meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Іс туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 180
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 53
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 131
Әңгімелер жинағы: 9
Эсселер жинағы: 2

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Құмарың - бір, ісің - көп болсын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жұртыма
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.Сияқты қара қарға шуылдағанҮрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.Білмейсің жөнің менен..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек... 
©  Ғабит Мүсірепов
Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде 
©  Марк Твен
Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады. 
©  Марк Твен
Қазақтың жаманы болмас...
Қазақтың жаманы болмас,Жаманнан аманы болмас.Бірігіп іс қылатұғын,Түзелер заманы болмас.
Бұл елде адалдық бар ма,Ондайын байқадыңдар ма?Істейді нені..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.Белін бекем буғанның белі талмас,Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін-өзі..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шатысқан істің шешімі - шыдам. 
©  Құтып
Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді. 
©  Құтып
Асығыстық - ақылдының ісі емес. 
©  Құтып
Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. 
©  Майқы би
Іс-әрекет етпес бұрын ойлану керек. 
©  Сергей Капица
Кейбір адамдарға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі.
 
 
©  Ник Вуйчич
Басқалардан көмек сұрауға болатынын әрі керектігін мен ерте үйрендім. Себебі жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін істердің бар екеніне көзім жетті.
©  Ник Вуйчич
Өзіңіздің істеріңізге өзіңіз сүйсініп қарайтындай етіп өмір сүріңіз.
©  Ник Вуйчич
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір,Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!Дәмі қайтпас..
©  Абай Құнанбаев
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін..
©  Әл-Фараби
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.
©  Мұхтар Әуезов
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
©  Мұхтар Әуезов