meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бұқа туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 3
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 2
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 1

Сырты бұқа іші жұқа Жауап:  
Бұқалар бұқараларға жүгірді,Бұқаралар бұқаларға жүгірді.Бұқалар мен бұқараларға бір қара нар жүгірді.
©  Жәди Шәкенұлы
Ниеті бұзық бұқа ұрғашы бұзаулармен жайылар.
©  Сақып Керелбаев
Өгіз, бұқаға мініп жүрсе—билігі жүреді.
©  Түс жору
Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе—онда оның билігі өңінде барлық халықа жүреді.
©  Түс жору
Бұқа көрсең—қайғы, ауру тап келеді.
©  Түс жору
Суды бұқа сияқты ішіңіз, ал шарапты патша сияқты.
Бұқа мен бұзау
Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,Демеді мынау жар менен құз-ау.Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,Барды да жүрген Бұқаға таяп:– Қараңыз, аға, тұлғама..
©  Абдрахман Асылбек
Тоқал бұқа
Бұқа екенің рас,Салақтайды әукең жерге тиіп.Сықырлайды,Кем емесДәл жиырма етіктің ұлтаныЖон теріңе әрең сыйып.Өкіресің-ай кеп сонан соңКөрші ауылдың..
©  Омарғазы Айтанұлы
Бұқа фермасы
Красивое селосының тұрған жері жаз айларында әдемілене түсті. Айналаны раң басқан кезде, село төңкерген тақия тәрізденіп, құлпырып көрінеді. Осы сұлу..
©  Балғабек Қыдырбекұлы
Қоңыр бұқа
Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол сиырлардың арасында көк бұқа болады...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бұқа болмаса, бұзау бұзықтықты қайдан үйренеді?
Бір күні Қожаның бұзауына оқыра тиіп, құйрығын тігіп, ауылды айнала шапқылап жүрсе керек. Қожа шыбықты ала салып, бұқаны басқа-көзге ұра бастайды.—..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
КҮЙЛЕГЕН ТАНА НЕМЕСЕ «БҰҚАНЫ КӨРГЕН БҰЗАУ ОҢА МА?»
(Пародия)
– Өткенде Кәуектің «Зауза» кличкалы танасы,Кәуектің бұқасына көзін сүзіпті.Бұқа да қарап тұрмай, жібін үзіпті.Сосын..
©  Әбдінағым Көшер
Бұғы мен бұқа
Дарияға килікті де бір күн бұқа,Ар жаққа өтпекші боп түсті суға.Тіл қатты тұрған бугы, сөзі сына:— Иірімге түспе өлесің, сөзді тыңда!..
©  Асқар Тоқмағамбетов
 Бұқа мүйізінен, адам тілінен ұсталады.
Бұқа иесіне бұзау жоқ. 
Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды. 
Бұқаның арамзасы,Бұзау арасында жүрер. 
Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой.
©  Шортанбай Қанайұлы
Бұқа қарап жүріп тойға жасауыл болды.
Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.
Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.
Бұқа жоқта баспақ – би.
Бұқалар сүзісті –
Бұталар сынды.