Білу туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 26
Ақын өлеңдері жинағы: 53
Қанатты сөздер жинағы: 20
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 3

Алтыным! Бұл өмірде барлық нәрсені білем деу – күпіршілік. Әйтсе де, білген сайын өмір күрделене беретіні ақиқат.
©  Әкім Ысқақ
Адам көбіне сөздің қармағына түсіп, басы айналып қалады. Мысалы, «білу» деген сөздің.
©  Людвиг Витгенштейн
Сен білгенді білуге мен тайсалдым.
©  Александр Пушкин
Көбірек көру мен молырақ білуге ұмтылу – көрсеқызарлық та, білуге құндылық та, асқан-тасқандық та емес.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Біз өзімізді мүлдем аз білеміз жəне ойлағанымыздан əлдеқайда аз басқара аламыз.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Кімді жақсы білсең – сонымен сиысуың қиынға түседі.
©  Роберт Вальзер
Егер сіз жеткілікті білмеген болсаңыз, сіз ешқашан одан да көп біле алмайсыз.
©  Уильям Блейк
Басқа адамдарға керек нәрсені мен керемет білем деп ойламаңыз. Тек білгеніңізді бөлісуді ұмытпаңыз.
©  Агата Кристи
Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
©  Сократ
Логосты білгенің — бәрін білгенің. 
©  Гераклит
Қалай жасау керектігін білсен, бәрі де оңай. 
©  Шыңғыс хан
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
 
©  Саиф Сараи
Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. 
©  Уильям Шекспир
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер... 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді.
©  Абай Құнанбаев
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.
©  Жан-Жак Руссо