Мектепппен қоштасу тақпақтары. Қош бол мектеп


16) Тоғыз ай бізді оқытқан

Хош бол менің мектебім,
Тоғыз ай бізді оқытқан.
Ұстаздарым аман бол,
Шуақты боп атып таң.

17) Мектебімсің ең керек

Білім беріп, оқытар,
Мектебімсің ең керек.
Хош бол менің мектебім,
Ілім берер тербелеп.
Үш айдан соң өзіңе,
Келем қайта еркелеп.

18) Хош бол менің достарым

Хош бол менің мектебім,
Жетті соңы көктемнің.
Хош бол менің ұстазым,
Рахметім көп менің.
Хош бол менің достарым,
Сағынатын мектебін.

19) Мектебім бұл қараңыз

Білім беріп, үйретер,
Мектебім бұл қараңыз.
Хош бол менің мектебім,
Қимай кетіп барамыз.
Үш айдан соң келеміз,
Алыстамай арамыз.

20) Мектебімдей жер бар ма

Берер бізге білімін,
Мектебімдей жер бар ма?
Хош бол менің мектебім,
Шығаратын заңғарға.

21) Мектептегі күндерім

Хош бол менің мектебім,
Мектептегі күндерім.
Айтам саған мың алғыс,
Берген нұрлы күндерін.

22) Мектебімсің керемет

Білімімен қандыратын шөлімді,
Мектебімсің керемет, ғажайып бір.
Хош бол деймін, қайта айналып келгенше,
Жаңа оқу жылында сен күтіп тұр.

23) Мектебім сен мектебім

Білім берер біздерге,
Мектебім сен мектебім.
Хош бол, үш ай өткен соң,
Қайта өзіңе жетемін.

24) Көріскенше қайтадан

Хош бол менің мектебім,
Көріскенше қайтадан.
Сағыныштан сен жайлы,
Тебіреніп айтам ән.

25) Келді соңы мамырдың

Келді соңы мамырдың,
Соңы болып көктемім.
Қыркүйекте келгенше,
Хош бол менің мектебім.

26) Оқу жылдың соңында

Білім берер мектебім,
Қуанамын барыңа.
Хош бол менің мектебім,
Келем саған тағы да.

27) Келем тағы, тағы да

Хоштасқанмен өзіңмен,
Келем тағы, тағы да.
Хош бол менің мектебім,
Ораламын сағына...

28) Қимай кетіп барамын

Алда жазғы демалыс,
Қимай кетіп барамын.
Хош бол менің мектебім,
Ораламын жаңа күн.

29) Білім берер айдыным

Бір өзіңсің мектебім,
Білім берер айдыным.
Хош бол, кетіп барамын,
Мектебім сен, байлығым!

30) Мектептегі күндерім

Қандай ғажап, керемет,
Бұрын мұны білмедім.
Хош бол, келем қайтадан,
Мектептегі күндерім.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу