Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жоқ оның қолы, жанарыКөрінбей сурет салады.(Аяз)
©  Серікбай Оспанов
Онда көңіл де барОнда өмір де бар,Оқы, дем ал!(Кітап)
©  Серікбай Оспанов
Қыз кеп жасыл көйлекті,Сай- саланы сөйлетті.Құс біткенді сайратты,Бар даланы жайнатты.(Көктем)
©  Серікбай Оспанов
Сен оны ұмытпа!Ұясы құлыпта.(Кілт)
©  Серікбай Оспанов
Қабырғада бір ғанаКөшесі көп тұр қала.Ағаш та бар, гүл де бар,Ағып жатыр жылға да.(Сурет)
©  Серікбай Оспанов
Қораға қамай алғаныңмен,Оны санай алмайсың.(Шаш)
©  Серікбай Оспанов
Қолыңды жуып береді,Бетіңді жуып береді.Арықтап ол келеді,Жұмысы көп себебі.(Сабын)
©  Серікбай Оспанов
Көрдің бе анау сайдағыЖарқыраған айнаны?(Көл)
©  Серікбай Оспанов
Бір құс бар көкте самғайтын,Қанатын қаға алмайтын.(Ұшақ)
©  Серікбай Оспанов
Еліміздің бұл бағы,Оны ақындар жырлады.Күш береді біздерге,Биікте оның тұрғаны.(Ту)
©  Серікбай Оспанов
Елемейді ол күнді,Елемейді ол түнді.Өзен емес, көл емес,Желді күні толқынды.(Ту)
©  Серікбай Оспанов
Шынжыртабан трактр,Ұзын тұмсық бірақ бұл(Танк)
©  Серікбай Оспанов
Көп адамға ең керекЕкі шыны дөңгелек.(Көзілдірік)
©  Серікбай Оспанов
Бір бұрымы апамныңҚолында жүр атамның.(Қамшы)
©  Серікбай Оспанов
Екі аяқты арбаШегінбей зулар алға.(Мотоцикл, Велосипед)
©  Серікбай Оспанов
Онымен кім жүрмейді,Оған кімдер мінбейді?!Өткізеді өзеннен,Өзі жүзу білмейді.(Көпір)
©  Серікбай Оспанов
«Балдырғанға» басылады,Ішкі сырын жасырады.Тапқыр болсаң, ойлы болсаң,Жасырғаны ашылады.(Жұмбақ)
©  Серікбай Оспанов
Жолбарысқа ұқсайды,Тышқанды ғана ұстайды.(Мысық).
©  Серікбай Оспанов
Жолдас болсаң оныменСыр жасырар жөнімен.Ой-теңізін кешесің,Ойлы болып өсесің.Кейде сырын шеше алмай,Кейде сырын шешесің.(Жұмбақ)
©  Серікбай Оспанов
Жоқ аяғы, жоқ қолы,Талай істі атқарады.Мені, затты қап толыАрғы бетке апарады.(Қайық)
©  Серікбай Оспанов
Көкпеңбек, қызыл-жасылдыАспанға моншақ шашылды.(Салют)
©  Серікбай Оспанов
Кіп-кішкене бар мықты.Інге кіріп алады.Есіктерді, сандықтыСол ашады, жабады.(Кілт)
©  Серікбай Оспанов
Адамды адамға жалғайды,Адамнан бір сəт қалмайды.Естиді,Сөйлей алмайды.(Құлақ)
©  Серікбай Оспанов
Тісі жоқ, бірақ баланыБетінен тістеп алады.(Аяз)
©  Серікбай Оспанов
Су ішінде самғайдыАртқа шегіне алмайды.(Балық)
©  Серікбай Оспанов