Бақа туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 11
Жұмбақтар жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 10
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 4
Ертегілер жинағы: 4

Бақа
Көкте де өмір сүреді,Жерде де өмір сүреді.Су астында тұншықпай,Құрлықта еркін жүреді.Көлде жүрсе ду-дабыр,Жерде жүрсе ду-дабыр.Бақалардай..
©  Қадыр Мырза Әли
Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,Жағалап суаты бар жерге келді.Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.Су ішіп, көлдің шықты..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Бақа мен өгіз
(И. А. Крыловтан)
Қарасаң, тым-ақ көпКөре алмас іші тар.Несі артық, бізден деп,Салыспақ жұрт та бар.
Су ішкелі бір өгізБарып еді бұлаққа.Бақалар..
©  Абай Құнанбаев
Кешке қарай хор айтады,
Дауыстарын зорайтады.

Жауабы: Бақалар
Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.

Жауабы: Бақа
Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.
Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.
Суалған көлге бақа – айғыр.
Балығы жоқ хауызға,
Бақа ілінер ауызға.
Қатын ақылсыз, бақа құйрықсыз.
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
Бақа батпағына, балық көліне
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде..
Тарпаң, тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
Жапа-жапа жапалақ,
Дігірманға бақылдап.
Ағараңдап аузын ашқан,
Соқыраңдап жерді басқан.
Бар екен бір мақұлық дауысы зор,
Қолдары адамға ұқсас, нәсілі сол.
Үйлері тас бұлақтан жаратылған,
Тапқан адам алады бәйгіні мол.
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кiм шалшықта.
Бiрiн-бiрi мақұлдап?
Бар дауысымен тақылдап,
Шалшық көлдi мақтайды.
Өзiн-өзi мақұлдап,
Бiрiн-бiрi жақтайды.
Тәулiк бойы бақылдап,
Мезгiлiмен жатпайды.