Людвиг Витгенштейн

Людвиг Витгенштейн (1889–1951) – австрия философы. «Кембридж мектебі» – деп аталатын осы заманғы философиялық ағымдар санатындағы логикалық позитивизм яки лингвистикалық эмпиризм жəне аналитикалық яки лингвистикалық ойшылдық ағымдардың уық шаншарлары сапынан. «Қисындық – пəлсафалық трактат» (1921) жəне «Философиялық зерттеулер» (автор дүниеден озғаннан кейін 1953 жылы жарық көрді) атты іргелі еңбектердің авторы. Философиялық шығармашылығы қандай қызғылықты болса, тағдыры да сондай ерекше. 1989 жылы 26 сəуірде Венада еврей отбасында дүниеге келген. 14 жасына дейін тек үй тəрбиесін ғана көрген. 1908–1911 жылдары Манчестер университетінің техника факультетінде оқиды. 1912 жылы Кембридж университетіне түседі. Философияға мойын бұруы осы кез. Бір жылдан соң мүлдем оңаша тірлік таңдайды. Норвегияда өз қолымен тұрғызылған шошалаға (хижинаға) орнығып алады да, емін-еркін тек жазумен айналысуға көшеді. Бұл жағдай жылдан астам уақыт бойы сақталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Австро-Венгрия армиясы қатарына шақырылып, майданға араласады. Соғыстан кейін өзінің əкесінен мұраға қалған бүкіл дүние-байлығын түгелдей қайырымдылыққа жұмсауымен көзге түседі. 1920–1926 жылдары Төменгі Австрияның шалғай деревняларында бала оқытумен айналысқан. 1928 жылы Кембридж университетіңце сабақ бере бастайды. Кейін тағы да елден оқшауланып, Ирландияның бір фермасына көшіп кетеді. Екі жылдан соң бойында жаман дерті бар екендігі анықталып, көп ұзамай бұл дүниедегі ғұмыр сапары аяқталады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: