Олжа туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 15
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 7

Төтелер туралы
Төтелер көп қой, төтелерТікелей тартып жетелер.Тозбасын десең табаның,Төтемен тарт та кете бер.Төтелер көп қой, төтелерОңайға кілең жетелер.Озайын..
©  Әбділда Тәжібаев
Оңай олжа
Елдің кәсібінің түріне орай әңгімелері де өзгеріп отырады. Егін, пішен, жоқ болса, ел ашаршылыққа бет алса, өріс алатын әңгіме — ұрылардың..
©  Бейімбет Майлин
Айныман
Айтса-дағы айныманКөлденеңнің сөзіне.Әшкере болған ісім барЖайылған жұрттың көбіне.Кеткенім жоқ олжа үшін,Кетіп едім елімненАтаңа нәлет ЖәңгірдіңҚан..
©  Махамбет Өтемісұлы
Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай. 
©  Бұқар жырау
Жұртыма
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.Сияқты қара қарға шуылдағанҮрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.Білмейсің жөнің менен..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
©  Бауыржан Момышұлы
Босқа жүргенше, тегін еңбектен — үйренгенің олжа.
Алысқа барса, олжамен оралар.
Алары болар бергеннің,
Атқаны – олжа мергеннің.
Құзғын – қорқау қасқырдың олжаласы.
Қашқан жаудың олжасы -
Жолда қалған.
Аюдан жұлған жүн – олжа.
Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен бүледі.
Артық олжа басқа еңбек.
Оңай олжа тұрмас қолда.
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.
Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.