Ата туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 104
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 45
Ақын өлеңдері жинағы: 162
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 23
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 31
Баталар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 44
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 6
Эсселер жинағы: 1

Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.

жауабы
Мата - Ата
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.
Ашылмаған ұра жоқ,
Атадан қалған мұра жоқ.
Тұңғиықты қара су,
Түйе бойлап шыға алмас.
Кім атадан кем туса,
Оның сөзін пұл алмас.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш,
Ұсынған мойынды кісі кеспес.
Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
Ата жолы— бала жолы.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
Ағадан— ақыл,
Атадан — нақыл.
Ата өнері — балаға мұра.
Ата кәсібі — бала нәсібі.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.
Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.