Отбасы туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 91
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 34
Ақын өлеңдері жинағы: 58
Қанатты сөздер жинағы: 24
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 21
Баталар жинағы: 12
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 38
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 8

Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Бала, баланың ісі шала.
Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.
Келер кезек, терме тезек.
Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.
Әйел — үйдің ажары,
Бала — үйдің базары.
Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.
Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.
Жақсы әйел ер көңілін өсіреді,
Жаман әйел ер отын өшіреді.
Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.
Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.
Тыстағы мың жаудан,
Үйдегі бір жау жаман.