытпаймыз ешқашан!
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.
Сабақ жоспары
Толық

Сәт сапар саған, жас түлек! (25 мамыр - соңғы қоңырау)

Сәт сапар саған, жас түлек! (25 мамыр - соңғы қоңырау)11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Сабақ жоспары
Толық

Сыңғырла, соңғы қоңырау! (25 мамыр - соңғы қоңырау)

Сыңғырла, соңғы қоңырау! (25 мамыр - соңғы қоңырау)Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Өтетін күні: 25 мамыр 2020 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 9.00
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Сабақ жоспары
Толық

Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл

1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Әдістемелік жұмыстар
Толық

Латын әліпбиіне көшу- рухани тәуелсіздік жолы

"Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.
Рефераттар
Толық

Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау, тілектер
Толық

Директор сөзі (соңғы қоңырау 25 мамырға арналған құттықтау сөздері)

Қымбатты түлектер!
Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар!


Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.
Құрметті түлектер!
Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.
Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу...
Құттықтау, тілектер
Толық

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Димаш жаңа бейнебаянның қашан жарық көретінін хабарлады

Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.


Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Жаңалықтар
Толық

42500 мың теңгені екінші рет алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін қайта төлеу қажет пе

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ел тұрғындары 42 500 теңгені екінші айда алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін тағы төлеуі қажет пе" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды nur.kz порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды — министр жауабы

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмыс істеуін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында мәлім етті. 


Жаңалықтар
Толық

Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек.

Аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек? Елорда тұрғындарына үйлерінен шығып, аулада серуендеуге рұқсат берілді. Алайда, азаматтар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет деп хабарлайды nur.kz .
Жаңалықтар
Толық

Көз жасымен суарылған гүл

Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.

Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қаншама ұлы оқиғаларды ішіне бүгіп жатыр десеңші. Сондай оқиғалардың бірі салт – дәстүріміздің қаймағы саналатын Оңтүстік Қазақстандағы тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған Түлкібастың төрінде де болған-ды.

Түн. Айлы түннен сүт еміп, тыныштықтың тамыры соғып тұрған даланы Ақсу мен Жабағылы жоталары құшағындағы бесігіне таңып алып, үнсіз тербетіп тұр. Мүлгіген дала тыныштығын бұзып, киіз үйдің шұрық тесігінен бұзық май шам жарығы сығалайды. Май шам орнынан қозғалмай тұрғанымен, екі түрлі жұмысты бірдей атқарып тұр екен. Оның бірі түнгі аспанның ерке жұлдыздарына қыр көрсетіп, жерден жарық шашып, қайсарлығын танытса, екіншісі үстінде жатқан тіршілік иесін мәңгілік ұйқы сапарына аттандырған төсекті құшып, жылап отырған, жасы 24-25 шамасындағы, маңдайын кекілімен бүркеген, аққұба өңді, айдай көрікті қызды жалғыз қалдырмайын деп, нұрлы жарығымен бидай өріспен өрілген шашынан сипап тұр. Қыздың көз жасының бұлақ болып төгілуіне не себеп болды екен, әлде басына түскен қиындықтарының көптігін бетіне сызық болып түскен әжімдері көрсетіп тұрған, жасы 50-53 шамасындағы ер адамның көз жанарының көмескіленіп бара жатқанына қайғыра ма? Білмедім... осы кезде қыз жанарының астында көз жасына суарылып жатқан оң қолына бір затты қысып алған. Дәнге ұқсайды. Иә, шынында да гүлдің дәні. Қыздың қолындағы қандай дән, төсегінде жатып, дүниауи тіршілікке тәуелсіз сапарға аттанған адамның бұл қызға қандай қатысы бар..? Оны білу үшін қыздың өткеніне оралайық........
Шығармалар
Толық

Астана және Президент

Шығарманың жоспары
1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім.
2.Негізгі бөлім:
а) Астана қаласының тарихы.
ә) Елорда және Елбасы.
б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы.
г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы.
3.Қорытынды:
а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы.
ә) Астана - бүгін өскелең қала.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Шығармалар
Толық

Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы
«Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
Шығармалар
Толық

Ерлердің халқына деген махаббаты

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісов Солтан Жүнісұлы 1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.2004 жылдың 27 тамызында дүние салды, Әбжан ауылында жерленді. Көп жыл бұрын Германияның астанасы – Берлиннің іргесінде қатал ұрыс жүріп жатты. Біздің жерлесіміз, жас жауынгер қатардағы Жүнісов ең қызу орында, Қызыл Армияның алдыңғы отрядтарында болды. Бірақ амал не, оған бұл ұрысты аяқтау сәті түспеді, ол ауыр жарақат алып, тікелей ұрыс алаңынан госпитальға жіберілгендіктен, қаланы алу онсыз өтті. Солтан Жүнісов біздің ауданымызда туды. Оның балалық шағы жеңіл болмады. Ата-анасы есінде жоқ, олар үш баласын қалдырып соғыс басталардан көп бұрын қаза тапты. Және ол үлкен ағасымен және апасымен әкесінің інісінің қолында тәрбиеленеді. 1941 жылы радиодан қауіпті хабар – соғыстың басталғаны туралы хабарлады. Алғашқы күндері ағасы майданға кетті, көп ұзамай оның қайтқаны туралы қара қағаз келді. Бірақ ұзақ қайғыруға болған жоқ, 1942 жылы он жеті жасар Солтанды армияға шақырып әкетті. Алматы қаласында төрт ай оқытқаннан кейін оны алдыңғы шепке жөнелтеді.
- Түнде бізді әскери эшолонға отырғызды, дейді ол, - сөйтіп алып жөнелді, ал қайда алып бара жатқанын біздің өзіміз де білмедік. Бір-екі күннен кейін әлдебір орманның жанына түсіріп, біздің алдымызға бір төбе киімдер қойды және киінуге бұйырды, сонан соңсапқа тұрғызып алып жүрді. Сол минөттерден оның: ауыр да қатал болған жауынгерлік жолыбасталды. Ол өзі бүкіл қызмет еткен уақытта Ш Белорус майданының 13-дивизиясының құрамында жаяу әскер болды....
Шығармалар
Толық