Адам жоқтан пайда болған ба?


Автордан:

Бір күні Қазақстан тарихы сабағы барысында нақты жауабы жоқ бір сұрақпен оқушым мені тығырыққа тірегені бар, сол себепті осы жобаны жазбаққа бел байладым.Кемшілігі болып жатса сөкпейсіздер деген үміттемін. 



«Аксу қаласы Қызылжар селолық округі  

Сарышығанақ ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Жоба тақырыбы: 

Адам жоқтан пайда болған ба?

секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

 

Жобаны орындаушы: 5 «б»сынып оқушысы Айдар Аңсар Есболұлы

Жоба жетекшісі: Есбол Айдарович Даулетов, тарих пәнінің мұғалімі


Жобаның мазмұны.

  1. Кіріспе.
  2. I. Жобаның өзектілігі.
  3. II. Жобаның мақсаты,міндеттері
  4. III. Жобаның жаңалығы.
  5. IV. Зерттеу әдістері.
  6. Негізгі бөлім.

III. Қорытынды.

  1. Әдебиеттер тізімі.

 

Түйіндеме

       Тіршілік пен жер. Бұл екеуі – біз үшін ажырамас дүние. Ғарыштың бір қиырынан дәл жер планетасы сияқты бізге қолайлы ғаламшар табыла ма? Жердегідей тіршілік  ғарыш әлемінде бар ма?  Әлде біз жалғыз ғанамыз ба? Өмір қалай пайда болды?  Жоқтан бар пайда  болуы мүмкін бе?  Сол ар­қылы жасушадан эволюциялық тұрғыда дамып­,  «Homo sapiens»-ақылды адам  деңгейіне жетті ме? Әлде тіршілік байқаусызда пайда болды ма? Тіршілік тұрғысында зерттеу жүргізгенде ғалымдар осы сұрақ­тарға жауап іздейді. Бүгінде адамның ғылым­ға деген ынта-ықыласы  ауғаннан бері тіршіліктің пайда болуы төңірегінде түрлі болжамдар бар.

          Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы.  Адамдарда рух бар.  Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда. Сонымен  қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған?  Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды, атаққұмар, өзін бүкіл әлемге танытқысы келген адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде.Айналып келгенде нақты бір ойып тұрып  бұлтартпас дәлелдерімен тоқтам жасар жауап жоқ. Біз кімнің ұрпағымыз,  арғы аталарымыз өзге ғаламшарлықтар болған ба? Адам Ата мен  Хауа Ана өмір сүрген бізге беймәлім ғаламшар мүмкін «жұмақ» деп аталатұғын шығар.  Біз,  тарихшылар, Құран Кәрімді негізгі тарихи дерек ретінде қабылдамаймыз.  Бұл дұрыс емес.  3. Хадистерде Адам атаның 20 метр болғандығы айтылады. Бұл сенімсіз дерек болғанымен, 2004 жылы Малайзиядан табыл­ған 16 метрлік адамды қайда қоямыз.

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

        Адамзаттың миын ашытып, ақиқаттан, ғылым - білімнен адастыратын бір ілім бар.  Ол біздегі барлық орта мектептерде жаппай оқытылып жатқан – «Дарвин     ілімі».  Қараңыз  ҚР Білім және ғылым  министрлігі  ұсынған жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Биология» (авторлары – М.Қ.Гильманов,  Л.Ү.Әбшенова,  А.Р.Соловьева,  Алматы,  «Атамұра» 2005 жыл)   пән оқулығында  «Чарльз Дарвиннің «табиғи сұрыптау»  теориясы бойынша адамның арғы атасы – маймыл.  Бүгінгі  біздер  эволюциялық  сұрыпталу  барысында  осындай күйге жетіппіз.  Нақтырақ айтқанда, тіршілік үшін күресте кім күшті сол тірі қалып отырған»  дейді (115- бет).  Тағы сол сияқты  ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Биология» оқулығының 5-бетінде  «Адам – тірі жүйелер эволюциясы дамуының ең жоғарғы сатысы.  Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 жылы шыққан  «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу»  атты еңбегінде «Адам  жануарлар әлемінің эволюциялық  дамуы нәтижесінде  пайда болды»  деп жазады.  Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп,  эволюциялық  даму бағытына сілтеме жасады» деген сөйлем бар.

          Дарвин ілімін уағыздаушы бұл оқулықтар шын мәнінде Ресейдегі білім беру бағыты бойынша  әзірленген оқулықтардың қазақша нұсқаланған түрі. Орыс оқулығындағы жалған ілімді сылып алып тастауға бізде қауқар жоқ. Айналып келгенде бұл сол құлдық сананың кесірі.

         Материалисттер Дарвинді өздерінің жалған пікірлерін қуаттау үшін қолданған. Дарвин материалисттердің  жар салғанындай адамдардың маймылдан тарағанын немесе бір жануар басқа бір түрлі жануарға айналып кеткенін айтқан емес. Дарвин мұндай нәрсе айтқан күнде де ол сөзінің ешқандай ғылыми құндылығы болмас еді. Өйткені теория дегеніміз дәлелденбеген  нәрсе. Дәлелденбеген нәрсеге қатты ұстанып сену догма болады. Негізінде Дарвин жандылар арасындағы өмір арпалысы туралы жазған. «Түрлердің пайда болуы» атты кітабында жандылардың айналаға бейімделгенін, сол себепті аздап өзгерістерге ұшырағанын жазған. Бірақ  «бір түрдегі жануар басқа бір түрге ауысты» деген емес. Ағылшын ғылым одағының 1980 жылдағы Солфордтағы жиналысында сөйлеген Профессор Джон Дурант былай дейді  «Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті». 

 

I .I. Жобаның  өзектілігі.

         «Чарльз Дарвиннің «табиғи сұрыптау»  теориясы бойынша адамның арғы атасы – маймыл. Неге онда қазіргі  кездегі ну орман, амазонкадағы маймылдар арадан миллиондаған жылдар өтсе де адамға айналмайды - деген  күрделі сұрақ туындайды.  Ал,  Адам ата мен  Хауа анамызды,  бүкіл ғаламды жаратқан тылсым күш иесі қайдан пайда болған? Не үшін біз өзіміздің шыққан тегімізді зерттеп  біле алмай келеміз? Маймылтектес тіршілік иесіміз бе әлде ешкім ешқашан көзбен көрмеген өзге ғаламшарлықтар ма? Жоқтан тіршілік пайда болуы мүмкін бе?

  1. II. Жобаның мақсаты, міндеттері

            Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы. Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда. Сонымен қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған? Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды, атаққұмар, өзін бүкіл әлемге танытқысы келген адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде. Яғни осынау техника мен ғылым, білімнің кемелденген шағында жалпы әлемдегі адамзат назарын ең маңызды бір сұрақ «адам шын мәнінде қалай және қайда пайда болды» деген көкейтесті сұраққа  шоғырландыру қажеттілігі. Жарайды Дарвиннің «табиғи сұрыпталу» теориясын жоққа шығардық дейік, оған айтар уәжіміз бар, неге маймыл адамға айналмайды? Адамды құдай жаратты деген екінші бір көзқарасқа жұбанайын десек сол Жаратушымыздың өзі қайдан пайда болды деген  және бір өте күрделі сұрақ туындай кетеді, таусылмайтын тығырыққа тірейтін сұрақтар.

  1. III. Жобаның жаңалығы.

           Адамзаттың санасын  әртүрлі қисынсыз, дәлелсіз болжамдармен сергелдеңге салмай, нақты жалпы адамзат игілігі үшін қызмет ететін діни көқараспен шектелу қажет деп ойлаймын. Ислам дініне жалпы шолу жасай отырып,  көзжеткізгенім адамзаттың қазір жаңалық аштық деп жар салып жүрген жанайқайының басым көпшілігі құранда әлдеқашан жазылып қойған екен, мүмкін мен де Дарвин секілді қателесіп отырған болармын, дейтұрғанмен  бүгінге дейін кез-келген жаратылыстың қайдан, қалай пайда болғанына бүкіләлем ғалымдары бірауыздан жауап бере алмай келгеніне, жетекшімнің нұсқауына, түрлі деректерге қарап отырып осындай тұжырым жасап отырмын. Мыңдаған шақырым қашықтықтағы планеталарды зерттеуге жұмсалып жатқан қыруар қаржыны, уақытты,  жер бетіндегі адамзат игілігіне жұмсау қажет секілді. Мүмкін сонда  өз планетамыз Адам Ата мен Хауа Анамыз алаңсыз өмір сүрген «жұмақққа» айналар ма еді!

  1. IV. Зерттеу әдістері.
  • дереккөздермен жұмыс;
  • интернет (аудио,видео) материалдарын пайдалану;
  • баспасөз беттерінен деректер іздеу;
  • табылған, қол жеткізген материалдарды талдау, талқылау,  ой елегінен өткізу,  салыстыру,  т.б.

 

 

 

 

                                             

 

 

  1. Негізгі бөлім

           1912 жылы Англияда К. Дэйвсон бір көне сүйек қаңқаларын тапқанын айтады. Кейіннен  «Пилтдоун адамы» деп аталған бұл қаңқа маймылмен адам арасында табылған  қаңқалардың ішіндегі ең сенімдісі ретінде мәшһүр болды.  Бұл қаңқаның бас сүйегімен тістері адамдікіне, жақ сүйектері болса маймылдікіне ұқсайтын еді. Осылайша алғаш адамның маймылмен адам арасынадағы бір мақлұқ болғандығы жазылып, суреті салынды. Дінді мазақ ете бастады. Бұл қаңқаның күмәнды тараптары бар екенін айтып оның зерттеуге берілуін сұраған ғалымдарға рұқсат берілмеді.  Алайда соңғы жылдарда неміс ғалымы бұл қаңқаны зерттеп күмәнды жерлерін тапты. Нәтижеде Дэйвсонның қулық жасап адамның бас сүйегіне маймылдың жақ сүйегін орнатқанын және оған адам тістерін қойғанын жария етті.

         Ғ. Ақытұлы араб, парсы, түрік т.б. тілдерді меңгерген. Әкесі Ақыт гоминданшылар тарапынан қаза тапқан соң, Қытайда «Мәдени төңкеріс»

 жылдары  Ғазезге «ұлтшыл» деген айып тағылып, Тарым еңбекпен түзеу лагерінен 21 жылдан соң 1979 жылы 56 жасында, отбасына оралған. Ғ. Ақытұлы інісі Мақаш екеуі 1987 жылы Құран-Кәрімді арабшадан қазақшаға аударып, 1990 жылы Құран-Кәрімді 35 мың данамен Пекинде бастырып шығарды. 2007 жылы Ғағездің «Құрандағы ғылыми негіздер» және арабшадан, қазақшаға аударылған «Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың таңдамалы сахих хадистері» атты еңбегі, сонымене  қатар әкесі жайында жазылған «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар» сериясымен жазылған «Ақыт Үлімжіұлы» атты еңбегі Г. Омарованың құрастыруымен 2008 жылы Алматыда басылды. Ғ. Ақытұлының аталған еңбектерінен басқа да өлеңдер жинағы, прозалық шығармалары, терминдер жинақтары бар. Ғазез «Құрандағы ғылыми негіздер» атты еңбекті жазудағы мақсатым «Құран Кәрім діни ғибадаттарда ғана оқылатын, өлген аруақтарға ғана бағышталатын, о дүниенің барлығын ғана дәріптейтін бір оқулық деген қате танымды адамдар санасынан көтеріп, қайта онда ғылыми негіз барлығын, ол ғылыми негіздер сыры барған сайын құны күшейе беретіндігін дәлелдеу еді» дейді. Автор І тарауда Планеталардың пайда болуы Барлық жаратылыстарда жұптық және қайшылық бар Аспан кеңістігінің бетін жапқан атмосфера қабаты туралы  Құран Кәрімнің биологияға қатысты аяттары  Басқа Планеталарда жанды жаратылыстар бар ма?  Жаңбыр да өлшеммнен жауады. Құранның алдын ала берген хабарлары т.б. көптеген мәселелер саралана отырып, Құран сүрелері келтіріледі. Ғ. Ақытұлы «Құран Кәрім тек Ислам дініндегілерге тура жол сілтейтін жетекші кітап қана болмастан, онда астрономия, биология,    планеталарда жанды жара­тылыстар бар ма? Жаңбыр да өлшеммен жауады Құранның алдын ала берген хабарлары  т.б.  көптеген мәселелер саралана оты­рып, Құран сүрелері келтіріледі. Ғ. Ақытұлы: «Құран Кәрім тек Ислам дініндегілерге тура  жол сілтейтін жетекші кітап қана болмастан, онда астрономия,  биология,  философия,  физика, математика,  космология,  жағара­пия, әдебиет сынды алуан  ғы­лымдардың негізі қамтылғанын түсіне бастадым» дей келіп, Ға­зез: «Құранда ешқандай ғылыми­лық жоқ, артық-кем жазылған бір «құрапи кітап-мыс» деген көзқарасқа жоғарыдағы кітапша­мыздың бастапқы тарауында жазылған Құран Кәрімнің физика, химия, физиология, космология, математикаға қатысты бір­қанша аяттары және оның алдан болжаған бірқанша дұрыс мең­зеулері жауап болады деп ойлай­мын» дейді. Еңбектерді құрас­тыру барысында Ғазез қажының Құрандағы ғылыми білімдерді Батыс, Шығыс т.б. шетел автор­ларының көзқарастарына сүйене отырып өз түйіндерін жасап зерделегенін байқадық.  Еңбектің  2 тарауында «Құран Кәрімдегі математикалық мұғжизалар»  ай­шық­талып,  ғылым мен компьютерлер Құран Кәрім қыз­метінде т.б. қамтылады. Ғ. Ақыт­ұлының «Құрандағы ғылыми негіздер» ең­­бегінің басты құн­дылығы: 1. Ав­тордың Құран Кәрім­дегі білімдерді игеріп, ондағы ғы­лыми негіздер туралы өзінің ғылыми ой түйіндерін жасауы. 2. Құран Кә­рімді ғылыми айна­лымға енгізуді күн тәртібіне қо­йып, келер уақыт арнасында Құ­рандағы ғылыми білімдерді  қол­данбалы  ғылым­дар  салаларында  зерделеуге жол ашуы. 3. Құран­дағы мораль, ақыл-ой мен сана, мәдениет, психология туралы ав­тордың соны пайымдаулары же­ке адам­ның дүниетанымында адамгершілік, имандылық қа­сиет­­тердің қалыптасуына игі ық­пал ететіндігіне еш күмән келтіруге бол­май­ды. 4. Бұл еңбек дүние жүзі қазақтары арасынан Құрандағы ғылыми негіздерді жан жақты саралап талдауға ар­налған ең ал­ғаш­қы құнды еңбек екенін ай­туы­мыз керек.  Шетел профес­сорлары  К.Мор, Альфред  Корнер,  Тасажа Тасажон  т.б. Құ­рандағы  ғылыми тұжырымдар не­гі­зінде зерттеулер жүргізіп, ол зерт­теулердің Құран аяттарыма дәлме-дәл келгеніне қайран қалған. Ғ.Ақытұлы «қазір ғылым соңы­на түсіп зерттеп отырған бір мәселе, басқа планеталарда жан­ды жаратындылар бар ма, бар болса ақыл иелері ме, олармен тілдесе алатын ортақ қатынас құралын тапқырлай аламыз ба, жоқ, ұшатын  тәрелкелер туралы таралған аңыздар рас па,  жоқ, деген сұраулар  соңғы жылдары зиялы ғалымдар арасында ғана болмастан, ауыл-қыстақтағы егіншілер мен малшылардың да аузындағы әңгімесіне айналды» дейді. Өзі  шалғай жер ауылында тұратын 89-жасқа қараған Ғазез ақсақалдың дүниенің қыр-сы­рын, ақиқатты тануда қазіргі ғылым дәлелдеген көзқарастарға қарама-қайшы келетін ой-пікір­лері жазылған еңбегі қазіргі кездегі осы саладағы біздің ғылым­ның қандай деңгейге жеткендігін байқатса керек. Мәселен,  Ы. Ал­тынсарин  «Шариат-ул ислам»  еңбегінде  «Егер біреу сұраса  Мә­селен,  адам топырақтан кір­піштей,  табақтай нәрселер істесе, мұны түп жаратушы кім екендігін тергеп кісі сұраса керек  «Топы­рақты кім жаратты?» деп, «Топы­рақ жерден алынды», десе, «Жерді кім жаратты?» демек керек болар. Әлбетте, жерді, көкті, отты, желді, суды біреудің жәрдеміне мұқтаж жандықтардың еш бірі жаратуы мүмкін еместігі әркімнің көзіне көрініп тұр. Бұлай болса, бұл дүниедегі зат, мақұлықтардың бәрін де ең әуелі барлыққа келтіруге  ешкімнің  жәрдеміне  мұқтаж емес бір иенің барлығында еш шек – шүбә жоқ болса керек» – дейді. Бүгінгі ғылымда Ч. Дар­вин­нің эволюциялық теория­сымен Ресей, АҚШ, Батыс Европа, Орталық Азия т.б. елдердегі шетел ғалымдары  ғана емес,  көптеген мектеп мұғалімдері мен сынып оқушылары, алыс ауыл­дардағы көп нәрсені тереңдей ізденіп оқымаған жай қарапайым адамдарға дейін келіспей отыр. Ч.Дарвиннің эволюциялық тео­рия­сымен келіспейтін түрік ға­лымы Однан Октар («Обман эво­люции»), А. Михайлов («Пора понимать Коран»)  т.б.  бірі  Ақтау қаласының тарих пәні мұғалімі М. Арынов: «Біз қазақстан тарихы пәнінде адамның пайда болуы туралы оқытамыз. Тарихшы ретінде біз адамзаттың пайда болуы туралы оқушыға дерек беретін алғашқы ұстаз екеніміз анық.  Өз басым дарвинизмге қарсы бол­ғандықтан  «Адамды Құдай жаратты» деген пікірде қала оты­рып, өзімнің бірнеше дәлелімді келтіргім келеді. Қазіргі кезде адамның пайда болуын зерттеген кейбір ғалымдардың өзі адамның арғы тегі маймыл емес, керісінше, кейбір маймылдың арғы тегі адам… азғындаудың нәтижесінде маймылға айналды деген пікір айтып жүр. Бұл пікірді Құран  аят­тары қоштайтынын анық байқа­дым.  Мысалы: «Тыйым салынған істерді орындамаған­дарға «Май­мылға айналып кетіңдер» деп қарғыс айттық («Әғраф» сүресі, 166-аят.).  Біз,  тарихшылар,  Құран  Кәрімді негізгі тарихи дерек ретінде қабылдамаймыз. Бұл дұрыс емес. 3. Хадистерде Адам атаның 20 метр болғандығы айтылады.  Бұл сенімсіз  дерек болғанымен,  2004 жылы Малайзиядан табыл­ған 16 метрлік адамды қайда қоя­мыз»  деп т.б. өзінің көкейтесті пікірлерімен бөліседі. А. Пушкин Құрандағы 33-ші сүренің мән-мағынасын поэзиялық тілмен жазып шыққаны белгілі. Бұған А. Пушкиннің өз сөзі дәлелі «Көп­теген ақиқат пен өмірдің барлық мән-мағнасы Құранда анық баяндалған, керемет бейнеленіп, поэтикалық сипатта жа­зылған» дейді ұлы орыс ақыны. Ф.Достаевский «Пушкиннің Ислам жайлы қалам тербеуінің себебі оның үлкен сенімділігі мен қайраттылығынан деп білемін» десе, К. Рылеев  «Пушкин, сен өзіңнің  Ислам жайлы жазған дүниелеріңмен бізден алшақтап бара жатқандайсың. Бірақ біз сені кешіруге дайынбыз.  Сен біз үшін орыстың «Байроны» болып қала бермексің. Құдай үшін, сенің сүйікті Магометің үшін ант етейін, кері қайт! Сен оған еліктеме! Сен егер білсең еді, мен сені қатты құрметтеймін, асқан да­ныш­пандығың үшін саған бас ием!» деп жазған. («К. Рылеевтің Пушкинге жазған хаты». 1825 жы­лы, 12 мамыр).  Л. Толстой «Күллі ғылым Құранда жазыл­ған» десе, И.Бунин «Құран мені қайран қалдырды! Мен бұған
дейін де, бұдан кейін де мұндай кемел кітапты көрген емеспін» деген И. Бунин поэзиясының  жау­һар­лары  қатарына  Құран­ның  «Әлиф. Ләм. Мим» эпи­графы­мен басталған оның «Құ­пия» деп аталған өлең жолдарын сөзсіз қосуға болады.
Ғ.Ақытұлының араб тілінен қазақшаға аударылған  “Таңда­малы хадистері” (араб тілінен қа­зақ тіліне аударылған Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “сахих” хадистері) ата аналар мен бала­ларға, отбасына арналған иман­дылық туралы хадистерінің бү­гінгі күні маңызы зор. Иман­дылық  жеке адамның рухани жан дүниесінің кемелдене дамуына терең әсер ететін құбылыс. Ар,  Ұят,  Адалдық, Әділдік секілді құндылықтар терең иманды­лықтан бастау алады. Тұла  бо­йында иманы жоқ,  басқа мәде­ниеттің ықпалына ұшыраған,  мәңгүрттікке бой алдыра бас­таған, қайырымсыз адамнан ұлт болашағын ойлайтын, елін қор­ғайтын адам шығуы  неғай­был.  Имандылық  ұлттық  тәрбиенің  басты нысанасы болу үшін 1-ші сыныптан 11-ші сынып оқушы­ларына дейінгі мектеп жасындағы балаларға арналған имандылық тәрбие беретін  «Имандылық тәр­бие»  атты оқулық жазылуы керек.  Абай 38-ші сөзінде  «Аллаһ табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?  Оны көбі  білмейді.  «Тафаккару фиала ила­һи» деген хадис шәріфтің «иннал­лаһу йухиббул мақситин» деген аяттарға ешкімнің ықы­ласы, көңілі менен ғылымы жетіп құп­та­ғанын көргеніміз жоқ. «Әтә­мурун әннәсә билбирри уәәхсәну инналлаһу йүхиббул-мұхсиннің», «уәлләзина әмәну уәғәмилусса­лихати улайкаасхабул жәннәти һәм фиһа халидун» деген аяттар Құранның  іші  тол­ған  ғамалус-салих не екенін білмейміз» –деп айтқан осы сөздерін, біз толық танып біле алмадық және адам­зат  Құрандағы ғылыми негіздер­ді толық танып біле алмайтынды­ғын көптеген ғұламалар айтып кеткен. Дегенмен, мектеп оқу­лық­тарында Ч.Дарвиннің эволю­циялық ілімі әлі де оқытылуда. Ғ. Ақытұлының «Құрандағы ғылыми негіздер» еңбегі елімізде Құрандағы  ғылымды  зерделеуге  ашылған алғашқы жол бола оты­рып,  ғылымның діни білімдермен сабақтастыра зерттеу алдын­дағы түбірлі бетбұрыстар ашы­луы­ның бастамасы деп ой­лаймыз. Сананың отарсыз­дануы басталған  қазіргі кезде  Ч. Дар­виннің эволюциялық теориясы турасындағы зерттеу әлі толық және түпкілікті аяқталмаған деген пікірде қала отырып, әлем­нің,  дүниенің,  адамның  жараты­луының қыр-сыры әлі түпкілікті зерделеуді қажет ететіндіктен осы мәселенің тұщымды жауабын көзі қарақты оқырман отандық дінтанушылардан емес, тарих, антропология, философия, медицина, биология,  генетика,  эмбриология,  анотомия  т.б. сала ғалымдарынан күтуде.  Бұл ең­бектер бүкіләлемдік дінаралық сұхбат өрбіп отырған бүгінгі күні  діни ғылымға қосылған үлкен үлес болумен бірге күн өткен сайын бұл еңбектердің маңызы арта береді.  1922 жылы  «Плиоцен» дәуіріне жататын бір азу тіс табылды.  Эволюция  теориясының  жақтастары  дереу мұны алғаш адамға тән тіс деп жариялады.  Бір азу тіспен шабыттанып  «Небраска адамы жұбайымен» деп атап қияли суреттер де салып жібереді. Америка және ағылшын  баспасөз құралдарында осы туралы қаншама күн мақалалар жазылды.  Соңында  бұл тіс доңыздың тісі екендігі анықталды. Жарты бас сүйек,  жамбас  сүйегі және үш азу тіс бөлек бөлек жерлерде табылады. Бұлардың  бәрін бірге қосып атын «Ява адамы”  деп атайды.  Бұған орай профессор  Дуане  Гиш былай дейді «Ява адамы дегендері негізінде маймыл.  Маймылдың  бас сүйегімен адамның жамбас сүйегін бірлестіріп атын Ява адамы деп шығарған».

Бұл сүйектерді тауып атын  Ява адамы деп қойған мистер Дубойс өлімінен алдын шындықты жариялады.  «Ява адамы деп атаған сүйектерім шындығында гиббон маймылы еді»  дейді. Адаммен  жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы.  Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ.  Материалисттердің  бұл рухтан  хабары  болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда.

         Сонымен қатар ондай адам болыпты,  мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған?  Неге мыңдаған емес?  Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде. Дарвин теориясының қазір құны жойылған. 2004 жылы сәуір айында Италия білім министрі Летиция Моратти орта мектепте бұл ілімді оқытуды тоқтату жайында комиссия құрып, оны Нобель сыйлығының иегері Ритой Леви - Монтальчини басқарды. Сер­бия министрі Лиляна Чолич аталмыш теорияны оқудан алып тастады. 2005 жылы Дарвин ілімін оқытқаны үшін Түркияның Мерсин қаласында бес мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Американдық Мичиган университетінің зерттеуіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының алтыдан бірі ғана жалған ілімге иланады. Ал, Жапония, Исландия, Дания, Швеция, Франция тұрғындарының 80 пайызы қарсы (www.rian.ru).

         Адамзат баласы бүгінгі таңда жаратылысты жаңғыртып,  жұмыр жердің асты мен үстіндегі ғаламат құпиялары мен қазыналарын ашып қана қоймай, қадым заманнан бері қиялға айналған ғарыш кеңістігіне құлаш сермеп үлгерді. Тіпті жұлдыздар әлеміне ғарышкерсіз аппараттарды жөнелтіп, өзге ғаламшарлардың құпиясы­н ашуға деген жанталас басталып кеткелі қашан?!  Ғалымдардың мұндағы бар мақсаты – болашақта адамзаттың өмір сүруіне қолайлы әлем табу. Жұмыр бастылард­ың ғылым саласында жеткен жетістігі аз емес. Прибор ішінде тірі ағзаны­ң жасушаларын дамытып, болашақта пенденің дене-мүшелерін өсіріп шығаруға бетбұрыс­ жасауда. Рас, ғылымның арқасында ғалымдар талай жетістікке жетіп үлгерді. Бірақ ғалымдардың жауап таппаған бір құпиясы – жердегі тіршіліктің қалай пайда болғанды­ғы. Адам болып жаратылғаннан бері көкжиекке көз сүзіп, бұл ғаламның қалай пайда болғандығы жөнінде түрлі пікірлер мен болжамдар  жасап, тылсым өмірдің пайда болу құбылысын өздерінше топшылап келеді. Алайда, нақты дәлел жоқтың қасы.

       Тіршілік пен жер. Бұл екеуі – біз үшін ажырамас дүние. Ғарыштың бір қиырынан дәл жер планетасы сияқты бізге қолайлы ғаламшар табыла ма? Жердегідей тіршілік ғарыш әлемінде бар ма?  Әлде біз жалғыз ғанамыз ба? Өмір қалай пайда болды?  Жоқтан бар пайда болуы мүмкін бе? Сол ар­қылы жасушадан эволюциялық тұрғыда дамып­,  «Homo sapiens»-ақылды адам деңгейіне жетті ме? Әлде тіршілік байқаусызда пайда болды ма? Тіршілік тұрғысында зерттеу жүргізгенде  ғалымдар  осы сұрақ­тарға жауап іздейді. Бүгінде адамның ғылым­ға деген ынта-ықыласы  ауғаннан бері тіршіліктің пайда болуы төңірегінде түрлі болжамдар бар.  Алайда,  ғалымдар ара­сында қызу талқыда жүрген әрі қайта-қайта дәлелдер табылып,  бір-бірін жоққа шы­ғаруға ұмтылған бес болжам бар.

Діни ағымдардың нанымына сенсек, адамды, оның ішін­де тіршілікті Құдай жаратқан.  Әсіресе, ислам мен хрис­тиан діндерінде Жаратушы жерді 6 күнде пайда қы­лыпты.  Ал,  Ирландиядан  шыққан архиепис­коп  Ашер 1650 жылы Адам Ата мен Хауа Ананың пайда болған күнін есептеп те шы­ғарған көрінеді. Ашер христиандардың қасиетті кітабы – Библиядағы әулие-әмбиелердің өмір сүрген уақыттарын есепке алып,  адамзаттың жерде қоныстанған уақытын дәл тауыпты-мыс. Оның есеп­теуінше, Адам Ата Құдайдың құдіреттілігі­мен біздің заманымызға дейінгі 4004 жылы қазанның 23-і күні таңғы сағат 9-дар шамасы­нда пайда болған. Дегенмен, шығыстағы археологиялық қазбалар адамзаттың тарихы әріде жатқанын дәлелдеуде.

          Келесі болжамды әлем ғалымдарының көп бөлігі қолдап,  түрлі дәлел-дәйек­термен тіршіліктің пайда болу пайымдарын айтып келеді.  Солардың бірі – белгілі ғалым А. Опарин болжамы.  Ғалымның еңбек­теріне жүгінсек,  жердегі өмір өліден пайда болған көрінеді.  Яғни табиғатты жер бетін­де үлкен жарылыс болып, нәтижесінде химия­лық-физикалық реакция нәтиже­сінде жансыз жандыға айналыпты-мыс.  Және ғалым өмірдің бастауы вулканның әсерінен ысыған судағы аминқышқылы, көмірсутегі, нуклеотид сынды элементтері синтезделіп, найзағайдың қуаты мен ультрафеолеттік шағы­лыс нәтижесінде және радиацияның арқасы­нда бір мезгілде пайда болыпты-мыс.  Бұл болжамды кеңес вулканологы Е. Мархинин қуаттаған. Алайда, А. Опарин болжамы әлі де дәлелденген жоқ.

Өзінен-өзі пайда болу концепциясын Аристотель алғаш ұсынып, өлі табиғаттан өмір пайда болады дегенді жалпақ әлемге жайып салды. Бірінші ұстаздың болжамына  Платон,  Галилей,  Декарт, Гегель,  Ламарк қолдау білдірген. Бірақ бұл концепция тек болжам күйінде қалып, олардан кейінгі ғалымдар да бұл теорияның  «шындыққа» айналуы­на себепкер болды. 1688 жылы итальян­ биологы Франческо Реди зерттеу жүргізу барысында шіріген етте тіршілік нышан­ын байқаған. Алайда, өзге ғалымдар шіріндідегі пайда болған тіршілік шыбынның жұмыртқасы екенін дәлелдеген. Сондай-ақ, ғалымдардың бүгінде прибордың ішінде тірі жасушаларды өсіруі осы болжамның расқа айналуы­на мүмкіндік жасауда. Ч. Дарвиннің эволюциялық даму теориясы бойынша өлі­ден пайда болған тіршіліктің арқасында табиғат күрделеніп,  мутацияланып, ақылды адам деңгейі­не дейін жеткен. Дегенмен, өлі­ден тірі пайда болды дегенге сену тіптен қиын.

Жиырмасыншы ғасырдың басында Кельвин, Гельмгольц сынды ғалымдар ғылымға панспермизм ұғымын қосты.  Бұл теория да өмірдің қалай пайда бол­ғаны туралы сауалға жауап іздеу барысында дүниеге келді. Панспермизм концепция­сының мағынасы жерге тіршілік жұлдыздар әлемінен әкелінген дегенд­і білдіреді. Яғни, жер бетіндегі тірші­лікпен қатар адам да жерге­ бөтен ғаламшардан жеткізілген. Өткен ғасырдың басында қолданысқа енген панспермизм     теориясының қолданысы 40-50-жылдары бәсеңдеп, 60-жылдары түрлі ғалымдардың пікірі мен болжамдары арқасында қайта жанданғ­ан. Сол кезден бері бұл концепция өз мәнін жойған жоқ. Белгілі ғалым Арре­ниустың айтқан пікіріне жүгінсек, біз өмір сүріп жатқан әлем, ғаламшарлар, жұлдыздар, галактикалар мәңгілік өмір сүріп келеді екен. Олардың арасында зат алмасу болады екен. Сол зат алмасу арқасында ең алғаш жер бетіне­ тіршіліктің спорасы түскен көрінеді. Және өзге ғаламшарларға да осы споралар түсіп тұрады екен. Бірақ жердің қолайлы жағдайы болғандықтан, тіршілік спорадан ақылды адам деңгейі­не жеткен. Орыс ғалымдары да осы болжамды қолдап, С. П. Костычев, Л. С. Берг, П. П. Лазеревтер өздерінше тұжырымдармен дәлелдеуге тырысқан.

        Ал, бүгінде NАSA ғалымдары бұл бол­жамға ерекше ден қойып отыр. Олардың пікірлері бір арнада тоғыспайды. Бір бөлігі метеориттерді зерттеу барысында тапқан органикалық заттардың себебінен жерге тіршілікті құйрықты жұлдыздар әкелген деген­ болжамда. Ғалымдардың ендігі бір тобы жерге­ өмірді арнайы тасымалдаған деген пікірден танбай отыр. Олардың арқа сүйеген дәлелі жердің қай тұсында болмасын кездесіп тұратын БҰО болып отыр. Жатғаламшарлықтар жерге тіршілікті зерттеу жүргізу мақсатында жеткізген.­ Демек олардың пікірінше біз зерт­хана­лық қоян сықыл­дымыз.

         Ал аңыз-әңгімелерге сүйенсек, өмір мәңгілік жалғасуда. Бұл ретте ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінде жатқан әрі бір-бірімен кездесу «бақыты» бұйырмаған нәсілдер мен ұлттардың аңыздарында кездесетін ұқсас образдарды басты назарда­ ұстайды. Мысалы, әлем халықтарында жиі сөз болатын бір көзді алыптар (Атланттар),  ерекше күш иесі алып адам-құдайлар  (Титан­дар)  адамның арғы тегі саналады. Жер бетінде өмір сүріп жүрген жұмырбастылар төртінші өркениет саналады. Бізге дейін бірнеше өр­кениет өмір сүріп, олар өзара соғыстардың кесірінен жойылғанға ұқсайды. Бұл ретте бұл болжамды қол­даушылар атцтектердің «окасындағы» (күнтіз­бесін­дегі) ақырзаман дегеннің орнын­а дәуір алмасу екенін алдыға тартады.  Сондай-ақ Тибеттегі алып суреттер, шумерл­ер­дің археологиялық қазбалары, Ежелгі Грекия мен Рим әдебиеттері мен Египет, Оңтүстік Америка байырғы халық­т­ары­ның аңыздары да осы пікірге дем бергендей. Бізден кейін де талай өркениеттер жерде дәурен құрады-мыс.

          Адамзатты толғандырған жаратылыстың сыры әлі де ашылмаған күйде қала бермек­.  Бірақ өмірдің пайда болуына бір құдіретті күштің әсері бар екені ақиқат. Чарльз Дарвин айтқандай,  қаншама ғалымдар өмір сүріп, зерттеу жүргізгенімен, олардың болжамдары мен зерттеулері жаңа дәлел пайда болғанда жоққа айналып, жаңа ғылым саласы ашылып, құпияға жақындауымыз мүмкін. Ал бүгінше бар шындық­ осы бес концепция төңірегінде қала бермек.  Рим дәрігері К. Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді.  Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К. Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К. Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды.

        Макс Планка атындағы эволюциялық антропология Институтының эволюциялық генетика бөлімінің директоры Сванте Паабо,  Алтайдағы Денисов үңгірінен табылған ежелгі адамның саусағына жасалған ядерлік ДНК қорытындысы бойынша,  Алтай адамының геномы,  қазіргі адамдардың эталондық геномынан 804 мың жылға кейінге айырмашылықты көрсететінін жариялаған.  Былайша айтқанда,  қашаннан түркі тектес халықтардың атақонысы – Алтай аймағындағы адамдардың ең алғашқы тегінің пайда болғанына, ондағы геномның құрамын талдау барысы қорытындысы – 800 мың жылдан артық уақыт өткенін растап отыр, бұл – үлкен ғылыми жаңалық.  Алтай адамы табылған Денисов үңгірі  2. Ал үңгірден табылған Алтай адамының жасын, зерттеушілер, үңгірдің 22-мәдени қабаттағы ерте орта палеолитке жататын деректер негізінде 282±56 мың жыл деп айқындаған, сол бойынша интернеттегі барлық хабарларда, табылған Алтай адамының жасын бұдан 280 мың жыл бұрын өмір сүрген деп көрсетіп жүр.  3. Алтайда 1 млн жылдан артық уақыт бойы жергілікті Homo erectus-тің автохтонды (жергілікті) эволюциялық дамуы жүрді оншалықты ешкімнің араласуынсыз, жердегі адам дамуының барлық сатысын бастарынан өткеріп, орталық плейстоценнің аяғы – жоғарғы плейстоценнің басында, бұдан 50-45 мың жыл бұрын, жоғарғы палеолиттік ең бір жарқын, мәнерлі индустрия негізінде, автохтонды эректойдтық формада, қазіргі типтегі осы заман адамы – Homo sapіens orientalensis пайда болды деген қорытынды жасаған.  Алтай адамдары осы уақытта сүйек индустриясын (ине, біз, т. б.) және сүйек, тас, раковинадан утилитарлық мақсатта емес заттарды өндіруді  (моншақтар,  алқалар) дамытқан. Әсіресе, ғалымдарды таң қалдырғаны – тастан жасалған білезік фрагменті, оны дайындауда тегістеу, жылтырату, егеу, бұрғылау секілді техникалық әдістерді қолдануы. Осылардың негізінде, шамамен бұдан 45 мың жыл бұрын,  Алтайда мустьер мәдениетіне жататын индустрия пайда болды,  оның тұрғындары сол кездің өзінде қазіргі адамдардың мінез-құлқын, тәртібін иемденген деген қорытындыға келген. Бүгінгі күнгі Планетадағы адамдардың ішінде ежелгі Алтай адамдарының генокодын иеленуші жалғыз ғана адамдар тобы бар.  Олар – Меланезия тұрғындарының шамамен сегіз проценті.  Б. з. д. 804 мың жылдары пайда болып, бұдан 280 мың жыл бұрын Алтай аймағында өмір сүрген Алтай адамымен туыстас бүгінгі меланезиялықтар 4. Зерттеу қорытындысы бойынша, Алтай адамының ДНК-сы: Homo sapіens түріне де, неандертальдықтарға да, осыған дейін ғылымда белгілі болған адамдардың арғы тегінің біреуіне де, сәйкес келмейді, яғни  «Алтай адамы – бұрын белгісіз болған, адам тегінің жаңа бір бұтағы»  деген қорытындыға келген. 5. Осы зерттеушілердің дерегі бойынша, Алтай адамының генетикалық материалдарының 4-6 проценті қазіргі Планетада тек қана Тынық мұхитындағы, Австралияның оңтүстігіндегі Меланезия аралдары адамдарының 8 процентінің бойында сақталған. яғни Алтай адамдарының тегі жердің оңтүсік бөлігіне дейін тараған. 6. Осы жаңалықтарды ескере отырып, ғалымдар  неоантроптардың,  яғни «Homo sapіens-тің төрт тармағы болған деген қорытынды жасайды. Олар Homo sapiens africaniensis (Африка),  Homo sapiens orientalensis  (Оңтүстік шығыс және Шығыс Азия), Homo sapiens Neanderthalensis (Еуропа) және Homo sapiens altaiensis (Солтүстік жөне Орталық Азия). «Барлық археологиялық, антропологиялық және генетикалық зерттеулер, біздің көзқарасымыз бойынша, нақтылы осыны айғақтайды» деген хабарлама орналастырған Александр Цыганов, ИТАР-ТАСС, Москва-ға берген өз мақаласында. Бұл дегеніңіз, біріншіден, «моноцентристердің жердегі қазіргі адамдар бұдан 200 мың жыл бұрын, бір жерден, Африка адамдарынан шықты» деген қорытындысын жоққа шығарып отыр.  Екіншіден, «моноцентристердің жердегі қазіргі адамдар бұдан 80 мың жыл бұрын дүние жүзіне тарай бастады» деген қорытындысын да жоққа шығарып отыр. Жердегі алғашқы адам тегінің пайда болуы туралы, жоғарыдағы деректер негізінде, қорыта айтқанда, осы сұрақпен айналысушы ғалымдардың арасында соңғы қалыптасқан пікір бойынша: – қазіргі саналы адамдардың тікелей арғы тегіне тік жүретін адам Homo erectus жатады, оған  сүйегі Ява аралынан табылған, б. з. д. 700 мың жылдан бастап бұрын Индонезияда, басқалармен араласпай, оқшау өмір сүріп, б. з. д. 27 мың жылдары құрып біткен, Homo erectus адам тектерінің бірі – питекантроптар, Пекин маңындағы үңгірден табылған, бұдан 770 мың жылдар бұрын, басқалармен араласпай, оқшау өмір сүрген Homo erectus адам тектерінің бірі – синантроптар, қазіргі саналы адамдардың тікелей арғы тектерінің жалпы атауына жататын – палеоантроптар жатады, – б. з. д. 300 мың жылдардан 40 мың жылдарға дейін өмір сүрген археологиялық қазбалардан табылған және бүгінгі саналы адамдардың  (Homo sapіens) жиынтық атауы — неоантроптар (Homo sapіens) — саналы адамдар,  оның төрт тармағы  Homo sapiens africaniensis (Африка), Homo sapiens orientalensis (Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия), Homo sapiens Neanderthalensis (Еуропа) және Homo sapiens altaiensis (Солтүстік жөне Орталық Азия) болған. Яғни қазіргі саналы адам тегі шыққан жерлері бұдан былай төрт аймаққа бөлінеді, оның соңғысына Қазақстан кіреді. 

        Енді мына бір қарапайым  жазбаға көз жүгіртіп көрейік.

Адам ата  – жер бетіндегі бірінші адам ба, әлде адамға кейін жіберілген бірінші пайғамбар ма? Әлде бірінші адам әрі бірінші пайғамбар ма?

Құран аятында Адам ата мен Хауа анадан көптеген еркек пен әйел тарағаны айтылады. Ал сол Адам атаның ұлдары кімдерге үйленген? Өздерінің туған қарындастарына ма? Адам атаны ұрпағы олай болмаған күнде қалай жалғасады? Ұрпақ жалғастығы үшін одан  басқа қандай тәсіл бар?  Бұған жауап берушілер ол заманда Алла Тағала ағалы-қарындастың үйленуіне  әлі тыйым салмаған дейді.  Ұрпақ жалғастығы үшін. Ал одан кейін бірден қатаң тыйым салған. Хауа ана Адам атаның қабырғасынан жаралды емес пе, солай ете тұра екеуі некеленді. Бұл да сол секілді дейді.

Генетиканың заңы бойынша, ағалы-қарындас үйленетін болса, олардан туған ұрпақ міндетті түрде кесел-кемтар, ауру-сырқау  болатыны  медицинада әлдеқашан дәлелденген. Оны айтасыз,  қазақтағы жеті атаға толмай қыз алысудың өзінде ұрпағының генетикалық ауытқушылыққа ұшырайтыны ғылымда дәлелденген. Бұған керісінше некелескендердің қан туыстығы алыстаған сайын ұрпағының дені сау болатыны анықталған.

Ендеше, Адам атаның ұлдары кімдерге үйленген? Бұның бізге мәлім  үш түрлі нұсқасы бар.

         Бірінші нұсқа бойынша,  Алла Тағала ағалы-қарындастың жұп құруына әуел баста-ақ қатаң тыйым салған. Сондықтан Адам атаның балалары бір-біріне, ағасы қарындасына үйленді деген мүлдем дұрыс емес. Дұрысы, Адам атаның  ұлдары Адам Пайғамбар болып тағайындалғанға дейін өмір сүрген әлдебір тайпаның қыздарына үйленген. Бұған илансақ, Адам жер бетінде пайда болған бірінші адам емес. Оған дейін адамдар өмір сүрген. Адам – бірінші Пайғамбар, бірақ ол өзіне дейін өмір сүрген тайпаға жіберілмеген.  Бұл нұсқаға сайсақ, Құран Кәрімнің «Сиыр» (Бақара) сүресінің 30-аятында айтылғандай, Алла Тағала Адамды жаратарда періштелер  Оған «жер бетінде қан төгетін біреуді жаратқың келе ме?»  дейді.  Яғни бұл – періштелер Адам атаға дейін жаратылғандардың қан төккен теріс қылығын көрген деген сөз.  Оларды тура жолға салу үшін Пайғамбар жіберілмеген. Бірақ бұл нұсқаны  оқымыстылар әлсіз деп  есептеген.

Екінші нұсқа бойынша  960 жыл өмір сүрген Адам нәбидің балалары өте көп болған.  Ал Адам атаның зайыбы Хауа ананың дене құрылысы ерекше біткен, яғни қос құрсақты болған. Сондықтан 500 ұл мен қыз жеке біткен құрсақта үнемі егіз туған.  Мәселен, Қабылдың егіз туғаны айтылады.  Егіз туған қарындасы қыз болған, бірақ Қабыл Абылмен егіз туған қызға үйленбек болады. Қабыл бұған қарсы болады, себебі егіз туған қарындасы өзі үйленетін қыздан сұлу болады.  Бір мезгілде туған егіздерге үйленуге Адам ата тыйым салған, оларды арасына мезгіл салып, кейін туғандарымен некелендірген.  Бірақ бұл нұсқаны да оқымыстылар әлсіз деп есептейді.

        Үшінші нұсқа оларға қарағанда оқымыстылар тарапынан көбірек қолдауға ие болған.  Бұл нұсқа бойынша,  Адам атаның ұлдары хор қыздарына үйленген.  Яғни Алла Тағала Адам атаның ұлдары үшін арнайы хор қыздарын жаратқан. Олардан пайда болған балалардың немере қарындастары мен немере ағаларына үйленулеріне рұхсат берілген. Бұл күшті нұсқа саналады. Ал ол хор қыздары періштелер емес. Хор қыздары деп оларды пәк болғаны үшін айтады. Мәселен, Алла Тағала Құранда Иса пайғамбарды әкесіз жаратқанын айтады. Исаның анасы Мәрия ана періштедей пәк болған. Ал Қияметқайымнан кейін болатын жұмақтағы хор қыздары  ол мүлдем басқа жаратылыс.

         Қазір Жер бетіндегі адам саны 7 миллиардтан асты. 2021 жылы 9 миллиард болады деген болжам бар. Осының бәрі – топырақтан жаралған Адам ата мен оның қабырғасынан жаралған Хауа ананың ұрпақтары. Сонымен, Адам атаның ұрпағы кімнен жалғасқан? Абылды Қабыл өлтіргені анық. Сонда бәріміз күнәһар Қабылдың ұрпағымыз ба?  Кейбір дерек бойынша,  Адам атаның ұрпағы Абыл мен Қабылдан тарамаған,  Адам атаның Шиш деген үшінші  ұлынан тараған. Шиш – Адамның мұрагері.  Адам атадан соң 200 жыл пайғамбарлық еткен. Себебі Қабылдың қолы қанға былғанып,  күнәға батқандықтан,  ол ұрпақ жалғастыратын мұрагер бола алмағаны айтылады.  Сол себепті әрі Қабылдан тараған ұрпақтар оның күнәлі істерін жалғастырғандықтан,  Нұх пайғамбардың кезіндегі топан суда олар түгел жойылған делінеді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

         Осы жоба тарих пәнінің қаншалықты маңызды екендігін ұғындырғандай болды. Оқулық беттерін ақтара отырып көзім алғашқы адамдар жайлы тақырыпқа түсіп кетті. Ойлана келе мұғалімнен адам қалай пайда болған деген сұраққа жауап алмақ болдым. Түсінгенім, адам жаратылысы жайлы қалыптасқан   екі түрлі көзқарас бар екен. Біріншісі  «дарвиннің сұрыпталу»теориясы болса, екіншісі адамды құдай топырақтан жаратқан деген болжам. Google желісі арқылы екі нұсқа бойынша деректер іздей бастап едім, бір-біріне қарама-қайшы бірнеше ғылыми зерттеулер мен деректерге тап болдым. Мұсылман халықтарының ұғымы бойынша «құдай»барлық әлемді жаратқан екен, ол бәрін білуші, көруші ғажап құдіретті тылсым күш иесі. Адам ата мен Хауа ананы топырақтан жаратып жан бітірген деседі.Күмәнға толы күрделі және бір жаңа сұрақ туындайды,ендігісі сол құдірет иесінің өзі қалай және қайдан пайда болды? Құран кітабында сипатталатын сол «жұмақ» бәлкім осы жердің өзі шығар? Жоқтан пайда болу мүмкін емес қой! Дарвинге сүйенейін десеңіз де тығырыққа тірелесіз, құдайға сенсеңіз де тығырыққа тірелесіз, соншама ғарышты зерттеп,озық технологияны ойлап тапқан не керек өзіміздің қайдан шыққанымызды зерттеп біле алмасақ? Жоқтан пайда болдық па? Ойлану керек ғалымдар!

 Жетекші пікірі:

          Осы жобаны бастайтын кезде оқушымның мені бір тығырыққа тірегені бар, мұғалім: адамды діни көзқараспен айтқанда құдай жаратты деп жазылыпты, ал сонда құдайды кім жаратқанын түсінідіріп беріңізші – деп. Тығырыққа тірелетін несі бар дейтін боларсыз мүмкін, дегенмен ойлануға тұрарлық зерттеуді қажет ететін тақырыптың нақ өзі екені рас. 5-сынып оқушысы үшін күрделі де ауыр тақырып екенін біле тұра мүмкіндік беріп көрмек болдым, зерттеу қабілеті мен жеке көзқарасын, дүниетанымын бәйгеге салып көрсін деп шештім. Жұмысты орындау барысында көптеген сұрақтар туындап туындап отырды, себебі түрлі теориялар, діни болжамдар мен тұжырымдар ойды бір арнаға шоғырландыруға кедергі келтірумен болды. Бұл сұрақ тек мектеп және аудандық сайыстар мен жобаларда ғана емес мұнан әрі білекті сыбанып кірісетін әлемдік деңгейдегі мәселе, не нақты бір ғылыми тұрғыдан дәлелдеп нүктесін қою қажет немесе біздің өркениет мұндай тақырыпты зерттеуге дайын емес! Дайын болсақ өзіміздің кім екенімізді әлі күнге дейін неге зерттеп болмағанбыз?  

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу